852.71K
Category: life safetylife safety

Адам организміндегі макроэлементтер және микроэлементтердің маңызы

1.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
медицина университеті
Жалпы гигиена және экология
Адам организміндегі макроэлементтер және
микроэлементтердің маңызы
Орындаған:502,503 МПІ Қауынбаева,
Диханова, Губайдуллиева, Галимжанова
Есполова, Тәлегенова
Тексерген: Доцент, м.ғ.к Бердешева Г.А
Ақтөбе 2016ж

2.

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі:
Макроэлементтер маңызы, түрлері;
Микроэлементтердің адам организміндегі
орны;
Ультрамикроэлементтер;
Қорытынды

3.

Кіріспе
Адам ағзасындағы химиялық элементтер — адам өміріне қажетті
үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін
элементтер тобы. Бұл элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне
қарай үш топқа бөледі: микроэлементтер, макроэлементтер және
ультрамикроэлементтер. Ал тіршілік үшін маңыздылығына байланысты
тіршілікке қажетті элементтер, қосымша элементтер және өте аз элементтер
деп өзара бөледі. Сондықтан, химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы
немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Алайда, ағзадағы
қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да ауыр салдарға әкеп соғады.
Адам ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микрожәне макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады.

4.

Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш
топқа бөледі :
1.Макроэлементтер (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор,
күкірт, кальциий, магний, натрий және хлор); ағзадағы
мөлшері 10% — дан жоғары болады.
2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром,
стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%.
3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий,
радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% — дан
төмен.

5.

6.

Темірдің маңызы
Темір — гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу-тотықсыздандыру
ферменттері — пероксидаза, каталаза мен биологиялық тотығу процесін
жүргізетін цитохромдық ферменттер құрамы на енеді. Денеде темір
бауырда, көк бауырда, ішектің кілегейлі қабығында ферритин түрінде
кездеседі. Организмде темір гемосидерин түрінде де кездеседі. Темірдің
бір бөлігі плазма белоктарымен сидерофилин атты қосылыс түзеді. Осы
қосылыс түрінде темір организмде тасымалданады. Организмде темір
жетіспесе эритроциттердің түзілуі бұзылып, қан азаяды (анемия).Егер
темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы
пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг.
Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез
сынады, ауыз қуысы және ас-қазанның сілекейлі қабаты бүлінеді.
Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында,
күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп болады.

7.

Кальций де негізінен сүйек және тіс
ұлпаларында концентрленеді. Ол
жасуша құрамына еніп, сүйек
құрауға, жүрек және бұлшықеттерінің
жұмысына қатысады, қанның ұюын
қамтамасыз етеді. Ересек адамдарға
тәулігіне 0,5 грамм кальций
жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса
қажет.
Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен
жасалатын түрлі тағам – ірімшік,
сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара
бидай наны мен жұмыртқаның сары
уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір

8.

Магний
Магний - макроэлементтердің
құрамына жатады. Адам ағзасының
құрамында магний 25г-дай.
Магнийдің адам ағзасында көп
кездесетін орны сүйек
жасушаларында.
Егер адам ағзасында магний
жетіспесе белгілі аурулар пайда
болуы мүмкін:
1. Депрессия, апатия
2. Бұлшық ет аурулары
3. Сіңірлердің тартылуы
4. Жүрек айну, құсу, іштің өтуі,
диарея,иммунитеттің төмендеуі.
5. Қан айналым жүйесінің бұзылуы
және т.б

9.

