Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени жетістіктер
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!
2.37M
Category: culturologyculturology

Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени жетістіктер

1. Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени жетістіктер

Орындаған: Утегалиева Г. А
ПСИХОЛОГИЯ 19.629
Тексерген: Саржанова С. С

2.

Жаңа ғасыр табалдырығын аттағанда бұған дейінгі экономикалық дағдарыста орын
алған олқылықтарды жоюға күш жұмылып, қиын-қыстау кезеңде жабылып, құрыған
мұражайларды, кітапханалар мен мәдениет сарайларын қайта ашу қолға алына
бастады. Атап айтқанда, республика көлемінде 468 кітапхана, 239 мәдениет үйі
күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңадан 5 театр ашылды. Астанада Күләш Байсейітова
атындағы ұлттық опера және балет театры, ҚР Президенті мәдени орталығы, ҚР
Мемлекеттік мұражайы ашылып, бұл да елдің рухани-мәдени өміріне айтарлықтай
сапалық өзгеріс әкелді. Жиырма бірінші ғасырдың алғашқы жылында халықтың асыл
мұрасына бетбұрыстың куәсі ретінде қазақ ауыз әдебиеті 100 томдық жинақпен,
Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерінің 10 томдығы, белгілі ғұлама, академик
Әлкей Марғұланның шығармалары жинағының 14 томдығы жарық көрді. Бұдан бөлек,
Қостанайда - Ахмет Байтұрсынұлының, Павлодарда - Сұлтанмахмұт Торайғырұлының,
Атырауда - Бейбарыс Сұлтан мен күй атасы - Құрманғазының, Алматыда - Абылай
ханның ескерткіштері ашылды. Осы жылы Астанада Қазақ ұлттық музыка
академиясы өз жұмысын бастады. «Ақындар айтысы» республикалық конкурсы,
«Шабыт» жастар шығармашылық фестивалі осы жылы дәстүрлі конкурстар ретінде
қалыптасты.

3.

Қазақстанның Мәдениет жылындағы шаралар
республикалық ауқымды ғана емес, халықаралық
деңгейден де көрініс тапты. Мәселен, осы жылы
тұтастай түркі жұртының бесігіне айналған
шежірелі Түркістан қаласының 1500 жылдығы
ЮНЕСКО деңгейінде тойланып,
бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қатар түркі мемлекеттерінің
басшылары да түгелдей қатысты. Жас Қазақстанның атын да атағын да әлемге
танытқан спорттағы жетістіктің негізгісі ХХVІІ Сидней Олимпиадасында
көрініс тапты. Осы олимпиадада Қазақстанның Туы әлемдік додада жоғарыға
көтеріліп, боксшы Ермахан Ибраимов пен Бекзат Саттарханов, желаяқ қыз
Ольга Шишигинаның арқасында Қазақстанның Әнұраны Сидней аспанында
шырқалды.

4.

Жалпы осыған дейінгі экономикалық қиындықтар еңсеріліп,
жаңа ғасырда елдік дамудың даңғыл жолына түсуі мәдениет
пен білім саласын жаңғыртуға үлкен септік жасады.
Республиканың мұнайдан түсетін табыстары осы кезеңде
күрт көтеріле бастады. Сол кездің ресми статистикасына
үңілсек, Қазақстанда 2000 жылы 35 млн. тонна шикі мұнай
өндірілген. Сол жылғы экспорт көлемі 4,2 млрд.
АҚШ долларына тең болды. Салыстырмалы түрде қарағанда, 1995 жылы бұл
көрсеткіштер 23 млн. тонна және 0,7 млрд. АЌШ долларына тең келген еді. Расында,
экономикалық дағдарыс еңсеріле бастаған осы жылы негізгі мәселе мұнайды сатудан
түсетін табыстың көлемі емес, оның тұрақты өсу динамикасы болатын. Өйткені,
мұндай «пайданың» үрдісі сол кездері «мұнай доллары» ауруынан туындайтын
«экономиканы ентіктіру» секілді проблемаларды туындатқан болатын. Сондықтан,
осындай проблемалардан құтылу үшін «қара алтынды» молынан өндіре бастаған осы
жылы Қазақстанның Ұлттық мұнай қоры құрылды. «Қазақстанға мұнай долларынсыз,
немесе, ел айтатындай «мұнай инесіне» дағдыланбай-ақ өмір сүруге үйрену қажет.

5.

