Similar presentations:
Жүктіліктің типтік асқынулары
1. СӨЖ Тақырыбы: Жүктіліктің типтік асқынулары және профлактикасы. Ұрықтың жағдайын анықтайтын зерттеу әдістері.
Қарағанды мемлекеттік медицина университетіСӨЖ
Тақырыбы: Жүктіліктің типтік асқынулары және
профлактикасы. Ұрықтың жағдайын анықтайтын
зерттеу әдістері.
2. Токсикоз
• Токсикоз- жүктіліктің 10 аптасынан бастап құсу мен көңіл айнумен,дәмінің өзгеруімен, сілікей бөлінуімен сипаталады. Жеңіл түрінде, яғни
күніне 2-3 рет қайталайтын түрі жүктілік барысында организмнің жалпы
жағдайына теріс әсерін тигізбейді. Ауырлығы орташа, яғни күніне 10 рет
шамасында болатын құсуда әлсіздік, жүдеу, тәбеттің нашарлауы, кіші
дәреттің азаюы сияқты құбылыстар орын алады.
• Өте ауыр түрінде құсу жиілей түседі, яғни ас қабылдамаса да күніне 3040 ретке дейін болады. Жүкті әйел күрт жүдейді, артериялық қысымы
төмендейді, организмі құрғай бастайды, несептен ацетонның иісі
шығады. Бұл науқастың өміріне қауіп төндіреді. Мұндай жағдайда түсік
жасатуға тура келеді.
• Емі. Жеңіл түрлерінде ауруханаға жатқызудың және арнайы ем
жүргізудің қажеті шамалы. Ауырлығы орташа дәрежелі токсикозда және
тоқтаусыз құсу жалғаса берсе, науқасты ауруханаға міндетті түрде
жатқызу керек. Түнге қарай ұйықтатқыш дәрілер береді. Витаминдер
жиынтығы, организмді нығайтқыш дәрілер, құсуға қарсы дәрілер,
физологиялық ем т.б. қолданылады. Ас әбден пісірілген немесе ботқа
сияқты болуы немесе үгітілуі тиіс. Тамақты аз-аздан бөліп ішу керек.
Қою және сұйық тамақты бір мезгілде ішпеген жөн.
3.
Ұрықтың дұрыс орналаспауы.Нәрестенің ұзынша білігі мен жатырдың ұзынша білігі бір-бірімен үшкір
бұрыш жасауын ұрықтың қиғаш орналасуы деп атайды.
Қиғаш орналасуда ұрық білігі мен жатырдың білігі өткір бұрышта
жанасады. Нәрестенің позициясы деп оның арқасының жатырдың оң және
сол жағына қатынасын айтады. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы
да нәрестенің басының орналасуымен анықталады: егер нәрестенің басы
солға қараса – ол бірінші айқындама, егер нәрестенің басы оңға қараса – ол
екінші айқындама. Айқындама нәрестенің арқасының орналасуымен
анықталады. Айқындаманың алдыңғы және артқы түрлері бар. Егер
нәрестенің арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасына қарап орналасса
алдыңғы, артқы қабырғасына қарап орналасса артқы түрі дейді. 83-84 сурет.
Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы дұрыс емес болып аталуы
мына жағдайға байланысты нәрестенің білігі жатырдың және жамбастың
білігіне сәйкес келмегенде, әйел өз бетінше босана алмайды, оған міндетті
түрде медициналық көмек бетінше керек, өйтпеген жағдайда ана мен
нәресте өміріне қауіп төнеді.
1. Ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуының пайда болуы көп жағдаймен
байланысты. Осындай жағдайларға мыналар жатады: судың көп болуы, көп
ұрықты жүктілік.
4.
2. Ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуы тар жамбаста, бала жолдасыныңжатуы жатырдың төменгі сегментінде орналасқан жағдайда болғанда және
басқа нәресте басының жатырдың төменгі сегментіне түсуіне кедергі
болатын жағдайларда қалыптасады.
