652.06K
Category: philosophyphilosophy

Әл фараби мен алаш зиялылары еңбектеріндегі руханият мәселесі

1.

ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ РУХАНИЯТ
МӘСЕЛЕСІ

2.

Жоспары:
I.Кіріспе
Әбу Насыр Әл- Фараби- даналық діңгегі
II.Негізгі бөлім
Әл- Фараби мен Алаш зиялылары еңбектеріндегі руханият
мәселесі
III.Қорытынды
Әл- Фараби мұрасының зерттелуі
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

3.

ӘБУ НАСЫР ӘЛ ФАРАБИ – ДАНАЛЫҚ ДІҢГЕГІ

4.

Отырар ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшхүрі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз,
жиханкез ғалым Әбу Насыр Мухаммад бин Мухаммад бин Тархан бин Узлағ ӘлФараби.
Яғни Әл-Фарабидің өз аты Әбу Насыр Мухаммед, әкесінің аты ныспысы да Мухаммад,
бабасының есімі Тархан, арғы атасы Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбу Насыр
ныспысының соңына кейде әт-түрки деген сөзді қосып, оны түркі текті екенін шегелей
түседі. Араб-парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс
өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында, қайсы бір деректерде – оның тікелей
ықпалында болған іргелесі Уасидже Отырарлық әскер басының отбасында дүниеге
келген. Ол туған жерінің атауымен Әл-Фараби, яғни Фарабтық деген атқа ие болған.

5.

Ғұлама ғалым және философ Аристотельдің логикаға қатысты барлық
дерлік еңбектеріне, атап айтсақ, «Метафизика», «Никомахтық этика»,
«Риторика», «Поэтика», Птоломейдің «Әлмагесіне», Александр
Афродизискийдің «Жан туралы» еңбегіне, Евклид «Бастауларының»
бірқатар тарауларына, Порфирийдің «Исагогына», түсініктемелер
жасады. Бұлардың арасында «Философияны меңгеруге дайындық»,
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық
саясат», «Бақытқа жету туралы» еңбектері бар.
Әл-Фараби трактаттарының қолжазбаларын Каир, Дамаск, Бейрут,
Ыстамбұл, Лейден, Париж, Мадрид, Лондон, Тегеран, Нью-Йорк
қалаларының кітапханаларында сақталған.

6.

7.

ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ
ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ РУХАНИЯТ МӘСЕЛЕСІ
Зерттеуші Ж. Каттыгарин өзінің мақаласында: «Ұлы дала небір кемеңгерлерді өмірге әкелді,
оларды жіктеп айтар болсақ әлеуметтік ұйымдастырушы реформаторлар Атилла, Шыңғыс
хан, Ақсақ Темір, Индияда билік құрған Бабур мен Акбар, Қытайда – Құбылай (Юань
династиясының негізін салған), беріш Бейбарыс (мамлюк деңгейінен Египеттің билеушісі
дәрежесіне көтерілген, Шыңғыс хан әскерлерін тоқтатып, кресшілер мен ассасиндерді
күйреткен), қазақтың Солоны атанған Тәуке және Абылай хан. Бүгінгі өз уақытымызға
келсек бұлардың жалғасы Қонаев, Назарбаев, Аман Төлеев (Ресейде президенттік сайлауда
үшінші орында болған). Дарынды философтар, ғалымдар, діни көшбасшылар мен ақындарға
келсек, олар Орталық Азияда өмір сүрген Заратуштра, элиндік әлемнің философы скиф
Анарыс (Платон оны таңдаулы тоғыз ғалымның қатарына жатқызған. Аты аңызға айналған
скиф, Грекияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп соның ықпалында болып
данышпандығымен аты шыққан), «ортағасырлық Аристотель және кемеңгер ұстаз» әлФараби, дала түріктері үшін ислам тұжырымдамасын енгізген Қожа Ахмет Яссауи, Қорқыт
Ата (мәңгілік өмірді аңсаған, әдемілік шығармашылығындағы «Нирвананы» көксеген),
біліктің құттылығына сапар шеккен Жүсіп Баласағұн, Асан қайғы – жер жаннаты Жер
Ұйықты іздеген алғашқы ізденімпаз, ұлт жол басшылары Бұқар Жырау, Махамбет, Шыңғыс
Айтматов, Олжас Сүлейменов және т.б." – деп, Әл-Фарабидай данышпанның ел
тарихындағы өлшеусіз орнын атап өткен.

8.

