Similar presentations:
Ноосфера биосфераның жоғарғы эволюция сатысы ретінде
1. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Жалпы гигиена, экология және тағам гигиенасы
СӨЖТақырыбы: Ноосфера биосфераның жоғарғы
эволюция сатысы ретінде.
Ноосфера туралы Вернадскийдің ілімі.
Адамның биологиялық
түр ретінде эволюциялық ерекшеліктері.
Орындаған: Арынтаева Р.
114 топ ЖМФ
Тексерген: Жакетаева Н.Т.
Қарағанды, 2010ж.
2.
МазмұныКіріспе
Жоспары
• Экология туралы жалпы түсінік
• Ноосфера туралы ілім
• Адамның биологиялық түр ретінде
эволюциялық ерекшеліктері.
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер
3.
КіріспеЖалпы экология пәні адамды қоршаған ортаны танып
білу, оны қалай қорғау, қалай қамқорлық жасау, табиғи
байлықтарымызды қалай сақтап қалу және т.б. үшін
оқытылады. Бұл жүйеде адам мен қоршаған ортаның
байланысы биологиялық емес, қоғамдық заңдылықтар
тұрғысынан қарастырылып, қоғамдық-философиялық
ғылымдардың зерттеу объектісі болып келген еді. Қазір
“Экологияның” табиғатты ұтымды пайдаланудың өткір
проблемаларын шешуде орны үлкен дербес салалы
ғылым ретіндегі маңызы артып келеді. Қоршаған
ортаның экологиялық мүмкіндіктері мен экологиялық
дағдарыстары туралы мағлұматтары жүйеге келтірілген.
Сонымен қатар экологиялық факторлардың
организмдерге көрсететін әсеріне, популяциялар
санының динамикасына, биологиялық
қоғамдастықтарының құрылымы мен даму жолдарына
қатысты жасалған. Экология дербес ғылым ретінде XIX
ғасырдың аяғында бөлініп шықты. 1866 жылдың 14
қыркүйегінде Э.Геккель өзінің “Ағзалардың жалпы
морфологиясы” деген кітабын бітіріп, онда экологияға
алғаш анықтама берді:“Экологияның астарынан біз
ағзалардың қоршаған ортаға қарым-қатынасы туралы
жалпы ғылымды ұғынамыз, оған біз осы сөздің кең
мағынасыедағы барлық тіршілік ету жағдайларын
қатысты етеміз” деген.
4.
Биосфера – Жердің қабаттарының бірі, оның құрамы менэнергетикасы өзнің мәнді белгілерінде тірі заттың жұмыс
істеуімен анықталады. Биосфераға жер ғаламшарының тек
тіршілігі ғана бар емес , қандай да бір деңгейде
тіршілікпен өзгертілген немесе қалыптастырылған сыртқы
аймағы жатады. Ал Вернадский бойынша биосфера –
тіршілік бар немесе қандай да бір кезеңде тіршілік болған
және үнемі тірі ағзалардың әсер етуіне ұшырайтын немесе
ұшыраған планета аймағы. Вернадский Владимир
Иванович (1868-1945) көрнекті орыс биохими-ғалымы,
“Биосфера” (1926) және “Ноосфера туралы бірнеше
сөз”(1944) монографияларында баяндалған биосфера
туралы ілімнің негізін қалаушы.Вернадский тірі зат – бүкіл
Дүниедегі ең белсенді материя формасы деді. Ол өзінің
тіршілік ету барысында Жердің үстіңгі қабатын толығымен
жаңартып, биосферада аса зор геохимиялық жұмыстар
жүргізген. Бірінші рет биосфера туралы түсінік ұлы
француз натуралисті Жан Батиста Ламарктің (1744-1829)
жұмыстарында кездеседі. Биосфераны тіршілік иелерінің
мекен еті ортасы мен тіршілік орын алған сфера ретінде
түсінуді 1875 жылы австралиялық ғалым Э.Зюсс ұсынды,
бірақ бұл түсінік кейін ұмытылып қалған. Биосфера туралы
жалпы ілімді жасаған белгілі орыс ғалымы Вернадский
болды. Ол планеталық тірі заттардың планетаның бетәлпетін өзгертуге және оның дамуына қолайлы
экожүйелерді қалыптастыруға қабілетті аса қуатты
геологиялық фактор екенін дәлелдеді.