3. Жатырдың дұрыс емес формасы, мысалы, ер-тоқым іспеттес жатыр да
ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуының себебі болады.
Көп жағдайда ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуын диагностикалау
қиынға соқпайды. Жалпы қарағанда, жатыр пішіні назар аударады ол сопақ
емес, көлденең не қиғаш созылыңқы болып келеді. Сипап байқау кезінде
ұрықтың басы мен жамбас бөліктері бүйірлерде орналасқаны, жамбастың
кіреберісінде жатқан бөліктің жоқтығы анықталады. Ұрықтың жүрек қағысы
басы орналасқан жағындағы кіндік тұсында жақсы естілетін болады.
Жүктілік кезінде және босанудың басындағы қынаптық зерттеу нәрестенің
көлденең (қиғаш) орналасқаны туралы нақты мәлімет бермейді. Сондықтан,
ұрықтың көлденең орналасуын диагностикалау қиындыққа соққан жағдайда
рентгенография әдісін қолданады..
5.
Босану кезінде ұрық қабығы жарылғаннан кейін нәрестенің көлденең (қиғаш)орналасқанын қынаптық зерттеу арқылы тексеру ең негізгі әдіс болып саналады.
Жатыр мойны арқылы ұрықтың иығын, қабырғаларын, бұғанасын (артқы
түрінде) немесе жауырынын, омыртқаның өсінділерін (алдыңғы түрінде) сипап
сезуге болады.
Ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуындағы босану ағымы патологиялық
болады. Сирек жағдайда ұрық босану алдында көлденең не қиғаш орналасуынан
өз бетімен ұзынша орналасуына ауысады. Әдетте, босану кезінде ұрықтың
көлденең (қиғаш) орналасу сақталады, осыған байланысты ана мен ұрыққа
қауіпті асқынулар пайда болады.
Су кеткеннен кейін жатыр жиырылып, ұрықты қаптап алады да, нәресте
қозғалыссыз қалады; соның салдарынан плаценталық қан айналым бұзылып,
асфиксия туындауы мүмкін.
Босану күшінің әсерінен көлденең (қиғаш) орналасқан нәресте жатырдың тым
созылған төменгі сегментіне түседі; нәрестенің омыртқасы, әсіресе, мойын
бөлігінде қатты майысады, иығы жамбасқа тіреліп, қынапқа түскен қолы ісініп,
көгере бастайды. 85 сурет
Нәрестенің қозғалыссыз болуы, иықтың жамбасқа кірігуі, төмен түскен қолының
ісініп, көгеруі көлденең орналасудың асқынған белгісі болып табылады
6. Гестоз.
• Гестоз — әйелдердің жүктілік кезіндегі асқынған ауру түрі,ол ана ішіндегі нәрестенің ең маңызды органдары мен
жүйке жүйесі функциясының бұзылуымен сипатталады.
Гестозбен ауырған әйелдерде созылмалы түрдегі бүйрек
және гипертония аурулары қалыптасады. Сондықтан
аурудың алдын алу шараларын қолданған жөн. Мұндай
аналардан туған балаларда дене пішіні және
психоэмоционалды даму жағынан бұзылыс туындайды.
Жүктілік гестозы екіге бөлінеді: алғашқы және соңғы.
Алғашқы гестоз жүктіліктің алғашқы үш айлығында құсу
және ауыздан сілекей ағуы секілді белгілер арқылы
анықталады. Гестоздың пайда болуына іштен туа біткен
және жүре пайда болған нейроэндокринді айналым
жүйесінің жетіспеушілігі (гипоксия, инфекция, улану, тұқым
қуалау факторлары) және де әйелдерде кездесетін
патологиялық аурулар (жүрек-қан тамыры аурулары,
гипертония ауруы, гипотония, қант диабеті, пиелонефрит,
гломерулонефрит, т.б.) әсер етеді.
7.
