Similar presentations:
Жалпы қоршаған орта химиясына кіріспе. Қоршаған орта химиясы пəнінің мақсаттары мен зерттеу нысандары. Даму тарихы
1. Жалпы қоршаған орта химиясына кіріспе. Қоршаған орта химиясы пəнінің мақсаттары мен зерттеу нысандары. Даму тарихы.
2.
Қоршаған орта дегеніміз - бізді айнала қоршаған ауа, су,топырақ қабаттары.
Қоршаған орта химиясы - қоршаған ортаның (ауа, су,
топырақ) химиялық ластануын зерттейтін, олардың табиғи
жəне антропогендік себептерін, əсерлерін анықтайтын,
ластанудың алдын алу шараларын ұсынатын ғылым, яғни
қоршаған ортада болып жатқан физико-химиялық
үрдістерді зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі.
Пәннің мәні: Адамның шаруашылық əрекетінен туындаған
химиялық заттардың қоршаған ортаға таралуын, олардың
табиғи компоненттерге (ауа, су, топырақ) əсерін, тірі
ағзаларға тигізетін зиянын зерттейді.
Негізгі мақсаттары:
Қоршаған ортаның химиялық құрамын бақылау.
Ластану көздерін анықтау (өндіріс, тұрмыстық қалдықтар).
Зиянды əсерлерді бағалау (адам денсаулығы, экожүйе).
Экологиялық қауіпсіздік шараларын əзірлеу.
3.
• Қоршаған орта химиясының даму тарихы•
Бастау алатын кезең (19-20 ғ. басы): Қоршаған ортаның ластануы
туралы алғашқы ойлар пайда болады, геологтар мен биологтар табиғаттың
химиялық балансы туралы зерттеулер жүргізеді.
•
Биосфера концепциясы (Вернадский): Владимир Вернадский тірі
материяның планетадағы химиялық процестерге əсерін (биосфера) жəне
оның саналы əрекетімен (ноосфера) басқарылуын тұжырымдады.
•
Экологиялық дағдарыс (20 ғ. ортасы): Индустрияландыру мен халық
санының өсуі салдарынан химиялық ластану мəселесі өткірленіп, ғылымның
жеке саласы ретінде «Қоршаған орта химиясы» қалыптаса бастады (мысалы,
Арал экологиясы сияқты ірі проблемалар).
•
Қазіргі кезең: Химиялық заттардың түрлерінің артуы (жыл сайын 10%
өсім), «ксенобиотиктер» ұғымы енгізіліп, қоршаған ортаны қорғау мен
тұрақты даму (Sustainable Development) бағыттарындағы зерттеулер қарқын
алды.
4. Биосфера қабаты
5.
6. Биосфера құрылымы
7.
Тірі зат –бұл Жер шарында өмір сүріпжатқан
барлық
тірі
ағзалардың
жиынтығы.(өсімдік,
жануар,
адам,
саңырауқұлақ, микроағзалар)
Өлі зат - бұл биосферада тірі ағзалардың
қатысуынсыз түзілген, тіршілік белгілері жоқ
табиғи заттар.(ауа, су, топырақ, тау
жыныстары, минералдар)
Биогенді зат-бұл тірі ағзалардың тіршілік
əрекетінің нəтижесінде түзілген, бірақ өзі
тірі емес заттар.(табиғи газ, мүнай, көмір,
шымтезек, əктас)
Радиоактивті зат-бұл құрамында тұрақсыз
атом ядролары бар, олар өздігінен ыдырап,
иондаушы сәуле (α, β, γ) шығаратын
заттар.(уран, радий, торий, полоний, радон)
8. Биосфераның құрамы
oБиотикалық компоненттер (тірі): Өндіргіштер (өсімдіктер), тұтынушылар (жануарлар),
ыдыратушылар (бактериялар, саңырауқұлақтар).
o
Абиотикалық компоненттер (бейорганикалық): Су, ауа, топырақ, температура, жарық,
ылғалдылық.
9.
10. Биосфераның қызметі
11.
12.
• Экожүйе• Экожүйе (экологиялық жүйе) дегеніміз —
белгілі бір аймақтағы тірі ағзалардың
(өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер)
өзара жəне қоршаған ортамен (ауа, су, топырақ,
климат) өзара əрекеттесуінен қалыптасқан
біртұтас табиғи кешен, яғни, тірі жəне өлі
табиғаттың
бір-бірімен
байланысы
мен
алмасуы. Ол орман, көл сияқты кіші аймақтан
бастап, мұхит пен континент сияқты үлкен
жүйелерге дейін болады.
13.
Экожүйенің түрлеріЭкожүйелер екіге бөлінеді:
Табиғи экожүйелер – жайлау, тундра,
орман, көл, теңіз, мұхит.
Жасанды экожүйелер – қала,
агроэкожүйе, аквариум, ғарыш кемесі.
Табиғи экожүйелер табиғи
заңдылықтармен реттеледі, ал жасанды
жүйелер адамның бақылауымен жүреді.
Энергия көздеріне байланысты экожүйелердің 4 типі
1. Күн энергиясымен жұмыс істейтін табиғи жүйелер.
Бұған ашық теңіздер мен биік таудағы ормандар жатады.
2. Күн жəне табиғи қосымша энергиялармен
субсидтелген жүйелер.
Мысалы, континенттік шельф аймақтары.
3. Күн энергиясымен жұмыс істеп, адам тарапынан
қолдау алатын жүйелер.
Бұлар агроэкожүйелер мен аквариумдар.
4. Отынмен жұмыс істейтін жасанды жүйелер.
Қалалар, өнеркəсіптік аймақтар. Бұл жүйелер алғашқы
үш экожүйеге тəуелді.
14. Экожүйедегі энергия ағыны мен заттардың айналымы
15.
• Биотикалық компоненттер (тірі): Өндіргіштер (өсімдіктер),тұтынушылар
(жануарлар),
ыдыратушылар
(бактериялар,
саңырауқұлақтар).
• Абиотикалық компоненттер (бейорганикалық): Су, ауа,
топырақ, температура, жарық, ылғалдылық.
•
Қызметі: Зат пен энергияның айналуы, тіршіліктің тепетеңдігін сақтау.
16. Қорытынды
• Қоршаған орта химиясы – қазіргі заманның маңызды ғылым саласы.Ол:
• экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, табиғатты қорғауға,
тұрақты дамуға
• бағытталған ғылыми негіз болып табылады.
• Бұл пəн болашақ мамандарға табиғи ортаның химиялық
заңдылықтарын түсінуге жəне экологиялық мəселелерді шешуге
мүмкіндік береді.
• Биосфера – Жердің тіршілікті қамтитын күрделі жүйесі. Экожүйелер
энергия көздеріне байланысты төрт негізгі типке бөлінеді. Химиялық
экология табиғаттағы жəне антропогендік əсерлерден туындайтын
химиялық процестерді зерттейді. Тірі жəне өлі табиғат үздіксіз
байланыста болып, биосфераның тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
ecology