2.62M
Category: biologybiology

Буынаяқтылар типі

1.

буынаяқтылар типі
Тексерген Исалиева Нурбағила.
Дайындағандар : Асилхан Назым
Тобы: 1301—31

2.

Кіріспе
Негізі бөлім
Буынаяқтыларға жалпы сипаттама
Шаянтәріздестер
Бунақденелілер
Өрмекшітәріздестер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3.

Кіріспе
Қазіргі кезде жер жүзінде біржасушалы және
көпжасушалы жануарлардың әртүрлі типтері бар.
Олардың
барлығы эволюция барысында жетіліп, тіршілік
ортасына жақсы
бейімделді. Бірақ жануарлардың екі типі басқа
жануарлар дүниесінен
күрт ерекшеленеді. Бұлар – түрлер және дара саны
ең көп буынаяқтылар
типі. Екіншісі эволюция барысында ең соңында
пайда болған, ең жетілген желілілер типі.

4.

Буынаяқтылар (Arthropoda) — омыртқасыз
жануарлар типі. Олар теңіз, мұхит суларында,
өзен мен көлдерде, топырақта, үңгірлерде,
орманда, ашық далада, шөлді жерлерде
тіршілік етеді. 1,5 млн-нан аса түрлері белгілі.
Буынаяқтылар 4 тип тармағына бөлінеді:
желбезектыныстылар (Branchіata),
хелицералылар (Chelіcerata),
трилобиттәрізділер (Trіlobіtomorрha),
кеңірдектыныстылар (Tracheata). Бұлардың
дене құрылысы айқын сақиналарға жіктелген, 2
жақтаулы симметриялы. Аяқтары буын-буынға
жіктелгендіктен Буынаяқтылар болып аталған.
Денесі бас, көкірек және құрсақ бөлімдерінен
тұрады. Дене сыртын хитин қабығы (кутикула)
жабады. Ол қорғаныш әрі сыртқы қаңқа
қызметін атқарады, оған бұлшық еттері
жабысып бекиді.

5.

Буынаяқтылар типі
(1-1,5 миллионға жуық)
Шаянтәріздестер
(30 000-ға жуық)
Жапырақятылар
Өрмекшітәріздестер
(40 000-ға жуық)
Бунақденелілер
(1 миллионға жуық)
Өрмекшілер
Ескекаяқтылар
Отауықтар
Теңаяқтылар
Құршаяндар
Онаяқтылар
Кенелер

6.

Буынаяқтылар типі
Шаянтәріздестер
Өрмекшітәріздестер
Бунақденелілер

7.

Шаянтәрізділер класының жалпы сипаттамасы
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
Дене кейбір түрлерінде үш бөліктен –бас, көкірек, құрсақтан, ал
кейбір түрлерде (өзеншаян, таңқышаян, асшаянда) екі бөліктен –
баскөкірек және құрсақтан тұрады.
Тыныс алу мүшесі – желбезек
Қанайналым жүйесі – ашық жүйелі жүрек және қантамырлардан
тұрады.
Зәр шығаруға жасыл бездер қатысады. Олар бас бөлігінде
(өзеншаянда) орналасады.
Сезім мүшелері: күрделі көздер-көру, мұртшалар-иіс сезу және сипап
сезу, қызметін атқарады.Тепе-теңдік сақтау мүшесі бар.
Басым бөлігі дара жынысты.
Жынысты жолмен көбейеді

8.

Шаянтәрізділер класы – CRUSTACEA
Шаянтәрізділердің 30000 – ға жуық түрі белгілі, негізінен
тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған .Олардың
арасында бентосты (су түбінде мекендейтін ), планктонды ,
паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар.
Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде,
дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады,
осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан
шыққандығын дәлелдейді.
Денелерінің ұзындығы 1 – 2 мм – ден 80 см – ге дейін.
Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан аса айрықша
белгілерімен
ерекше.
Біріншіден
олардың
екі
жұп
мұртшалары: акронның өсінділері – антеннулалары және
денесінің бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары –
антенналалары болады. Соған орай оларды антенна І және
антенна ІІ деп атайды. Екіншіден, тек шаянтәрізділерде ғана
аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы сақталған.
Мұндай аяқ екі буыннан протоподит пен базиподит және екі
буындалған бұтақтан – экзоподит және эндоподиттен тұрады.
Сонымен қатар, протоподитте тыныс алу қызыметін
атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері бар.

9.

Шаянның денесі екі бөліктен:
баскөкірек және құрсақтан
құралады.
Баскөкірек
бөлігінде бірі- ұзын, біріқұсқа екі жұп бунақтанған
мұртшалары, екі көзі мен
ауыз
мүшелері
алдыңғы
жағында болады. Бұлардан
сәл төменірек бес жұп
бунақтанған аяқтар көрінеді,
олардың алдыңғы екеуінің
ұшында үлкен қысқышы бар,
ал қалған төрт жұбы жүретін
аяқтар болып есептеледі.

10.

