426.47K
Categories: biographybiography literatureliterature

Поэзия оқиық Асқар Қайрат Белгібайұлы

1.

Поэзия оқиық
Асқар Қайрат Белгібайұлы
Асқар Қайрат Белгібайұлы 1977 жылы 13 қаңтарда Қарағанды облысы, Қарқаралы
ауданы, Бесоба ауылында дүниеге келген.
Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатында білім алып,
1994-1998 жж. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетін аяқтаған. Аталмыш оқу орнын тәмәмдаған соң, өзі біілім алған
Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатында ұстаздық қызмет еткен.
2003 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің
филология факультетіндегі қазақ әдебиетті кафедрасында оқытушы қызметтін
атқарып келеді. Қарағанды қаласының «Болашақ» колледжінің оқытушысы.
Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Республикалық жыр
мүшайраларының бірнеше дүркін жүлдегері.
2011 жылдың маусымында Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырысы бойынша
«Дауыс» атты жыр жинағы «Жалын» баспасында жарыққа шықты.

2.

Қыс
Жол ашық.
Күн де ашық.
Ғажап сурет далада.
Сол суретке бір ғашық
Сапар шекті қалаға.
Кіршігі жоқ аймаққа
Жақұт сепкен тәрізді.
Үміт, арман көп іште
Ұзақ жолда ой-серік.
Өлең деген өрісте.
Ақын деген қойшы едік.
Жылт-жылт еткен құндыз жүн
Сәнге малған тәрізді.
Жыпырлаған жұлдыз мың
Жерге қонған тәрізді.
Күн қарды орап сәулеге.
Еркелетер тәрізді.
Тәтті бір сыр кеудеме
Ентелетер тәрізді.
Қырлар аппақ қаймаққа
Батып кеткен тәрізді.
Тіл, жүректің айт ойын,
“Ғашықпын де далама!”
Арман биік, қайтейін,
Мақсат алыс...
Қалада...
English     Русский Rules