Жоєары жиілікті тербелістердіѕ ќолданылуы
Тері ќабатыныѕ дарсонвализациясы
Терапевтік диатермия (тереѕ жылу беру)
Индуктотермия
Баллистокардиография
Сфигмоманометр
Сфигмотонометр
Жасанды ќан айналым аппараты
Стетоскоп
Фонендоскоп
Фонокардиограмма
Медициналыќ тепловизор IR235B атипті пневмония (SARS) немесе ќўс тўмауы (H5N1) вирусын ќозєалыстаєы адамдардан температурасы жоєары объектілерді
Ультрадыбыс
Статикалыќ душ жјне аэроионотерапия їшін аппарат (40—50 кВ)
Электрокардиограф
Эндоскопия јдісі
Эндоскопиялыќ фотография
Эндоскопиялыќ фотография
Жиілігі 1-1,2 Гц болатын имплантант ретінде пайдаланатын радиожиілікті электрокардиостимулятор
779.50K
Categories: medicinemedicine biologybiology physicsphysics

Терапевтік мақсаттағы медициналық құралдар. (Дәріс 10)

1.

10 дәріс
Терапевтік мақсаттағы
медициналық құралдар

2.

Сұрақтары:
1. Электромагниттік өріс және токпен әсер ету
кезіндегі ұлпалардағы физикалық үрдістер.
2.Жоғары
жиілікті
терапия
әдістері
(ЖЖ,УЖЖ,АЖЖ және т.б) және олардың
биофизикалық әсері.
3.Тұрақты токтың ағза ұлпаларына әсері.
Гальванизация.
4.Терапевті
электронды
медициналық
аппаратура.

3.

Барлық заттар зарядтар жүйесі
болып табылатын молекулалардан
тұрады. Сондықтан әр ағзаның күйі
ол арқылы өтетін токқа және әсер
ететін электромагниттік
толқындарға тәуелді.

4.

Биологиялық жүйенің электрлік
қасиеті басқа объектілерге қарағанда
күрделі және ол иондар жиынтығынан
тұрады.
Токтың және электромагниттік өрістің
ағза ұлпаларына алғашқы әсері
физикалық болып табылады.

5. Жоєары жиілікті тербелістердіѕ ќолданылуы

Жоғары жиілікті тербелістердің
қолданылуы
Электрлік тербелістер жиіліктеріне қарай
бірнеше диапазондарға бөлінеді:
Төменгі жиілікті — жиілігі 20 Гц-тен төмен;
Дыбысты жиілікте — 20 Гц 20 кГц;
Ультрадыбыстық жиілікте (УД) — 20 200 кГц
(жоғары);
Жоғарғы жиілікті (ЖЖ) — 0,2 30 МГц;
Ультра жоғарғы жиілікті (УЖЖ) —30
300 МГц;
Аса жоғары жиілікте (АЖЖ)—300 МГц – тен
жоғары.

6.

Ағзаға әсер ететін айнымалы ток
жиілікке тәуелді. Төменгі, дыбыстық
және ультрадыбыстық жиіліктегі
айнымалы ток биологиялық ұлпаларға
тітіркендіргіштік әсер береді.
Бұл құбылыс электролит
ерітінділеріндегі иондардың ығысуымен
түсіндіріледі.

7.

Жоғары жиіліктегі терапия
әдістері дарсонвализация және
диатермия. Алғашқысын француз
физиологы және дәрігері
Дарсонваль ұсынған.

8.

Дарсонвализация
әлсіз жоғары жиілікті разрядпен нерв
талшықтарына тері мен шыршықты
қабықшасы арқылы әсер етіледі.
Электродқа айнымалы жоғары жиілікті
кернеу (бірнеше киловольт) беріледі. Бұл
кезде ток өте әлсіз және өшетін тербеліс
жағдайында болғандықтан ұлпаларда
жылулық эффект тудырмайды.
Жиілік 500 кГц.

9. Тері ќабатыныѕ дарсонвализациясы

Тері қабатының дарсонвализациясы

10. Терапевтік диатермия (тереѕ жылу беру)

Терапевтік диатермия (терең
жылу беру)
Ағзаның ішкі бөліктерінде жатқан ұлпаларды
жоғары жиілікті жылу беру арқылы емдеу
әдісі. (жиілігі 1 2 МГц).
Электрод астындағы тері және тері асты
жасушалары арқылы ток өткенде олар
тармақталады да, терең аймақтардағы ток
өткізгіш ұлпаларда джоульдік жылу бөлініп
шығады.

11.

Хирургиялық диатермия
Ағзадағы алып тастауға жататын
ұлпаларды жоғарғы жиілікті ток
арқылы қыздыра отырып бұзу
арқылы іске асыратын әдіс.

12.