Құрылысы мен физиологиясы.
Шаянтәрізділердің денесі негізінен бас (cephalon) , кеуде (thorax) , және құрсақ (abdomen)
бөлімдерінен тұрады, бірақ бас бөлімі келесі кеуде бөлімімен бірігіп кетіп баскеуде бөліміне
айналады. Сондықтан шаянтәрізділердің басым көпшілігінде денесі нақты дифференцияланған екі
бөлімнен құралған: баскеуде және құрсақ.
Дене құрамына кіретін сегмент саны , басқа буынаяқтылырмен салыстырғанда алуан түрлі : 5 – 8 –
ден 50 – ге дейін.
Бас бөліміндегі сегменттерінің саны тұрақты, яғни барлық шаянтәрізділердің басы акрон және 4
сегменттен құралған. Акрон болжам бойынша , арғы тегінің (көп қылтанды буылтық құрттардың)
простомиум бөлігі, ал оның өндірісі – антеннулалары немесе І антенналары пальпилерінің
гомологы. Антенула – мұртшалардың бірінші жұбы. Басының алдынғы бөлімінде , ауыз тесігінің
алдында орналасады, бірқатар буындардан тұрады және негізінен бір бұтағы. Тек кейбір жоғары
сатыдағы шаяндарда олар екіге кейде тіптен үшке ажырайды.
Антеннулалар – сезу, әсіресе иіс сезу мүшелері, бірақ кейде жүзу үшінде жұмсалады.
Акроннан кейіегі 4 сегменттердің әр қайсысында бір жұп түрі өзгерген аяқтары болады. Солардың
ішінде бірінші сегменттің аяғы ұзарып антена деп аталатын мұртшаға айналған. Бұл мұртшалардың
екінші жұбын құрайды және антена ІІ деп аталады.Олар әртүрлі қызмет атқарады.

11.

12.

Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі
Екі жұп безді мүшеден тұрады: Антеналды және максилярлы. Антеналды бездер
жоғары сатыдағы шаяндарда болады, ал қалғандарында – максилярлы , тек Leptostraca
отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады. Бездің мүшелер түрі
өзгерген целомодукталар . Антиналды және максилярлы зәр шығару жүйесінің
құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан және одан басталатын, безді қабырғалары бар,
иілген түтікшеден тұрады. Түтік бірнеше иірім жасап кеңейген қуысқа – қуыққа
ашылады.Қуық қысқа өзегіне антеналардың түбінде немесе ІІ – ші максилаларының
түбінде ашылады.

13.

Тыныс алу жүйесі.
Polychaeta класындағыдай аяқтарымен тығыз байланыста. Көптеген ұсқ
шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері жоқ . Олар бүкіл денесімен тыныс
алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер. Олар аяқтарының
протоподиттерінде басталатын тақталы немесе бұтақталға жұқа қабырғалы өсінділері
– эпиподиттер . Су желбезек қуысынан бас қалқаны мен дене арасындағы саңылауы
арқылы бір жағынан кірсе екінші жағынан шығарылады және осы бағыт өзгеруі де
мүмкін. Суды желбезек қуыстарына айдайтын, минутына 200 қозғалыс жасайтын,
екінші максиланың ерекше өсіндісі.Басқа жоғары сатыдағы шаяндар да желбезектері
кеудесінде емес, құрсақ аяқтарында дамиды.

14.

Біздің
Қазақстанда
өзен
шаяндарының екі түрі көбірек
кездеседі. Олар еуропалық және
қиыршығыстық
деп
аталады.
Осылардың
ішінде
еуропалық
шаяндар өнеркәсіптік мақсатқа жиі
пайдаланылады.
Еуропалық
шаяндардың өзі кең иықты және
ұзын кеуделі болып екі түрге бөлінеді. Осылардың ішінде кең иықты
шаяндарды
табыспен
өсіруге
болады. Аты да айтып тұрғандай,
ол кең иықты, аяқтары етті болып
келеді. Денесінде де ет мол
кездеседі. Мұндай шаяндарды жас
күйінде
және
консервілеп
пайдалануға болады.

15.

Шаянтәріздестер

16.

Қорек
тізбегінде маңызды рөл атқарады. Ірілері
(таңқышаян, асшаян,омар, өзеншаян) құрттарды,
ұлуларды, балықты, өсімдіктерді қорек етеді. Ал
ұсақтарын
(дафния,
циклоп)
балықтар
жем
етеді.Араларында балықтардың паразиттері бар,
циклоптар адам құрттарының аралық иесі болып
табылады.
Өзен шаяндарын өсіру 16%-ға дейін ақуызы мен 0,5%-ға
дейін майы бар жоғары сапалы диеталық және дәмді ет
алуға мүмкіндік береді. Шаяндар сорпа, тұздық және
салаттар әзірлеу үшін пайдаланылады. Пісірілген
мойындары мысалы балық тағамдарына гарнир ретінде
беріледі.

17.

