802.66K

Калькалау тәсілі (сөзбе-сөз). Сөздіктермен жұмыс істей білу дағдысы

1.

№ 1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық-педагогтік колледжі
Тақырыбы:
Калькалау тәсілі
(сөзбе-сөз).
Сөздіктермен жұмыс
істей білу дағдысы
Алматы 2016

2.

Калькалау– түпнұсқаның
лексикалық бірлігін оның
морфемалық бөліктерін немесе
сөздерін (тұрақты тіркестер
болғанда) аударма тіліндегі
лексикалық сәйкестікпен ауыстыру
арқылы жүзеге асырылатын аударма
тәсілі.
Калька – сөзді немесе сөз тіркесін
сөзбе-сөз аударудың нәтижесі; басқа
тілдегі лексикалық-синтаксистік
модельдерге қазақ тілінің
модельдерін сәйкес келтіре отырып,
жаңа сөз немесе сөз тіркесін жасау.
Өзге тілдегі сөз тіркесінің, сөздің бір
бөлшегі үшін қазақ тіліндегі тура,
сөздікте ұсынылатын, грамматикада
көрсетілетін сәйкестік алынады.
Мысалы, ағылшынша-орысшақазақша сәйкестіктерді
салыстырсақ, House of Culture – Дом
культуры – Мәдениет үйі дегендер
калька болып саналады

3.

Калька арқылы жасалғандарға импорт
алмастыру (импортообмен), үштік
одақ (союз трех), жасыл көше (зеленая
улица), төртінші билік (четвертая
власть), түзеткіш (выпрямитель),
келтірілген ұзындық (приведенная
длина) деген үлгілерді атауға болады.
Алайда калька – формалды аударма; жиі
қолданысқа түскен сөз және сөз тіркесі
(терминдерден басқасы), калька
үлгісінің «сериялы» түрде жұмсалуы
тілдік стереотиптердің пайда болуына
әкеледі(салыстырыңыз: ақ алтын –
қара алтын – жұмсақ алтын). Сөйтіп,
сөзбе-сөз аударма сөйлем, абзац
деңгейінде, ал калька аударма сөз, сөз
тіркесі деңгейінде болады.

4.

Кальканың, тілші-ғалым Ғ.Қалиев
көрсеткендей, бірнеше түрі бар:
с ө з ж а с а м д ы қ калька – шет тіл
сөздерін морфемалық құрамы бойынша
аудару, мысалы: өндіріс
– орыс.производство, жазушы –
писатель, бесжылдық – пятилетка,
еңбеккүн – трудодень;
с е м а н т и к а л ы қ калька – сөздің
ауыс мағынасын аудару,
мысалы: қарау (мәселені) – орыс. рассмо
треть(вопрос), іс (әкімшілік, сот
жүйесінде) – дело (админ. и судебное);
ф р а з е о л о г и я л ы қ калька – шет
тіл фразеологизмін дәлме-дәл [сөзбе-сөз
– А.Ж.] аудару, мысалы: Қызыл алаң
– орыс. Красная площадь, қызыл ту –
красное знамя, шара қолдану – принять
меры, балықшы балықшыны алыстан
көреді – рыбак рыбака видит
издалека;
 ж а р т ы лай калька – сөзді жарымжартылай аудару, мысалы:
теледидар – орыс. телевидение,
фотоүлкейткіш – фотоувеличитель»
[

5.

Көптеген зерттеулерде дәлме-дәл
аударма деген терминді кездестіреміз, бұның
да калька, сөзбе-сөз аударма, әріпқойлық
дегендермен синонимдес жұмсалатын реттері
жоқ емес. Әр атауды нақтылай түсер болсақ,
дәлме-дәл аударма – екінші тілде бар бірнеше
сәйкестіктердің біреуінің түпнұсқа мәтіннің
мазмұнына және ең бастысы – аударманы
оқитын адамның ұлттық-танымдық
қабылдауына, тілдік деңгейіне сәйкес келуі.
Мәселен, «На улице идет снег» деген
сөйлемнің бірнеше нұсқасын жасауға болады:
Көшеде қар келе жатыр ¦ Көшеде қар жауып
жатыр ¦ Далада қар жауып тұр
Алғашқысы

