Similar presentations:
Мінез- құлық ұйымдасуының жалпы принциптері. Туа біткен және жүре пайда болған мінез-құлық
1.
Мінез- құлық ұйымдасуының жалпы принциптеріТуа біткен және жүре пайда болған мінез-құлық.
Шартты рефлекторлық қызметтің тежелуі.
.
2.
Мақсаты:Студенттердің бейімделушілік
қызметтің негізін салушы туа біткен және
жүре пайда болған мінез- құлық
реакциясының құрылымдық негізгі
принциптерін, сонымен қатар ЖНҚ- ның
тежелу және шартты рефлекстердің
жасалу механизмін меңгеруі.
3.
1. Жоғары жүйке қызметін зерттеу туралы тарихимағлұматтар (И.М.Сеченов, И.П.Павлов және т.б.).
2. Жалпы мінез – құлық актісінің архитектурасы
(П.К. Анохин).
3. Жоғары дәрежелі жүйке қызметін зерттеу әдістері.
4. Туа біткен қызметтің жүйелік құрылымы (шартсыз
рефлекстер, инстинктер).
5. Жүре пайда болған мақсат-бағдарлы мінез-құлық,
туа біткен формасымен салыстырғандағы сапалық
ерекшеліктері.
6. Шартты рефлекстердің пайда болу механизмі.
Шартты рефлекстердің жіктелуі.
7. Үлкен жарты шарлардың анализдік - синтездік
қызметі.
4.
Адам мен жануарлардың үлкен мисыңарлары қыртысының әрекетін жоғары
дәрежелі жүйкелік қызмет (ЖДЖҚ) деп
атайды.
ЖДЖҚ организмнің сыртқы ортаның
құбылмалы жағдайларына бейімделуін,оның
қоршаған ортамен күрделі-қарым қатынасын
қамтамасыз етеді
5.
Үлкен жарты шарлар және оған жақынқыртыс асты ядролар ОЖЖ жоғары
бөлімін құрайды, уақытша байланысты
түзіп, күрделі мақсатқа бағдарланған
мінез құлықты қалыптастырады
6.
Мінез-құлық - организмнің сыртқыортадағы кез келген іс - әрекеті.
Мінез - құлық - организмнің өз
мұқтаждығы мен қоршаған орта
жағдайларына бейімделуін қамтамасыз
ететін күрделі әрекеті.
7.
ЖДЖҚ –ін зерттеу әдістері• Жануарлардың мінез-қылығын бақылау
• Ми қыртысын тітіркендіру
• Ми қыртысын,немесе оның жеке аймақтарын
сылып тастау
• Ми жарты шарлары қыртысының биотогын жазу
• Шартты рефлекстер әдісі
• Кибернтикалық әдістер
8.
И.М. Сеченов (1863 ж) алғаш рет ЖДЖҚрефлекторлық принцип түрінде жүретінін көрсеткен.
ХХ ғасырда И.П. Павлов
- шартты рефлексті ашты
- ЖДЖҚ адам мінезінің негізі туралы
ілімі дүниеге келді
.
9.
ЖДЖҚ негізгі жүйкелік механизмдері:- уақытша байланыс
- талдағыштар арқылы байланыс
10. Үлкен ми жарты шарлары қызметінің негізгі принциптері
- құрылымдық принцип- себептілік (детерминизм) принципі
- талдау (анализ) және жинақтау (синтез)
11.
Рефлекторлық теория бойынша –іс – әрекет тітіркендіргішке жауап
реакциясымен аяқталады
Функционалдық теория бойынша –
рефлекс принципімен қалыптасқанымен,
жауап реакциясымен аяқталмайды,
мінез – құлықты
нақты бейімді пайдалы нәтижеге
дейін жеткізеді
12.