Ұлы ғұламаның қайырымды қала туралы ілімінде азаматтық қоғамның мұраты көрініс тапқан. Аталмыш
трактатында қала тұрғындарының бақытты өмір сүруіне жағдай жасаған жоғарғы билікке, ел тізгінін
ұстаушыларға көңіл бөлген. Қайырымды қала тұрғындарының жақсы және игілікті өмір сүруі көбіне
басқарушы билік саласына байланысты екенін, тек қайырымды билеушілер билеген халқы бар қалалар
ғана бақытқа жете алатынын айтады.
Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі орны бөлек, идеясы біртұтас ұлт тәуелсіздігіне ұштасқан
Алаш қайраткерлері мен Әл-Фараби еңбектерінің рухани мықты байланысы көрінеді. Алаш арыстары да,
Әл-Фараби да бір-бірімен қарымқатынас жасайтын қоғамды білімді, сабырлы, ақылды адами қасиеттерді
бағалауға қабілетті адамдар басқарғаны жөн деп ой түйген еді.
Еліміздің қоғамдық саяси өміріндегі Алаш партиясының алатын орны мен қызметін зерттеу Отандық
тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі екендігін, өз кезеңінде «Алаш» партиясының жетекшілері
ұсынған қағидалары күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отырғандықтан, күн тәртібінен түспейтін ең
өзекті мәселе ретінде басты орында болатындығын Елбасымыз өзінің саяси-тарихи еңбектерінде үнемі
ескертіп келеді.
Алаш қайраткер-қаламгерлерінің мұраты мен бағыт-бағдарлары бір арнада тоғысып, арман-тілегін
жұптаған ұлттық идея ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде ұлт болашағының көлеңкелі тұстарын көріп
саяси тұрғыдан ширыға, шыңдала түсіп, жарыққа шыққан болатын. Осы идеяның жетіліп, тәуелсіз
мемлекет болып қалыптасу үшін аса қажеттілігін бүкіл жан-дүниесімен, сана-сезімімен сауатты ұғына
алған Алаш қайраткерлері бар мүмкіндігін жұмсап, айрықша еңбек етті.

9.

Н.Ә.Назарбаев өзінің: «Еуразияның кіндігіндегі ең соңғы көшпелілер құрлығының
тағдыры, ұлттық сана мен байырғы қорғандар құпиясы, тоталитаризм мен ұлы
әмірші Бейбарыс, қазіргі Қазақстанның диаспоралары мен орта ғасырдағы Үндістан,
ұлттық тұтастану мен «Алаш» – міне, осылардың бәрі де басымыздан өтіп жатқан
бүгінгі күрделі өмірімізге күш дарытумен бірге ұлы халқымыздың тарихымен де
тамырласып кеткен» , – деген пікірі арқылы еліміз тарихының тұтас бір сатысын
қалап, кезеңін құрайтын мазмұны бар Алаш қайраткерлерінің жанкешті еңбегінің
келер ұрпағымызға жалғасар асыл тінін ардақтау, аялау міндетін қойып отыр. Тұтас
сөйлем ішінде «Алаш» сөзін ерекшелеп алуының өзі оның ұлт тарихындағы
айрықша маңызын айқындайды.
Ел мүддесін көздеп, рухани жүдеуліктің етігімен су кешкен күйін көріп
назырқаған Алаш зиялылары азаттық идеяларымен толыққанды дәрежеде ұлт
мүддесіне қызмет ету мақсатында алмағайып уақытқа қарамастан, сол кезеңдік
руханият мәселелерін күн тәртібінен түсірмей, көпшілікті ақпараттандыру
мәселесін мерзімдік баспасөздер арқылы жүзеге асырып, рухани құндылықтарын
сақтап қалуға, дәстүрлі желі сабақтастығын үзбеуге үздіксіз қызмет еткені белгілі.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық
салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір
сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

10.

Мақаланың «Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты үшінші бөлімінде «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі
ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. ....ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру
болмайды» , – деген тұжырымы Алаш арыстары арман еткен ұлт тәуелсіздігін сақтау мен алдыңғы
қатарлы ел сатысына қосылу үлгілеріне қосқан мәдени, рухани құндылықтар туралы ойлы пікірлерімен
астасып жатыр.
Келесі «Прагматизм» бөлімінде «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу,
оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа,
даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі –
орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік
пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді» , – деген ойлардың мемлекет қайраткерлері арасындағы
айрықша тұлға, Алаш зиялысы Әлихан Бөкейхановтың «Әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме
болып қадалу керек» деген барлық игілік халыққа қызмет ету керектігін меңзейтін ұстанымымен рухани
үндесе, жымдаса өріле үйлесім тапқан. Аталмыш жолдарда мүдделі мақсаты толықтай экономикалық
тәуелсіздікке ұмтылысымен орайласатын тұшымды пікірлер мен тұжырымды ойлар көрінісі бар.
Еліміздің мемлекет мәртебесін алып, тәуелсіз түрде салтанатты көш түзеу бақытына ие болғандығы
арқасында, халқымыздың ұлттық құндылықтарын шынайы тарихи танымда танып білу мүмкіндігі
айқындалып, көптеген мәселелер шешімін тауып, ақтаңдар жолы аршылғаны белгілі. Алаштануға
қатысты келелі ой түзіп, салиқалы пікір айтқызып, түйінді тұжырымдар жасататын мәселелер қозғалып,
талқыға 29 түсіп, өзектілігі айқындалып, ғылыми айналымға енгізілді. Алаштық идея, алаштық таным
деген тіркестер ұлтын сүйген жанның көкейіне мықтап түйіліп, жүрек төріне тұрақты орнықты. «Алты
алаштың баласымыз...» делінетін жолдар тек жаттанды, ұйқастық мағынамен емес, әрбір қазақтың
санасында сайрап тұрған ұлттық ұғым болып қалыптасты.