калька
компоненттерге
құрылған сөзбе-сөз аударма; екнішісінде
ауызекі сөйлеу тіліне тән ерекшеліктер бар.
Соңғы вариант –түпнұсқаға толық сәйкес
келетін дәлме-дәл балама аударма болып
табылады; бұлай деуімізге себеп – қазақ
ұлтының концептілік ұғымына, сыртқы
дүниені
қабылдау,
пайымдауынан
қалыптасқан тәжірибесіне негізделген тілдік
бірліктер алынған,іс-әрекеттің дәл осы сәтте
жүріп жатқандығын көрсететін тұлға (жауып
тұр) жұмсалған. Лингвомәдени құзыретке ие
аудармашы нұсқалардың үшіншісін ғана
таңдайды, соңғы вариант түпнұсқадағы
ақпараттың мазмұнына сәйкес, қазақ әдеби
тілінің
нормалары
сақталған,
қабылдаушының ұғымына сәйкес келетін
дәлме-дәл балама балып бағаланады.

6.

Калькирования дегеніміз – оригиналдың
лексикалық бірліктерін, олардың
құрамдас бөліктерін – морфеманы
немесе сөзді - олардың аударма тіліндегі
лексикалық сәйкестіктерін ауыстыру
жолымен болатын аударма тәсілі.
Калькированиянің мәні бастапқы
лексикалық бірліктің структурасын
көшіре отырып, аударма тілінде
қайтадан жаңа сөз немесе тұрақты сөз
тіркесін жасау болып табылатын.
Мысалы: Superpower – «Сверхдержава»,
mass culture – «массовая культура», green
revolution – «зеленая революция».
Кейбір жағдайларда, калькирования
тәсілін қолдану калькаланатын
элементтердің тәртібін өзгерту
жағдайында болады: First-strike-weapon
– оружие первого удара, land-basedmissile – ракета неземного базирования,
rapid deployment force – силы быстрого
развертывания. Кейде аударма
процесінде транскрипция мен
калькирование бірмезгілде болады:
transnational – транснациональный,
petrodollar – нефтедоллар , mini-skirt –
мини-юбка.

7.

№ 1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық-педагогтік
колледжі
Тақырыбы:
Транслитерация аудару
тәсілі.Баяндамаларды,
сұхбаттарды аудару
шеберлігі.
Алматы 2016

8.

Транскрипция және
транслитерация дегеніміз –
оригиналдық лексикалық
бірліктерінің формасын аударма
тілінде әріптердің көмегімен
қайта жасайтын аударма тәсілі.
Транскрипция бойынша (арқылы)
бөгде сөздің дыбыстық формасы
қайта жасалынды, ал
транслитерация арқылы сөздің
графикалық формасы (әріптік
құрамы) қайта жасалынады.
Қазіргі заманғы аударма
практикасында транскрипция
транслитерацияның кейбір
элементтерін сақтай отырып
басты тәсіл болып табылады.

9.

Тілдердің фонетикалық және
графикалық жүйелері бір-бірінен
өзгеше болатындықтан бастапқы
тілдің сөздерінің формасын аударма
тілінде беру шартты және жуық
түрде алынады: absurdist –
абсурдист (автор произведения
абсурда), kleptocracy –
клептократия (воровская элита),
skateboarding – скейтбординг
(катание на роликовой доске).
Әрбір қатар тілдер үшін бастапқы
тілдің сөзінің дыбыстық құрамын
берудің ережелері жасалынады,
транслитерацияның элементтері
сақталынғаны жайлы көрсетіледі.
Ағылшын – орыс аудармаларында
ең көп кездесетін
транскрипцияларда транслитерация
элементтері негізінен кейбір
айтылмайтын дауыссыз
дыбыстармен редукцияға ұшыраған
дауысты дыбыстар боп келеді

10.

Мысалы: dorset [do:sit] - дорсет,
Campbell [‘kœmbәl] - кэмпбелл),
сонымен бірге дауысты дыбыстар
арасындағы қос дауыссыз
дыбыстарды және сөздің аяғындағы
дауыстыдан кейін келетін дауыссыз
дабыстарды беру: Bonners Ferry –
Боннерс Ферри, (boss-босс),
аудармада әлдеқашан белгілі үлгіге
сөздердің дыбысталуын
жақындастыратын, сөздердің
орфографияларының кейбір
ерекшеліктерін сақтау: (Hercules
missile – ракета «Геркулес»,
deescalation – деэскалация , Columbia
– Колумбия). Әдеттегі кейбір
бағынбайтын сөздер: тарихи
тұлғалардың есімдері және кейбір
географиялық атаулар: (Charles I –
Карл І, William III – Вильгельм ІІІ,
Edinborough - Единбург).
English     Русский Rules