Similar presentations:
Өрмекшітәрізділердің ішкі құрылысы
1.
Пән:«Омыртқасыздарзоологиясы» пәні бойынша
БӨЖ тапсырмасы
Тақырып:
«Өрмекшітәрізділердің
ішкі құрылысы: тыныс
алу, зәр шығару, жүйке
жүйесі,ас қорыту
жүйесі, жыныс
мүшелері, көбеюі,дамуы» Орындаған: Балдәурен Кенжебекова
Қабылдаған: Кожахмет Байтурсинов
Топ: ЖБЛ-111
2.
Тапсырма жоспары:I.Кіріспе.
Өрмекшітәрізділер жалпы шолу
II. Негізгі бөлім
Өрмекшітәрізділердің негізгі ерекшеліктері, көп
түрлілігі.
Ішкі құрылысы Тыныс алу,зәр шығару,
Жүйке,ас қорыту,жыныс мүшелері,көбеюі дамуы
III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
3.
4.
Өрмекші деген ат қайдан шыққан?Өрмекші деп аталу себебі- өрмек жібін бөледі, онымен өрмек торын тоқиды.
“Арахнология” гректің arасhne — өрмекші және lоgos — ғылым,
білім деген сөздерінен шыққан, яғни өрмекшітектес жәндіктерді
зерттейтін зоологияның бір саласы.
Бұл ғылым атауының тарихы ежелгі Лидия мемлекетінің қызы
Арахнамен тікелей байланысты. Аңызға сенсек, Лидия патшасы
Идмонның қызы Арахна күллі патшалыққа аты шыққан, он
саусағынан өнері тамған тоқымашы болыпты. Өз өнеріне сенген
тоқымашы қыз данышпандық құдайы Афинаны өзімен сайысқа
шақырыпты. Ашуланған Афина Арахнаның тоқымасын құртып, бүлдіріп
тастайды, оған шыдай алмаған қыз құсалықтан өліпті.
Содан соң оны сиқырлы шөптің көмегімен тірілтіп алып, бірақ
жаза ретінде Арахнаны және оның үрім-бұтағын мәңгі тоқып,
асылып тұратын өрмекшіге айналдырып жіберсе керек.
5.
Өрмекшітектестердің қазіргі кезде ғылымғабелгілі 60 мыңға жуық түрлері бар. Олардың дене
тұрқы 0,1 мм-ден 17 см-ге жетеді.
Өрмекшілердің сыртқы пішіні де әр түрлі.
Құрлықта тіршілік етеді.
Өрмекшітәрізділердің сан алуандығы:
6.
Өрмекшітәрізділердің сан алуандығы:Кене
Тарантул
Су өрмекшiсi –
(уы ауыртпалы,
бiрақ қауiптi емес)
суда кiшiрек қоңырау
тәрiздi мекен құрып,
оны ауамен толтырып,
тiршiлiк етедi.
Қарақұрт
(уы қауiптi, кейде адам,
жылқы, сиыр өлуi мүмкiн)
Қыршаян
Үй өрмекшiсi өрмегi
гамакқа ұқсас.
7.
Өрмекшітәрізділердің негізгі ерекшеліктері:ӨРМЕКШIТӘРIЗДIЛЕР КЛАСЫНЫҢ 60 000 түрі бар.
Өрмекшiлердi зерттейтін ғылым арахнология.
Жалпы сипаттамасы:
Сыртқы құрылысы: Денелерi – баскөкірек және құрсақ болып екiге бөлiнедi.
Аяқтары: Баскөкірегінде 6 жұп аяқтары орналасқан. Құрсағында аяқтары жоқ .Қорегiн
ұстайтын қысқыш аяқ тары бар. .Аяқтарының соңғы төрт жұбы - жүргiш аяқтары.
Өрмекшiлердiң аяқтары, өрмек тоқуға қажеттi тарақтәрiздi тырнақтармен аяқталады.
Күйісаяқ - 2-3 буыннан тұратын, қысқышпен, iлмекпен аяқталатын, аяқтардың бiрiншi жұбы
Тұтқы аяқ – өрмекшітәрізділердің ІІ-ші жұп аяғы сезу және қармалау қызметтерін атқарады
Тыныс алу мүшесi: Өкпе қапшығы мен демтүтік.
Зәр шығару мүшелерi: өрмекшілер аяғында сатанбез және 1-2 жұп мальпигий түтікшелерi
арқылы зәр шығарады. Сатанбез –көкіректегі, ал мальпигий түтікшелері құрсақ бөлігіндегі
ыдыраған өнімдерді бөліп шығарады.
