643.00K
Category: warfarewarfare

Мемлекет қорғанысының конституциялық негіздері

1.

Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштері – мемлекеттік қауіпсіздіктің кепілі
ТАҚЫРЫП: Мемлекет қорғанысының конституциялық
негіздері
1. Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға мемлекет қорғанысының
конституциялық негіздерін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
тағайындалуы мен құрамын түсіндіру. Оларда әскери іс пен Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы әскери қызмет негіздерін ой
елегінен өткізіп, түсінуді қалыптастыру
2. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Взвод командирі білімгерлерді сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт
береді, амандасу, түгендеу, білімгерлердің сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі:
1.«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің мақсаты
қандай?
2.«Алғашқы әскери және технологи ялық дайындық» сабағы қандай
заңдар мен қаулыларға сәйкес жүргізіледі ?
3.«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқулығы қандай
бөлімдерден тұрады ?

2.

б) Негізгі бөлім:
Қазақстан Республикасының Конституциясының мемлекет
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі ережелері
Қазақстан Республикасының тарихи қалыптасқан аумағы Ресей,
Қытай, Өзбекістан Республикасы, Қырғыз Республикасы және
Түркіменстанмен шектеседі.
“Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
шекарасы”
туралы Заңы бойынша біздің мемлекетіміз өз аумағын
құрылықта, суда және әуе
кеңістігінде
Стын
ұстанатыны, Қарулы Күштер арқылы
қорғайды. Қазақстан шекарасын Шекара қызметі күзетеді. Ол
аумақтың тұтастығына жасалған кез келген қастандық
әрекеттерге, кез кезген қарулы қақтығысқа тойтарыс беріп,
адамдарды қылмыстық озбырлықтан қорғауға міндетті. Олар
шекара бұзушыларды анықтап, ұстауға тиіс.
Мемлекет аумағы бөлінбейді және оған қол сұғылмайды.
Мемлекет аумағына басқа мемлекеттің басып кіруі агрессия болып
саналады,
ондай
жағдай
халықаралық
құқық
бойынша
айыпталады.

3.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы
30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізін де қабылданды.
Конституцияда Қазақстан басқа мемлекеттермен ынтымақтастық
және тату көршілік қатынас саясатыны ұстанатыны, олардың ішкі
араласпайтындығы, даулы мәселелерді, оның ішінде, аумаққа
қатысты дау-дамайды бейбіт жолмен шешетіндігі, бірінші болып
қарулы күш қолданудан бас тартатындығы айтылған. Республикаға
қарсы агрессия немесе оның қауіпсіздігіне сырттан қатер төнген
жағдайда Президент елдің
барлық аумағына немесе оның
Стын ұстанатыны,
жекелеген аймақтарына әскери жағдай енгізіп, ішінара немесе
жаппай жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика
Парламентін дереу хабардар етеді.
Қазақстан өзінің басты мақсаты ретінде әлемдік қауымдастықтың
ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға қатысады және кез келген
бейбітшілікті сақтау шараларына белсенді түрде көмектесуге
міндеттеме алады.

4.

Әскери қауіпсіздік – адам мен адамзаттың, қоғам мен
мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің әскери күшті
қолданумен немесе оны қолдану ниетімен және ішкі
қатерлерден қорғалғандығының жай-күйі.
Қазақстан Республикасы Президенттің басшылығымен,
ұжымдық қауіпсіздікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге бағытталған шаралар жүйесі жүзеге асырылып, басқа
мемлекеттермен
өзара
тиімді
бейбіт,
достық
және
ынтымақтастық саясатын жүргізумен бірге үздік қызмет атқарып
келе жатқан ҚазақстанСтын
Республикасының
Қарулы Күштері
ұстанатыны,
түріндегі өзінің қорғаныс жүйесін құру мен оны жетілдіруді
көздейді. Өзінің мақсаты мен мазмұны жағынан агрессияға тек
Қарулы Күштер қарсы тұра алады.
Қазіргі кезде Қарулы Күшердің күш-қуатын арттыруға
бағытталған үлкен жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте біздің
еліміз өз қауіпсіздігі мүдделерін, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт
ұйымы
(ҰҚШҰ)
шеңберіндегі
достас
мемлекеттердің
қорғаныстық мүдделерін, біріңғай әскери сиратегиялық кеңістікті
сақтау және дамыту қажеттілігін басшылыққа алады.

5.

