№ 1 Алматы қазақ мемлекттік гуманитарлық-педагогтік колледжі Тақырыбы: Кәсіптік бағыттары бойынша мәтіндерді аудару тәсілдері. Алматы 2016
Көркем аударма – үлкен шығармашылық іс, оның нәтижесі – басқа тілде жаңа көркемдік құндылықты жасаумен бағаланады және сол арқылы аударм
. Аудармашының дүниетанымын жеке сөздер мен тіркестерден және де көбінесе тұтастай әдеби элементтен, яғни мәтіннің аяқталған үзінділерін
.
.
.
.
Ғылыми-көпшілік және ғылыми техникалық аударма аса күрделі, қиын, арнайы маманданған, тәжірибелі аудармашының ғана қолынан келетін іс. Мұн
1) Патенттік әдебиет – ақпарат алмасудың негізгі түрі, қалай болғанда да ол ғылым мен техника саласындағы жаңа дүниенің бәрі патент сипаты
1.63M

Кәсіптік бағыттары бойынша мәтіндерді аудару тәсілдері

1. № 1 Алматы қазақ мемлекттік гуманитарлық-педагогтік колледжі Тақырыбы: Кәсіптік бағыттары бойынша мәтіндерді аудару тәсілдері. Алматы 2016

2. Көркем аударма – үлкен шығармашылық іс, оның нәтижесі – басқа тілде жаңа көркемдік құндылықты жасаумен бағаланады және сол арқылы аударм

Көркем аударма – үлкен шығармашылық
іс, оның нәтижесі – басқа тілде жаңа
көркемдік құндылықты жасаумен
бағаланады және сол арқылы
аудармашының шығармашылық
белсенділігін танытады.
Аудармашы шығармадағы жай ғана
тілдік элементтерді жеткізуден басқа, ең
бастысы, көркемдік элементтерді
жеткізуімен шеберлік танытады. Көркем
аударма – көркем шығармашылықтың
түрі. Мұнда түпнұсқа негізгі қызметті
атқарады. Түпнұсқалық
шығармашылықты шынайы түрде
жеткізе білу – аудармашының басты
ерекшелігі. Аудармашының
шығармашылық тәсілі негізінен оның
дүниетанымына байланысты. Өзінің
дүниетанымына сәйкес аудармашы өзі
таңдап алған шығармалардағы көркем
шындықты мазмұн мен түр бірлігінде,
жекеден жалпыға дейінгі тұтастықтың
байланысында бейнелейді.

3. . Аудармашының дүниетанымын жеке сөздер мен тіркестерден және де көбінесе тұтастай әдеби элементтен, яғни мәтіннің аяқталған үзінділерін

.
Аудармашының дүниетанымын жеке сөздер
мен тіркестерден және де көбінесе тұтастай
әдеби элементтен, яғни мәтіннің аяқталған
үзінділерінен іздеуге болмайды. Көп жағдайда
осынау дүниетанымның мәні де
аудармашының түпнұсқаға деген жалпы
қатынасынан аңғарылады. Ол аударатын
шығарманы таңдап алуынан басталып, оның
стилін қабылдап, түсінумен аяқталады.
Аудармашының дүниетанымы түпнұсқа
аудармасы түрі мен мазмұнының бірлігін
қарастырып қана қоймай, аудармадағы ұлттық
түрді сәйкестіру туралы мәселені де осы
бірлікте шешеді.
Көркем аударма тұтастай кешенді: ақпараттық,
эстетикалық және қоғамдық-саяси міндеттерді
атқарады. Аударма оқырманды
шығармалармен, зерттеушілермен, автормен,
басқа халықтар әдебиеті, мәдениеті, өмірімен
таныстырады. Аударма сондай-ақ отандық
түпнұсқалық туынды жасауымен, эстетикалық
құндылықтарымен оқырман талабын
қанағаттандырады, ол түпнұсқалық көркем
шығарманың дамуына ықпал етеді, әдебиеттің,
тілдің, мәдениеттің интернационалдық
қатынасының құралына айналады. Аударма
оқырманды түпнұсқаға жақындатады, соның
нәтижесінде басқа ұлт тілін оқып, үйренуге
көмектеседі, бағыт береді.

4. .