Асқорыту жүйесi - асты ішектен тыс қорытады.
Қанайналым жүйесi - қанайналым жүйесi ашық. жүрегі денесiнiң арқа жағында орналасқан.
Өрмекшінің денесіндегі қан түссіз болады.
Жүйке жүйесi құрсақ жүйке тiзбегiнен тұрады. Иiс сезу, химиялық өзгерiстердi сезетiн және
көру (қарапайым көздер) мүшелерi бар.
Көбеюі: Басым бөлігі даражынысты. Іштей ұрықтанады. Жұмыртқа арқылы көбейеді. Тірілей
туатын түрлері де бар.
8.
Өрмекшінің сыртқы құрылысыАяғы
Құрсағы
Көзі
Баскөкірек
Өрмекшінің ішкі құрылысы
Улы бездері
Жүрегі
Өрмекшінің өрмек
бездері
Ішегі Жұмыртқасы
Аналь тесігі
Көздері
Улы бездері
Миы
Аузы
Қарны
Өкпе Демтүтік
қапшығы
Өрмек
бездері
Өрмек бездері
9.
МорфологиясыБас көкірегі әдетте сегменттенбейді, бірақ өрмекші тәрізділердің
кейбір отрядтарында оның кейінгі жағы дербес екі-үш сегментке
бөлініп келеді (сольпугалар). Бас – көкіректің алты жұп аяққолдары болады, бұлардың бірінші жұбы ауыздың үстінгі жағында
жатады да, қалған бес жұбы ауыздың кейінгі жағында жатады. Аяқ
– қолдардың бірінші жұбы хелицералылар (сhelicera) қысқарып, 2-3
мүшелігі ғана қалған. Олардың ұшында қысқыш немесе тырнақ
сияқты болып біткен мүшелік (членик) алу, яки ең сезімі мүшесінің
жұмысын атқарады. Бұл - пелипальпалар (pedipalpus). Бас
көкіректің аяқ-қолдарының қалған басқа төрт жұбы жүру аяқтары.
Өрмекші тәрізділердің денесінің артқы
бөлімі – құрсағы - әдетте сегменттелген.
Құрсақта аяқ-қолдардың рудименттері
де болуы мүмкін. Құрсақтың алдыңғы
жағында, екінші сегментте, сыңар
жыныс тесігі жатады.
10. Өрмекшітәрізділердің мекен ету ортасы
Өрмекшітәрізділер дүниежүзінің түкпір-түкпірінетаралған, алайда олар көлемдерінің үлкендігі мен
әртүрлілігіне қарай тек жылы және тропиктік аймақтарда
ғана бар. Өрмекшілер – өрмекшітәрізділердің ең көп
таралған түрінің бірі. Олар жер бетіндегі барлық мекен
ету ортасында тіршілік етеді. Өрмекшілердің кейбір
түрлері мұхит жағалауын, жартастар мен маржан
саңылауларын мекен етеді. Әлемдегі кейбір үлкен
өрмекшілер тропиктік елдерде ит тұмсығы өтпейтін ну
жынысты бамбук, бұта басқан сазды, шалшықты жерлер
мен шөлді далаларда кездеседі
11.
Тыныс алу мүшелері12.
Кресті өрмекшінің тыныс органдары ретінде жапырақ пішінді келгенөкпелері және кеңірдек түтіктерінің жүйесі бар. Кеңірдек түтіктері жалғыз
сыңар болып келетін стигма мен өрмекшінің бауыры жағына өрмек
сүйелдерінің ілгері жағынан келіп сыртқа ашылады. Құрсақтың алдыңғы
жағының төменгі бетінде саңылау тәрізді жұп тесік жатады. Бұл тесіктер тақ
жыныс тесігімен бір деңгейде жатады. Осы екі саңылаудың екеуі де
жапырақ тәрізді өкпелердің стигмалары. Өкпенің саңылау тәрізді тесігі
өкпенің кіреберісіне барып тіреледі. Кіреберістің артқы қабырғасы да,
төменгі қабырғасы да тұтас келеді. Алдыңғы жақ қабырғасында бірқатар
параллель саңылаулар бар, бұл саңылаулар өздерінің санындай жалпақ
қалталарға барып жалғасады, ол қатарлар жалпы бір текше болып жатады.
Қалталардың араларында дененің тар қуыстары жатады, сол қуыстарға
қалталарды шайып өтетін қан келеді. Олардың жұқа кутикулардан қабығы
болады және өздері семіп беттесіп қалмайды. Оларға ауа ешбір кедергісіз
кіре алады, өйткені кіреберістің де сондай-ақ қалталардың да
қабырғалардың беттерін ағаш сияқты бұтақтанып кеткен өсіктер басып
жатады, бұл өсіктер қалтаның қарсы жатқан қабырғасына барып тіреледі.
