281.92K
Categories: internetinternet informaticsinformatics

Web-беттегі мультимедиа

1.

Web-беттегі мультимедиа
Сөздік
Мультимедиа – Мультимедиа – Multimedia
Кескін – Изображение – Image
Бейне – Видео – Video
Дыбыс – Звук – Sound
Анимация – Анимация – Animation
Бүгін гі таңда веб-беттегі қолданылып жүрген мультимедиаға кескіндер, бейнелер,
дыбыстар мен анимациялар жатады.
«Мультимедиа» термині ақпаратты мәтін мен дыбыс, бейне мен дыбыс сияқты
бірнеше типпен ұсыну арқылы түсіндіріледі. Веб-бетке қосылатын мультимедиа
элементтерінің көлемі жағынан үлкені – бейне файлдар. Мәселен, 1 минуттық бейне 10
Мбт жады көл мін алады. Дыбыстық файлдардың көлемі олардың сапасына байланысты,
мысалы, жоғары сапалы 3 минуттық дыбыстық жазба 3,5 Мбт көлемді қажет етеді.
Анимациялық элементтер веб-беттерде кеңінен қолданылады, ал көлемі орташа сападағы
графикалық файлмен салыстырғанда көбірек орын алады.
Көп жағдайда браузерлер түрлі форматтардың шектеулі жиынтығын қолдайды.
Жалпы алғанда, браузерлер HTML-құжаттарды, қарапайым мәтіндер мен кең
қолданыстағы графи калық файл форматтарын шығара береді.
Браузерлерде мультимедиалық файлдарды ойнату мүмкіндіктері жоқ. Олардың
орнына мультимедиа элементтерін веб-бетке шығару үшін браузерлерге қосылғаннан
кейін жұмыс істейтін арнайы көмекші қосымшалар немесе кітапханалар (плагин)
пайдаланылады.
Көмекші қосымшалар – белгілі бір типтегі файлды ойнатуда автоматты түрде
қосылатын арнайы программа.
Интернетте бейнелер мен көптеген медиафайлдарды қарау үшін Flash
технологиясы қолда нылады.
Веб беттерде дыбыстарды қолдану ерекшеліктері
Веб-беттердегі дыбыстық әсерлер аудиофайлдар көмегі мен құрылады. Кең таралған
аудиофайлдардың форматтарына мыналар жатады (13-сызба):
13-сызба. Аудиофайлдардың кең таралған форматтары
Веб-беттердегі аудиожазбаларды бірнеше тәсілмен ойнатуға болады:
• батырманы басу;
• сілтеме бойынша өту;
• жаңа терезе ашу және т.с.с.
Кейбір веб-беттер дыбыстық файлдармен сүйемелденеді.

2.

Веб- беттерде бейнелерді қолдану ерекшеліктері
Бейне файлдардың кең тараған форматтарына мыналар жатады
(14-сызба):
14-сызба. Бейнефайлдардың кеңтараған форматтары
Веб-беттерде суреттерді қолдануерекшеліктері
Веб-бетке қойылатын кескіндерді таңдай отырып, мынадай факторларды ескеру қажет:
• сайттың жүктелу жылдамдығы;
• кескіннің сапасы;
• айқындылығы.
Суреттердің кең тараған форматтарына мыналар жатады (15-сыз ба):
15-сызба. Суреттердің кең тараған форматтары
Анимация – қозғалыс әсерін құрайтын бірнеше кескіннің ойнатылуы. Flashанимациялар назарды өздеріне аудартып, сайтқа қызығушылықты арттырады.
Анимация құруға арналған программаларды шартты түрде қарапайым немесе
қолмен құрылатын және дайын онлайн-сервистер деп екіге бөледі. Flash-қатарлар құру
қағидасы осы екі жолға ұқсас: жеке кескіндер (кадрлар) белгілі ретпен қойылады, әрбір
кадрдың көрсетілу ұзақтығы беріледі, арнайы әсерлер қосылады. Нәтижесінде
мультфильм секілді бейне алынады.
Веб-беттегі мультимедианың басты қызметі – сайтта ұсынылатын ақпаратты
қабылдау үрдісін жеңілдету.

3.

Бақылау сұрақтары
1. Веб-беттегі мультимедианың қажеттілігі қандай?
2. Мультимедиа қалай құрылады?
3. Браузерлер мультимедиалық файлдарды ойнатуда қандай қызмет түрлерін қолданады?
4. Плагин құру деген не?
5. Веб-бетте қандай дыбыс форматтары қолданылады?
6. Веб-бетте қандай бейнефайл форматтары қолданылады?
7. Суреттердің қандай форматтары веб-бетте кеңінен қолданылады?
English     Русский Rules