Гүлнар Салықбай - 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауда-ны, Жамбыл ауылында туған. Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың
252.09K
Category: literatureliterature

Тәуелсіздік тұсындағы лириканың дамуы

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
“ФИЛОЛОГИЯ” ФАКУЛЬТЕТІ
“ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ” КАФЕДРАСЫ
Дипломдық жұмыс тақырыбы:
Тәуелсіздік тұсындағы лириканың
дамуы
Орындаған: Жұмабай Г.С.
Тобы:ФИ-13-1к1
Жетекшісі:Қалшабек А.Б.

2.

Кіріспе.
Лирика жайлы түсінік.
Лириканың түрлері.
Негізгі бөлім.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ лирикасының дамуы
Н.Мәукенұлының қазақ лирикасына қосқан үлесі.
Г.Салықбайдың өлеңдеріндегі лирикалық
ерекшелік.
Қорытынды.

3.

Лирика термині гректердің «лира»
музыкалық аспабы негізінде пайда
болған (грекше Lyra – лира
аспабының сүйемелдеуімен
айтылатын көркем әдебиет
жанрының бірі). Осы аспапта
адамның көңіл күйін толғайтын
өлеңдер атқарылған, сол өлеңдерді
«лирика» деп атайтын болған.
Лирикада бас кейіпкер - автордың
өзі.
Бахадырова С., Жантасова З.,
«Қазіргі қазақ поэзиясы» оқу құралы
«Толғағанда айтатын нәрсесін
толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай,
ішкергі ғаламнан алады. Толғау
қысқасынан айтқанда іш қазандай
қайнаған уақытта шығатын жүректің
лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның
тартатын күйі. Ақындық жалғыз өз
көңілінің күйін толғай білуде емес,
басқалардың да халін танып, күйіне
салып толғай алуында»
А.Байтұрсынұлы
“Әдебиет танытқыш”

4.

Сыншы
Н.А.Добролюбов:
Сөз өнерінің
зергері
Зейнолла
Қабдолов:
• - «Лирикалық өлеңде ақын өзінің табиғаттағы немесе
өмірдегі белгілі бір құбылыстан алған тікелей сезім-түйсігін
айтып береді. Бірақ, мұндағы басты нәрсе – сол түйсіктің
өзі де, оны ақынның енжар қабылдауы да емес, ақынның
сол сыртқы әсерге іштей ұйып, құлай ықылас қоюында.
Әдеміліктің, көктем таңының саф мөлдір ауасын жұтудың,
кешкілікте қол ұстасып сауық – сайран құрудың рахатын,
тағы – тағыларды сезу әркімнің – ақ қолынан келер; ал
осы әсерлердің бәрін жан – жүрегіне сол қалпы құйып
алып, басқаларға да дәл өзіндей әсер етерлік етіп айтып
беру көп адамның қолынан келе қоймайды».
• “Лирика – ақынның бір сәтте жылт еткен нұрлы ойы, жалт
етіп тұтас көрінген ішкі сырлы дүниесі. Лирикалық
шығармалардан оны жазған адамның өмір сүрген
ортасын, сол ортаның саясыи әлеуметтік халін,
адамдардың алуан-алуан мінез-құлқын, ой-өрісін, жанкүйін, арман тілегін, мақсат-мүддесін аңғарамыз..
Өйткені, лирикада ақынның оқушыға бұрын онша мәлім
бола қоймаған сыры мен сезімі жалт етіп сыртқа шығып,
жалт етіп бір көрініп қалады. Оның өзі ғана емес,
оқушыны да тебіренте, сезіндіре көрінеді. Оқушы енді бір
ауық ақын басында болған күйініш, сүйінішті өз басынан
кешіреді”.

5.

А.Байтұрсынұлы:
Сап толғау
сұқтаныс толғау
налыс толғау
сұқтаныс толғау
сөгіс толғау
марқайыс толғау
намыс толғау
күліс толғау
Қазіргі кезде лириканы
философиялық, табиғат, махаббат,
саяси лирика болып бөлу үрдісі бар.

6.