Кеңірдек үймесі бұтақтанбайтын екі жұп түтіктерден тұрады, бұлар негізгі
қалтадан шығып ілгері қарай кетеді. Негізгі қалта өрмек сүйелдерінің ілгергі
жағынан білінер – білінбес көлденең саңылау болып сыртқа ашылады.
13.
Зәр шығару органдарыКресті өрмекшінің зәр шығару органдары екі түрлі – мальпиги
түтікшелері және коксальдық бездер. Бірінші аталған органдар ересек
өрмекшіде ғана қызмет атқарады. Ішектердің әр жағында
бұтақтанатын екі түтікшеден болады, бұлар ректалъдік қуыққа
құярдың алдында бір-бірімен қосылып кетеді. Малъпиги мүшелерінің
бұтақшалары ортаңғы ішектің тұйық тармақтарының барлық жердегі
аралықтарын алып жатады. Малъпиги түтікшілерінің ішінде өте көп
ұсақ сұр түйіршіктер жиналады, бұлар – түтікшілердің өздерінің
бөліп шығаратын заттары. Кресті өрмекшінің коксалъдық қос безі
аяқтарының бірінші жұбының түп жағында болады.
14.
15.
Ас қорыту органдарыКресті өрмекшінің ішектерінен үш бөлімді ажыратуға болады: алдыңғы,
ортаңғы және артқы ішек бөлімі. Алдыңғы ішектері қысқалау, ал
ортаңғы ішек - өте күшті дамыған және өзінің түрлі тармақтарымен
іштің көп жерін алып жатады. Алдыңғы ішекті екі бөлімшесі де
кутикуламен астарланған және олардың ішкі қуысын керетін
радиациальды бұлшық еті бар. Жұтқыншақ орталық нерв жүйесін тесіп
өтеді. Сол бағытында артқа кетіп, сорғыш қарынға барып құяды.
Сорғыш қарыннан кейін сәл кеңірек ортаңғы ішек басталады – яғни
бұның бас көкірекпен қарынға өзінен шығарып тұйық тармақтар
жіберетін жері жатады. Бұл тармақтар бас-көкіректің ішімен аяқтарға
барып, олардан кейін қарай бұрылып, төс табандағы орталық нерв
жүйесінің астыңғы жағынан келіп тұйықталып аяқталады. Сабақша
арқылы ортаңғы ішек құрсақ ішіне өтеді. Бұл тармақтар, өздерінің
секрет шығару әрекетімен қатар, сору ролін де атқарады, ортаңғы
ішектің негізгі каналы тәрізді қызмет атқарады. Құрсақтың артқы
бөлімінде өрмек сүйелдерінің үстіңгі жағынан ортаңғы ішек қапшық
сияқты кең жерге келіп құйылады – бұл жерді ректальдық қуық деп
атайды. Бұған өрмекшінің нәжістері жиналады және мальпигий түтіктері
арқылы мүшелерде ыдыраған өнімдер келіп түседі. Ректальдық қуықтан
кейін тік ішек келеді, бұл – аналь сүйелінің төменгі жағынан келіп аналь
тесігі болып сыртқа ашылады.
16.
Нерв системасыОрталық нерв системасы бас – көкірегінің артқы жартысында төстабанның үстіңгі жағында шоғырланып
жатады. Осы жерде құрсақ тізбегінің бірігіп кетуінен пайда болған жалпайып келген нерв массасы болады. Бұл
жұтқыншақ асты массасының сегменттенуі бүйірдегі нервтердің бес жұбының түп жақтарының жуандап
келетіндігінен көрінеді, бұлардың алдыңғы жұбы аяқ қармалағышты қамтамасыз етеді де, келесі төрт жұбы
жүру аяқтарына кетеді. Артқа қарай екі нерв тіні кетеді де, олар сабақша арқылы құрсаққа еніп құрсақтың ішкі
органын қамтамасыз етеді. Жұтқыншақ үсті түйін (ми) қысқа және жуан коннективалар арқылы жұтқыншақ
асты массамен байланысқан, бүкіл орталық нерв жүйесі тар жұтқыншақтың горизанталь иіні тесіп өткен жалпы
нерв массасына айналады. Жұтқыншақ үсті түйіннің алдыңғы жақ бетінен жұп негізі бар көз нервтері шығады,
бұлар кейін көздің санына сәйкес сегіз бұтаққа бөлінеді. Көз нервтерінің астыңғы жағынан тап сол жұтқыншақ
үсті түйіннің алдыңғы жақ бетінің өзінен хелицералардың қос нерві шығады.