Конституцияда көрсетілгендей, республиканың егемендігі оның
бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол
сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
“Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері
туралы”
Заңда
қорғаныс
мақсаттарында
Қазақстан
Республикасы азаматтарының әскери міндеті, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген міндеттердің
өзге де түрлерінің белгіленетіні көрсетілген.
Стын
ұстанатыны, үкімет органдары мен
Заңға сәйкес, барлық
мемлекеттік
басқармалар қол
астындағы
барлық
кәсіпорындардың,
мекемелердің, ұйымдардың, сондай-ақ
лауазымды тұлғалар
мен азаматтардың Қазақстан Республикасы қорғанысы туралы
заңдылықтарын
орындауына
жауап
береді. Республика
азаматтары өз мемлекетінің мүддесін сақтауға, оның қуатын
нығайтуға, Отанды қорғау
үшін
өзіні дайындауға және
Қазақстан
Республикасы
заңдылықтарында
қарастырылған
қорғаныс мақсатындағы басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

6.

Республикадағы әскери қызмет атқарудан бас тартқан азаматтар
заң бойынша жауапқа тартылады. Осылайша, Қазақстан
Республикасының қорғанысы – бұл әскери қауіпсіздікті, егемендікті
қарулы
қорғауды,
аумақтық
біртұтастық
пен
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасына қолсұғылмаушылықты
қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыратын саяси, әскери,
экономикалық ақпараттық, мемлекеттік іс-шаралар жүйесі.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының
негіздері
Конституцияда
көрсетілгендей,
Қазақстанның
Стынзайырлы
ұстанатыны,
демократиялық, құқықтық,
және біртұтас мемлекет
болуынан көрінеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік біртұтастығының кепілі
– Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Қазақстанның
егемендігі оның бүкіл аумағына тараған және оның заңдары бүкіл
республика үшін міндетті. Қазақстан Республикасы өз аумағының
біртұтастығын, бөлінбеуін және оған қол сұғылмауын қамтамасыз
етеді. Өзінің бұл міндетін Қазақстан Республикасы егеменді
мемлекет ретінде Шекара қызметі және бүтіндей Қарулы Күштердің
көмегімен жүзеге асыруға құқылы.

7.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, олардың
құрамы мен тағайындалуы
Қакақстан Республикасының Қарулы Күштеріне Құрлық
әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері, сондайақ Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі мен Ұлттық Ұлан
кіреді.
Құрлық әскерлері – Қазақстанның аумақтық тұтастығы
мен ұлттық құндылықтарын қорғауға, әскери қимылдар
алаңында қарсылас агрессиясына тойтарыс беруге арналған
көлемі ауқымды әрі ұрыс қимылдары мен әскери операция
жүргізу әдістері және қарулануы бойынша әр алуан болып
келетін Қарулы Күштердің бір түрі.
Құрлық әскерлерінің құрамына Аймақтық командалық
басқармалары, десанттық - шабуылдау әскерлері, зымырандық
әскерлер мен артиллерия кіреді. Олар әртүрлі қаруларды және
техникаларды үйлестіре қолданады.

8.

Әскер түрлеріне – мотоатқыштар және артиллерия әскерлері,
ал арнайы әскерлерге инженерлік, химия, байланыс, радио және
радиотехникалық, автокөліктік әскерлер және т.б. жатады.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері зениттік зымырандық және радиотехникалық әскерлерден тұрады.
Зенитік - зымырандық аскерлер әртүрлі мақсаттағы ракеталық
қондырғымен қаруланған. Зениттік - зымырандар объектіні кез
келген қашықтықта, биіктік пен ушу жылдамдығына, жылдың
тәулігі мен мезгіліне,Стын
ауа
райының жағдайына және
ұстанатыны,
радиокедергілерге қарамастан жоя алады.
Қазақстан
Республикасы
Әуе
қорғанысы
күштері
мемлекеттің әуе шекарасын және әскерлерді қарсыластың
соққысынан қорғайтын маңызды құрал болып табылады.
Олардың құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері
және әскери әуе күштері кіреді.

9.

