1.89M
Category: biologybiology

Күрделігүлділер. Сарғалдақтар тұқымдасына сипаттама

1.

КҮРДЕЛІГҮЛДІЛЕР.
САРҒАЛДАҚТАР
ТҰҚЫМДАСЫНА СИПАТТАМА.
Орындаған:Байбатыр. Г
Тексерген:Алдасугурова. Ч

2.

Жоспары
Күрделігүлділер
Құрылысы
Көбеюі
Классификациясы
Сарғалдақтар туысы
Пайдаланған әдебиеттер

3.

Күрделігүлділер
• Күрделігүлділер, немесе астралар тұқымдасы
• Бұл тұқымдаста 18—20 мыңдай, түр бар (1 мыңдай
туыс). Өмірлік формалары кішігірім ағаштар (кейде
бүтақтанбаған колона тәрізді сабағы болады) бұталар,
лианалар, жартылайбұталар, көпжылдық және
біржылдық шөптесін өсімдіктер. Көп жағдайда олар
өрмелеп өседі, кейде суккулентеріде болады. Жер
бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде)
кездеседі.

4.

• Көптеген туыстары өзгергіш келеді, өйткені олар белсенді
(интенсивті) түрде форма түзу сатысында түр. Түрлері тұқымы
арқылы да, вегетативтік жолмен де өте жақсы көбейеді.
• Бұтақтарына жапырақтары әдетте кезектесіп, сиректеу қарамақарсы немесе топтасып орналасады, кейде олар жертаған
(розетка) түзіп қатты қысқарады. Көп жағдайда өсімдіктен бөлініп
шығатын әртүрлі заттар жиналатын қуыстары болады — сүт
жолдары, схизогенді смола жолдары. Клеткаларыңда инулин
жиналады. Тұқымдасқа тән белгілер мыналар: гүлшоғыры себет
(корзинка), сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттер (корзинка)
жиналып қалқанша (шиток) немесе сыпыртқы (метелка) түзеді.
Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып тұрады,
олардың жиынтығы орама (обвертка) түзеді. Ораманың
жапырақшаларының өзара орналасу ерекшеліктері, олардың
формасы және түсі осы тұқымдастың өкілдерін классификациялауға және анықтауға ең қажетті белгілер болып табылады.
Себеттің үстіңгі беті (ложе) жазықта, ойыста, дөңесте болуы
мүмкін; жылтыр немесе емшектөрізді; тікенектермен немесе
түктермен жабылған; іші толтырылған немесе қуыс.

5.

• Гүлдері алуан түрлі — біреулері біршама үлкен және
қанық боялған, ал екіншілері ұсақ, көріксіз болып
келеді. Олардың барлығы да 4 шеңбер түзіп
орналасады. Күлтесі 5-мүшелі, тостағаншасы
желайдарға (хохолок,паппус) айналып кеткен немесе
редукцияға ұшыраған. Андроцейі жіпшелері бос
орналасқан 5 аталықтан және трубкаға біріккен
тозандықтардан тұрады. Құрылысы мұндай болып
келетін андроцей тек күрделігүлділерге ғана тән.
Гинецейі ценокарпты 2 жемісжапырақшаларынан
тұрады. Аналығы 1. Гүл түйіні төменгі, 1-ұялы. ұзын
болып келетін аналықтың мойыны аталықтың
трубкасының ішінде орналасады, одан жоғары әдетте
екі жақтауы бар аналықтың ауызы (рыльце) ғана
көтеріліп-көрініп тұрады

6.

• Жемісі — тұқымша (семянка), көп жағдайда олардың ұшуын
қамтамасыз ететін желайдары (летушка) болады.
Күлтежапырақшаларының қүрылысына қарай гүлдердің
мынадай түрлері болады: трубка тәрізді, тілше,
жалғантілше, воронка тәрізді гүлдер. Екі еріңді гүлсерігі бар
гүлдерде болады (оңтүстік америкалық түрлер).
Трубка тәрізді гүлді әдетте алғашқы (бастапқы) деп
қарайды. Күлтенің жапырақшалары бұл жағдайда төменгі
жағынан трубкаға бірігеді, үстіңгі жағынан трубка қоңырау
тәрізді кеңейеді де, 5 тісшеге бөлінеді. Гүлі актиноморфты,
қосжынысты, кейде дара жынысты.
Гүлдің формуласы: * Са(5)- 0-рар.Со(5)А(5)0(2).
Тілше гүлдің трубка төрізді гүлден пайда болғаны күмән
келтірмейді. Күлтенің төменгі бөлігі трубкаға бірігеді, бірақ
ол өте қысқа болады. Одан жоғары трубка бір жағынан ғана
ыдырап тілше түзеді, оның ұшы 5 тісшемен аяқталады. Гүлі
зигоморфты, қосжынысты. Гүлдің формуласы:
Т Са(5)- О-рар. Со(5) \5) С(2).