17.
18.
Қан айналыс органдарыКресті өрмекшінің қан жүру системасы, өздерінің меншікті
қабырғалары бар, қан тамырларынан және бірнеше қуыстардан –
лакундардан, яки синустардан, құралады, бұл қуыстар дененің ішкі
қуыстары болып табылады. Барлық қан тамырлары артериялық қан
тамырларының жүйесіне жатады: бұлардың барлығы да қанды
жүректен алып шығып, дененің барлық жерлеріне тотыққан қанды
таратып алып кетеді. Синустар жүйесі вена қан тамырларының
орнына жүреді, ақыр аяғында келіп, барлық қан синустар жүйесінің
соңғы буыны – жүрек жанындағы синусқа келіп құйылады. Бұл
синус жүректі жан-жағынан қоршап тұрады. Жүректің қабырғалары
түзетін сақина тәрізді мышицаның жиырылуы қанды алдыңғы
жақтағы бұтақтанып жатқан қолқаға да сондай-ақ, артқы
артериялардың түйдегіне де бағыттап жіберіп отырады, осылар
арқылы қан дененің ішкі қуысына құйылады. Дененің барлық
бөлімінен қан өкпелерді қоршап жатқан синустарға жиналады, бұл
жерден тотыққан қан жүрек жанындағы синусқа қайтады. Жүрек
жанындағы қуыстан қан үш жұп остиялар арқылы жүрекке
құйылады.
19.
Сыртқы жыныс тесігі аталық өрмекшіде де, аналық өрмекшіде де құрсақтың төменгібетінде, жапырақ тәрізді өкпелердің саңылау екі стигмаларының арасында жатады.
Аталық өрмекшінің жыныс тесігімен тікелей байланысты жатқан
сыртқы жыныс қосалқысы болмайды: аяқ-қармалағыштарының екуінің де ұшында
бір-бір. Өрмекшітәрізділер жыныстық жолмен көбейеді. Олар көбінесе ұрпағын
тірідей туады, бірақ кейбір түрлері жұмыртқа салады. Аналығы жұмыртқасын
немесе баласын өзі қорғайды. Мәселен, Маңғыстаудың шөлді және далалы
аймақтарында кездесетін қарақұрттар өте өсімтал: шілдеде 100–700 жұмыртқа
салып, олады пілләсімен қорғауға алды. Жұмыртқадан шыққан өрмекшілер пілләда
қыстап, келесі жылы сәуірде жанжаққа тарайды. Ал ала бүйі жұмыртқасын күзде
піллә ішіне салады. Одан ұрпағы көктемде өсіп өнеді
20.
Аналық ағза-жұмыртқалар-дернәсіл-нимфа-ересек кене21.
Өрмекшітәрізділердің бас бөлімінің құрылысыАуыз бөлігі
Күйісаяқ
Тұтқыаяқ
Көз бөлігі
22.
Ең жіңішке және ең мықты жіп.Көпшілігіміз өрмекшінің өрмегі жіп
атаулының ең жіңішке және ең мықтысы
екенін біле бермейміз.
Егер осы өрмекпен экватор бойымен жер
шарын орап шықса, оған кеткен бүкіл жіптің
салмағы небәрі 340 грамм болар еді. Соған
қарамастан ол өзімен жуандығы бірдей
шойын мен болат сымнан әлдеқайда
мықтырақ.
23.
Өрмек “жібі” желім тәріздіЖабысқақ
Созылмалы
Жылтыр
24.
ЖабысатынҚұрсақ бөлімінің
ұшындағы өрмек
сүйелдерінде 3 жұп
ұзынша жабысқақ
“жіп” бөлетін
өрмек безі
Жабыспайтын құрғақ жіптер
Жабыспайтын өрмек
жіпқұмыра пішінді
2 жұп
өрмек безі
25.
Өте мықтыжуандау “жіп”
Түзу
Жабысқақ “жіп”
Нәзік “жібекке
ұқсас жіп”
Иректелген
түтік
Түтік
Қалта
Алмұрт т.б
Бездер әртүрлі сұрыпты өрмек жіптерін бөледі.
26.
Қорегін аулауүшін
Көбею кезінде
жұмыртқаның
сыртын орау
үшін (піллә)
Мекен-тұрағын
жасау үшін
27.
Көмекшіспиральді
Радиалдық
Каркастық
Аулағыш
Өрмек жіптерінің байланыспайтын себебі ол тегіс
радиалы желілер бойымен жүргіріп отырады және ешқашан
жабысқақ концентрлі желілер бойымен жүрмейді.
