Similar presentations:
Қоғамдағы дәрігердің ролі мен жауапкершілігі
1. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Дәрігерге дейінгі дайындық кафедрасыТақырыбы: “Қоғамдағы дәрігердің ролі мен жауапкершілігі.”
Тексерген:Алишева Г.Л.
Орындаған:Джузбанова А.У.
203-топ,ЖМФ.
2. Жоспары:
КіріспеДәрігердің кәсіптік міндеті.
Дәрігер кәсібінің әлеуметтік маңызы.
Дәрігердің әлеуметтік ролі.
Дәрігер және қоғамның қарым-қатынасы.
Қоғамның медик-маманына талабы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
3. Кіріспе
Дәрігер – медициналық білімі бар,жоғарыдәрежелі мамандық.Дәрігерлердің негізгі қызметі
мемлекет пен қоғамның өмірі мен денсаулығын
қорғау арқылы тиімді жағдайларын жасау.Халық
денсаулығы – баға жетпес байлық, мемлекеттің
қымбат қазынасы. Денсаулығы мықты адам ғана
қоғамға лайықты қызмет етеді, оның гүлденуіне,
экономикасын жақсартуға үлес қосады.
4. Көне медицинаның негізін қалаушы Гиппократ дәрігер жөнінде:
“Дәрігер,егер түсі жылы және шымыр...өзін-өзі жақсы,таза ұстаса,жақсы киімі
болса... Мейлінше мінезі тамаша, мырза,
мәнді және адам сүйгіш болсын.”- деген.
5. Дәрігердің кәсіптік міндеттері мен құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген.
28-бап. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерiМедицина қызметкерлері:
1) егер мұндай таңдау тексерілу нәтижелері бойынша көзделген
болса, онда пациентті емдеудің әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ
медициналық мақсатта пайдаланылатын құралдар мен бұйымдарды
таңдау мүмкіндігі туралы хабардар етуге;
2) өзінің қызметтік міндеттеріне сақтауға міндетті. Бұл ақпаратты
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана
сәйкес медициналық көмек көрсетуге;
3) кәсіптік міндеттерін орындау кезінде өздеріне мәлім болған
дәрігерлік құпияны ашуға жол беріледі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да
міндеттерді орындауға міндетті.
6.
27-бап. Медицина қызметкерлерінің кәсіптікқұқықтары
1. Медицина қызметкерлерінің мамандығы бойынша
және біліктілік деңгейіне сәйкес кәсіптік қызметке
құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
жағдайларды қоспағанда, медицина қызметкерлерінің
кәсіптік қызметіне мемлекеттік органдар мен басқа
ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың араласуына
тыйым салынады.
7.
29-бап. Дәрігерлік құпия1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың
денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы
ақпарат пен оны тексеру және (немесе) емдеу кезінде
алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.
2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген
жағдайларды қоспағанда, оқыту, кәсіптік, қызметтік және
өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны
құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды
жария етуіне жол берілмейді.
3. Пациентті тексеру мен емдеу мүддесіне орай, ғылыми
зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде
және өзге де мақсаттарға пайдалану үшін дәрігерлік
құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның
заңды өкілінің келісімімен басқа азаматтарға беруге рұқсат
етіледі.
8.
4. Азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіздәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді беруге
мынадай жағдайларда:
1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге
қабілетсіз азаматты тексеру және емдеу мақсатында;
2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар таралу
қатері болған кезде;
3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты
анықтау және алдын ала тергеу органдарының,
прокурордың және (немесе) соттың сұрау салуы бойынша;
4) кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз адамға
медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін
хабардар ету үшін;
5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы
әрекеттер салдарынан келтірілді деп есептеуге негіздер
бар болған кезде жол беріледі
9.
Дәрігер қандай болуыкерек?
10. 1. Дәрігер пациентке көмек көрсетуге әрдайым дайын болу керек және пациенттің құқығын құрметтеу керек.
11.
12. 2. Дәрігер өлімі жақындаған науқастарға бар күшімен көмек көрсетуі қажет.Тіпті,науқастың ауруына жасаған емі эффект көрсетпеген жағдайда
2. Дәрігер өлімі жақындаған науқастарға бар күшімен көмеккөрсетуі қажет.Тіпті,науқастың ауруына жасаған емі эффект
көрсетпеген жағдайда да көмек көрсетуге міндетті.
13.
14. 3. Дәрігер альтруист болуы қажет,яғни барлық нәрсені сезіне білуі және жұмысына шыншыл,адал болуы керек.
15.
16. 4.Дәрігер пациентті емдеуде өзінің жоғары дәрежелі коммуникативтік дағдыларын көрсете білуі керек.
17. 5.Дәрігер этиканы сақтай,пациенттің туысымен науқастың ауруы жайлы әңгімелесе білуі керек.
18. 6.Дәрігер өмір бойы өзінің білімін медицина ғылымының және заман талабына сай жоғарылатып отыруы қажет.
19. 7.Дәрігер ғылыми медицинаның негізін,тарихын білуі керек және білімін тәжірибе жүзінде игере алуы қажет.
20. 8.Дәрігер міндетті түрде басқа медицина қызметкерлерімен әріптес болуға дайын болуы қажет және бірігіп жұмыс жасай білуі керек.
21.
22. Қорытынды
Дәрігерлік мамандық – жауапкершілікті,біліктілікті талап ететін жауапты қызмет. Оның
жұмысында ұсақ-түйек болмайды. Себебі,
оның жұмысы адамның бұл өмірдегі ең қымбат
денсаулығы мен өмірін сақтауға байланысты
мамандық. Түптеп келгенде, оның қолында
адам өмірі, болашақ тағдыры тұр. Алдыңа үміт
артып келген адамның көңілінен шығу, сенімін
ақтау үлкен жетістік. Ендеше, көпшілік
арасында білгір маман ретінде бағаланып,
абыройға бөлену – әрбір дәрігердің басты
мақсаты болғаны мақұл. Ол үшін ерінбей көп
оқып-ізденіп, жалықпай үйреніп, білгенін
көңілге тоқып, мол тәжірибе жиғаны ләзім.
Сонда ғана ол жақсы маман, абзал дәрігер
болады. Дәрігер қазіргі зиялы қауымның
алдыңғы толқынында болып, өзінің жоғары
қабілетімен, мәдениетімен, ақжарқын мінезімен
ерекшеленіп тұрғаны қандай ғанибет!
23. Қолданылған әдебиеттер:
1.Сағындық Ордабеков, дәрігер-хирург, медицинағылымдарының докторы, профессор « Медицина
саласы» Тараз, 2006ж.
2. Нина Қайыпова, дәрігер-гинеколог, гинекология
ғылымдарының докторы «Дәрігер білуі қажет.» ,
Алматы, 2001ж.
3. www. Google. ru.
4. www. Medik. kz