Газеттік-ақпараттық мәтінде көзге
үйреншікті, дағдылы сөздер қолданылады.
Бұлар көбінесе шет тілінен енген сөздер.
Мысалы офис, супермаркет, лизинг т.б.
дағдылы сөздер ақпараттың
өзектілігін әрі оқырманның мәтінге
деген сенімділігін арттырады. Мұндай
жағдайда аудармашы лексикалық
компенсация жағын ойлап, дәл баламасын
таба білуі қажет.
Сұхбаттағы, авторлық мақалалардағы
жасырын комизм үлгісі – иронияның, әзілсықақтың, әжуаның астарын аңғарып,
бұзбай жеткізу – публицистикалық
.
аудармашы шеберлігі. Публицистикалық
аударма бірлігі – сөз, сөз тіркесі, сөйлем.
Аудармада барлық сәйкестік түрлерін
табуға болады. Жалпы публицистикалық
аударманы жақсы меңгеру – көркем
аударма жасауға әзірліктің тиімді түрі.
Ғылыми-көпшілік материалдарының
мәтіндерінде терминдер жиі болмаса да
кездеседі.. Бейтарап жазба әдебиет
нормаларының аясы да көзге көркем
болғанымен, өзі де үнемі сақтала
бермейді, бір жағынан сөйлеу стиліне де
бейім келеді.

5. .

Газеттік-ақпараттық аударма–газеттікақпараттық мәтіндер аудармасы,арнайы
аударма жанрларының бір түрі. Бұл газеттегі
мәтіндерді аудару және публицистиканы
аудару деп екіге бөлінеді.
Газет мәтіндерін аудару – түпнұсқаға деген
дәлдік тұжырымын қатаң сабақтастыру
негізінде жүргізіледі. Бұл көбінесе ресми
ақпараттық хабарлар, саяси келісімдер,
қаулы, жарғылар, қысқасы үкіметтік
маңызды құжаттарда қатаң сақталынады.
Газет мәтіндерін аудару мейлінше
түпнұсқаға жақындықты қажет етеді.
Сонымен бірге газеттік аударманың негізгі
.
міндеті – түпнұсқаның мазмұнын беру.
Сондықтан газеттік материалды аудару
кезінде түрлі бейнелеу үлгілері
(метафоралар т.б.) және басқа да әдеби
тәсілдерін сақтау міндеттелінбейді. Газетжурналдардағы шағын қызықты хабарлар,
материалдар, тосын оқиғалар мәтін аудару
кезінде оны соған ұқсас басқа оқиғалармен
немесе автор өзі жақсы білетін
мәліметтермен, деректермен толықтыру
арқылы тартымдылығын арттыруға да
болады.
Түпнұсқалық мазмұн деңгейінде қалмай,
оқырманды бірден қызықтыратындай
жасауға да болады.

6. .

Егерде публицистикалық мәтін мазмұндаудың
ықшамдылығымен, қысқалығымен ерекшеленіп,
артық сөз қолданудан сақтандырса, онда аудармашы
да баяндаудың сондай қысқалылығына жетуге
ұмтылуы қажет. Публицистика мәтінінде күнделікті
қолданылып жүрген сөздерге жиі жақындайтын
терминдердің мөлшерлі қолданылуы кездескен
жағдайда аудармашы онымен санасуы керек. Бұл
мәтіндер элементті баспасөзде туған тілде негізге
алынған
терминологиямен
пайдаланылады.
Шетелдік
публицистикаға
тән
сипаттағы
бейнелілікті, сөйлеу мәнерлілігін, эмоционалдық
реңктерді аударуда оны өзгертіп не болмаса үстірт
мазмұндауға болмайды.
Публицистикалық мәтіндегі күрделі сөйлемдерді
аударуға синтаксистің айқындылығы айрықша
маңызды. Сондықтан күрделі сөйлемді аудару
кезінде түсініксіздікке ұрынудан сақ болған жөн.
Қандай да бір бұрмалауға тап болмас үшін ұзақ,
күрделі сөйлемді жеке қысқа сөйлемдерге бөліп
аудару тиімді. Газет-журнал оқырманы неғұрлым
қысқа, шағын, мағынасы айқын да дәл мәтін оқуды
ұнататындығын ескеру қажет. Газет-журналдық
аударма материалдарын редакциялау міндетті түрде
түпнұсқамен салыстыру нәтижесінде жүргізіледі.
Публицистикалық ақпарат қоғамдық өмірдің өзекті
мәселелері
мен
құбылыстарына
арналады.
Публицистикалық мәтіндер оқиғалық, ақпараттық,
сыншылдық-талдамалық,
саяси
пікірталастық
болып келеді. Ғылыми-ақпараттық мәтіні процесті,
шындық құбылысын сипаттайды, түсіндіреді,
талдайды, алдын ала пайымдайды, шындықты
теориялық тұрғыдан дәлелдейді. Публицистикалық
аударма таныстыру, ақпарат беру қызметін
атқарады.

7. .