5.
Вернадский Владимир Иванович6.
Жан Батиста Ламарк пен Э.Зюсс7.
Биосфера – бұл тіршілік жайлаған емес,онымен құрылымдық құрастырылған геологиялық
жер қабығы. Мұнда биосфера ғаламшар жүйесі
ретінде жер және ғарыш үрдістерінің өзара
әрекеттестігінің бірлігіне ие Жердің ірірек үстіңгі
жүйесіне енеді. Осылайша лиосфераның
маңызды ерекшеліктеріне оның ұйымдасуы мен
тұрақты динамикалық тепе-теңдігі жатады.
Ұйымдастық принципі биосфераның құраушы
бөліктерінің шашыраңқы бей-берекетсіздігі емес,
қандай да бір біріккен және байланысқан
тұтастық екенін білдіреді. Мысалы, биосфераның
ұйымдасуының термодинамикалық деңгейі өзара
байланысқан екі қабаттардың: фотосинтездеуші
ағзалары болатын жарық, жоғарғы және жер
асты тіршілігінің аймағы орналасқан топырақты,
төменгі болуынан көрінеді. Жалпы, носфера –
ақыл-ой сферасы – биосфераның дамуында
адамзат қоғамының ойлы және саналы
әрекеттілігінің басты ролімен сипатталатын
биосфераның даму кезеңі.
8.
Бізді қоршаған ортаның адам баласына тигізген әсеріде болды. Соның арқасында адам өзнің эволюциялық
дамуында тоқтап қалмай әрі қарай дамыды.Егер
өткенге көз салсақ адамның эволюциялық дамуы өте
күрделі, әрі ұзаққа созылғанын көреміз.Адамзат
қоғамның қалыптасуының ерте кезеңдерінде-ақ
адамдардың тіршілік ету жағдайлары мен олардың
денсаулығының ерекшеліктерінің арасындағы байланыс
байқалған. Осыдан екі мың жылдай бұрын ежелгі
кезеңнің ұлы дәрігері Гиппократ (шамамен б.з.д.460370) түрлі жерлерді мекендеген тұрғын халықтарының
денсаулығына климаттың, судың, рельеф пен жыл
мезгілдерінің тигізетін әсерін сипаттап қана қоймай,
Жерорта теңізінің еуропалық, азиялық және
африкалық жағалауларын мекендеген халықтарға
салыстырмалы антропологиялық сипат берді.Оның
еңбектерінде сыртқы ортаның факторлары, тіршілік
сипаты адамның тәндік және жандық қасиеттерінің
қалыптасуына белгілі бір ықпалын тигізетінін
дәлелдейтін көптеген дәлелдер бар. XVII ғасырда түрлі
аймақтардағы табиғи және әлеуметтік жағдайладың
сол жерді мекендейтін адамдардың денсаулығына
әсерін зерттейтін ғылым – медициналық география
пайда болды
9.
Гиппократ10.
Адам эволюциясының негізгі кезеңдері – төрттікмұзбасу дәуірінің кезінде қалыптасқан климаттық
өзгерістер уақыттарына сәйкес келеді.
Ең ежелгі адамдар (архонтроптар).
1974 жылы американ археологтары Шығыс
Африкадан осыдан 2,5 млн жыл бұрын өмір сүрген
адам қаңқаларын тапты , оны “австралопитек”деп
атады. Оның бойы кәдімгі шимпанземен бірдей, екі
аяғымен жүрді. Гоминидтерден айырмашылығы
олардың қолдары дамыған, бас бармағы мықты
болған. Олдувай- Шығыс Африкада
австралопитектердің қаңқалары табыоған
жер.Сонымен қатар олар аң сүйегін, ағашты, т.б.
қаруға пайдаланған. Ғалымдар бұл адамдардың дене
тұрпаты мен тас құралдарына қарап, оларды епті
адам деп атады. Ми көлемі 600-650куб см.
11.