7.

• Жалғантілше гүлді екі ерінді гүлден шығару жеңіл, оның
күлтесінің тек бір ғана астыңғы еріні болады.
Жалғантілшегүл тек 3 күлте жапырақшадан түзілген, оны
тілшенің ұшындағы 3 тісі көрсетіп тұр. Бұл зигоморфты, көп
жағдайда аналық гүл, аталығы жоқ. Гүлдің формуласы.
• Воронка тәрізді гүлдің күлтесінің трубкасының жоғарғы
жағы воронка секілді кеңейген болып келеді. Бұл жыныссыз
гүл аталығы да, аналығы да болмайды.
• Себеті біржағдайда тек трубка тәрізді гүлдерден немесе
тілше гүлдерден. тұруы мүмкін, ал екінші жағдайда оның
ортаңғы бөлігі трубка тәрізді гүлдерден, ал шет жағы
жалғантілше гүлдерден немесе воронка тәрізді гүлдерден
түрады. Үлкен шет жағындағы гүлдерінің түсі ұсақ ортаңғы
гүлдеріне қарағанда басқаша болады. Осыдан барып
гүлшоғырында әртүрлі түстілік (ала-құлалық) қалыптасады,
ол шамасы насекомдарға жақсы бағдар болса керек.

8.

• Гүл шоғырында жыныстық бөлінуі әрқилы. Себет тек
қосжынысты (трубка төрізді немесе тілше гүлдерден),
қосжынысты және даражынысты немесе жыныссыз
(трубка тәрізді және жалған тілше гүлдерден),
даражынысты, бір себетке немесе әртүрлі себетке
жиналған гүлдерден тұруы мүмкін. Әртүрлі себетке
жиналған гүлдер бір үйлі де және екі үйлі де өсімдіктер
болуы мүмкін.
• Гүлдердің құрылысының жоғарыда келтірген
ерекшеліктері және олардың себетте орналасу реті
күрделігүддерді классификациялауда және олардың
туыстарын анықтауда шешуші орын алады. Туыстың
деңгейіңде түрлерді анықтағанда бірінші орынға
олардың вегетативтік органдарының құрылысының
ерекшеліктері шығады.

9.

• Күрделігүлділердің шаруашылықтағы маңызы аса зор.
Олардың ішіңде аса қүңды тамаққа пайдаланатын
(май алынатын және көкөністік), татымды дәмі бар,
дәрілік, бояулық, сәндік, хош иісті өсімдіктер аз емес.
Көптеген түрлері өсімдіктер жабынының негізгі
компоненттерінің бірі болып табылады, ал
кейбіреулері өте қиын, күресуге бой бермейтін
арамшөптер. Тұқымдасты 21 түқымдастармағына
бөледі: трубкагүлділер және тілшегүлділер.

10.

Сарғалдақтар тұқымдасы
• Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) — қос жарнақтыларға
жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдасы.
Кейде бұта және шырмауық түрінде де кездеседі.
• Жер шарында кең тараған 50-ден астам туысы, 1200-ге жуық (кей
мәліметтерде 2000) түрі негізінен қоңыржай белдеулерде, салқын
жерлерде және суда өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында
кездесетін 29 туысы, 185 түрі бар. Ішінде жиі кездесетіндері:
сарғалдақ, бәрпі, тегеурінгүл, жанаргүл, т.б.
• Жапырақтары бүтін жиекті не тілімденген, жапырақ серіктері
болмайды. Гүлі қос жынысты (сирек жағдайда дара жынысты)
болады. Аталығы өте көп, гинецейі апокарпты (гүлдегі өзара
тұтаспаған аналықтар жиынтығы). Жемісі — көп тұқымды
жапырақша немесе көп жаңғақша. Тұқымы майлы.
• Көп жылдық Сарғалдақтар тұқымдасының құрамында алкалоид
және глюкозид болғандықтан улы келеді. Сарғалдақтар
тұқымдасының көпшілік түрі дәрілік өсімдіктер (жанаргүл, бәрпі,
т.б.); әсемдік үшін де өсіріледі (шөмісгүл, тегеурінгүл, жібілген,
т.б.)