Бұл әдіске негізінен
диатермокоагуляция немесе нүктелік
электродпен пісіру және
электротомия немесе ұстара тәрізді
электродпен алынған ұшқын арқылы
ұлпаларды тарау әдістері жатады.

13.

14. Индуктотермия

Индуктотермия - майысқақ кабельден
жасалған спираль арқылы өткен электр тогы
тудыратын жоғары жиілікті магнит өрісінің
әсері 10 15МГц. арқылы емдейтін әдіс.
Тербеліс жиілігі
жоғарғы жиілікті магнит өрісі ұлпаларда
құйынды электр тогын тудырып, энергиясы
жылуға айналады.

15.

Индуктотермия кезінде бөлінген жылу
мөлшері магнит өрісінің индукциясына В,
жиіліктің квадратына және ерітіндінің
электрөтімділігіне
тура пропорционал:
Q B
2
2

16.

Электромагниттік тербелістер
биологиялық жүйеге әсер еткенде ағзада
жылу бөлініп шығады. Айнымалы электр
өрісіндегі биологиялық ұлпаларда ығысу
және өткізу токтары пайда болып, зат
алмасу үрдісі жақсарады.

17.

Осы мақсатта медицинада ультражоғары
жиілікті аппарат көптеген ауруларды
емдеу үшін қолданылады.
Физиотерапевтік бұл әдіс - УЖЖтерапия әдісі деп аталады.

18.

Дененің сәйкес аумағы аппараттың терапевтік
контурына қосылған изоляцияланған екі
жазық электродтардың арасына орналасады.
Сондықтан ол электродтар арасындағы
түзілетін жоғары жиілікті электр өрісінің
әсеріне ұшырайды.

19.

20.

Айнымалы УЖЖ электр өрісінде пайда
болатын полярлы молекуланың немесе
органикалық макромолекуланың жеке
бөліктерінің айналмалы тербелісі
жасушаның физиологиялық күйіне
айтарлықтай әсер береді.

21.

Сантиметрлік диапазондағы
электромагниттік толқындардың емдік
мақсаттағы ағза ұлпаларына әсері
микротолқындық терапия (МТ-терапия)
деп аталады. - 460 МГц, = 12,6 см
және
ДЦВ – терапия
- 2375 МГц
= 65 см

22.

Сантиметрлік толқындар ағза ұлпасының
беткі қабаттарында жұтылады (тереңдікке
енуі бірнеше сантиметр). Олардың
алғашқы әсері электролиттердің иондар
тербелісімен және диэлектриктердің
полярлы молекулаларында болады, олар
ұлпаларға өтетін толқындық өрістің
электрлік құраушыларын тудырады. Осы
кезде жылу бөлініп шығады.

23.

Электролит ерітінділерінде және диэлектрикте
жоғары жиілікті электр өрісінің әсерінен бөлінген
жылу мөлшерлерінің арасындағы қатынас олардың
табиғатына және өріс жиілігіне тәуелді.
Диэлектрик ұлпалары ток өткізетін ұлпаларға
қарағанда жылдамдырақ қыздырылады. Осы
қасиетімен УЖЖ терапия кезінде жылулық эффект
индуктотермиядан ерекшеленеді.

24.

Диэлектриктерде электр өрісінің әсерінен
молекулалардың бағытталған және
құрылымдық поляризациясы пайда болады.
Айнымалы жоғары жиілікті электр өрісінің
әсерінен пайда болатын молекуланың
айналмалы тербелісі жылудың бөлінуімен
жүргізіледі.
Q E tg
2

25.

Жоғарғы жиілікті өріс электролит
ерітінділерінде иондардың тербелмелі
қозғалысын тудырады, яғни өтімділік тогын,
жылулық эффект туғызады.
Q Е
2

26.

АЖЖ тербелісте бағытталған тербеліске
қатысатан су молекуласының маңызы зор.
Сондықтан толқын энергиясының көбірек
жұтылуы және сонымен жылудың бөлінуі
судан тұратын ұлпаларда болады (бұлшық
етті ұлпа және қан).

27.

Тұрақты токтың адам ағзасына әсері
ток күшіне тәуелді, сондықтан
ұлпаның және терінің электр
кедергілері болады. Ылғалдылық
кедергіні азайтады, бұл кернеудің аз
мәнінің өзінде ағзада токтың
жүретінін көрсетеді.

28.

Кернеулігі 60-80 В үздіксіз
тұрақты токтың адам ағзасына аз
күшпен әсер етуге негізделген
емдік әдісі гальванизация деп
аталады.

29.

Электр өрісінің әсерінен иондар әр
түрлі жылдамдықпен қозғалады да
және поляризация құбылысы деп
аталатын қарама қарсы электр өрісін
құрай отырып жасушалық
мембрананың айналасына жиналады.
Сондықтан тұрақты токтың ағза
ұлпаларына алғашқы әсері зарядталған
бөлшектердің орын ауыстыруынан
болады.