Аударма ісіндегі маңызды мәселе –
терминдердің аудармасына байланысты.
Жоғарыдағы аудармасы жиі қолданылатын
сөздердің қатарына қоса келгенде, термин деп
қабылдап жүрген тілдік бірліктердің өзін
іштей топтап алған да орынды. Оны шамамен
терминдер, құжат лексикасы, кәсіби сөздер
сияқты топтарға бөлуге болады. Осы орайда,
терминдердің аудармасына, оған қатысты
қалыптасқан түсінік пен жағдайға жан-жақты
тоқталған орынды.
Терминологиядағы аударма мәселесiнiң өзектi
. болып отырғандығы мәлiм. Бұл бағытта
қазiргi таңда екi түрлi көзқарастың
қалыптасып, терминдерді аудару-аудармауға
байланысты түрлі түсініктер мен ойлар
барлығы жасырын емес. Сондықтан
терминдерге қатысты ойлар жеке тоқталуды
қажет етеді. Терминдердің аударылуына
қатысты көзқарастағылардың бiр тобы
терминдердiң аударылуын қолдаса, екiншi
тобы терминдердi аударуға қарсылық
бiлдiруде. Бұл – жеке адамдардың емес,
дұрыс аударылмаған терминдердiң
салдарынан туындаған қоғамдық көзқарас. һ.

8. Ғылыми-көпшілік және ғылыми техникалық аударма аса күрделі, қиын, арнайы маманданған, тәжірибелі аудармашының ғана қолынан келетін іс. Мұн

.
Ғылыми-көпшілік және ғылыми
техникалық аударма аса күрделі, қиын,
арнайы маманданған, тәжірибелі
аудармашының ғана қолынан келетін іс.
Мұндай аударма мәтіндерін шет
тілдерінен немесе орыс тілінен
аударғанда қазақ тілінің мүмкіндіктеріне
толық сәйкестікте әрі мейлінше дәл
аудару қажет. Егер автор ежелгі
кезеңдерде өмір сүрген болса, онда сол
дәуір тілінің бар ерекшелігін, сипатын
оқырман сезіне алатын дәрежеде жеткізу
маңызды.
Ғылыми аударма және ғылымитехникалық аударма түрі бар. Бұлардың
аудармасын жасау үшін аудармашының
алдымен ғылыми-техникалық
ақпараттан хабардар болуы тиіс.
.

9. 1) Патенттік әдебиет – ақпарат алмасудың негізгі түрі, қалай болғанда да ол ғылым мен техника саласындағы жаңа дүниенің бәрі патент сипаты

.
1) Патенттік әдебиет – ақпарат
алмасудың негізгі түрі, қалай болғанда
да ол ғылым мен техника саласындағы
жаңа дүниенің бәрі патент сипатында
және оның туындылық түрінде ресми
құжатталынып тіркелінеді.
2) Ғылыми-техникалық ақпарат алмасу
үшін арнайы тағайындалған мерзімдік
кезең, мәселен, салалық бюллетендер,
мазмұнды рефераттар, түйіндеме және
атауы, салалық ғылыми-техникалық
журналдар, арнайы сипаттағы
пікірталастық өзекті мәселе көтерген
және есептік мақалалар, тақырып
атаулары тізімделген библиографиялық
көрсеткіштер, өнертапқыштық және
өндіріс өнімдерінің заттары, сондай-ақ
аталған сала бойынша мазмұндағы
түйіндеме мен тақырыптық шолу.
3) Әртүрлі мерзімдік және мерзімдік
емес басылымдар және басқа да
ғылыми-техникалық алмасу үшін
арнайы бекітілмеген, алайда осы
мақсатта пайдалана беруге болатын
ақпарат көздері: мысалы арнайы
кітаптар мен журналдар, жарнамалық
материалдар, нұсқаулар және сол тектес
арнайы ақпараттық көздер.
.

10.

№ 1 Алматы қазақ мемлекттік
гуманитарлық-педагогтік колледжі
Тақырыбы: Мәтінді
ықшамдау әдістері.
Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді
аудару.
Алматы 2016

11.

Компрессия (мәтінді ықшамдау)
–біршама жинақы пішінге келтіру
үшін, бастапқы мәтінді өзгерту
арқылы жүзеге асырылатын
аударма тәсілі. Контекспен немесе
тілден тыс жағдаятпен анықтала
алатын сөйлемнің артық
элементтерін түсіру, сондай-ақ
біршама жинақы құрылымдарды
қолдану арқылы жүзеге асады.
Мысалы: Күзеуден жеті көшіп
отырып, Қызылшоқы,
Қыдырға, Қөлқайнарға жеткен
Құнанбай ауылдары енді осы
аралардағы қыстау-қыстауына
тарамақ болатын(М.Әуезов.
«Абай жолы»).
Аулы Кунанбая дошли до
Кольгайнара в семь перегонов
(пер.А.Никольской, Т.Нуртазина и
Л.Соболева).

12.