28.
-Бүкіл әлемнің дамуына түрткі болды-Тоқыма өнері
-Қазіргі компьютерлік желі
-Әлемді шырмап алған интернет
-Өрмекші тоқымасынан ең мықты бронежилеттерді жасау
-Кабельдер жасау
-Шойын мен болат сымнан әлдеқайда мықты
29.
Термин сөздерАрахнология - өрмекшілерді зерттейтін
ғылым.
Күйісаяқ - өрмекшітәрізділердің І-ші жұп
аяғы қысқышпен, iлмекпен аяқталатын
бөлік.
Тұтқы аяқ - өрмекшітәрізділердің ІІ-ші жұп
аяғы сезу және қармалау қызметтерін
атқаратын бөлік.
Демтүтік - тынысалу мүшесі.
Мальпигий - зәр шығару түтігі.
30.
Кері байланыс“Өрмекшінің торы-шыбынның соры”
31.
Биологиялық есепІ есеп:
Баланың жинаған коллекциясында 8 қоңыз бен өрмекші
бар. Коллекциядағы барлық жәндіктің аяқтарының саны
54. Қоңыздың 6 аяғы бар десек, коллекцияда неше
қоңыз бен неше өрмекші бар?
Шешуі: 8х6=48
54-48=6
Жауабы: 8 қоңыз, 1 өрмекші
ІІ есеп:
Өрмекшілер өте қомағай жәндіктер: бір өзінің
салмағына тең қорек жейді. Олардың негізгі қорегі
шыбын. Орманда әрбір гектарда 5000 - ға жуық өрмекші
өмір сүреді. Егер әр өрмекші күніне екі шыбынан қорек
етсе, онда күніне қанша шыбын жойылады? Қане,
есептеп көрейік.
Шешуі: 5000 х 2 = 10 000 шыбын.
Жауабы: 10 000 шыбын жойылады
32.
Өрмекші тіршілігін зерттеудің нәтижесінде табиғаттағымаңыздылығының зор екенін білдік. Өрмекшілер зиянды
жәндіктермен қоректеніп, көп пайда келтіреді. Өрмекшілер
жәндіктермен қоректенетін құстармен және басқа да жануармен
салыстырғанда жәндіктерді өте көп мөлшерде жойып отырады.
Өрмекші деп аталу себебі: өрмек жібін бөледі, онымен өрмек
торын тоқиды. Басқа ешқандай жәндіктерде өрмек жібі болмайды.
Өрмекші өзі тоқыған өрмек торда еркін қозғалады, оның
жабысқан жіпке жабыспай жүруіне аяқтарының ұштарындағы
тырнақшалары көмектеседі. Үйге өрмекші түссе қазақ үйге қонақ
келеді деп ырымдайды.Қазақтың тыйым сөздерінде “өрмекшіні
өлтірме” деп айрықша атап айтылған.
Иә, табиғат сырына қаныға түскен сайын адамзат оның
құпиясын барынша ашып, оны қорғай отырып, қажетіне жарата
білуі тиіс екенін әрбір ұрпақ есінде сақтауы тиіс.
33.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:• Е 72 Есенбекова П.Ә., Дэуітбаева К'.Э., Орманова Г.Ж.
Омыртқасыздар зоологиясы пэнінен далалық-оку
практикасына арналған оку кұралы. Алматы: Қазак
университеті, 2011. - 174 б.,
• Болатова Қ.Б., Байдулова Л.А. “Омыртқасыздар зоологиясы”
электр.оқулық. -Орал.,2007
• Дәуітбаев К. “Омыртқасыздар зоологиясы”. 1-кітап: Оқулық.
-Алматы., 76-135б. 2004.
• Түсіпова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы. Бөлім II Алматы:
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтын білім академиясының
Республикалық баспа кабинеті, 1999. — 336 бет
Веб сайттар:
• http://melimde.com
• https://kerchtt.ru/kk/chto-harakterno-dlya-ameby-chto-takoe-am-ba-zhiznennyi-cikl/
• https://www.google.com/url?sa=i&url=https%3A%2F%2Fen.pptonline.org%2F323769&psig=AOvVaw1hAif_pyM2pzcb89U6XWMA&ust=1678465288576000&source=images
&cd=vfe&ved=0CAMQjB1qFwoTCIC86Mmgz_0CFQAAAAAdAAAAABAi
34.
35.
36.
37.
38.
39.
40.
41.
42.
Назарыңызға көпрахмет :)
biology