Функционалдық жүйе - белгілі бір нақты бейімдіпайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған ісәрекеттерді іске асыратын орталық жүйке жүйесінің
тиісті құрылымдары мен шеткі ағзалардың
динамикалық бірлестігі
13. Мінез – құлық актісі
Мінез – құлықтың негізін П.К. Анохиннің функционалдықжүйесі (ФЖ) құрайды
14.
Мінез – құлық актісі төмендегідейбөлімдерден тұрады:
1. Афференттік синтез
2. Шешім қабылдау
3. Әрекет нәтижесі акцепторы ( ӘНА) және
әрекет бағдарламасы (ӘБ)
4. Эфференттік синтез (әрекет, әрекет нәтижесі,
нәтиже параметрлері - кері афферентация).
15.
Мінез құлықтың жүйелік қалыптасуыныңнегізінде организмнің биологиялық және
әлеуметтік қажеттілігі жатыр.
Қажеттіліктен мотивация туындайды
Мотивация – іс әрекетке итеретін
фактор
16.
Анохиннің түсінігі бойынша ең негізгіфактор - ӘРЕКЕТ НӘТИЖЕСІ
17.
ӘНА - кері афферентация нәтижесіндеәрекет нәтижесін болжайтын аппарат
18.
Мінез – құлық актісінің нәтижесінбағалаудың варианттары:
а) мінез – құлық актісі тиімді аяқталады
б) мінез – құлық актісі тиімсіз аяқталады
19.
Кез келген рефлекс организмніңкүрделі қалыптасқан мінез-құлқы
Екі түрлі рефлекторлық жауап беруші
реакция бар - шартсыз рефлекс
шартты рефлекс
20.
ОЖЖ-ның төменгі бөлігі (қыртыс астыядролары, ми бағанасы, жұлын) - туа бітетін,
тұқым қуалайтын, рефлекторлық
реакцияларды іске асырады.
Ол шартсыз рефлекс және инстинктті
қамтамасыз ететін нейрофизиологиялық
процесстердің жиынтығы.
Инстинкт – организмнің туа біткен,
негізгі биологиялық мұқтаждық пен сыртқы
тітіркендіргіш әсерінен туатын, бейімделген
стереотипті іс - әрекет
21.
Үлкен жарты шарлар және оған жақынқыртыс асты ядролар жүре пайда болатын
күрделі рефлекторлық реакцияларды
(шартты рефлекстер) іске асырады.
Шартты рефлекс - тітіркендіргішке
дейінгі сигналға организмнің реакциясы, яғни
тітіркендіргіш организмге теріс (қауіп
төндірсе) әсер етсе одан қорғап, ал оң әсер етсе
(егер ол қажет немесе керек болса) оны
қабылдайды.
22.
Шартты рефлекс – организмніңсыртқы орта өзгерістеріне бейімделу
реакциясы.
Ол жеке және арнайы ескерту
сигналдарымен сипатталып, шартсыз
рефлекстер негізінде қалыптасады.
23.
Біздің өміріміз – бұл өте көптегеншартты рефлекстерден тұрады.
Олар біздің мінезге, ойға, түйсікке
және сыртқы ортаға бейімделуге
негізделген.
24.
Шартты рефлексті қалыптастыруды сілекей бөлу рефлексінегізінде көрсетуге болады.
- Жануардың сілекей безіне фистуланы қалыптастырады.
- Тәжірибені сауыққан кейін жүргізеді.
- Жануарды оқшауланған бөлмеге орналастырады.
Оң тамақтану рефлексін қалыптастыру үшін
индифферентті шартты тітіркендіргіш (жарық, дыбыс және
т.б.), кейін оны (4-5 секунд) тағаммен бекітеді (бұл шартсыз
тітіркендіргіш).
Сілекей бөліну байқалады.
Егер, жануарда бірнеше рет шартты және шартсыз
тітіркендіргішті ұластыруды қайталағаннан кейін, жарыққа
сілекей бөлінентін болса, онда рефлекстің қалыптасқаны.
Шартты қорғаныш рефлексін қалыптастыру барысында
шартсыз тітіркендіргіш ретінде электр тоғын қолданады.