Тәуелсіздік тұсындағы қазақ лирикасының дамуы
Әрине, Тәуелсіздік алған тұста «Желтоқсан оқиғасы» мен егемендік, азаттық
жайлы өлеңдер, сонымен қатар нарықтық экономикадағы таршылық пен
тапшылықтан туындаған өлеңдер қатары көбейді.
Поэзияда ұлттық рух, ұлттық мұрат, тәуелсіздіктің лебі есіп тұратын кең тынысты
жырлар жазыла бастады
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы идеялық жаңашылдығы, сарындары
жағынан, бұрын қазақ поэзиясында болмаған жаңа беттерді ашты. Жаңа
туындылар дүниеге келіп, жаңа кітаптардың тұсауы кесілді.
Қ.Мырза Әлидің «Заман-ай!»,
Т.Медетбектің «Тағдырлы жылдар»
жырлары, үзінділері мерзімді
баспасөзде жиі жарияланған «Көк
түріктердің сарыны» жыр топтамалары,
т.б.
Н.Оразалиннің «Құралайдың салқыны»,
И.Сапарбайдың «Махаббат пен
ғадауат», Н.Айтұлының «Рухымның
падишасы», С.Тұрғынбекұлының
«Жерорта», Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап»
атты туындылары, т.б.

7.

Нұрлан Мәукенұлы (1960-2003) - 25
желтоқсанда Шығыс Қазақстан
облысы, Зайсан ауданында туған.
1984 жылы Қазақ Ұлттық
Университеті-нің журналистика
факультетін, 1990 жылы КИМЭПтің саясаттану бөлімін бітірген.
Еңбек жолын құрылысшы болып
бастаған. «Ана тілі» - «Жалын»
бірлескен басылымы бас
редакторының орынбасары болып
істеді.
1995 жылы «Бойтұмар» жыр
жинағы жарық көрді.
« Сұңқарбұлақ» атты поэзиялық
кітабы шықты (2008). Бірнеше
мүшәйралардың, Алматыда өткен
Түрік дүниесі поэзиясы
фестивалінің жүлдегері.
Халықаралық «Алаш» әдеби
сыйлығының лауреаты.
Менің басты нысанға алып
отырған кітабым - ақынның
«Бойтұмар» өлеңдер жинағы.
Кітап екі бөлімнен тұрады.
Жинаққа ақынның артында
қалған мұраларынан іріктелініп
алынған бірталай өлеңдері
топтастырылған. Мұнда
адамгершілік иірімдері, арождан, туған жерге сағыныш,
перзенттік парызы сияқты
мәңгілік тақырыптар өзек
тартады.
Ақын поэзиясы жаттанды ұйқас,
былапыт сөзден аулақ.
Оқырмандарын ықыласпен
баурап алады.

8.

Нұрлан Мәукенұлы
шығармашылығында саясиазаматтық лирика, философиялық
лирика, табиғат лирикасы жиі
ұшырасады.
Ақын поэзиясында хәкім Абайдың
даналығы, Мағжанның маңғаздығы,
Қасымның қайсарлығы басым.
Ақын мұрасы көп зерттеліне қоймаса
да, зерттеу барысында өлеңге
шырай беріп тұрған троп пен
фигуралардың түр-түрін кездестірдім.
Н.Мәукенұлының поэзиясын
алып қарасақ та жыраулық
дәстүрдің ізі айқын көрінеді.
Тұяғымен тас илеп,
Ойлы-қырлы шабар ма?
Жау қолына жеткізбей,
Елдің шетін табар ма?
Ақтамберді жырауда:
Арудан асқан жар бар ма?
Жылқыдан асқан мал бар ма;
Биенің сүті сары бал Қымыздан асқан дәм бар ма?

9.

“Бойтұмар”
Қоғамымның ащы болды толғағы,
Біреу жаман, біреу жақсы қолдады.
Көңіліме: «Қанағат қыл», - деп едім,
Жыртығынан жел уілдеп болмады.
Өзге дінге еніп кеткен қандастарының
тірлігіне де опынды:
Опынамын отырып,
Ойлағаның өтірік.
Ойсыздығын көрсетті,
Дін – қарындас шоқынып.
“Екі ауыл”
Екі ауыл өзара туысқан,
Қоштасқан, жыласқан, суысқан.
Бірінде орын ап қуыстан,
Бірінде танаудан бу ұшқан.
“Егемендік”
Егемен ел – жасыл туы жайнаған,
Егемен ел – қонаққа түс шаймаған.
Тағыдырыңа «шүкір» деуің десем де,
Тірлігіңе түйіліп көп ойланам...
«Алты аяқты аламенен ағызған»
Елдегі нарық халықтың ауыр
тұрмысын да жырға қосады.
Жабыдан жаным жалықты,
Көңілімді сол-ақ налытты.
Қамыт қып киген нарықты,
Аяймын сорлы халықты.
Сұңқарбұлақ, соқпақты
сайымдығым»
Бұлттарды бұлттар қуады,
Бұлттарды бұлттар буады.
Бусанып алып бәсімен,
Биіктің басын жуады

10. Гүлнар Салықбай - 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауда-ны, Жамбыл ауылында туған. Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың

11.

Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Қазақ мемлекеттік
университетінің журналистика факультетін 1986 жылы бітірген. «Қазақ
әдебиеті» газетінде, «Арай» - «Заря» журналында, Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығында қызмет істеді. «Атамұра» баспасында редактор, «Алаш»
баспасында бас редактор, «Қазақстан» телерадио корпорациясында «Жан»
бірлестігінің жетекшісі, «Қазақстан» телеарнасында бас редактор болды. Қазір
«Ел» продюсерлік орталығында сценарлық топтың жетекшісі.
Өмір құбылыстарына
өзіндік көзқарасы бар
ақынның тосын ой,
өзгеше бейнелеуге,
формалық
ізденістерге толы
жырлары
шынайылығымен
оқырман көңілінен
орын алды.
Ақын поэзиясы махаббат
лирикасы мен
философиялық лирикаға
толы.
Ішкі толғаныстарын
әдемі сөздермен
жеткізеді.
Марина
Цветаеваның
өлеңдерін аударып,
кітап етіп
шығарады.

12.

Сізді күттім жауын күткен даладай,
Сізді күттім тәтті іздеген баладай.
Ұмыта алмай ұзақ жүрдім көшеде,
Аяғымның талғанына қарамай.
Төтелетіп, төменге жол алғандай
Қар жауып тұр.
Ерісе, обал қандай:
Арманымның адасқан шағаласы,
Отанына сағынып оралғандай.
Өмір деген оларға тұйық көше,
Солар – Құдай жазалап шын ататын.
Біреу егер өзінен биіктесе,
Табанына мұз қойып құлататын.
Жауабы әсем жастықтың желігі кетті,
Қалыңдар жұқа жанымды соғады
күнде.
Өзіңе жетем деуменен өмірім өтті –
Барыңа сенген кездердің обалы кімге,
Әділет?!
Бетпердем жоқ, өз үйіме келдім
мен,
Күң болардай, нан сұрадым мен
кімнен?
Іңкәріңмін, жексенбіңмін мен сенің,
Арманыңның аяулы бір бөлшегі.
(М.Цветаевадан аудармасы)

13.

Қорытынды
Лирика – ақынның ішкі толғаныстары деп қарастыратын болсақ, өлеңнің
өзі де толғаныс емес пе? Айналадағы барлық нәрсеге қарап, жай өлеңдер
туыла беруі мүмкін. Бірақ, лирикалық өлеңдер - ақынның ішкі жандүниесіндегі жанартаудай сілкінген, қазандықтай қайнаған толғаныстар
мен бұлтарстардың жемісі.
Жалпы бұл тұста Тәуелсіздіктің онжылдық, он бес жылдық, жиырма бес
жылдық мерейтойларына арнап жарық көрген ақындарымыздың
өлеңдерін саралап шықтық. Байқағанымыздай, әр ақын «азаттық» ұғымын
әр түрлі тәсілмен сан түрлі жеткізген. Өлеңдер стильдік жағынан бірбірімен ерекшеленгенімен барлығының да айтар ойы – бабалардың ерлігін
ұмытпау, Желтоқсан оқиғасындағы жастардың ерлігін ұлықтау,
Тәуелсіздікке мың салауат айту.
Ақын Н.Мәукенұлы бәлкім көзі тірі болса, қазақ әдебиетінде мұра қалар ма
еді. Десек те, бір ғана «Бойтұмар» кітабы ақынның әдебиеттегі орнын,
өзіндік қолтаңбасын көрсетіп тұр.
Бір ғана еңбегімен мемлекеттік сыйлықтың иегері болған Г.Салықбай нәзік
те сыршыл өлеңдері мен ерекше сезімге толы иірімдерімен махаббат
лирикасына жаңа леп әкелді.
English     Русский Rules