182.00K
Category: industryindustry
Similar presentations:

Мұз бен тығыздалған қарды жоюға арналған машиналар. Тағайындалуы және жіктелуі. Негізгі параметрлерді есептеу

1.

№7-дәріс. Мұз бен тығыздалған қарды жоюға арналған
машиналар.
Тағайындалуы
және
жіктелуі.
Негізгі
параметрлерді есептеу. Жұмыстарды жүргізу технологиясы.
Өнімділігі.
Дәріс жоспары
1. Пәннің мақсаты.
2. Даму тарихы.
3. Даму болашағы.

2.

Жарғыш-қопсытқыштар асфальт-бетон жол төсемдерінен
тығыздал-ған қарды алып тастау үшін қызмет көрсетеді. Бұдан басқа,
бұл машиналарды химия материалдармен бұзылған құрылымы және
тоңудың баяулаған күштері бар мұзды жару кезінде қолдануға
болады.
Жарғыштар жұмыс органының әрекет ету принципі бойынша
екі топқа бөлінеді: активті және пассивті типті жұмыс органы бар
машиналар. Активті типті жұмыс органы бар жарғыштарда аспап
базалық шассиге қатысты жылжиды. Пассивті типті жұмыс органы
бар жарғыштарда аспап базалық шассиге қозғалыссыз бекітілген.
Біздің елімізде конструкциясы төменде айтылған пассивті типті
жұмыс органы бар жарғыштарды сериялы жасайды.
Екі қозғалмайтын пышағы бар Д-447 сорғыш-қопсытқышы МТЗ-50
немесе МТЗ-52 тракторының базасында Д-447 қар жинау
машинасының жұмыс жабдықтарының жинағына кіреді.
Д-447 машинасы (1-сурет) үш жұмыс органымен: машинаның
алдында орналасқан қар соқасымен; артқы жағына ілінген щеткамен
және артқы доңғалақтардың алдында жинақталған жарғышпен
жабдықталған. Барлық жұмыс органдары трактор қозғалтқышының
картеріне бекітілген рамаға жинақталған.

3.

Пышақтар қар қабатының екі жолағын жарады. Осы жолақтардың
арасында қалатын тығыздалған қар
машинаның келесі өтуімен
жарылады. Пышақтардың әрқайсысы төрт буынды рычагты механизммен
ерекше рамада бекітілген алаңда орнатылған. Рама өз кезегінде топсалар
арқылы негізгі рамада бекітілген, ол екі гидроцилиндрдің әсерінен төмен
және жоғары тасымалдау қалыптарына жылжуы мүмкін. Сонымен бірге
пышақтар тығыздалған қарға тиесілі тереңдетіледі. Алаңның және
пышақ-тың негізгі рамаға қатысты қалпы ол үшін арнайы тағайындалған
гидро-цилиндрдің әсерінен өзгеруі мүмкін. Жұмыс күйінде піспекті және
гидроцилиндр штогын жылжытады, алаң пен пышақты шеткі жылжытылған қалыпқа жылжытады.
Д-447 қар жинау машинасының жұмыс органдарын көтеру мен
түсіруді жүргізушінің кабинасында орнатылған, золотникті ауыстырып
қосқыштың көмегімен басқарады.

4.

1 — алаң; 2 - негізгі рама;
3 - қайырма; 4 - пышақ; 5 –
төрт буынды механизм
рамасы; 6 – пышақ
гидроцилиндрі; 7 - төрт
буынды механизм рычагы;
8 - клапан
3-сурет - Д-447 жарғыш-қар
тазалағышы

5.

Тығыздалған қар жарғыштарды есептеу машинаның тартымдық
есебі-нен, қалыптаспаған қозғалыс жағдайында машина жұмысының
ерекше-ліктерін анықтаудан және тораптар мен тетіктерді беріктікке
есептеуден тұрады.
Тартымдық есеп машинаның конструкциялық пікірлерді және
параметр-лерін есепке алумен орындалады: қармау ені, жарылатын
қардың қалыңдығы, машинаның іліністік салмағы. Егер бұл қажет
болса, тартымдық есептің негізінде қабылданған конструкциялық
параметрлерді түзетеді. Сонан соң машинаның қалыптаспаған
режимдегі, яғни жарғыштың пышақтары беріктік қасиеттерінің өзгеруі
немесе қар қабатының қалыңдығы салдарынан қардың жарылуына
айнымалы кедергіні кездестіргенде талданады.
Есептеу машинаның таңдалған параметрлері, атап айтқанда
іліністік салмағы, аспаның қаттылығы, жұмыс жылдамдығы және т.б.
машина жылжы-ған жолда реактивті күштердің өзгеруі шартында
тығыздалған қарды жаруға мүмкіндік беретін-бермейтінін анықтауға
мүмкіндік береді. Содан соң тұрақ-тылықты есептеуді орындайды, ол
деректерді машинаның массасы бойынша, жүріс доңғалақтарының
конструкциялық
ерекшеліктерін
жұмыстың
тартым-дық
көрсеткіштерімен байланыстыруға мүмкіндік береді.

6.

Машинаның үздіксіз жұмысы және қардың үздіксіз ұзын жолағын
жару кезінде алынатын, жарғыштың техникалық өнімділігі
(м2/сағ.), мына формула-мен өрнектеледі
Пт = 3600bvм, м2/сағ.
Пайдаланылу өнімділігін анықтау кезінде шектес өткелдер ара
жабынының қажеттілігі салдарынан машинаның қармау енінің
азаюын,
сонымен бірге машинаның уақытта пайдаланылуын
есепке алу керек. Сөйтіп, пайдала-нылу өнімділігі (м2/сағ)
Пэ = 3600(b-b1) vм Кв, , м2/сағ
мұнда b1 – шектес өткелдердің ара жабыны, м, 0,1-0,3 м-ге тең;
Кв, - машинаны уақытта пайдалану коэффициенті, 0,75-0,85
тең. Жол әдетте бірнеше өткелде тазартылатын және жолдағы
қар
қабатының биіктігі есептіктен жоғары болғандықтан,
машинаның нақтылы пайдаланылу есептілігі (м2/сағ)
Пэ = 3600(b-b1) vм Кв/n , м2/сағ
мұнда n – жолды толық тазарту үшін қажетті өткелдер саны.

7.

СРСқа арналған бақылау тапсырма
1. Техниктер қандай өнертапқыштар жер қазатын жасаумен
шұғылданды .
2. Қандай жылда жол тресті ұйымдастырылды .
3. Техниктер жер қазатын бірінші үлгілерді атаңыздар .
4.Жер қазатын даму ерекшелігі техниктер осы уақытта.
English     Русский Rules