Дәріс тақырыбы:Қоршаған ортанын элементтері
Қоршаған орта
Қоршаған ортаның негізгі элементтері
. Биосферадағы химиялық элементтер
Биогеохимиялық айналымдар
Адам әрекетінің биосфераға әсері
9.92M
Category: ecologyecology

Қоршаған орта элементтері

1. Дәріс тақырыбы:Қоршаған ортанын элементтері

2. Қоршаған орта

• Қоршаған орта – тірі ағзаларды қоршап тұрған және
олардың тіршілік әрекетіне әсер ететін табиғи және
антропогендік факторлардың жиынтығы.
• Қоршаған орта тіршіліктің пайда болуы мен дамуының
негізгі шарты болып табылады.
• Қоршаған орта екі ірі құрамдасқа бөлінеді:
• Табиғи және антропогендік орта
• Табиғи орта – адам араласуынсыз қалыптасқан ауа, су,
жер, тірі ағзалар жүйесі;

3.

Антропогендік орта – адам әрекеті нәтижесінде пайда болған өндіріс орындары, қалалар, көлік, ауыл
шаруашылығы нысандары.
Бұл екі орта өзара тығыз байланыста дамып, бір-біріне үнемі әсер етеді.

4. Қоршаған ортаның негізгі элементтері

• Қоршаған орта бірнеше ірі геосфералардан тұрады. Олар өзара байланысып, біртұтас экологиялық жүйе
құрайды.
• Атмосфера
• Атмосфера – Жерді қоршаған газ қабығы. Оның негізгі құрамын азот (шамамен 78%), оттек (21%),
көмірқышқыл газы және инертті газдар құрайды. Атмосфера тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз
етеді, климат пен ауа райын қалыптастырады, Күн радиациясының әсерін реттейді.
• Атмосфера болмаса, Жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес еді.
• Гидросфера
• Гидросфера – Жер шарындағы барлық су көздерінің жиынтығы. Оған мұхиттар, теңіздер, өзендер,
көлдер, мұздықтар және жер асты сулары жатады. Су – барлық биохимиялық процестердің негізгі
ортасы. Тірі ағзалардың жасушаларының көп бөлігі судан тұрады.
• Гидросфера заттардың еруін, тасымалдануын және биогеохимиялық айналымдарды қамтамасыз етеді.
• Литосфера
• Литосфера – Жердің қатты қабығы. Ол тау жыныстарынан, минералдардан және топырақ қабатынан
тұрады. Литосфера биосфераны минералдық және химиялық элементтермен қамтамасыз етеді. Топырақ
– өсімдіктер үшін негізгі қоректік орта.
• Биосфера
• Биосфера – тірі ағзалар таралған Жер қабаты. Ол атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераның
барлығын және литосфераның жоғарғы қабатын қамтиды. Биосферада тірі және өлі табиғаттың өзара
әрекеттесуі нәтижесінде зат пен энергияның үздіксіз алмасуы жүреді.

5. . Биосферадағы химиялық элементтер

• Органогендік элементтер
• Көміртек (C), сутек (H), оттек (O) және
азот (N) тірі ағзалардың негізгі
құрылымдық элементтері болып
табылады. Олар ақуыздар, майлар,
көмірсулар және нуклеин
қышқылдарының құрамына кіреді.
Макроэлементтер
• Кальций, фосфор, калий, натрий,
магний және күкірт ағзада көп
мөлшерде қажет. Бұл элементтер сүйек
тінінің түзілуіне, жүйке
импульстарының берілуіне және зат
алмасу процестеріне қатысады.
• 4.3 Микроэлементтер
• Темір, мыс, мырыш, йод, кобальт,
марганец сияқты микроэлементтер аз
мөлшерде болғанымен, ферменттер мен
гормондардың құрамына кіріп, ағза
қызметін реттейді.

6. Биогеохимиялық айналымдар

• Биосферадағы химиялық элементтер табиғатта үздіксіз қозғалыста болады. Бұл процесс биогеохимиялық
айналым деп аталады. Биогеохимиялық айналымдар тірі ағзалар, атмосфера, гидросфера және литосфера
арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
• Негізгі айналымдарға көміртек, азот, оттек, фосфор және күкірт айналымдары жатады. Бұл айналымдар
биосфераның тұрақтылығын сақтайды.

7.

8.

9. Адам әрекетінің биосфераға әсері

Адамның өндірістік және шаруашылық
қызметі
биосферадағы
химиялық
элементтердің табиғи тепе-теңдігін бұзады.
Өнеркәсіптік
шығарындылар,
қазба
отындарын жағу, тыңайтқыштарды шамадан
тыс қолдану ауыр металдардың жиналуына
әкеледі.
Бұл жағдай экожүйелердің бұзылуына және
адам денсаулығына қауіп төндіреді

10.

11.

12.

13.

• Теріс әсерлер (антропогендік ластану):
• Ауа ластануы: Өнеркәсіп пен көліктерден бөлінетін улы газдар (көмірқышқыл газы, күкірт диоксиді,
азот оксидтері) атмосфераны ластайды, "парниктік эффект" тудырады.
• Су ластануы: Өнеркәсіптік ағын сулар, ауыл шаруашылық тыңайтқыштары мен пестицидтер өзен,
көлдерді, мұхиттарды ластайды.
• Топырақ деградациясы: Топырақтың эрозиясы, химиялық және тұздануы, құнарлылығының азаюы.
• Биоәртүрліліктің азаюы: Табиғи мекендерді жою, аң-құстардың қырылуы, түрлердің жойылуы.
• Жаһандық жылыну: Парниктік газдардың жиналуынан жер бетінің температурасының көтеріліп,
климаттың өзгеруі, мұздықтардың еруі.
• Оң әсерлер (ноосфера):
• Ноосфераның қалыптасуы: Адамның ақыл-ойы мен еңбегі арқылы табиғатты оңтайлы басқару,
қоршаған ортаны қайта құру, табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру.
• Экологиялық проблемаларды шешу: Қайта өңдеу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, табиғатты
қалпына келтіру жұмыстары.
• Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа технологиялар мен ақыл-ойы арқылы азық-түлік өндірісін арттыру
(бірақ бұл да жанама әсерлерге әкелуі мүмкін).
• Қорытындылай келе, адам іс-әрекеті биосфераға орасан зор әсер етеді, бұл әсерді азайту және позитивті
әсерін арттыру үшін тұрақты даму мен экологиялық сананың маңызы зор.

14.

• Назарларыңызға рақмет!
English     Русский Rules