Фосфор маңызы
Сүйек ұлпасындағы фосфордың негізгі мөлшері – 600 г. Ол адам
ағзасындағы барлық фосфордың 85% – ын құрайды. Фосфор тістің қатты
ұлпаларында концентрленеді.
Фосфор тұздары. Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті
қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Ағза бұлшық еті жиырылғанда,
сондай–ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа мүшелерде жүретін
биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде
пайдаланады. Міне, сондықтан бұлшық еттер көп жұмыс істеген кезде
фосфатты қажетсіну едәуір артады. Егер ол ересек адамға тәулігіне 1 – 2
грамм мөлшерінде қажет болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын
жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыға бұл
қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін. Адам денесінде фосфор
қосылыстары көп. Фосфор қышқылының қалдығы жасуша ядроларында
нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға – нуклеопротеидтерге,
май тектес заттарға – фосфатидтерге және көмірсулардан тарайтын әр
түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Фосфор мал мен
өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар ағзаға
нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор ірімшікте, сүзбеде, етте өте
көп.

10.

Микроэлементтер
Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет
ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген
микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге
тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады.
Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде,
фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта,
кадмий, сынап, молибден – бүйректе , қалайы – ішек
ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий
– көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде
және тағы басқаларда жиналады. Натрий және хлор жасуша
аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда
кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс
ұлпаларында болады. Магний фосфат түрінде тістің қатты
ұлпаларында болады. Сонымен қатар, микроэлементтердің ағза
үшін физиологиялық маңызы өте жоғары.

11.

Микроэлементтердің көпшілігі
–бауырда, сүйек, бұлшықет ұлпаларында жинақталады.
Сондай ақ мырыш қарынасты безінде, иод қалқанша безінде, фтор
тіс кіреукесінде,
Ванадий шашта, кадмий , сынап, молибден бүйректе, қалайы ішек
ұлпаларында,
Барий көздің пигментті қабатында; Бром,марганец, хром гипофизде
жиналады. Кремний,
аллюминий, мыс, титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен
комплексті түрде, ал марганец ион түрінде кездеседі

12.

Мыс
Мыс – денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер
ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен
байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік
шамасының көрсеткіші- адамның шашы. Мыстың мөлшері
төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады.
Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде
жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс
көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу
реакциясын жылдамдатады. Тағамның құрамында кездеседі:
бауыр, теңіз өнімдері, гречка, жаңғақ. Сүт өнімдерінде мыстың
мөлшері өте төмен.

13.

Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша безі үшін
құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы
мүше). Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада
жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады.
Сыртынан қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал
тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни
шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық,
белсіздік және ақыл – ой кемістігі. Адам күнделікті өсімдік
және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет
мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын
толтыра алмайды. Ағза йодты синтездей алмағандықтан,
тіршілік үшін күнделікті йоды бар тағамдарды пайдалану
есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет

14.

15.

Сонымен қатар ультрамикроэлеметтерге де
тоқталып кетейік. Ультрамикроэлементтер –
сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың
ағзадағы мөлшері 15% – дан төмен. Бұл элементтер
адам ағзасында қажетті мөлшерден көп болатын
жағдайда көптеген аурулар пайда болады. Себебі,
олар – токсиндік металдар болып табылады.
Дегенмен, ағза үшін маңызы зор әрі біршама
үрдістерге қатысады.

16.

Қорытынды:
Адам организмі үшін макро және микроэлементтердің маңызы өте зор.
Олардың адам организмінде жетіспеуі әр түрлі ауруларға әкелуі мүмкін.
Макро және микроэлементтер адам ағзасына күнделікті рационда белгілі
Мөлшерде түсуі қажет. Олардың жетіспеуінің алдын алу мақсатында дұрыс
тамақтану, рационның әр түрлілігі, элементтерге бай тағамдарды пайдалану
Қажет.

17.

Шарманов Т.Ш. Тағам гигиенасы. Оқу құралы. Алматы: Эверо, 2005, 2010. – 256 б.
С.П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал).
Қарағанды.-2006.-276 б.
Каримов Т.К. Бермагамбетова С.К. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану гигиенасы.
Оқу құралы. Ақтөбе, 2009. – 104 б.
Ахметов М. Тағам гигиенасы. Оқу құралы. – Астана, 2010. – 73 б .
English     Русский Rules