Радиотехникалық әскерлер – әуе кеңістігін үздіксіз бақылап
отырады, жаудың объектілерін, олардың координаттарын,
жылдамдығын, ұшу бағытын анықтайды және зениттік зымырандық әскерлер мен авиацияға қарсыластың шабуылын
қайтаруға, оларға тойтарыс беруге мүмкіндік жасайды.
Әскери ауе күштері. Әскери әуе күштерінің негізін күшті
зымырандық пулеметтік қару - жарақпен және жетілдірілген
радиоэлектрондық қондырғылармен жабдықталған реактивтік,
дыбыстан жылдам ұшатын авиация құрайды. Әскери әуе күштері
майдан, әскери және әскери
- тасымалдау авиацияларынан
Стын ұстанатыны,
тұрады. Әскери әуе күштері өз міндеттерін орын дау үшін әртүрлі
мақсаттағы ұшақтарды: жойғыш ұшақтар мен бомбалаушыларды,
барлаушы және басқа да ұшақтарды, сондай - ақ тік ұшақтарды
пайдаланады.
Әскери теңіз күштері Қазақстан Республикасының
аумақтық тұтастығын және экономикалық мүддесін Каспий
теңізімен шекаралас өзендердегі қазақстандық секторын
қорғауға теңіздегі ұрыс қимылдары мен операцияларының
барлық түрлерін жүргізуге арналған.

10.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шегара қызметі аймақтық
басқарма мен жабдықтау бөлімдерінен тұрады. Шегара қызметі
мемлекеттік шегараны әрдайым қырағы күзетіп, оны қорғауға және
қарсыластың шабуылына тойтарыс беруге қабілеттілігі, шегара шы
әскерлердің жоғары әскери шеберлігі Отанымыздың аумақтық
біртұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметі мемлекеттік шекараның тұтастығын және қол
сұлылмаушылығын қамтамасыз ету, шекаралық кеңістікте
заңдылық пен белгіленген тәртіпті ұстап тұру мақсатында
құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда (оның
ішінде су астындағы ортада) мемлекеттік шекараны қорғауды
және күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып
табылады.
Шегарашылардың қару - жарағында атыс қаруларының барлық
түрі, танкіге қарсы құралдар және қазіргі заманға қажетті әскери
техника,байланыс, бақылау құралдары бар.

11.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы – Қазақстанның ішкі
істер органдарының біріңғай жүйесіне кіретін, құқықтық қорғау
қызметін атқаратын әскери құрылым.
Ұлттық ұлан қоғам мен мемлекеттің, жеке тұлғаның қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге, адам мен азаматтық құқықтары мен
бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы
қолсұғушылықтардан қорғауға арналған. Жұмылдыру жарияланған
кезде Ұлттық ұлан Қарулы Күштер құрамына енгізіледі. Қазақстан
Республикасының қолданыстағы
әскери доктринасына сәйкес
Стын ұстанатыны,
Ұлттық ұлан ұтқыр, тұрақты, кәсіби дайындықтағы әскер ретінде
қалыптастырылады . Ұлттық ұланға ішкі қарулы жанжалдардың
жолын кесу бойынша жүктелген міндеттерді шешуде оны күшейту
үшін Қазақстан Республи касы Қарулы Күштерінің кұрамалары мен
бөлімдері тартылуы мүмкін. Ұлттық ұланның кейбір бөлімшелері
ұжымдық жедел ден қою күштері ҰҚШҰ ( Ұжымдық қауіпсіздік шарт
ұйымы ) құрамына кіреді.

12.

в) Қорытынды бөлім:
Сұрақтар:
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан қандай
мақсаттарға қол жеткізбек?
2. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қарулы Күштердің рөлі
қандай?
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлерін атаңдар.
4. ҚР Қарулы Күштері әскерлерінің түрлері мен тектерінің
тағайындалуы туралы айтыңдар :
4.1. ҚР ҚК Құрлық әскерінің зымырандық және артиллериялық
болып бөлінуін;
4.2. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің , еуе шабуылына қарсы
қорғаныс әскерлерінің (радиотехникалық, зениттік - зымырандык,
әскери әye күштері) міндеттері.
5. ҚР Ұлттық ұланының мақсаты мен міндеттері қандай?
6. ҚР ҚК - нің қандай оқу орындарын білесіңдер?
7. Әскери кадрларды даярлау қандай мамандықтар бойынша
жүргізіледі?

13.

Тапсырма:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 8 - бабын оқып,
мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету және даулы мәселелерді
шешу принциптерін сипаттаңдар.
30.08.1995 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясы
республикалық референдумда қабылданған, 5.09.1995 жылы
республикалық референдум нәтижелерін жарияланған күні өз
күшіне енген.
8 - бап. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың
принциптері мен нор маларын құрметтейді , мемлекеттер арасында
ынтымақтастық пен тату көршілік қарым - қатынас жасау, олардың
теңдігі мен бір - бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық
дауларды бейбіт жолмен шетшу саясатын жүргізеді, қарулы күшті
бірінші болып қолданудан бас тартады .
English     Русский Rules