11.

12.

• Тұқымдастың тіршілік ету формалары: көпжылдық , кейде біржылдық шөптесін өсімдіктер,
жартылай бұталар, ағаштектес лиана. Шамамен 50 туысы мен 2000-нан аса түрлері бар.
Бұл тұқымдастың өкілдері негізінен жер шарының қоңыржай бойлықтарында, сонымен
қатар Қазақстанда да кездеседі.
• Өкілдерінің негізгі бөлігін мезофиттер құрайды, олардың бірқатары ылғалдылығы жоғары
жерлерде өседі (батбақ қалтагүлі, күйдіргі сарғалдақ), сирек гидрофиттер кездеседі
(сусарғалдақ).
• Вегетативтік мүшелерінің ерекшеліктері. Тамыр жүйесі тамыр сабақты, шашақ және кіндік,
сондай-ақ тамыры түйнек түрінде жердің астында қыстап шығады (таушымылдық, көктем
ақбүйрегі). Жапырақтары бөбе жапырақсыз кезектесе келген, жапырақ тақтасы көбінесе
тілімделген.
• Генеративтік мүшелерінің ерекшеліктері. Гүлдері шашақгүл және сыпыртқыгүл гүлшоғырына
жиналған, сирек дарагүлді болып келеді. Гүлдері актиноморфты (сарғалдақ, қалтагүл,
жібілген) және жел арқылы тозаңданады. Зигоморфты гүлдері (уқорғасын, шөмішгүл,
тегеурінгүл), гүл тепкісі бар бойлап өскен күлтежапырақтарының ойыс өскіндерінің төмен
жағы қусырыла біткен түтікше түрінде, онда шірнеліктер жиналады. Гүлдері қосжынысты
бөліктерінің саны белгілі және белгісіз болып келеді. Тостағаншасы 5, сирек 6
тостағанжапырақшалардан тұрады, сонымен бірге 4 (жібілген), 3 (ақбүйрек), сирек 2
(кандалашөп) тостағанжапырақшалы да болып кездеседі. Гүлсерігі жай немесе
қосарланған. Андроцейі кезектесе келген көптеген аталықтан құралған, гинецейі апокарпты,
бір не бірнеше жапырақшадан тұрады, жоғарғы түйін. Гүлдерінің реңі саналуан. Жемісі
кезектесе келген таптамалардың жиынтығынан, жаңғақшалардың жиынтығынан немесе
қарапайым жидектәрізді болып келеді.

13.

• Тұқымдасқа жататын өсімдіктердің барлығы алколоидтардың болуымен
ерекшеленеді, сондықтан оларды мал жемейді. Пішенге орылатын
шалғындарда және жайылымдарда олар қажет емес компоненттердің бірі
болып табылады. Бұлар негізінен сәндік және дәрілік өсімдіктер болып
саналады.
• Уқорғасын туысы ( борец –Aconitum). Туыстың құрамында 60 - тай түр
бар. Олар солтүстік ендікте, әсіресе таудың күн түсетін беткейлеріндегі
шалғындарда, бұталардың араларында жиі кездеседі. Бұрынғы одақтас
республикалардың аймағында 50 – дей, ал Қазақстанда 14 түрі кездеседі.
Бұлар көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлі зигоморфты, шашақ гүл
шоғырына жиналған. Тостағаншасы 5, олар ашық көк түске боялған,
күлтежапырақшалар тәрізді болады, оның үстіңгісі ұлғайып өсіп бүркіттің
томағасы тәрізді , ал астыңғы екеуі көп жағдайда тең болмайды. Күлте
жапырағының саны 5-8 (көбіне 8), бірақ оның тек жоғарғы екеуі ғана
жетіледі және олар үлкен тәтті шырындыққа айналады. Аталықтарының
саны көп, аналықтарының саны 3 - 7- ге дейін болады. Жемістері
таптама. Өсімдіктің бойында өте улы аканитин алкалоиды болады.
Оларды сәндік және дәрілік өсімдіктер ретінде отырғызады. Бақтарда көп
жағдайда дәрілік у қорғасыны (A.napellus) өсіріледі ( 31 - сурет).
Қазақстанда кең таралған өкіл -деріне ақ ауыз уқорғасын мен
(A.leucostomum ) жоңғар у қорғасыны (A.soongarica) жатады.

