Ақтөбе қаласының көшелері
1874 жылғы Ақтөбе бекінісінің бас жоспары
Шернияз көшесі
Ш.Уәлиханов көшесі
Т.Ахтанов көшесі
Әбілқайырхан даңғылы
Есет батыр көшесі
Ағайынды Жұбановтар көшесі
Бүгінгі күні қаламызда 626 көше бар. Ақтөбе көшелері әр тарихи кезеңде, саяси ахуалдарға сай өзгеріп отырды. Тәуелсіздік алғанға дейін қалам
1991 жылдан бері қарай 189 көшеге атау берілді. 2005 жылдан бері 140 көше атауы берілді. Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбе қаласында
Пайдаланылған әдебиеттер:
Назарларыңызға рахмет!
5.04M
Category: geographygeography

Ақтөбе қаласының көшелері

1. Ақтөбе қаласының көшелері

Кеше, бүгін, ертең
Дайындаған: Қошан Берік

2.

Ақтөбе – әскери бекініс ретінде 1869
жылы іргесі қаланды. Уақыт өте келе
Ресейдің Воронеж, Курск, Харьков, Тамбов
губернияларынан орыс шаруалары қоныс
аударып, әскери бекіністен қалаға айналды.

3. 1874 жылғы Ақтөбе бекінісінің бас жоспары

4.

1878 жылы 28 шаруа отбасы қоныс аударып, күзде
солтүстік төбенің солтүстік батыс жағынан
Старожительская көшесінің негізі қаланды. Кейіннен
Крепостной, Гарнизонный, Оренбург көшелерінің
негізі қалана бастады. Бірақ қаланың біркелкі
жоспары болған жоқ. Тек 1881 жылы ғана архитектор
Виктор Адамович Свиницкий қаланың жобасын
жасап, Орынбор генерал губернаторы бекітті. Сол
жылы екі класстық орыс-қазақ учиищесі ашылды.

5. Шернияз көшесі

Қаламыздағы ескі көшелердің бірі. Негізі
1878 жылы Воренеж губерниясынан келген
шаруа отбасылары келіп қоныстануынан
басталды. Алғашқы атауы
Старожительская. 1881 жылы ІІІ
Александрдың құрметіне Александровский
деп аталды. Ал кеңес үкіметі орнағаннан
кейін, 1920 жылы, германиялық комунист
Карл Либнехттің есімі берілді. Еліміз
тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылдың
30 маусымында қалалық мәслихаттың
шешімімен көшеге Шернияз
Жарылғасұлының есімі берілді. Бүгінгі
күні көшеде, Кооператив колледжі,
медициналық колледж, А.Жұбанов
атындағы музыкалық колледжі сондай-ақ
Ә.Молдағұлованың бюст ескерткіші мен
А.С.Пушкин атындағы саябақ орналасқан.

6.

50 жылдары
60 жылдары
1950 жыл.
1965 жыл.

7. Ш.Уәлиханов көшесі

Көше Орынбор-Ташкент темір
жолының салынумен тығыз
байланысты. Осы теміржолды
салушы инженерлердің құрметіне
алғашында Инженерная көшесі деп
аталды. Кеңес үкіметі орнаған соң
1920 жылы көшеге Ақтөбе
губерниялық атқарушы комитетінің
шешімімен Орджоникидзенің есімі
берілді. Еліміз тәуелсіздік алған
тұста, нақтырақ айтсақ 1992
жылдың 30 маусымында Көкжар
көшесі деп атала бастады. Ал
кейінірек 2000 жылдың 6 сәуірінен
бастап Ш.Уәлихановтың есімі
берілді. Бүгінгі күні бұл көше
теміржол вокзалы мен орталық
базарды жалғап тұр.

8.

9. Т.Ахтанов көшесі

Қаламыздағы ескі көшелердің бірі. ХІХ
ғасырдың аяғында пайда болды. 1881 жылғы
жоспарға сай көше Покровская деп аталды.
Кейін кеңес үкіметі орнаған кезде КрасноАрмейская көшесі деп аталды. 1952 жылы
қала тұрғындарының өтінішімен көшенің
аты Мира деп аталды. 1967 жылы Қазан
төңкерісінің 50 жылдығына орай, 50 летия
Октября деп аталды. Еліміз тәуелсіздік алған
соң 1995 жылдың 23 –ші қарашасында
Т.Ахтановтың есімі берілді. Бүгінгі күні бұл
көшеде орталық базар және де бірнеше іріліұсақты сауда орындары орналасқан. Ал одан
сәл төмен түскенде Қ.Шаңғытбаев пен
Т.Ахтановтың ескерткіші, қалалық 2-ші
емхана, қалалық әкімшілік, Әйтеке биге
арналған ескерткіш, Т.Ахтанов атындағы
облыстық драма театры мен облыстық
телеарна орналасқан.

