Тақырыбы:”Мінез-құлық қалыптасуының жалпы принцептері. ЖЖІӘ туралы түсінік. Туа біткен және жүре пайда болған іс әрекеттерінің түрлері“.
Шартсыз және шартты рефлекстер айырмашылығы.
Шартты рефлекстер түрлері
Шартты рефлекстің жіктелуі
733.50K
Category: biologybiology

Мінез-құлық қалыптасуының жалпы принцептері. ЖЖІӘ туралы түсінік. Туа біткен және жүре пайда болған іс әрекеттерінің түрлері

1. Тақырыбы:”Мінез-құлық қалыптасуының жалпы принцептері. ЖЖІӘ туралы түсінік. Туа біткен және жүре пайда болған іс әрекеттерінің түрлері“.

2.

И.М. Сеченов (1863 ж) алғаш рет рефлекторлық
принциптің психикалық қызмет екенін көрсетті.
ХХ ғасырда И.П. Павлов ми қыртысының қызметін
толық зерттеуі нәтижесінде, жоғары жүйке іс-әрекеті адам
мінезінің негізі туралы ілімі дүниеге келді.
И.П. Павлов сілекей бөліну үрдісін зерттеу барысында,
шартты рефлексті ашты.
Ол рефлекторлық қызметтегі жоғары формасындағы
реакция – тітіркендіргіш емес, яғни тітіркендіргіштен
кейінгі сигнал екендігін көрсетті.

3.

ЖЖІӘ – организм мен сыртқы
ортаның күрделі қарым-қатынасын
қамтамасыз етіп, оның мінездік
негізін құрайды. Ол шартсыз және
шартты рефлекстерден тұрады.
Шартсыз рефлекс – жүйке
жүйесінің туа біткен түрлік әсерленісі.
Ол барабар тітіркену әсеріне жауап
ретінде тұрақты рефлекстік жолдар
ішінде пайда болады.

4.

Шартты рефлекс -
тітіркендіргіштен
кейінгі сигналға организмнің реакциясы, яғни
тітіркендіргіш организмге теріс (қауіп төндірсе)
әсер етсе одан қорғап, ал оң әсер етсе (егер ол
қажет немесе керек болса) оны қабылдайды.
Шартты рефлекс
– организмнің сыртқы
орта өзгерістеріне бейімделу реакциясы.
Ол жеке және арнайы ескерту сигналдарымен
сипатталып, шартсыз рефлекстер негізінде
қалыптасады.

5.

Шартты рефлексті қалыптастыруды
сілекей
бөлу
рефлексі
негізінде
көрсетуге болады.
Жануардың
сілекей
безіне
фистуланы қалыптастырады.
- Тәжірибені жануар сауыққаннан
кейін жүргізеді.
- Жануарды оқшауланған бөлмеге
орналастырады.

6.

7.

Тамақтану рефлексін қалыптастыру үшін
индифферентті шартты тітіркендіргіш (жарық,
дыбыс және т.б.), кейін оны (4-5 секунд) тағаммен
бекітеді (бұл шартсыз тітіркендіргіш).
Сілекей бөліну байқалады.
Егер, жануарда бірнеше рет шартты және
шартсыз
тітіркендіргішті
ұластыруды
қайталағаннан кейін, жарыққа сілекей бөлінентін
болса, онда рефлекстің қалыптасқаны.
Шартты қорғаныш рефлексін қалыптастыру
барысында шартсыз тітіркендіргіш ретінде электр
тоғын қолданады.

8.

Біздің өміріміз – бұл өте көптеген
шартты рефлекстерден тұрады.
Олар біздің мінезге, ойға, түсікке және
сыртқы ортаға бейімделуге
негізделген.

9. Шартсыз және шартты рефлекстер айырмашылығы.

Шартсыз рефлекстер
1. Туа біткен;
2. Түрлік;
3. Рефлектік доғасы тұрақты
(бекітілген);
4. Рефлектік доғасы қыртысасты
құрылымда тұйықталады;
5. Міндетті және тұрақты
рефлекстер;
6. Арнайы рецепторлық аймаққа
адекватты тітіркендіргіш әсер
еткенде байқалады.
Шартты рефлекстер
1. Жүре пайда болған;
2. Жекелік;
3. Рефлектік доғасы тұрақсыз,
“уақытша байланыс”;
4. Ми қыртысында тұйықталады;
5. Тұрақсыз;
6. Кез келген индифферентті
тітіркендіргішке қалыптасады.

10. Шартты рефлекстер түрлері

І. Қалыптастыру тәсілі бойынша:
1. Нақтылығы бойынша (Наличные):
а) Тура немесе дәл келуі (Совпадающие);
б) Қысқа уақытқа қалдырылған (Короткооставленные);
в) Ұзақ уақытқа қалдырылған (Длительнооставленные);
г) Кешіктірілген (Запаздывающие).
2. Іздік .
3. І, ІІ-ші және жоғарғы реттік рефлекстер.
4. Жинақтарлған.
5. Генерализаланған және ажыратылған.
6. Кешендік (бір уақыттық, бір іздік, динамикалық стереотип);
7. Еліктеу, еліктеген (Подражательные).

11.

ІІ. Рецепторлардың орналасуына байланысты:
1. Экстроцептивтік;
2. Проприоцептивтік;
3. Интрорецептивтік.
ІІІ. Шартты тітіркендіргіштің табиғатына байланысты:
1. Табиғи;
2. Жасанды.
IV. Биологиялық маңыздылығына байланысты:
1. Тағамдық;
2. Қорғаныштық;
3. Жыныстық;
4. Бағдарлау.
V. Жауап реакциясы сипатына байланысты:
1. Тамырқозғалтқыш;
2. Сөліністік.
3. Моторлық;
4. Экскреторлық және т.б.
VI. Рефлекстің ерекше түрі – рефлекс уақыты.
VII. Үрдіс өтуі әсеріне байланысты:
1. Қоздырғыштық;
2. Тежегіштік.