14.

• Сарғалдақ туысы (лютик - Ranunculus) 600-дей түрі бар. Бұрынғы
одақтас республикалардың аймағында 180 - дей, ал Қазақстанда
57 түрі кездеседі. Олардың ішіндегі ең көп таралған өкілінің бірі
күйдіргі сарғалдақ (лютик едкий - R. acris). Бұл – арамшөп ретінде
орман және сужайылым шалғындарында, егістікте, өзен
жағасында, бұлақтарды бойлай өсетін өсімдік (32 - сурет). Улы,
дәрі ретінде пайдаланылады. Жатықтүкті, өте қысқа
тамырсабақты, көпжылдық өсімдік, тамырсабақтан таралған
тамырлардан тығыз топтасқан, қатаң шашақ тамыр түзіледі. Дара
өсетін көп гүлді, тік сабағының биіктігі 30-80 см.
• Гүл құрылысы. Гүлі өте ұзын гүлсабақта орналасады, қос
гүлсерікті, дұрыс гүлді болады. Тостағаншасы жұмыртқа тәрізді 5
тостағанжапырақшалардан құралады, жылтыр, алтын сары түсті 5
күлтежапырақшасы бар. Гүлтабаны - тақыр, аталықтар мен
аналықтар көп болады. Тостағанжапырақшалар мен
күлтежапырақшалар шеңберлене орналасады. Шар тәрізді жемісі
өте көп жемісшелерден тұрады; жемісшелері – жаңғақша тәрізді.
Гүлінің формуласы *Са5 Со5 А∞ G∞.

15.

16.

Негізгі өкілдері және олардың маңызы. Қазақстанда сарғалдақ, тегеурінгүл,
шөмішгүл, күнгелді, уқорғасын, маралоты, жібілген туыстастары неғұрлым
көп таралған. Тұқымдастарға жататын өкілдері:
Күйдіргі сарғалдақ - Лютик едкий (Ranunculus acris)
Көктемгі жанаргүл - Горицвет весений (Adonis vernalis)
Жоңғар уқорғасыны - Борец джунгарский (Aconitum soongoricum Stapf)
Дала тегеурінгүлі - Живокость полевая (Delphinium consolida L)
Жоңғар жібілгені - Ломонос джунгарский (Clematis soncarica Bge)
Алтай күнгелдісі - Купальница алтайская (Trollius altaicus L.)
Кәдімгі маралоты - Василистник простой (Tralictrum simplex L.)
Кәдімгі таушымылдық – Пион Марьин корень (Paenonia anmala L.)

17.

Күйдіргі сарғалдақ
• Гүлдерінің формуласы: мысалы:
тегеурінгүл - *Са5 Со2 1 А∞ G1; жібілген
- *Р4 А∞ G∞. Сарғалдақ туыстарының
жемісі - таптама, көптұқымды жаңғақша,
кейде жидек тәрізді. Бұл тұқымдастың
өкілдерінің практикалық маңызы зор,
себебі олардың көпшілігі - құрамында
медицинада қолданыла -
• тын алкалоидтары бар улы өсімдіктер.
Мысалы, медицинада тегеурінгүл,
уқорғасын, жанаргүл, таушымылдық
және басқа түрлердің алкалоидтары
пайдаланылады. Шөмішгүл, уқорғасын,
тегеурінгүл, маралоты тұқымдарынан
лак, бояу, автомобиль, тамақ
өнеркәсібінде және медицинада
қолданылатын сұйық май көп. Кейбір
түрлері (тегеурінгүл, таушымылдық)
сәндік өсімдіктер ретінде мәдени
өсіріледі. Қорғауға алынған түрлерге
мыналар кіреді: азия күнгелдісі (33 сурет), орман желайдары, көктем
жанаргүлі, түзу жібілген және басқалар.

18.

Пайданған әдебиеттер
• 1.Ағелеуов Е. және т.б. Ботаника, өсімдіктер
анатомиясы мен морфологиясы.
• 2. Әметов Ә.Ә. Ботаника.
• 3. Мұсақұлов Т. Ботаника.
English     Русский Rules