11.

Қазақ идеологиясы үшін темірқазық болып келетін «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» деген ұранға
лайық қасиет, киесі жоғары қастерлі сөздің бағасы артты, айрықша құрметпен аталды. Сондықтан
ұлтымыздың тұтастығын сақтауға ұлттық сананың негізі болып тұрған Алаштық идея қазіргі таңда ел
тарихына, ел ертеңіне, қазақ халқының рухани байлығының өшпей, өркендей түсуіне қызмет етуін
тоқтатқан емес. Алаштанушы ғалым Д.Қамзабекұлы үлкен пафоспен «Алаш – өркениет бағытындағы
Қазақ елінің, зиялыларының айнымас темірқазығы» , – деп Алаш жолының адастырмас арнасына түсе
білуді нұсқайды. Ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өміршеңдігін жоғалтпай, соқпақ
жолдан сарабдал ойларға негіз бола сара жолға түскен Алаш идеясының жарқын бір көрінісі
елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында сабақтастық жалғай, тін
таратқанын айтуға болады.
Қазіргі таңда қазақ зиялыларының ұстамдылығы мен парасаттылығы, ізденгіштігі мен зерттеу
еңбектері нәтижесінде ұлттық бірлік нығая түсіп, руханизерделі ұрпақ жады эстафеталық жалғастық
жолына түскендігін Д.Қамзабекұлы «Қазір Алаш тарихы кеудесінде – жаны, бойында қаны бар кезкелген отандасымызды ойландырады, толғандырады. Неге? Біріншіден, олар бүгінгі болмысымызды,
қасиетқадірімізді сол кезбен салыстырады. Екіншіден, сапалы жаңаруда ұлттың «алпыс екі тамырына»
әсер беретін Алаш жолын қалайды. Біз әлеуметтанушы емеспіз, бірақ қарапайым байыпқа салсақ,
байқайтынымыз: ұлт тарихын жақсы білетін 10 адамның 9- ы Алаш десе «ішкен асын жерге қояды».
Бұған, әрине, қуанамыз. Үзілмеген үміт үшін, жалғасқан рухани-тағылымдық сабақтастық үшін» , –
деген пікірлерімен бекітеді.

12.

Ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығын
саралаған, ұлттың өмір сүру концепциясын айқындаған
Алаш арыстарының армандарын асқақтата жалғап,
қазіргі таңдағы осы өзектілікті нақтырақ айқындауға
жол ашып, бағыт-бағдар беріп отырған елбасымыздың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы
ой өрімдерімен тығыз байланыса сабақтасатындығына
қапысыз көз жеткізеді.
Өз кезеңінде халқына қамқорлық қамдап, қалың
қазақтың сүйенішіне айналған Алаш арыстары мен ӘлФараби еңбектеріндегі өзекті мәселенің бүгінгі күн
тәртібінен бір мысқал да түспегеніне дәлел болады.

13.

Алаш азаматтарының жан аямай тер
төккен осы бір елеулі еңбектеріне
Елбасымыз Н.Назарбаев: «Олар өз
қызметінің басты мұраты қазақ
халқының ұлттық төлтумалылығын
сақтау, сонымен бірге оның тарихи
өткенін қалпына келтіріп, ұлттық
санасын шыңдау деп санаған» , – деп
аяулы арыстардың алмағайып тұстың
айтулы кезеңіндегі азаматтық
әрекеттеріне шынайы баға берген
болатын.

14.

Әл- Фараби мұрасының зерттелуі
Әл-Фараби шығармаларының тізімін Байхаки, ибн Усайбиа, Омар
Фаррух, М.Хортен, Ф.Дитериц, М.Штейншнейдер еңбектерінен
кездестіреміз. Фараби мұрасын зерттеуші көрнекті өзбек философғалымы М.М.Хайруллаевтың айтуынша, Фараби шығармаларының
толық тізімін, яғни 160-тай еңбектің атауын түрік ғалымы А.Атештің
еңбектерінен таба аламыз.