25.
26. Шартсыз және шартты рефлекстер айырмашылығы.
Шартсыз рефлекстер1. Туа біткен;
2. Түрлік;
3. Рефлектік доғасы тұрақты
(бекітілген);
4. Рефлекстік доғасы қыртысасты
құрылымда тұйықталады;
5. Міндетті және тұрақты
рефлекстер;
6. Арнайы рецепторлық аймаққа
адекватты тітіркендіргіш әсер
еткенде байқалады.
Шартты рефлекстер
1. Жүре пайда болған;
2. Жекелік;
3. Рефлектік доғасы тұрақсыз,
“уақытша байланыс”;
4. Ми қыртысында тұйықталады;
5. Тұрақсыз;
6. Кез келген индифферентті
тітіркендіргішке қалыптасады.
27. Шартты рефлекстің жіктелуі
І. Қабылдау белгісіне қарай:1. Экстрарецептивтік (сыртқы қабылдағыштық)
2. Интерорецептивтік (ішкі қабылдағыштық)
3. Проприоцептивтік
ІІ. Жауап беру сипатына қарай:
1. Вегетативтік
2. Соматикалық (тамыр –қозғалтқыш)
ІІІ. Шартты рефлекстер тітіркендіру түріне қарай:
1. Табиғи
2. Жасанды
28.
IV. Шартты тітіркендіргіштің күрделілігінебайланысты
1. Қарапайым:
2. Күрделі:
V. Биологиялық маңызына байланысты:
1.Тағамдық
2. Қорғаныштық
3. Жыныстық
4. Қимыл -қозғалыс
5. Бағдарлар және т.б.
VI. Қандайда бір қызметтің өзгерісіне байланысты
1. Оң шартты рефлекс
2. Теріс шартты рефлекс
29.
VII. Шартты, шартсыз тіітіркендірулердің қарымқатынасына және ұштастырылған мерзіміне сәйкес:I Нақтылы:
1) бірмезгілді ( 1-2 сек )
2) бірізді ( 3-30 сек) ,
3) кешіктірілген ( 1-3 мин кейін),
II Ілеспелі: - уақыттық шартты рефлекс ( 1-3 мин
кейін).
VIII. Қалыптастыру тәсілі бойынша:
І ші және ІІ ші және одан жоғары
қатардағы рефлекстер
30.
Экстрорецептивтік ШР - көру, есту, иіс,
дәм, түйсіну және температуралық болады.
Интерорецептивтік ШР ағзалар
қабылдағыштарын шартсыз тітіркенумен
ұштастырғанда қалыптасады.
Бұл ағзаларды механикалық
тітіркендіргенде, оларда қысым көбейгенде,
қанның химиялық құрамы, осмостық
қысымы, ішкі ортаның температурасы
өзгергенде пайда болады.
31.
Вегетативтік шартты, рефлекстерге тамақтану, жүректамыр, тынысалу, жыныс рефлекстері кіреді.Аспаптық шартты рефлекстер бұлшықеттердің шартсыз
қимыл әсеріленісі негізінде ұйымдастырылады (мәселен,
цирктегі жануарлар көрсететін ойындар).
Шартты түрткінің тиімділігі қоршаған ортадағы
әсерлердің жиынтығы мен жағдайына байланысты.
Сонымен қатар, бұл үшін белгілі мотивация мен зерденің
және тағы басқа заттардың қатысуы қажет.
Жануарлардың аспаптық әрекеті жүзеге асырылуы
үшін, мидың маңдай бөлігінің қалыпты қызметі сақталуы
керек. Егер мидың маңдай бөлігі екі жағынан да бұзылса,
мұндай күрделі рефлекстер пайда болмайды. Сөйтіп олар
жануарлардың аспаптық ісәрекетіне «теріс» әсер етеді.
32.
Табиғи шартты рефлекстер шартсызтітіркендіргіштердің шын белгілеріне
қалыптасады. Мәселен, тағамның иісіне немесе
түріне сілекей бөлінеді.
