110.73K
Categories: financefinance lawlaw

Қазақстан Республткасының аудиториялық қызметін нормативті реттейтін жүйе

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛТКАСЫНЫҢ
АУДИТОРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН НОРМАТИВТІ
РЕТТЕЙТІН ЖҮЙЕ
Орындаған: Таниева Мөлдір
Тексерген: Алиева А.
Ақтөбе обылысы 2020 жыл

2.

Жоспар.
1.ҚР-дағы аудиторлық қызметті реттейтін органдардың
функциялары мен құрылымдары.
2.ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заң және ҚР-дағы
аудиторлық қызметті реттейтін басқа да нормативтік –
құқықтық актілер.
3.Аудиторларды кәсіби аттестациялау жүйесі және ҚР-дағы
аудиторлық қызметті лицензиялау.
4.Аудит стандарттары және кәсіби тәртібі
5.Аудиттің халықаралық стандарты.

3.

1. ҚР-дағы аудиторлық қызметті реттейтін органдардың
функциялары мен құрылымдары.
"Аудиторлық қызмет көрсету" ұғымына Республикалық және
территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық
фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР "Аудиторлық
қызмет туралы" заңға сәйкес Республикалық аудиторлар
палатасы тәуелсіз "бейүкіметтік", қоғамдық, коммерциялық
кәсіби, өзін-өзі басқаратын жєне өзін-өзі қаржыландыратын
ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды,
аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және
мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының
заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен
қаржыландырылады.

4.

2. Аудиторлық ұйымдарды құру барысында аудиторлық
кәсіпорындардың әр түрлі формаларын мынадай түрде
мақсатқа лайықты пайдалану:
-шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдіктерін;
-біріккен аудиторлық кәсіпорындарды;
-акционерлік қоғамдар мен компаниялар;
-шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар;
- жеке - дара аудит және кеңес беру.

5.

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заң және ҚР-дағы
аудиторлық қызметті реттейтін басқа да нормативтікқұқықтық актілер.
Аудит жұмысының құқылығы аудит заңына және басқа
мемлекеттік нормативтік құжаттарға сүйене отырып
жүргізіледі. Дүние жүзіндегі қалыптасқан үлгі бойынша
барлық елдерде мемлекет тұрғысынан аудит заңы
қабылданады. Сол сияқты біздің елімізде де аудит
жұмысының қажеттілігі анықталғаннан кейін 1993
жылы 18 қазан айында Қазақстан Республикасында
бірінші рет "Қазақстан Республикасының аудиторлық
қызметі туралы" заңы шықты. Сонымен аудит
жұмысының құқылық негізі анықталып тәуелсіз, дербес
қаржылық бақылау саласы құрылып, оның негізі
мақсаты мен міндеті мемлекет және жеке меншіктегі
кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің мүддесі көлеміңде
барлық шаруашылық субъектілері үшін меншіктік
түріне қарамастан бірдей құқылы.

6.

3.Аудиторлық қызмет туралы» заң Қазақстан
Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру
процесінде мемлекеттік органдардың, заңды және жеке
тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
арасында туындайтын қатынастардыреттейді. Ол 6тармақтан және 25 баптан тұрады.
1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4 баптар).
2-тармақ. Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар
палатасы (5-8 баптар).
3-тармақ. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау
және аудиторлық қызметті лицензиялау (9-13 баптар).
4-тармақ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14-16
баптар).
5-тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (17-20
баптар).
6-тармақ. Аудиттелетін субъектілердің құқықтары,
міндеттері және жауапкершіліктері (21-25 баптар).

7.

Аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік- құқықтық
құжаттарға келесілер жатады:
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы;
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңы;
ҚР қылмыстық кодексі;
ҚР азаматтық кодексі;
«ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы;
ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы;
Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары;
«ҚР аудиторларын аттестациялау бойынша Мемлекеттік
емес мекеме -Біліктілік комиссиясы туралы» Ереже;
«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау тәртібі
туралы» Ереже және т.б.

8.

Аудиторларды кәсіби аттестациялау жүйесі және ҚРдағы аудиторлық қызметті лицензиялау.
Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 ж. 29маусымындағы қаулысымен аудиторлық қызметті
лицензиялау Ережесі бекітілді. Осы қаулымен лицензия
беру тәртібімен шарттары, сондай-ақ аудиторлық
қызметті лицензиялауға қойылатын талаптар
квалификациялық талаптар белгіленді.
ҚР Ұлттық банкі Басқармасының №384 27.10.2003 ж.
қаулысымен өтініш берушіге және банктер мен
сақтандырушы ұйымдарда аудит өткізуге лицензия беру
туралы өтінішке тіркелген құжаттардың тізіміне
қойылатын талаптар жөніндегі Ереже-нұсқаулар
бекітілді.