12. Шартты рефлекстің жіктелуі

І. Қабылдау белгісіне қарай:
1. Экстрарецептивтік (сыртқы қабылдағыштық);
2. Интерорецептивтік (ішкі қабылдағыштық).
ІІ. Тиімділігіне қарай:
1. Вегетативтік;
2. Аспаптық (инструменталдық).
ІІІ. Шартты рефлекстер тітіркендіру түріне
қарай:
1. Табиғи;
- қарапайым;
- күрделі: а) бірмезгілді; б) бірізді; в) тізбекті.
2. Жасанды.

13.

IV. Шартты, шартсыз тіітіркендірулердің
қарым- қатынасына және ұштастырылған
мерзіміне сәйкес:
1. Нақтылы:
- қарапайым: 1) бірмезгілді, 2) бірізді, 3) тізбекті;
- күрделі: 1) бірмезгілді, 2) бірізді, 3) тізбекті.
2. Ілеспелі: - уақыттық шартты рефлекс.

14.

Экстрарецептивтік шартты
рефлекстерге сезім өзгешелігіне
сәйкес көру, есту, иіс, дәм, түйсіну
жане температуралық болады.
Олар организм мен қоршаған
ортаның
арақатынасында
маңызды орын алады.

15.

Интерорецептивтік
шартты
рефлекстер ағзалар қабылдағыштарын
шартсыз
тітіркенумен
ұштастырғанда
қалыптасады. Бұл ағзаларды механикалық
тітіркендіргенде, оларда қысым көбейгенде,
қанның химиялық құрамы, осмостық
қысымы, ішкі ортаның температурасы
өзгергенде
пайда
болады.
Интерорецептивтік
рефлекстер
баяу
қалыптасады және жануарлардың шартты
рефлекстік
әсерленісі
шашыраңқы,
жалпылама келеді.

16.

Вегетативтік шартты, рефлекстерге тамақтану,
жүрек-тамыр, тынысалу, жыныс рефлекстері кіреді.
Аспаптық шартты рефлекстер бұлшықеттердің
шартсыз қимыл әсеріленісі негізінде ұйымдастырылады
(мәселен, цирктегі жануарлар көрсететін ойындар).
Шартты түрткінің тиімділігі қоршаған ортадағы
әсерлердің жиынтығы мен жағдайына байланысты.
Сонымен қатар, бұл үшін белгілі мотивация мен зерденің
және тағы басқа заттардың қатысуы қажет.
Жануарлардың аспаптық әрекеті жүзеге асырылуы
үшін, мидың маңдай бөлігінің қалыпты қызметі
сақталуы керек. Егер мидың маңдай бөлігі екі жағынан
да бұзылса, мұндай күрделі рефлекстер пайда
болмайды. Сөйтіп олар жануарлардың аспаптық
ісәрекетіне «байымды» әсер етеді.

17.

Табиғи шартты рефлекстер шартсыз
тітіркендіргіштердің
шын
белгілеріне
қалыптасады. Мәселен, тағамның иісіне немесе
түріне сілекей бөлінеді.
Жануарлардың жаратылысында табиғи
шартты рефлекстер ұрпақтан ұрпаққа, олардың
тіршілік тәсілдеріне сәйкес қалыптасады. Табиғи
жағдайда шартты рефлекстер ортаның бірнеше
тітіркендіргіштеріне ұйымдастырылады.

18.

Нақтылы рефлекстер шартты
және
шартсыз
тітіркендіргштердің
дәлме-дәл
ұштастыру
жағдайларында қалыптасады.
Егер шартсыз нықталу шартты
тітіркендіру әсеріне 1—3 с мерзімде
қосылса, бұл дәлденген шартты
рефлекс болады, ал нықталу 5—30
с арасында кешіктіріліп берілсе,
бұл
жылжытылған
немесе
кідіретін шартты рефлекс.

19.

Кідіретін рефлекстің құрамында
жігерлі
(әрекетті)
және
енжар
(әрекетсіз) екі кезі болады. Мұнда
әуелі жүйке жасушаларында шартты
тітіркендіруден
тежелу
үрдісі
басталады.
Содан
кейін
оның
жекеленген әсері соңғы шартсыз
тітіркендірумен дәл келген кезде
барып шартты бейнеліс жасайды.

20.

Ілеспелі
рефлекстер
нықтаушы
тітіркендіргіш
шартты
сигналдың
әсері
аяқталғанда қосылса пайда
болады. Сондықтан шартты
тітіркендіргіш ретінде нақты
сигналдың өзі емес, оның
белгілі бір іздері жүйкеге әсер
етеді.

21.

Уақыттық шартты рефлекстер
әртүрлі
уақыт
аралықтарында
(бірнеше
секунд,
сағат,
тәулік
арасында)
қалыптасады.
Оны
бағдарлайтын организмдегі көптеген
ырғақты
өтетін
құбылыстар
(тынысалу, жүректің соғуы, қимыл,
асқорытудағы сөл бөліну үрдістері
т.б.).
Тірі
организмде
мұндай
биологиялық ырғақтардың бірнеше
толық жиынтығы болады.

22.

Шартты рефлекстің қалыпсуы уақытша
байланысқа негізделген.
Бұл екі немесе бірнеше қыртыс және
қыртысасты орталықтары құрылымының
функционалдық бірлігі, яғни шартты және
шартсыз тітіркендіргіштерге организмнің
реакциясы.
Бұл байланыс организмнің жағдайына
байланысты бекітіліп немесе жоғалуы
мүмкін.
English     Русский Rules