1.12M
Category: geographygeography

12 Жер асты суларының физикалық қасиеттері

1.

Геология және гидрогеология
Сабақтың тақырыбы:
ПӘНІ
Жер асты суларының
физикалық қасиеттері
Г Е О - Ж Е Р, Л О Г И Я - Ғ Ы Л Ы М

2.

Сабақтың түрі және мақсаты
ТӘЖІРИБЕЛІК.
Жер асты суларының физикалық
белгілерін ажырата білу.

3.

Тапсырма:
Жер асты суының температурасы
және түсін анықтау.
Жер асты суының мөлдірлігін
салыстыру.
Жер асты суының дәмі және иісін
анықтау.

4.

1 Тапсырма. Жер асты суының температурасы
және түсін анықтау. Зерттеуге арналған судың
үлгісін аламын. Термометрді суға жартылай
саламыз. 2 минут жеткілікті.

5.

Гидрогеологиялық зерттеулерде жер
асты суларының температурасы
бұлақта, құдықта немесе ұңғымада
тікелей өлшенеді. Су
температурасын өлшеу үшін
самарқау термометр деп аталатын
термометрлер қолданылады. Оның
сұйық құйылған тостағаншасы
(кішкене шары) жылу өткізбейтін
заттармен (мақта, жүн) оралады.
Терең ұңғымалардағы судың
температурасын кәдімгі
термометрден басқа
электротермометрлер және
термоэлементтер (термоқосарлар)
пайдаланылады.

6.

2 Тапсырма. Жер асты суының мөлдірлігін
салыстыру. Сулар көбінесе түссіз болады.
Ал оның түсінің өзгеруі оның құрамындағы
заттарға байланысты.
Жер асты суларының түсі олардың құрамындағы механикалық
және органикалық қоспаларға байланысты. Органикалық
қоспалар суға сарғылт және қоңырқай түс береді. Темір
оксиді мен күкіртсутек суды жасыл және көгілдір түске бояйды.
Жер асты сулары, көбіне түссіз келеді. Судың түсі биіктігі 3040см шыны цилиндрге жоғарыдан қарау және дәл осындай
цилиндрге құйылған дистилденген (аса тазарған) сумен
салыстыру арқылы анықталады.

7.

3 Тапсырма. Жер асты
суының дәмі және иісін
анықтау.
Жер асты суларының әдетте иісі болмайды.
Бірақ кейде жер асты суынан шіріген
жұмыртқаның (көмірсутек), батпақтың,
өлексеніңЁ иісі сезіледі. Ауыз суында иіс
болмауы тиіс. Судың иісін дәл анықтау үшін оны 50-60°С-қа дейін жылытады.
English     Русский Rules