287.74K
Category: pedagogypedagogy

Жайдарлы жазғы демалыс

1.

Жайдарлы жазғы
демалыс
Тексерген: Байтекеева А.А
Орындаған: Мұқажан Мақпал

2.

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін
ерекше
ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ
барысындағы тоқсан арасындағы берілетін
күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз
кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін
бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп
оқушыларының жалпы физиологиялық,
сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда
даму, жетілу кезеңі
.

3.

Бастауыш және орта буын сыныптарының
балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың
табиғатпен ерекше үндестік тауып,
дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас
қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын
жылдың тамаша мезгілі.

4.

Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі
сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен
босап, өзін қызығушылығымен айналысуына
мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс
пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор.
Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін
тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін
іс-әрекетке жұмсалуы жөн.

5.

Лагерьде балалармен жүргізілетін жұмыс
түрлері әр алуан. Онда спорттық, ұлттық,
танымдық ойындар, алғырлық, зерделік,
тілдік сайыстар, салт-дәстүрге байланысты
байқаулар, ән-күй, би кештері, концерттік
бағдарламалар, сурет көрмелері және тағы
басқалай көптеген шаралар
ұйымдастырылды. Оқушылар лагерьде
демалыс уақыттарын жақсы өткізіп, өздеріне
жаңа достар тауып, білімдерін толықтырды

6.

•Ұйымдастырушы тәлімгер бір топ балалардың лагер өміріндегі барлық
жұмыстарын ұйымдастырады, басқарады және қамтамасыз етеді. Лагердің
бағдарламасына, топтың жұмыс жоспарына сәйкес үйрету, тәрбиелеу және
сауықтыру жұмыстарын жүзеге асырады.
•Тәлімгер өз жұмысын сол топтағы екінші тәлімгермен және басқа лагерь
қызметкерлерімен келісе отырып жүргізеді.
•Балалармен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша тәлімгер лагерь
басшысының педагогикалық жұмысы бойынша орынбасарына бағынады.
•Тәлімгер өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңдарын, лагер
жарғысын, нормативтік құжаттарын , балалар лагері жайлы қағиданы, осы
қызметтік нұсқаулардың , лагерь басшысының бұйрықтары мен балалардың
өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша нұсқауларды басшылыққа алады.

7.

Тәлімгер бекітілген күн тәртібіне және лагердің бір күндік жұмыс жоспарына сәйкес өзіне
тапсырылған балалардың демалысын ұйымдастыру , лагердің басқа қызметкерлерімен
байланыса отырып , өз тобының жұмысын жоспарлайды.
•Тәлімгер баланың саулығы мен рухани жағдайын ойлайды, күн тәртібінің сақталуын
қамтамасыз етеді.Баланың тамақтануын, жатақхана ережелері мен тазалықты сақтауын
қадағалайды.
•Балалар өмірі мен денсаулығын сақтау нұсқауларына сәйкес тәлімгердің бір баланы
немесе топты қараусыз қалдыруға құқығы жоқ.
•Тәлімгер топ өмірін, балалардың қызығушылығы мен жеке қабілеттерін ескере отырып
ұйымдастырады. Ұжыммен баланың өзін- өзі басқару ұйымы арқылы жұмыс істейді.
•Топтағы екі тәлімгер балалар үшін киімдерді, деректемелерді және басқа да үйрету,
тәрбиелеу үрдісіне қажет материялдарды алады, балаларды лагерЬ мүлкін және қоршаған
ортаны ұқыптыы сақтауға тәрбилеу жұмысын жүргізеді. Шығын келтірілген немесе
жоғалған жағдайда уақытында қаржылық құжаттарды толтырады.
•Тәлімгер баланың денсаулығына қамқорлық жасайды, ол үшін барлық жағдайларды
қарастырады. Лагердің дәрігерінен кеңес алып, соны орындайды.
•Тәлімгер өз үлгісімен және мақсатты түрде бағытталған педагогикалық қызметімен топ
ішінде жақсы қарым- қатынас жағдайын жасайды. Балаларда әлеуметтік құбылыстарға
қызығушылық қалыптасуына жәрдемдеседі. Бір- бірімен тіл табысуына, араласуына
жетекшілік етеді.
•Тәлімгер күн сайын педагогикалық күнделігіндепсихологиялық, педагогикалық талдауда
және ауысым соңында жоспарының орындалуын өзінің және тобының жұмысын талдап
жазады.

8.

Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің және басқа да кәсіби
шығармашылық ұйымдардың жұмысына қатысып, лагердің
және оның бөлімшелерінің жұмысын жетілдіру бойынша
ұсыныстар жасау.
•Жұмыс қорытындылары бойынша лагердің әкімшілігінің
атынан ұжымдық сыйлық қорынан және басқа да марапаттау
түрлерінен аталып өту.
•Өзінің кәсіби еңбегімен тапсырылған топтың жұмысын
бағалаудың белгілерін білу.
•Лагердегі тамаққа , киім үлгісіне , тұратын орынға бар
жеңілдіктерді пайдалану.

9.

•Ұйымдастырушы ұстаз өзінің міндеттерінің сапалы
орындалуымен қатар мынадай жағдайларға жауап береді:
•Лагерде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша
талаптардың және баланың құқығын, қызығушылығын
қорғауға бағытталған барлық нормативтік құжаттың
орындалуының қамтамасыз етілуі үшін жауапты.
•Күн тәртібінің тамақтану және сауықтыру тәртібінің
орындалуы үшін жауапты.
•Баланың лагерде және одан тыс жерлерде қараусыз қалғаны
жайлы, баланың жарақаттануы немесе тәртібіндегі
кемшіліктер жайлы лагер басшылығына уақытында
хабарлануы үшін жауапты.

10.

Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:
- өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге;
- ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін
меңгеруге;
- достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами
қасиеттерді ұғынуға;
- туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беруге;
- азаматтық - елжандылық сананы қалыптастыруға;
- ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б. ұғымдарды
меңгеруге қалыптастыру – тәрбиеші - ұстаздың басты міндеті.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үрдісінде оны орындау және
түзетуді бақылау – жоспардың нақтылығы.

11.

Нақты педагогикалық міндеттерді анықтау:
- лагерь орналасқан жердің, елдің даму перспективасы;
- қазіргі заманғы балалар қозғалысы мен ұйымдары
қызметінің негізгі бағыттары;
- лагерь жұмысының күнтізбелік және перспективалық
жоспарынан;
- лагердің әлеуметтік кеңесінің ұсыныстары арқылы жолға
қойылады;

12.

Лагердің топ жұмыстары дегеніміз, бұл:
- ауысымда жүретін жалпы лагерлік жұмыстардың
бағыттылығы, сипаты, ауысымдарының өзгешелігі;
- лагердің дәстүрлігі;
- лагердің профилдері (жас тілшілер, туристер,
спортшылар т.б.);
- мұғалім - ұйымдастырушылардың жеке
қызығушылықтары;
- тәрбие үрдісінің материалдық жағынан қамтамасыз
етілуі;
- лагердің барлық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеті.

13.

Жазғы демалыс лагеріндегі тәрбиешілер жұмысты
ұйымдастырудың төмендегіше ретін ескеруге міндетті:
а) күнделікті жоспарды құру;
ә) топтың күнделігін жүргізу;
б) ұйқыдан тұрғанға дейінгі 15-20 минуттық тәрбиешілер
лездемесіне қатысу.
Топ аттары, ұрандары
Топтардың аттары мен ұрандары, ұрандық сөйлесімдері
балалардың жас ерекшеліктеріне сай болы қажет

14.

Лагерде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Жазғы маусымдық лагерлерде балалармен жүргізілетін жұмыс алуан түрлі
болуы мүмкін. Олар:
- Спорттық, ұлттық, танымдық және жергілікті ойындар;
- Алғырлық, зерделік, тілдік шоу - сайыстары;
- Ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салт-дәстүрге байланысты
сын - байқаулар;
- Ұлттық дәстүрлер мерекесі;
- Өнер байқаулары;
- Әдеби викториналар;
- Сурет көрмесі, плакаттар байқауы;
- Пікірталас, пікір-сайыстар, интерактивті тапсырмалар;
- Көңілді тапқырлар клубы (КВН);
- Сөздік сайыстар, саяхаттар;
- Поэзия кештері;
- Ән-күй кештері;
- Концерттік кештер;
- Би кештері, т.б.

15.

Іс-шаралардың тақырыптық үлгілері
Жазғы демалыс лагерінде демалуға келген балалардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, өткізуге мүмкін іс-шаралар
тақырыптары:
- «Менің елімнің нышандары» әңгіме;
- «Қазақстандық елжандылық - бұл....» пікірталастар,
- «Әнім сенсің, Туған жер!» ән - кеші;
- «Қазақстанның ұлы адамдары» шығарма;
- «Тілге құрмет – елге құрмет» КВН
- «Менің елім, менің ауылым» жобалар сайысы;
- «Лагерь аруы»қыздар арасындағы сайыстар;
- «Қандай көркем, туған өлкем» табиғат аясына саяхат;
- «Ұлтымның ұланымын» ер балалар арасындағы сайыс;
- «Лагерь жетістіктері» баспасөзге мақала беру;
English     Русский Rules