Бір тілден екінші тілге аудару үдерісінде
мәтіннің жанрлық сипаты айрықша назар аудартады. Аудармашының аударатын мәтінінің
жанрлық ерекшелігіне орай алдына қоятын
мақсат-міндеттері де әртүрлі болып келеді.
Сонымен қатар әрбір жанрды аудару
заңдылықтарының өзіндік ерекшеліктері бар.
Аударма барысында жанр табиғатының
ерек- шеліктеріне мән берудің маңызы
зор. Жанр та- биғатының көлемі,
композициясы, кейіпкерлер саны, сюжеті
сияқты өзіндік ерекшеліктерімен қатар
оларды автордың қолдану, меңгеру шеберлігі де бар. Көркем аударманы зерттеу,
оны бағалау кезінде де осы аталған
мәселелерге тоқталмай кету мүмкін
емес.Түпнұсқадағы осы фактілерді
ескермей, көркем мәтін аудармасына
аударманың жалпы ережелерін, әдістәсілдерін қолдану әдістемелік тұрғыдан
да дұрыс болмайды.

13.

Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі – әңгіме. Әңгіме – қиын жанр.
Алды- мен көлемі шағын. Ол жазушыдан
барынша жи- нақы болуды талап етеді. Содан
соң оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол
шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі
соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты
болуы тиіс.
Аудармашы аударылатын әңгімелердің түпнұсқасымен ғана емес, қаламгердің тұтастай
шығарашылығымен және оған қатысты әдеби
зерттеулер, сын мақалалармен де танысуы қажет. Аудару кезінде оның тақырыбының
қалай- да түпнұсқамен сәйкес келуіне көңіл
бөлінеді.
Аударылған шығарманың көркемдігі,
мазмұн дәлдігі, стильдік сәйкестігі – басты
талабы.

14.

Повесть – орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі.
«... орта көлемді эпикалық түрдің жұрт таныған
кейбір жанрлық сипаты – мұнда шағын
эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға, адам өмірінің бір, не бірер эпизоды ғана емес, бір алуан
кезеңді құбылыстары кеңірек, біраз дамытыла
суреттеледі.». Аудару кезінде повестің осындай
сюжеттік- композициялық ерекшеліктерін танып,
бағалау – жұмыстың сапалы атқарылуының
кепілі болып табылады. Басты ерекшелік –
түпнұсқа- дағы стильдік-мәтіндік құрылымды
жеткізу. Роман жанры шытырман оқиғалы,
психоло- гиялық, әлеуметтік-утопиялық, тарихидетек- тивті, ғылыми-фантастикалық т.б.
бөлінеді. ХVІІІ ғасырдан бастап роман жетекші
жанр болып қалыптасты. Ол барынша ауқымды
сю- жеттік сипатпен ерекшеленеді. Ондағы ең
бастысы жекелеген тұлғаның мінез-құлығының
белгілі ортамен, қоғаммен қарым-қатынаста
дамуын көрсету. Әлеуметтік орта мінез-құлықты
ашудың аясы болып табылады. Сюжет –
кейіпкерлердің арасындағы тартысты дамытады,
мінез-құлықтың ішкі өзгерісін дәлелдейді

15.

Көркем шығарма дегеніміз мазмұны мен пішіні біртұтас бүтін
жатқан дүние. Оның идея- сын, мазмұны мен ой тереңдігін
немесе идея мен формасын бір-бірінен бөліп қарауға
болмайды. Демек, әр қайсысын әр түрлі әдіспен бөлек – бөлек
аударуға да болмайды. Проза шығарма- ларын аударуда
аудармашы бірінші кезекте мазмұн мен түр үйлесімділігіне
ерекше мән береді. Белгілі ғалым И.А. Кашкиннің көрсетуінше: «Белгілі бір көркем шығарманы жеткізуде ұлттық
түр (форма) тілді бұрмалау- мен немесе басқа грамматикалық
нормалармен орайластырумен жеткізілмейді, ұлттық түр халықтың ұлттық және әлеуметтік өзгешелігінің ең негізіне
тереңдей енуімен жеткізіледі».
Көркем аударманы біз ең алдымен көркем шығарма деп
білеміз. Демек аударма – шығар- мада суреттелген
обьективтік болмысты түп- нұсқаның тілі арқылы
реалистік тұрғыда ұға отырып, екінші тілдің образдық
жүйесі арқылы шынайы бейнеленген нұсқасы. Олай
болса, обьективтік болмысты суреттеуде түпнұсқаға
қандай талап қойылса, оның аудармасына да дәл сондай
талап қойылады. Демек өмірдің белгілі бір құбылысына
реалистік көзбен қарап, оны шынайы суреттеу үшін автор
қандай құрал, нендей тәсіл қолданған болса, соның бәрі
аудармашы үшін де заң. Реалистік тұрғыдағы дәл аударма
дегеніміздің мәнісін жалпы көркем шығармаға қойылатын
талаптарға байланысты іздеуіміз керек.
English     Русский Rules