1.27M
Categories: biographybiography sociologysociology

Атақты әлеуметтанушы–теоретиктер

1.

Атақты әлеуметтанушы–
теоретиктер
К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель
Орындаған: «Музыкалық өнер» факультеті
«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы
«Халық әні» мамандығының 2-курс студенті
Асқарова Венера

2.

Карл Маркс Генрих (нем. Karl Heinrich
Marx; 1818, Германия, Трир қаласы —
1883 Англия, Лондон) — 19-шы
ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси
экономист, революционер, философ, са
ясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы,
ғылыми коммунизм теориясының
іргетасын қалаушы.

3.

Маркс іліміндегі адам — өндіруші адам
Еңбектің өндіруші сипаты адамды табиғаттан бөліп тұрады.
Адам табиғатты өзіне бейімдейді, оған қатысты жасампаздык
рөл атқарады. Дегенде даму процесінде өз еңбегі нәтижесінен
адам оқшаулана түседі, ол өзі өндірген өнімнен, еңбек
процесінен, тіпті өзінен де оқшауланады. К.Маркстің пікіріне
сәйкес, «тек коммунизмде ғана адам «қажеттілікте
патшалығынан» «бостандық патшалығына» өтіп, шынайы
тарихын жасайды». Маркстің адам туралы іліміндегі адам —
ақылды, парасатты. Мысалы, Конттағы адамға сенім мен
сезімдер тән болса, Маркс адамды тек рационалист ретінде
көрсетеді.

4.

Британдық "The Penguin Dictionary of Sociology" сөздігі
Mаркстің еңбегі әлеуметтанудың дамуы үшін маңызды болып
табылатын бес саланы көрсетеді:
өзінің алғашқы еңбектерінде Маркс иеліктен айыру ұғымына ден
қойды; бұл тақырып оның кейінгі көптеген еңбектерінде кездеседі;
ол өзінің экономикалық өмір мен басқа да әлеуметтік институттар
байланысты деген көзқарастарымен кеңінен танымал;
ол ең алдымен әлеуметтік таптарға ұйымдасқан қоғам тіршілігіне
талдау жасауға мүдделі болды;
әлеуметтік өзгеріс теориясы Маркстің еңбектерінде таптық күрес
теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес, оның
тұжырымдауынша, "тарихтың қозғаушы күші" болып табылады; бұл
идея Маркстің шығармашылығын терең баурап алғаны сонша, батыс
әлеуметтануында маркстік теорияны кейде "жанжалдар теориясы"
(conflict theory) деп атайды;
Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды.

5.

Маркстік социологияның негізі — тарихи
процесті материалистік тұрғыдан түсіндіру
әдісі болып табылады. Осы ілімнің
теориялык және эмпириялық негіздерін Карл
Маркс «Капиталда» баяндайды. Әлеуметтану
тарихында Карл Маркс алғаш рет коғамға
жүйелік баға беру қажет екенін ұсынған
ойшылдардың бірі. Осы негізде Маркс өзінің
қоғамдық-экономикалық формация ілімін
жасады. «Формация» ұғымы арқылы Карл
Маркс қоғамның барлық жақтары туралы
әлеуметтанымдық тұжырымдарды жасамақ
болды.

6.

Эмиль Дюркгейм (1858-1917) - француз
әлеуметтанушысы, саясаттанушысы. Дюркгейм негізінен
ұжымдық сана рөлі, оның әртүрлі түрлерін зерттеген. Ол
өз тұжырымындасында әлеуметтік шындықтың ерекше
және тәуелсіз принципіне сүйенеді. Осы қағидаға сүйене
отырып, ол қоғамды индивидтерден моральдық және
күштік (физический) тұрғыдан жоғары қойды. Келесі
ынтымақтастық - ең жоғаргы моральдық принцип
ретінде қарастырылды. Қоғамдағы екі механикалық және
органикалық ынтымақтастықты тұтас даму бөліктері деп
көрсетті. Механикалық ынтымақтастық архаикалық
қоғамға, индивидтердің, олардың қоғамдық
функцияларының бір-біріне ұқсастығына және жете
дамымағанына негізделді. Органикалық ынтымақтастық
Дюркгейм бойынша қазіргі кезеңдегі қоғамдарға тән, ол
еңбекті белуге негізделеді.

7.

Баска ғылымдарда бақылана және түсіндіріле алатын
деректер сияқты, әлеуметтану пәні бақылана және
түсіндіріле алатын болуы керек. Осыдан Эмиль
Дюркгеймнің атақты екі формуласы шығады:
1.Әлеуметтік фактілерді (деректерді) зат ретінде
қарастыру;
2.Әлеуметтік деректердің индивидке күштеп ықпал ететін
негізгі ерекше белгісі бар.

8.