Жануарлардың жаратылысында табиғи шартты
рефлекстер ұрпақтан ұрпаққа, олардың тіршілік
тәсілдеріне сәйкес қалыптасады. Табиғи
жағдайда шартты рефлекстер ортаның бірнеше
тітіркендіргіштеріне ұйымдастырылады.
33.
Нақтылы рефлекстер шартты және шартсыз тітіркендіргштердің дәлме-дәл ұштастыру жағдайларында қалыптасады. Егершартсыз нықталу шартты тітіркендіру әсеріне 1—3 с мерзімде
қосылса, бұл дәлденген шартты рефлекс болады, ал нықталу 5—
30 с арасында кешіктіріліп берілсе, бұл жылжытылған немесе
кідіретін шартты рефлекс.
Кідіретін рефлекстің құрамында жігерлі (әрекетті) және енжар
(әрекетсіз) екі кезі болады. Мұнда жүйке жасушаларында
шартты тітіркендіруден тежелу үрдісі басталады. Содан кейін
оның жекеленген әсері соңғы шартсыз тітіркендірумен дәл келген
кезде барып шартты бейнеліс жасайды.
Ілеспелі рефлекстер нықтаушы тітіркендіргіш шартты
сигналдың әсері аяқталғанда қосылса пайда болады. Сондықтан
шартты тітіркендіргіш ретінде нақты сигналдың өзі емес, оның
белгілі бір іздері жүйкеге әсер етеді.
Уақыттық шартты рефлекстер әртүрлі уақыт аралықтарында
(бірнеше секунд, сағат, тәулік арасында) қалыптасады. Оны
бағдарлайтын организмдегі көптеген ырғақты өтетін
құбылыстар (тынысалу, жүректің соғуы, қимыл, асқорытудағы
сөл бөліну үрдістері т.б.). Тірі организмде мұндай биологиялық
ырғақтардың бірнеше толық жиынтығы болады.
34.
Шартты рефлекстің қалыпсуы уақытшабайланысқа негізделген.
Бұл екі немесе бірнеше қыртыс және
қыртысасты орталықтары құрылымының
функционалдық бірлігі, яғни шартты және
шартсыз тітіркендіргіштерге организмнің
реакциясы.
Бұл байланыс организмнің жағдайына
байланысты бекітіліп немесе жоғалуы
мүмкін.
35. Уақытша байланыс түзілісінің тетігі
1. Қозу иррадиациясы.2. Қозу орталығының доминанты.
3. Жолдың жасалынуы.
4. Конвергенция.
5. Синапстардағы морфологиялық өзгерістер.
6. Синапстардағы биохимиялық өзгерістер.
7. Нейроглия қатысуы.
8. Қыртыс – қыртысасты – қыртыс (Асратян Э.А.).
36.
ЖДЖҚ функционалдық бірлігішартты рефлексШартты рефлекстің негізіуақытша байланыс
37. Уақытша байланыс түзілісінің тетігі
38.
ЖЖІӘ - ми қыртысының үлкенжарты шарларымен морфологиялық
байланысқан, танымның маңызды және
жаңа ақпаратты қабылдау мен
өңдеудегі күрделі кешені болып
табылады.
Адам миының интегративті күрделі
формасы, ол сыртқы орта элементін үздіксіз
анализдеу және оны синтездеп, тұтас түйсіну.
39.
Анализ-синтез қызметі негізінде мінезқылықтың бейімделуі жүзеге асып,ақпаратты қабылдау мен өңдеу және оны
басқаға жеткізумен қатар белгілі бір дағды
қалыптасады.
Шартты рефлекторлық реакцияны
адамның жеке тәжірибесі негізінде
қарастырып, болашақты болжауын
қалыптастырады.
40.
Ми қыртысындағы күрделіаналитикалық, синтетикалық процестің
бір мысалы – динамикалық
стереотиптің қалыптасуы