• Соңғы гестоз — жүктіліктің үшінші үш айында кездеседі. Негізгі үшбелгісі болады — ісік, зәр құрамындағы белоктың көбеюі және қан
қысымының көтерілуі. Кейде бұдан да ауыр белгілері (құрысу, кома
және т.б.) болуы мүмкін. Жүкті әйел салмағына артық салмақ
қосылуы гестозға шалдыққандығын аңғартады. Ол кезде жасырын
ісік пайда болады. Жасырын ісік дене салмағын жиі өлшеу кезінде
және кіші дәрет көлемін анықтағанда табылады. Егер апта сайын
дене салмағы 300-400 г. өссе және кіші дәрет көлемі нормаға сәйкес
келмесе, онда жасырын ісіктің бар екендігін көрсетеді. Гестозда қан
қысымы 170/100 мм.рт.ст. және одан да жоғары болуы мүмкін.
Гестоздың ауыр түрлерінде белоктың жоғалуы күніне 5 г және одан
да көп болады. Гестоздың жоғарыда айтып кеткен үш симптомынан
басқа да жанама әсерлері бар. Науқастың басы ауырады, мұрны
бітеді, көз көруі бұзылады. Бұл белгілер қан айналымының
бұзылуынан деп саналады. Кез келген сыртқы әсерге тырысу талма
— эклампсияға айналуы мүмкін.
• Бүкіл жүктілік кезеңінде режим сақтау қажет. Дәрумендерді, жүйкені
тыныштандыратын эффектісі бар фитожинақтарды қабылдау және
бүйрек жұмысын жақсартатын, спазмолитиктерді, метаболизм және
жүрек-тамыр жүйесін жақсартатын препараттар,
мембранстабилизаторлар және экстрагениталды патологияны емдеу
керек.
8.
Қағанақ суының босануға дейін ағып кетуіҚағанақ суының босануға дейін ағып кетуі - жатырдың үнемі жиырылуының
басталуына дейін қағанақ қабығының өздігінен жыртылуы.
Жүктіліктің шала болуы кезіндегі қағанақ суының босануға дейін ағып кетуі
(ДИВ) жүктіліктің кезеңін 2%-да ғана асқындырады, бірақ мезгілінен бұрын
босанудың 40%-мен байланысты және неонатальді ауру (нәрестелік кезеңге
қатысты) мен өлім-жітім себептерінің басым көпшілігі болып саналады.
Жүктіліктің шала болуы кезіндегі неонатальді өлім-жітімнің негізгі үш себебі де
қағанақ суының босануға дейін ағып кетуімен байланысты: жүктіліктің шала
болуы, сепсис және бүйректің жетілмеуі (гипоплазиясы). Анаға қауіп төну, ең
алдымен, хориоамнионитпен байланысты. Жыныс мүшелерінің төменгі бөлігінен
көтерілген инфекция мен қағанақ суының босануға дейін ағып кетуі арасындағы
байланыс бар екендігі дәлелденген. Жүктіліктің шала болуы кезіндегі қағанақ
суының босануға дейін ағып кетуімен зардап шегетін науқастардың үшіншісінің
жыныс мүшелерінің өсін себінділерінің оң нәтижелері бар, одан басқа,
бактериялардың интакті мембрана арқылы кіруі мүмкін екендігін зерттеулер
дәлелдеді. Көптеген жағдайларда, диагнозы өзіндік иісі бар мөлдір сұйық зат
іншектен кенеттен аққанына байланысты, артынан - жалғасқан аздаған
шығындылар білінеді.
Қағанақ суының босануға дейінгі ағып кетуінен сезіктенген кезде саусақпен
тексеруге болмайды, себебі инфекция (2b) таралу қауіпі өседі және жүктілік пен
босануды әрі қарай бақылау әдісін анықтауға пайдасы болмайды
9.
. Егер қабықтың жыртылуы айтарлықтай ертерек болса, диагноз қою қиынғатүседі.