10.

11. Әбілқайырхан даңғылы

Қаламыздың орталық даңғылы. 1951
жылы ферросплав поселкелік атқарушы
комитетінің депутаттарынің шешімімен
Сталин алаңына дейінгі аралықты,
Победа көшесі деп атау ұйғарылды. 1967
жылы қала тұрғындарының өтініштілегімен Ленин даңғылы деп аталды.
1997 жылдың 23-ші қазанында қалалық
мәслихаттың шешімімен Әбілқайыр-хан
даңғылы деп аталды. Бүгінгі күні
даңғылда қалалықтар үшін бірнеше
маңызды орындар орналасқан. Атап
айтсақ: облыстық әкімшілік,
Қобыланды батыр атындағы орталық
стадион, Қоныс спорт сарайы, оқушылар
үйі, Нұрғасыр мешіті, Тұңғыш президент
атындағы саябақ т.б. Даңғыл Тұрғындар
қалашығы мен Мәскеу ауданын қосып
отыр.

12.

13.

14. Есет батыр көшесі

Қаланың орталық көшелерінің
бірі. 1951 жылдың 26
қыркүйегінде Ақтөбе қалалық
кеңесінің депутаттарының
шешімімен, көше Октябрьская деп
аталды. 1953 жылдың 4 шілдесінде
ұқсас көше атауларының
қиындық туғызуына байланысты,
көшеге С.М.Кировтың аты берілді.
1992 жылдың 12 мамырында
көшеге Есет батырдың аты берілді.
Бүгінде көшеде бірнеше тұрғын
үйлер, сондай-ақ Ә.Молдағұлова
даңғылымен қиылысында
“Мәңгілік алау” орналасқан

15. Ағайынды Жұбановтар көшесі

Бастапқыда, дәлірек айтсақ 1951
жылы көше кеңестер одағының
батыры Ә.Молдағұлованың
есімімен аталды. 1953 жылдың 3
шілдесінде Ақтөбе қалалық кеңесі
депутаттарының шешімімен
Ф.Энгельстің есімі берілді. 1994
жылдың 17 қазанда ағайынды
Жұбановтардың есімі берілді.
Бүгінде көшеде Қазақ-Түрік
лицейі, Қ.Жұбанов атындағы
өңірлік мемлекеттік университеті
секілді білім ошақтары
орналасқан.

16. Бүгінгі күні қаламызда 626 көше бар. Ақтөбе көшелері әр тарихи кезеңде, саяси ахуалдарға сай өзгеріп отырды. Тәуелсіздік алғанға дейін қалам

Бүгінгі күні қаламызда 626
көше бар. Ақтөбе көшелері әр
тарихи кезеңде, саяси
ахуалдарға сай өзгеріп отырды.
Тәуелсіздік алғанға дейін
қаламызға үш қайнасада
сорпасы қосылмайтын
атаулардың болуы қалыпты
құбылыс еді. Бүгінде ол
олқылықтардың орны толып
қаламызда ұлттық атаулар
пайда болды.

17. 1991 жылдан бері қарай 189 көшеге атау берілді. 2005 жылдан бері 140 көше атауы берілді. Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбе қаласында

1991 жылдан бері қарай 189 көшеге атау
берілді. 2005 жылдан бері 140 көше
атауы берілді. Биыл ел Тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай Ақтөбе қаласындағы
105 көше мен 9 аумағына жаңа атау беру
ұсынылды.
Заречный-1 елді мекеніне «Сығанақ»,
Заречный-2 елді мекеніне «Сарайшық»,
Заречный-3 елді мекеніне «Тұран»,
Заречный-4 елді мекеніне «Күлтегін»,
Оңтүстік-батыс-1 шағын ауданына
«Абылай хан», Оңтүстік-батыс-2 шағын
ауданына «Хан Тәңірі», Сельмаш шағын
ауданына «Достық», Сельмаш-2 шағын
ауданына «Ақ отау» атауы беріледі деп
жоспарлануда.

18.

19.

20.

21.

22. Пайдаланылған әдебиеттер:

+
1. Г.С. Султангалиева, Г.И. Кобенова “Улицы города
Актобе: история и современность” – Актобе 2007
2. http://www.aktobegazeti.kz/?p=46417
Суреттер:
1. https://www.instagram.com/retroaktobe/
2. https://vk.com/istoriya_aktobe
Авторлары: Р.А.Сегедина, Д. Карачун

23. Назарларыңызға рахмет!

English     Русский Rules