425.35K
Category: sociologysociology

Қазіргі қоғамдағы маргинал мәртебесі

1.

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
CӨЖ
Тақырыбы:Қазіргі қоғамдағы
маргинал мәртебесі
Орындаған:Жекебай Айзада
Факультет: ЖМ
Топ:007-1

2.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі :
Маргиналдықтың туындау себептері
Қазақстандағы маргиналдарды жіктеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3.

Кіріспе
Маргиналдық – (латынша-margo -шеткі, шекара)
дәстүрлі түрде жеке тұлғаның қандай да бір
әлеуметтік қауымдастыққа толық сіңіспей, екі немесе
бірнеше әлеуметтік қауымдастықтардың арасында
әрі-сәрі күй кешіп, шекаралық жағдайда қалып қоюын
бейнелейтін ұғым. Бұл адамның психикасын өзгертіп,
бағыт-бағдары мен ұстанымдарына, өзін-өзі
айқындауы мен өмір салтына қатты ықпал ететін
қатерлі құбылыс. Бұл ұғымды алғашқылардың бірі
болып ғылыми айналысқа ендірушілердің бірі –
американдық социолог Роберт Эзра Парк болып
табылады.

4.

Жеке адамның маргиналдығы индивидтің белгілі бір
әлеуметтік топқа толық кірмеуімен сипатталады: кіргісі
келетін тобы оны бөтенсініп, толық қабылдамайды,
ал, өзінің «туған» әлеуметтік ортасы оны сатқын
ретінде санап, теріс айналады. Маргиналданған
индивидтер көбейе келе, маргиналдық топты
құрайды. Көп жағдайда бұған ықпал ететін
факторлар – қоғамның қалыптасқан әлеуметтік
құрылымының өзгеруіне әкеліп соғатын, саясат пен
экономикадағы жаңа ықпалды топтардың туындауы
болып табылады

5.

Қазақ­стандағы­маргиналдарды­бірнеше­топқа­жіктеуге­
болады:­
• Бірінші топ, мемлекет құрушы, төл этнос саналатын қазақ ұлтының
ішінен шыққан маргиналдардың тобы
1) «шала қазақтар»,
2) рушылдар,
3) жершілдер ;

6.

• екінші топ – ұлттық белгісі бойынша маргиналдық
жағдайға ұшыраған диаспоралар;
• үшінші топта орныққан мекендерінен түрлі
себептермен мәжбүрлі немесе ерікті түрде ауып,
жұмыс іздеген, арман қуған мигранттар (сыртқы және
ішкі көші-қон);
• төртінші топқа – діни белгісі бойынша өз ұлтының
дәстүрлі ұстанатын дінінен безіп, басқа діни ағымға
өтіп, түрлі секталарға мүше болып, сандалғандар;

7.

• бесінші топта – білімі мен кәсіби біліктілігі бойынша
аралық жағдайда қалғандар;
• алтыншы топ – Қазақстандағы трансұлттық
компанияларда қызмет істейтін, космополиттік санасезімдегі жұмысшылар мен ірі бизнестің өкілдері;
• жетінші топ – девиантты мінез-құлықты, моральды
деградацияға ұшырағандар;
• сегізінші топ – демографиялық белгі бойынша – жас
және жыныс ерекшеліктері бойынша өзін-өзі анықтай
алмай жүргендер.

8.

Қорытынды
Әрбір маргиналданған әлеуметтік топтың өзегінде белгілі бір
жеке адам, яғни, тұлға, ел азаматы тұр. Адам тағдыры елдің
тағдырына ұласады. Сол сияқты, маргиналданған жеке адамдар
жинала келе, тұтас ұлттың маргиналдануына алып келеді. Ал
маргиналданған ұлттың болашағы бұлыңғыр.

9.

Қолданылған әдебиеттер:
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналы
https://ru.wikipedia.org
testent.ru/load/studentu/sociologija
okymaterialdari.com
bigox.kz/aleumettanu
English     Русский Rules