Адамның келесі даму сатысы тік жүретін адам,оның өкілдері питекантроп – маймыл адам
синантроп – қытай адамы. Питекантроп
синантроптан бұрын өмір сүрген деген жорамал
бар. Шамасы б.з.б. 800-500 мың жыл бұрын өмір
сүрген (питекантроп). Алғашқы питекантроптың
сүйек қалдықтары 1890-92жылы Оңтүстік Шығыс
Азиядағы Ява аралынан табылды.Олардың бел
омыртқасы мен тізе сүйегі тік жүруге
бейімделген. Сондықтан оларды тік жүретін адам
деген. Ми көлемі 1000куб см.
12.
Ал синантроптың қалдықтары (40 адамныңсүйегі) 1927 жылы Қытайдағы Чжо-коу-дянь
үңгірінен табылған. Олар от жағуды білген. Ми
көлемі 1000куб см.
13.
Адамның дамуының келесі сатысы неандертальдеп аталады. Ол алғаш Германияның Неандерталь
деген жерінен табылған. Олардың қалдықтары
жер шарының көп аймақтарында кездеседі. 1938
жылы академик А.П.Окладников Өзбекстандағы
Тетіктас үңгірінен неандерталь баланың сүйегін
тапты. Олар от жағуды, ағаш, тас құралдарын,
малдың, аңның терісін киім орнына пайдалануды
білген. Олардың өмір сүрген дәуірі б.з.б.300-250
мың жыл бұрынғы мерзім деп есептелінеді.
Олардың қоныстары үңгірлерде, тас қуыстарында
орналасқан.Бұл дәуірде адам баласының өнер
туындылары шығып, діни түсініктердің қалыптаса
бастағаны аңғарылады.
14.
Дене бітімі, түр-тұрпаты, ойлауы қазіргі адамғаұқсас адамды саналы адам – хомо сапиенс деп
атаған. Саналы адамның қалыптасып бітуі
осыдан 40 мың жыл бұрын , кейінгі палеолит
кезеңінде жүзеге асты деп есептейміз. Оның
сүйек қалдықтары Францияның Кро-Маньон
үңгірінен табылған. Ғалымдар осы саналы
адамдың пайда болуымен адамның қалыптасу
процесі аяқталды деп есептейді. Бұдан әрі
саналы адамдардың тарихы басталады.
15.
ҚорытындыҚорыта айтқанда, биосфера барлық тіршілік өмір
сүріп тұрған жоғарғы Жер қабығы. Оның
болашақтағы бұзылуы немесе орнында қалуы біздің,
яғни адамдардың қолында. Оны қорғау, оған
қамқорлық жасау адазаттың сарқылмас міндеті,
себебі адамның эволюциялық дамуында табиғат
ерекше үлес қосты. Қазіргі экологиялық
проблемалар да адамның өзінің пайдасына шешкен
барлық іс-әрекеттерінің салдарынан деп білемін.
Сондықтан адам оны сақтап қалу үшін көп
еңбектену керек. Биосфера – тіршілік бар немесе
қандай да бір кезеңде тіршілік болған және үнемі
тірі ағзалардың әсер етуіне ұшырайтын немесе
ұшырыған планета аймағы. Академик А.А.Яшиннің
айтқанындай, тіпті артына ірі негативті із
қалдырған екінші дүниежүзілік соғыстың өзі
табиғатта қалыптасқан тепе-теңдікті бұза алған
жоқ. Сондықтан адам осы Жар шарында өмір сүріп
жатқандықтан ол оны қорғау керек.
16.
Қолданылған әдебиеттер1. З.М.Молдахметов,А.М.Ғазалиев,С.Д.Фазылов
Экология негіздері 2002ж, Қарағанды.
2. Жамбыл Артықбаев, Әділхан Пірманов
Қазақстан тарихы, 2008ж,
“Атамұра”Алматы .
3. “ШЫҢ”оқулық-тест Хадиша Кенжеқұлқызы
Ермұханова, 2008ж Алматы
4. Оспанова. Экология негіздері. Алматы:
2002ж
5. Оспанова Г.С., Бозашатева Г.Т., «Экология»
Алматы Экономика. 2002ж