Қола дәуіріндегі Қазақстан
Қола дәуірінің кезеңдері
Ерекешеліктері
Андронов мәдениеті.
Шаруашылығы
Андронов қолөнері
Үй кәсіпшілігі
Қоғамдық құрылысы
Андронов кеншілері
Андроновтықтар баспанасы
Дін және өнер
Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері.
311.00K
Category: historyhistory

Қола дәуіріндегі Қазақстан

1. Қола дәуіріндегі Қазақстан

2. Қола дәуірінің кезеңдері

1.Ерте қола дәуірі (федоров кезеңі)-б.з.б
XVIII-XV ғасырлар.
2.Орта қола дәуірі (алакөл кезеңі)- б.з.б XVXIII ғасырлар
3.Кейінгі қола дәуірі (замараев кезеңі)- б.з.б
XII-VIII ғасырлар.

3. Ерекешеліктері

Түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен
игерілуі (қола металлургиясы).
Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі бақташылық
мал шаруашылығы мен теселі егіншілік пайда
болды.
Әкелік отбасылық рулық қатынас орнады.
Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық
бірлестіктер құрыла бастады.
Андроновтық тайпалар алғаш болып
экономикалық өмірдің озық түрі- көшпелі мал
шаруашылығына көшті.

4. Андронов мәдениеті.

Бұл мәдениеттің алғашқы ескеркіші
табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск
қаласы маңындағы Андроново селосына
байланысты бұл кезең- андронов
мәдениеті деген атау алды.
Андронов тайпалары Қазақстанның
барлық аймағын мекендеген. Негізгі
қоныстанған ауданы- Орталық
Қазақстан

5. Шаруашылығы

Қола дәуірі ісі мыс пен қалайыны қорыту
арқылы б.з.б 2 мыңжылдықта
басталды.Андроновтықтарда, негізінен,
отырықшы шаруашылық басым болған.Бұл,
әрине, егін шаруашылығы дамығанын
көрсетеді.Жер тесемен өңделгендектен, сол
кездегі егіншілік “теселі егіншілік” деп
аталған.Көбінесе бидай, тары өсірілген.
Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, кейіннен
түйе өсірген.Терісі мен жүнін киім ретінде және
қосымша жануарларды көлік, күш ретінде
пайдаланған.

6. Андронов қолөнері

Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген
тайпалар қыш ыдыстар жасаған.Бұл көбінесе
әйелдер ісі болған. Мұндай ыдысты жасағанда
негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған.
Ыдысты жасау әдістері:
таспалық әдіс
Қалыпқа салып пішіндеу әдісі
Ыдысқа салынатын өрнектер:шаршы, үшбұрыш т.б

7. Үй кәсіпшілігі

Тоқыма кәсібі дамыды
Киім тігуге пайдаланған шикізаттар:қой
жүні, ешкі түбіті, тері, сүйек (түйме
жасауға), тарамыс жіп.
Киімдер:жүннен тоқылған баскиім, теріден
тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б

8. Қоғамдық құрылысы

Әкелік әулет пайда болды (ру).Әр рудың
аты болды.мал, үй мүліктері, еңбек
құралдары рудың байлығы болып
есептелді.Жеке меншік пайда болды.
Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен
кедей ұғымы дүниеге келді.

9. Андронов кеншілері

Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары:Жезқазғандағы
мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен
Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. 3 мыңжылдық.)
Кен өндіру әдістері:
опыру әдісі;
отпен үгіту әдісі
үңгітіп қазу әдісі
Андроновтықтар өндірілген кенді суда жуған. Ол кендер
балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері
Атасу,Суықбұлақ,Қанай маңындағы андроновтықтар елді
мекендерінен табылған.

10. Андроновтықтар баспанасы

Тұрғын үйлері:жертөле немесе жартылай жер
бетіндегі үйлер.
Тұрғын үй аумағы:100-400м2.Жертөле
тереңдігі 1,5м.Қола дәуірінің соңындағы
үйлер- жер бетінде салынған сопақша
үйлер.Археологиялық зерттеу нәтижесінде
қазіргі киіз үй жобысы андроновтықтар
баспанасы негізінде пайда болуы мүмкін
деген пікір бар.

11. Дін және өнер

Қола дәуіріндегі адамдар ең алдымен табиғат күштерне
табынды.Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған,
сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген.
1.
Адамдарды жердегенде басын батысқа немесе оңтүстік- батысқа қаратқан.
2.
Өліктің аяқ қолын бүгіп қабірге жатқызған.
3.
Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған.
Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған.Отбасы үшін өте қасиетті
саналған оншақты андроновтықтар қатты құрметтеген.
Тасқа салынған суреттер Таңбалы, Ешкіөлмес,Маймақ,Бөкентау, Жасыбай,
Хантау, Бұланты, Айтпай т.с.с жерлерден табылған.
Тасқа салынған суреттер:жабайы бұқа, билеген адамда, қос өркешті түйе, екі
аяқты арба, әскерлер шайқасы.
Әшекейлер:сақина тәрізді дөңгелек сырға, алтын білезі т.б
Әшекейлер Жетісудағы Мыңшұңқыр қабірінен (аңдық стильге өрнектелген
сырға), Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан (алтын білезікт.б)
табылған.

12. Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері.

Орталық Қазақстан:
Бөрібас, Алғабас, Атас, Дәндібай,
Бесоба, Байбала, Бұғылы, Ақсуаюлы, Беғазы, Талды, Мыржық,
Ақмая,Обалы, Берікөл
Шығыс Қазақстан:
Қанай, Трудникова,Малокрасноярка,
Оңтүстік Қазақстан:
Тегіскен,Таутары.
Солтүстік Қазақстан:
Садчиковское,Алексеевское,Затоболь
ское,Приречный, Чаглинка,Төңкеріс,
Ақмола,Арқайым,Новоникольское.
Батыс Қазақстан:
Ахмет- ауыл, Бесбай, Тастыбұлақ,
Кергелді.
English     Русский Rules