30.

Медицинада биологиялық өлшеулер әдістер
классификациясының функциональдық
принципін жүрек қан тамырлар жүйесінің
параметрлері арқылы көрсетіледі. Мұнда
механикалық (баллистокардиография,
фонокардиография, қанның қысымын өлшеу),
электрлік және магниттік
(электрокардиография, магнитокардиография),
оптикалық өлшеу (оксигеометрия) және басқа
физикалық әдістер қолданылады.

31. Баллистокардиография

Жүрек жұмысын зерттеу мақсатымен дененің
қозғалысын (тербелісін) тіркеу әдісі
баллистокардиография деп аталады және оны
клиникада диагностикалық мақсатта
қолданылады.
Жүректің сол қарыншасының бір
жиырылуынан ондағы қанның аортаға
шығарылуы пайда болады.

32.

Денеге қарама қарсы бағытта қанның
аорта доғасы бойынша қозғалысы кезінде пайда болатын күш
реакциясы әсер етеді.

33. Сфигмоманометр

Сынапты манометрлі құрал

34. Сфигмотонометр

Мембраналы манометрлі құрал

35. Жасанды ќан айналым аппараты

Жасанды қан айналым аппараты
Негізгі екі бөлімнен тұрады: насостар
жүйесінің физиологиялық блогы және
механикалық бөлігінен тұрады.
Жүректің және өкпенің қызметін толығынан
орындайды.

36.

37.

Ішкі ағзаларда туындайтын дыбыстарды
тікелей тыңдау емханалық зерттеу
тәсілдерінің маңыздыларының бірі
аускультация әдісі деп аталады. Бұл
мақсатта ең қарапайым құралдарды
фонендоскоп, стетоскоп
пайдаланылады.

38. Стетоскоп

39. Фонендоскоп

40. Фонокардиограмма

41. Медициналыќ тепловизор IR235B атипті пневмония (SARS) немесе ќўс тўмауы (H5N1) вирусын ќозєалыстаєы адамдардан температурасы жоєары объектілерді

Медициналық тепловизор IR235B
атипті пневмония (SARS) немесе құс тұмауы (H5N1)
вирусын қозғалыстағы адамдардан температурасы
жоғары объектілерді табуға мүмкіндік береді.

42. Ультрадыбыс

Хирургияда жіңішке УД сәулелерді қатерлі
ісіктерді жою үшін, сүйектерді кесуге немесе одан
тесік жасауға қолданады.
Биологиялық әсері: вирустардың, бактериялардың,
саңырауқұлақтардың, ал біршама жоғарғы
қуаттағы УД-та майда жәндіктердің жойылуы
механикалық, химиялық және жылулық
факторының әсеріне негізделінген.
Аздаған қуаттағы УД жасуша мембранасының
өткізгіштігін арттырады, тері қабаттарының
қалыңдау процестерін белсендіреді т.б.

43.

44. Статикалыќ душ жјне аэроионотерапия їшін аппарат (40—50 кВ)

Статикалық душ және аэроионотерапия үшін аппарат
(40—50 кВ)

45. Электрокардиограф

46. Эндоскопия јдісі

Эндоскопия әдісі

47. Эндоскопиялыќ фотография

Эндоскопиялық фотография

48. Эндоскопиялыќ фотография

Эндоскопиялық фотография

49. Жиілігі 1-1,2 Гц болатын имплантант ретінде пайдаланатын радиожиілікті электрокардиостимулятор

50.

Рентгенодиагностика

51.

Рентгенодиагностика ішкі мүшелерге диагноз қою
мақсатында қолданылады
Рентгеноскопия –
рентгенолюминесценциялық экранда
кескінді қарастыру
b) Рентгенография – фотопленкада кескін
алынады
Диагностика үшін энергиясы 60-120 эВ
болатын фотондар қолданылады
Қатерлі ісікті емдеу үшін рентген сәулесін
қолдануды рентгенотерапия д.а.
a)

52.

Әдебиеттер:
1.Арызханов Б.”Биологиялық физика”,1990
ж.
2.
Тиманюк
В.А.,
Животова
Е.Н.
“Биофизика”, Киев, 2004 ж.
3.
Ремизов
А.М.
«Медицинская
и
биологическая физика», М.,2004ж.

53.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
Электромагниттік өріс және токпен әсер ету
кезіндегі ұлпаларда қандай физикалық үрдістер
өтеді?
Жоғары жиілікті терапия әдістері
(ЖЖ,УЖЖ,АЖЖ және т.б) және олардың
биофизикалық әсері қандай?
Тұрақты токтың ағза ұлпаларына әсерінің негізі не?
English     Русский Rules