Анамнезді тыңғылықты жинаған кейін келесі диагностикалық тестерді жүргізуге
болады:
Науқасқа таза төсеніш (прокладка) ұсынып, 1 сағаттан кейінгі бөлінген
шығындының (выделения) сипаты мен мөлшеріне баға беру.
Гинекологиялық креслода зарарсызданған (стерильный) айнамен қарау керек жатыр мойны каналынан аққан немесе артқы күмбездегі шығынды диагнозды
растайды.
"Нитразиндік тест" (15% жалған оң жауаптары) өткізу керек.
Цитологиялық тест өткізу керек - "папоротник" симптомдары (жалған теріс
жауаптар жиілігі 20% аса).
УДЗ жасау керек - жатырдан сұйықтықтың ағып біткенін олигогидрамнион
тіркесімен көрсететін ДИВ диагнозы растайды (2b) [5].
Су аз екенін растайтын акушерлік объективті тексерудің мәліметтері
Емдеуі: 34 аптаға дейінгі мерзімдегі іштегі нәресте РДС профилактикасы,
инфекция профилактикасы. Жатыр мойны жетілмеген жағдайда - жүкті әйелдің
ағзасын босануға дайындау мақсатында простагландиндарды интравагинальды
қолдану. Толғақты күшейту мақсатында - в/і окситоцин немесе простагландиндерді
қолдану. профилактикасы мақсатында - кортикостероидтар - курсына 24 мг;
бетаметазонды (по 12 мг)
10.
Су көптікСу көптік дегенім шарана суының 1500 мл-ден асатын мөлшері.
Себептері: су көптік жүктіліктің әртүрлі асқынуларымен бірге жүруі мүмкін.
Көбінесе су көптік созылмалы инфекциялары бар жүктікті әйелдерде
анықталады. Мысалы : пиелонефрит, қынаптың қабыну аурулары, жедел
респираторлы инфекция т.б
Клиникалық көріністер:Жедел дамитын көпсулық кезінде симптомдар
жеткілікті айқын болады.Жалпы әлсіздік , белде және іште ауырлық және
ауырсыну сезімдері пайда болады.Диафргаманың жоғарғы тұруынан болған
жедел су көптіктің әдетте клиникалық көріністері болмайды : жүкті әйел шарана
суының біртіндеп жиналуына бейімделеді.
Суы көп жағдайда жүктілікті және босандыруды жүргізу:
Сукөптікке күдікті жүкті әйелдерді диагнозды нақтылау және оның дамуының
себептерін анықтау үшін госпитализацияланады.Диагнозды нақтылап жүктілікті
ары қарай жүргізу тактикасын таңдайды.Егер зерттеу процессінде өмірге сәйкес
келмейтін ұрық дамуының аномалиялары анықталса, әйелді табиғи босану
жолдары арқылы жүктілікті үзуге дайындайды.Ақырғы жылдары ұрыққа әсер
етіп, шарана суының мөлшеріне әсер ету тенденциясы пайда
болады.Индометацин ұрықтың диурезін азайтып сол арқылы суды
эвакуациялайды.
11.
Су аздықЕгер жүктілк мерзімінің соңында шарана суы – 600 мл – ден аз болуы,
су аздық болып саналады.
Себептері: анықталмаған.су аздық кезінде ұрық дамуының тежлу
синдромына байқалады.бұл жағдайда кері тәуелділік болуы мүмкін:
гиптрофмяланған ұрықта бүйректер функциясы бұзылады.
Су аздықтың симптомдары әдетте айқын емес. Жүкт әйелдің жағдайы
өзгермейді.Кейбір әйелдерде ұрық қозғалында болатын
ауырсынуларды сезінеді.
Жүктіліктің ағымы : Су аздық жиі жүктіліктің көтере алмаушылыққы
әкеледі.Акушерлік көмек ұрық көпіршігін ашады,содан кейін араңды
ашу керек , басының қозғалысын кедергі жасаумау үшін
қабықшаларды жан-жаққа итереді. Амниотомифдан кейін 2 саг соң
босануды ынталандыратын дәрілер салады.