9.

4.Аттестациялау деп - өкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарының
негізінде емтихандар қабылдау арқылы аудиторлыққа
кандидаттардың біліктілік деңгейін Біліктілік комиссиясының
анықтауын айтады. Бұл құжатта төмендегілер анықталған:
аудиторлыққа кандидаттардың құжаттарын тапсыру және сақтау
тәртібі;
модульдық емтихан тапсырмаларына қойылатыннегізгі талаптар;
ұйымдастыру және бағалау топтары;
аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау процедуралары;
аттестация нәтижелерін рәсімдеу;
аттестацияның өткізілуіне.

10.

Аудит стандарттары және кәсіби тәртібі.
Шаруашылық субъектілерінің жұмысы өзінің жарғылық құжатына
сәйкес жүргізіледі де, ал жұмыскерлер сол заңның талабына сәйкес
белгіленген тәртіпке байланысты өз қызметін атқарады. Аудиттің
стандарты және нормативтері екінші топқа жататын құжаттар. Олар
арқылы аудит жұмысын тікелей бір жүйеге келтіріп отырады. Олар өз
кезегінде аудит теориясынын үшінші элементі деп саналады. Аудит
постулаты арқылы аудит стандартының мазмұны анықталады, ал
аудит стандарты мен нормативтері аудит жұмысының сапалылығын
анықтайды. Аудит жұмысы осы стандарттар мен нормативтердің
талабына сәйкес бір жүйеде жүргізіліп, оның, міндеті мен мақсатын
орындайды.
Аудиттің стандарты және нормативтері деп "аудит принциптерінің
талабына сәйкес аудит қызметін жүргізуге белгіленген ереженұсқауларды" айтады.
Жалпы стандарттар. Жалпы стандарттар мазмұны аудитор
мамандығын, іскерлігін, мамандық сапасын, мамандықпен өз
міндетін атқару, мақсатына жету жолындағы аудитордың мамандық
бейнесін құрайды.

11.

Жұмыс стандарты. Жұмыс стандарты дегеніміз ол - аудит
қызметін жүргізу үшін дайындалган ереже-нұсқаулар жинағы.
Оған жататындар: аудит қызметін жүргізу жоспары, ағымдағы
бақылау әдісі мен бағдарламасы, мәліметтер жинау жүйесі,
ішкі бақылау жұмысына баға беру. Аудиттің негізгі мақсаты оның жаппай тексеру жүргізу арқылы негізгі міндетін
орындау, аудиторлық қорытынды жасау болса жұмыс
стандарты сол аудит процесінің барлық ағымына қажет әдіс
жолын аныктайтын аудит құралы.

12.

5. Аудиттің халықаралық стандарты.
Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен
бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158
ұйымының өкілдері қамтитын Халықаралық бухгалтерлер
федерациясы (ХБФ) бар.
ХБФ аясында аудиторлық стандарттармен тұрақты дербес
ұйымының құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс-тәжірибе
бойынша халықаралық комитет тікелей айналысады.
Халықаралық аудит стандарттары жалпы әлемдік деңгейден
аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсі билігін
дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдерімен
сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің
кез келген жағдайында қолдануға келсе де, ол жергілікті
жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғни одан
басым түспейді.

13.

1948 жылы Америалық алқалы бухгалтерлер институты
«Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары»
деген атаудағы он қаулыны мақұлдап қабылдады. Содан бері
олар айтарлықтай өзгере қойған жоқ және олардың
пайдалануын бақылау, көкейтесті ету және қолдану бойынша
ұсыныстарды әзірлеуді және әдістік басшылықты жүзеге
асырушы ХБФ арқылы Аудиторлық іс-тәжірибе бойынша
халықаралық комитет әзірлеген ХАС негізінде жатады.
Осынау негіз қалаушы он принциптің мәнін кеңінен түсіндіріп
беретін ХАС-та олар өз көрінісін тапты.
Жыл сайын бұл жүйе жаңартылып отырады. Оларды
тереңдетіп жаңғырту (модернизациялау) 1994 жылы болды,
содан бері жаңартулар тек жекелеген формулаларын,
сілтемелерін және т.б. нақтылай түсу деңгейіне жүргізіліп
келеді.
English     Русский Rules