Бунақденелілер
Буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы.
Бұлар – ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен
тобы. Олардың 700 000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі.
Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі.
Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады.
Бунақденелілер класында 35 отряд бар. Бұлардың басқа буынаяқтылардан
негізгі ерекшелігі – денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас,
көкірек және құрсақ бөлімдері деп аталады.Бунақденелілердің барлығы 6
аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері – алуан түрлі
қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен
көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін
атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында
болады. Бунақденелілер демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады.
Бунақденелілерге қоңыздар, шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар,
құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып
жүріп тіршілік етеді. Кейбіреулері – суаршын, суқандала, сушалқақ,
зұламат суда өмір сүреді. Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік
ететін бүрге, бит, қандала және топырақ астында тіршілік
ететін бұзаубас түрлері бар.

18.

Бунақденелілерді зерттейтін ғылым –
энтомология (гректің «ентома – бунақдене + логос
– ғылым»). Ол – зоология ғылымының бір саласы.
Топырақтан ін қазып (көңқоңыз), оны қопсыту арқылы
топырақ түзуге қатысатын бунақденелілердің
пайдасы өте зор. Көптеген бунақденелілер (қанқыз,
құмырсқа, шаншар, т.б.) ауыл шаруашылығына зиян
келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды. Баларалар
адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді
тозаңдандырады. Жібек көбелектері жібек алу үшін
өсіріледі. Бунақденелілер далада және орманда
қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің
шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде
бунақденелілерді (шегірткені) тағам ретінде
пайдаланады. Табиғатта тіршілік ететін зиянды
бунақденелілер де баршылық. Көптеген
бунақденелілер (бүйі, қарақұрт, қыршаян, кене, т.б.)
улылығымен, паразиттік тіршілігімен, ауру
таратқыштығымен, омыртқалы жануарға және
адамға зиянды.

19.

Олар - құрлықта тіршілік ететін буынаяқтылар. Бұл
класқа жататын жәндіктердің денесі екі бөліктен
тұрады. баскөкірек және қарсақ бөлімінен тұрады.
Бұларда мұртша болмайды. Жабыны үш қабатты. Ол
жәндіктің денесін судың булануынан қорғайды.
Бұлардың дене қуысы аралас қуысты,
сондықтан қантарату жүйесі ашық жүйелі.
Өрмекшітәріздестердің баскөкірек бөлігінде 6 жұп
аяқ орналасады. Бірінші жұбы - күйісаяқ; екінші
жұбы - тұтқыаяқ; қалған 4 жұбы - жүруге арналған
аяқтар. Сөйтіп, өрмекшітәріздестерде жүретін 8 аяқ
болады. Ал құрсағында ешбір аяқ орналаспайды
және көпшілігінде буылтықсыз, тегіс болып келеді.
Өрмекшітәріздестердің
көпшілігі сатанбез және мальпигий тамырлары
арқылы қажетсіз заттарды бөледі. Бұлар құрлықта
тіршілік етеді. Өкпе қапшығы
және демтүтік (трахея) тынысалу мүшелері болып
табылады.

20.

Өрмекшітәріздестер - жыртқыш, паразит.
Кейбіреуі қан сорады (кене). Көпшілігі өсімдік және
бунақденелілермен қоректеніп, олардың табиғаттағы санын
реттейді. Енді біреулері шағыл (қарақұрт, бүйі, құршаян), адам
мен үй хайуанаттарына үлкен қауіп төндіреді.
Өрмекшітәріздестер - құрлықта өмір сүретін жәндіктер. Терісі үш қабатты. Жабынында улы және өрмек тоқитын безі болады.
Көздері - қарапайым құрылыста. Зәршығару мүшесі мальпигий түтігі. Дара жынысты. Асты ішектен тыс қорытады.
Жұмыртқа арқылы көбейеді. Тірілей туатын түрлері де бар
(кенелер). Аяғы бунақтардан тұратын жәндіктер
буынаяқтыларға жатады. Оның үш класы бізге көбірек таныс.
Олар: шаянтәріздестер,
өрмекшітәріздестер және бунақденелілер класы. Шаянтәріздес
жәндіктер суда өмір сүреді. Сондықтан
олар желбезек арқылы тыныс алады. Денесі екі бөліктен баскөкірек және құрсақтан құралады, қантарату жүйесі - ашық
жүйелі. Зәршығару жүйесі бездер арқылы жүзеге асады. Көру,
иіс сезу, сипап сезу, тепе-теңдік мүшелері едәуір дамыған.
Басым бөлігі дара жынысты. Жыныстық жолмен көбейеді.[1]

21.

Өрмекшітәріздестер

22.

Буынаяқтылыр жалпы әлемде көп таралған өкілдер
Болып саналады сондықтанда кішкентай жәндік
ретінде көрмей халқымыздың өз игіліктеріне
жарайтын бір кішігірім жануарлар түрі ретінде сол
бір баға жетпес жануарларға зиян тигізбейік

23.

1 Зоологияның салалары және әрқайсысы нені зерттейді» Жасыл экология.
2 Википедиядағы «зоология», Еркін энциклопедия.
3 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын
басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б.
4. Дарилнгтон Ф Зоогеография, М. 1966.
5 Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969
English     Русский Rules