15.

Ғалымдар Әл-Фараби өмірі мен шығармаларын орта ғасырларда араб,
парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы біле алады. Захр
ад-Дин, Әбу-әл-Хасан әл-Байхаки. Әл-Байхаки кітабында Шығыстан
шыққан дәрігерлер, астрономдар, 34 фәлсапашылардың өмірі мен
еңбектерін әңгімелейді. Әл-Байхаки кітабында Әл-Фараби жайлы да
тарау бар, онда ғалымның өмірінің түрлі кезеңдері мен
шығармашылығы туралы мәліметтер береді. Ибн Саид Әл-Кифти ӘлФараби өміріне байланысты еңбектерінде ерекше баға беріп, ғылымға
қосқан жаңалығын айтқан. Сонымен бірге ішінде араб-парсы
тілдерінде жазған Ибн әл-Надим, Хаджи Халифа. Әбу Наср әл-Фараби
туралы сол кездегі көптеген авторлар өздерінің ойпікірлерін жазып
қалдырған. . Ұлы ойшыл Әбу Әли бн Сина (980-1037), тарихшы
ғалымдардан Захируддн әл-Байхакий (1169 жылы қайтыс болған),
Жамолуддин ибн әлКифтий (1172-1248), Ибн Әби Усайбиа (12031270), Ибн Халликон (1211-1282) сияқты атақты ғалымдар өз
шығармаларында ұлы философ Әбу Наср әл-Фараби жөнінде кейбір
мәліметтер беріп келген .

16.

Әлем мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған Фараби мұрасын жинап,
жүйелеп, зерттеп, ғылым игілігіне, ұлт мүддесіне жаратуда Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы
шеңберінде әл-Фарабидің он томдық еңбектерінің жарыққа шығуы үлкен
маңызға ие болды . Әл-Фарабидің мұраларын зерттеп, оқырман қауымға
таныстыруда көп еңбек сіңірген ғалым А.Көбесов және ұлы ойшылдың
мұраларын зерделеу барысында Фараби аттас басқа да ғалымдардың бар
екенін және олардың еңбектерін саралай келе “ӘлФараби эстетикасы” және
“Қазақ даласының жұлдыздары” (І тарау) атты Әбу Насырға байланысты
көлемді еңбек жазған белгілі арабтанушы-ғалым Ә.Дербісалі. Сондай-ақ.
Ә.Әлімжанов, М.С.Бурабаев, А.Х.Қасымжанов, Н.Келімбетов,
М.Мырзахметов және басқа да ғалымдар әл-Фараби мұраларын зерттеуді өз
ғылыми жұмыстарына арқау етсе, Қ.Жарықбаев Әл-Фараби еңбектерінің
библиографиясын жасады.

17.

Қорытынды:
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым,
философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен
сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің
шығармашылық мұрасы орасан зор (150 астам жуық философиялық және
ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен
логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия, ғылым мен өнердің барлық
саласына өлшеусіз үлес қосып, артында өшпес ғылыми жазбаларын қалдыраған.
Оның айтқан теориялық тұжырымдары дүние жүзі халықтарының қоғамдықфилософиялық ойларына ықпал етті деп айтуға болады. Қазіргі кезде әлФарабидің мұраларына қызығушылық тек қана біздің елде емес, әлемдік деңгейде
өте үлкен қызығушылық танытып отыр. Себебі ол кісінің жазған еңбектері
әсіресе жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша әлемдік өркениеттің,
ғылымның, әлемдік философияның дамуына үлкен ықпалы болған. Бұл кісідей
бұрын да, кейін де даналар болды. Бірақ олардың ішінде....дәл Әл Фарабидей
геометрия, музыка, астрономия сияқты үш ғылым саласына бірдей ұлы үлес
қосқан......аса ірі жаңалық, ашқан ғалымдарды табу қиын.

18.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Н.Келімбетов Ежелгі әдеби жәдігерліктер Алматы,
2005
2.Дебісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары.
Алматы, 1995
3.Ж.Алтаев, Ж.Әмірқұлова Әл-Фараби және ислам
философиясы. Оқу құралы, Алматы, 2012
4.Қазақ халқының философиялық мұрасы, 2 том,
Астана, 2005
5.Мырзалы С. Философия. А., 2010. 5.Әбу Насыр әлФараби. «Қайырымды қала» - Алматы, Халықаралық
Абай клубы, 2015.
English     Русский Rules