Зертханалық жұмыс №2 Тақырыбы: Жақ сүйексіздер кластан жоғары топ. Дөңгелек ауыздылардың сыртқы пішіні мен құрылысы. .
2.61M
Category: biologybiology

Жақ сүйексіздер кластан жоғары топ. Дөңгелек ауыздылардың сыртқы пішіні мен құрылысы

1. Зертханалық жұмыс №2 Тақырыбы: Жақ сүйексіздер кластан жоғары топ. Дөңгелек ауыздылардың сыртқы пішіні мен құрылысы. .

2.

Систематикалық орны:
Тип: Хордалылар-Chordata
Тип тармағы: Мисауыттылар- Craniata
Класс: Дөңгелек ауыздылар- Agnatha
Өкілі: Өзен миногасы- Lampetra fluviatilis l
Қажетті құралдар: Сұйық ерітіндіге салынған
минога, плакаттар, қол лупасы, ванночкалар,
қайшы,скальпель, кішкене пинцет,инелер

3.

Тапсырмалар
1. Қол лупасын пайдаланып, өзен миногасының
ылғалды обьектасынан, оның қарапайым
құрылысты су омыртқалылары ретінде сыртқы
пішінімен танысыңыздар. Миноганың сыртқы
құрылысын салып, жеке органдарын
белгілеңіздер.
2. Миноганы лабораториялық жұмыс мақсаты
үшін сою әдістерімен танысу және оны сою.
3. Сойып-ашылған обьетіден немесе көлденең
кесілген схемасы бойынша миноганың ішкі
құрылысымен танысыңыздар.

4.

Жұмыстың жүру реті
1-тапсырма.
Қол лупасын пайдаланып өзен
миногасының ылғалды объектісінен
немесе оның су омыртқалылары
ретінде
сыртқы
пішінімен
танысу.Миноганың сыртқы көрінісін
альбомдарыңызға салып, органдарын
белгілеңіздер.

5.

Өзен миногасының сыртқы құрылысы: 1-сорғыш типтес
ауыз шұңқыры, 2-дара танау тесігі, 3-симметриялы
орналасқан көздері, 5-екі дара арқа жүзу қанаты, 6-дара
құйрық жүзу қанаты, 7-бүйірлік сызықтары, 8-аналь тесігі, 9зәр жыныс өсіндісі, 10-

6.

2-тапсырма.
Миноганы лабораториялық жұмыс
мақсаты үшін союға жаңа ауланған
немесе формалин ерітіндісінде
сақталған объектілерді пайдалануғу
болады. Сою үшін миноганы құрсақ
жағымен ванночкаға мұқият бекітеді.
Содан кейін өткір ұстарамен танау
арқылы , қыр арқаны бойлап, аналь
тесігінің деңгейіне дейін кесіп,
миноганы екі жартыға бөлеміз.

7.

Миноганың ұзынынан кесіндісі: 1-ауызалды шұңқыры,
2-орталық нерв жүйесі, 3-хорда, 4-ас қорыту, 5-тыныс алу
түтігі, 6-жүрек, 7-иіс сезу капсуласы, 8-бауыр, 9-жыныс
безі, 10-жұп бүйрек, 11-бұлшықет жүйесі.

8.

3-тапсырма.
Сойып
ашылған
объектіден
миноганың
ішкі
құрылысымен
танысыңыздар. Төмендегі көрсетілген
органдар
жүйесінің
құрылысын
салып, оны белгілеңіздер.

9.

А.Миноганың ас қорыту жүйесінің құрылысы: 1ауызалды шұңқыры; 2-ауыз тесігі; 3-тілі; 4-ауыз қуысы;
5-жұтқыншақ; 6-ас қорыту түтігі; 7-бауыры; 8-аналь
тесігі; 9-бұлшықет; 10-парус.

10.

Б.Миноганың тыныс алу жүйесінің құрылысы: 2-тыныс
алу түтігі; 3-ішкі тесіктері; 4-желбезек қапшықтары; 5желбезек аралық перделері; 6-саңылаулары; 7-желбезек
доғалары; 8-желбезек жапырақшалары.

11.

В.Миноганың қан айналыс жүйесінің құрылысы: 1-құрсақ аортасы;
2-қан әкелуші артерия; 3-қан әкетуші артерия; 4-арқа аортасы; 5ұйқы аортасы; 6-құйрық аортасы; 7-жұп алдыңғы вена; 8-жұп артқы
вена; 9-төменгі яремдік вена; 11-бауыр қақпасы; 12-бауыр венасы;
13-вена синусы; 14-екі камералы –жүрекшеден; 15-екі камералы
қарынша; 16-аорта пиязшығы ; 17-ішкі асты венасы.

12.

Г. Миноганың
зәр-жыныс органдарының
құрылысы: 1-жұп орган; 2-вольфов каналы; 3жыныс безі; 4-ұсақ тесіктері; 5-зәр жыныс смнусы;
6-несеп зәр-жыныс өсіндісі.

13.

Д. Миноганың бас миының құрылысы: 1-иіс сезу
нервісі; 2-көру нервісі; 3-көз қимылы нервісі; 4шығыр нервісі ; 5-үшкіл нерв; 6-әкетуші нерв; 7бет нервісі; 8-есту нервісі; 9-тіл-жұтқыншақ
нервісі; 10-адасқан нерв.

14.

Е. Миноганың ішкі қаңқасы: 1-хорда; 2-ми сауыты;
3-есту капсульясы; 4-сезу капсульясы; 5шеміршекті өсінділері; 6,7,8,9,10-шеміршектері; 11желбезек доғалары; 12-көлденең орналасқан
шеміршектер; 13-жүрек қасы бар шеміршек.

15.

ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ
1.Жақ доғасыздарға қысқаша сипаттама бер.
2.Миноганың сыртқы пішіні мен құрылысы
қандай?
3. Миноганы союдың негізгі әдістері қандай?
4.Миноганың ас қорыту жүйесінің құрылысы
мен қызметі қандай?
5.Миноганың орталық нерв жүйесінің
құрылысын түсіндір.
Оқу құралдары: Руководство к лабораторным
занятиям по зоологии позвоночных. Авторы.
Т.А.Адольф и др.1977,1983, ст.1324.Практикум по зоологии позвоночных.
Авторы: Н.Н.Карташев и др. 1981. ст.16-24.
English     Русский Rules