Эмиль Дюркгеймнің әлеуметтануы үш негізгі
саладан тұрады:
1.әлеуметтік морфология
2.әлеуметтік физиология,
3.жалпы әлеуметтану.
Әлеуметтік морфологияны анатомия деуге болады, себебі ол қоғамның
субстратын зерттейді. Дәлірек айтқанда, қоғамның географиялық негізін,
халықты, оның тығыздығын және т.б. қарастырады. Ал әлеуметтік
физиология дін, мораль, заң, экономика, тіл, эстетика құндылықтарын, өмір
сүру бейнесін зерттесе, жалпы әлеуметтанудың пәні теориялық синтез бен
ортақ заңдар.

9.

Эмиль Дюркгейм кейбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтіруді
салыстырады. Мысалы, әйелдерге қарағанда, ер адамдар
арасында жиірек; дінге сенетіндерге қарағанда, сенбейтіндер
арасында көбірек; қала тұрғындары арасында ауылдағыларға
қарағанда жиірек; отбасы барларға қарағанда, жалғызіліктілер
арасында көбірек; бір жыныс өкілдерінің ұзақ уақыт жабық
жүйеде бірге болуы (әскер, түрме, монастырь) да аталмыш
құбылыстың бірден бір факторы деуге болады деген тұжырым
жасайды. Сонымен, Эмиль Дюркгейм адам мен қоғам
арасындағы байланыстың өте тығыз екеніне және қоғамның
адам алдындағы жауапкершілігіне ерекше назар аудару
керектігін баса айтады.

10.

Макс Вебер — неміс әлеуметтанушысы,
әлеуметтік философ, тарихшы. Альфред
Вебердің ағасы. 1864 жылы 21
сәуірде Эрфурт қаласында дүниеге келген.
1893—1896 жж. Фрайбург
университетін, 1896—1898, 1902—1918 жж.
Гейдельберг университетін, 1919—1920 жж.
Мюнхен университеттерінде дәріс берген.
Теориялық әлеуметтану, әлеуметтік дін,
саяси әлеуметтану, ұйымдастыру әлеуметіне
арналған еңбектері бар.

11.

Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу,
болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің
болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де
байланысты дейді. Екіншіден, М. Вебер адамның статусын – саяси партияға,
яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді. М.
Вебердің пікірінше, статус әлеуметтік топтар мен индивидтердің қоғамдағы
алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі
бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал, адамның статусы
– білімі мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салты сияқты субъективтік
факторлармен түсіндіріледі дейді. М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер
ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар;
1. капитал иелерінің табы;
2. интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап;
3. дәстүрлі ұсақ буржуазия табы
4. жұмысшы табы.

12.

Георг Зиммель (1858—1918) — нeмic
пәлсапашысы, әлеуметтанушысы.
Зиммель өмip философиясы ағымының
өкілі ретiнде мәдениет пәлсапасының
мәселелерiн қарастырды. Зиммелдің
танымы бойынша «өмip» ұғымы
шығармашылық қалыптасу процесi, оған
iшкi толқыныс, сезiм қуаты мен
рационалды құралдарды қолдану арқылы
жетуге болады.

13.

Георг Зиммель элеуметтануындағы негізгі ұғым —
«қалып» немесе «түр» болып табылады. «Түр» (қалып)
мазмұнды көрсету мен жүзеге асырудың бірден-бір әдісі
ретінде, яғни адамдардың өзараықпалдастығының
тарихи шартты мотивтері, мақсаты мен түрткілерін
түсіндіретін, білдіретін әдіс деп танылған.
Г.Зиммель «кез келген әлеуметтік құбылыстың мазмұны
мен қоғамдық калпы (түрі) біртұтас нақтылықты
құрайды; кеңістіктік түрдің материясыз болмайтыны
сияқты әлеуметтік қалып немесе түр де мазмұнсыз бола
алмайды» дейді.

14.

Георг Зиммельдің қоғам туралы тұжырымында «коғам»
ұғымын екі мағынада түсіндіреді.
1.Қоғам — «коғамдастырылған тұлғалар кешені» немесе
«қоғамдық рәсімделген адами материал»;
2.Қоғам адамдардың коғамға бірігуіне мүмкіндік беретін қарымқатынас түрлерінің жиынтығын, адамдардың өзара ықпалдастығы
арқылы үнемі ұдайы өндіріп отырады.
Адамдар коғамға біріге отырып, «қоғамдасады». Осыдан келіп
Г.Зиммель ілімінде «қоғамдастыру» ұғымы да жиі колданылады.
Енді осы ұғыммен байланыстыра отырып, әлеуметтанудың
ғылым ретіндегі міндеттерін көрсетеді. Әлеуметтанудың ғылым
ретіндегі міндеті — қоғамдасудың саналуан түрін зерттеу,
әлеуметтік өмірдің түрлерін топтастыру, талдау.
English     Русский Rules