Preposition — қазақ тілінде: көмекші сөз — сөйлемнің мүшесі болып, оның мағынасына өз үлесін қосатын, бірақ жеке тұрғанда
2.19M
Category: lingvisticslingvistics

Preposition — қазақ тілінде

1.

LISTEN

2.

3. Preposition — қазақ тілінде: көмекші сөз — сөйлемнің мүшесі болып, оның мағынасына өз үлесін қосатын, бірақ жеке тұрғанда

Preposition — қазақ тілінде: көмекші сөз — сөйлемнің мүшесі болып, оның
мағынасына өз үлесін қосатын, бірақ жеке тұрғанда ешқандай
грамматикалық мағынасы жоқ сөз, көмекші сөз.
Грамматикалық мағынасы болмағандықтан да олардың қазақ тіліндегі нақты аудармасы бола
бермейді. Мысалы, on Sunday — жексенбіде (жексенбі күні), in box — қорапта (қораптың ішінде).
• in — уақытқа қатысты қолданылатын көмекші сөздердің бірі. Ол қазақ тіліндегі -да (-де, -та, -те), -ы
(жыл-ы) дегендей жалғаулар сияқты сөйлемге мағына береді. Кей кездері оған лайықты қазақша
жалғау да болмайды. Мысалы: in October – қазанда (ай), in 1932 – 1932 жылы, in two weeks – екі
аптада, in the morning – таңертең, in 90s – 90-шы жылдары.
• on — уақытқа қатысты қолданылатын көмекші сөздердің бірі. Ол апта күндерімен, күндермен
(даталармен) және, т.б. уақыттық сөздермен бірге қолданылады. Мысалы: on Sunday – жексенбіде,
on september 11th. – 11-ші қыркүйекте.
• at — бір заттың белгілі бір орында, жерде, бір заттың айналасында, маңында тұрғандығын
сипаттағанда және концерт, кино секілді адам жиналатын жағдайларды сипаттағанда және белгелі
бір нәрсе жасаудан жақсы немесе жаман болса сол сәтте де қолданылады. Мысалы: at Math, at the
corner(бұрышта), at the bus stop (аялдамада), at the concert (концертте)…
• OF бір нәрсенің бір бөлігінің оның байланысын білдіреді. Бұл ағылшын тілінде ең көп
қолданылатын предлог. Мысалы: He is a boy of 15. Some parts of his body were injured.
The plays of Shakespeare will always be classics.
• About "бір нәрсе үшін" немесе бір нәрсеге / біреуге қатысты " дегенді білдіреді. Бұл сондай-ақ
«шамамен» немесе «туралы »дегенді білдіреді. Мысалы: I was about to leave. He cares about his
classes.
English     Русский Rules