Айтыс өнері қайта жаңғырды. Мәдениет пен ғылымда, өнер мен әдебиетте ұшан-теңіз
еңбек атқарған Абай Құнанбаев, Құрманғазы Сығырбайұлы, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет
Майлин, Жамбыл Жабаев, Мағжан Жұмабаев және басқа да тұлғалардың
мерейтойларына арналған фестивальдар өтті.
1995 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде
аталынып өтті.
1997 жыл – репрессия құрбандарын еске алу жылы, 1998 жыл – халық бірлігі мен ұлттық
тарих жылы, 1999 жыл – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы, 2000 жыл –
мәдениетті қолдау жылдары болып жарияланды. Елбасының тікелей бастамасымен
мәдениетті қолдау жылы аясында әбден тозығы жеткен кітапханалар мен мәдени
ошақтар қайта салынды. Сол жылдары-ақ театрлар саны артып, 2 опера және балет
театры, 33 драма театр, төрт музыкалық комедия театры, бес қуыршақ, 73 тұрақты
және 266 көшпелі кинотеатрлар жұмыс істеді. 2000 жылдың аяғына Қазақстан
бойынша 48 театр, 62 концерттік ұйымдар, 3529 кітапхана, 154 мемлекеттік
мұражай, 2259 клуб типтес мекеме, сегіз мәдени-тарихи қорық-мұражайлар, 42
демалыс саябағы мен луна-парк, төрт хайуанаттар бағы есептелінді.

6.

2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы –
мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал,
жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық
бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен
құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің
маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы
Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз
байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның
тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана
емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Елбасы 2003 жылы сәуірде
Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.

7.

Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса
маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім
беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай,
Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс
Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың
қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті,
этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар,
жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.
Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография,
және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан,
бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана
елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра»
бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық
жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын
көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ.

8.

«Қазақстан» орталық киноконцерт залы
Елбасы Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жеті бірдей
жетістігіміз туралы айтып сол қатарға тіл мәселесі де
кіретінін, қазақ тілі көршілес елдерде оқытылатынын
атап өткен еді. Сондай-ақ, Тәуелсіздігіміздің басты
жетістіктерінің бірі Астана қаласы екендігін айтты.
Астана қаласының сәулеті, зәулім ғимараттары мен әсем
көрінісі бүгінгі мәдениетіміздің ерекше көрінісі деуге
болады. Үлкен фестивальдар мен опералық концерттер,
кинокөрсетілімдер өткізу үшін 3500 орындық
«Қазақстан» орталық киноконцерт залы салынды. Бұл
ғимаратқа атауды Елбасы өзі ұсынған болатын.

9.

Тағы бір жетістігіміз – бұл «Мәдениет»
телеарнасының ашылуы. 2011 жылы 26
қыркүйекте отандық арналардың қатары
«Мәдениетпен» толықты. «Мәдениет» арнасын
ашудың негізгі мақсаты – көрермен қауымды
отандық және әлемдік мәдениеттің нәрімен
сусындату. Ол үшін жаңа телеарнада ең үздік
қазақ киносы, Кеңес одағы кезінде шығарылған
көркем туындылар, деректі фильмдер, әлемдік
киноматографияның бірегей туындылары,
атақты тұлғалардың өмірбаянына арналған
бағдарламалар , опера және балет
бағдарламалары, телеспектакльдер тағы да басқа
мәдени жобалар көрсетіле бастады. Бүгінде бұл
арнаның атауы – «Білім және
Мәдениет» телеарнасы.

10.

«Астана Опера»
Тікелей Елбасының бастамасымен Астана
қаласында «Астана Опера» Мемлекеттік опера
және балет театры бой көтерді. «Астана
Опера»
– әлемдегі ең бір техникалық
жарақтандырылған
сахналардың
қатарына
кіреді. Орталық Азиядағы теңдессіз мәдени
ғимараттардың бірі.
Қазақстан Президенті бірегей «Астана Опера» классикалық опера және балет
театрының ашылуымен құттықтап, бұл елорданың 15 жылдығына баға жетпес тарту
екенін атап
өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» мемлекеттік опера ж
әне балет театрында болып, «Біржан-Сара» операсының премьерасын тамашалаған
сәтте:

11.

– Ең алдымен, мен сәулетшілер мен
құрылысшыларға алғыс айтамын. Жаңа
театр – Орталық Азиядағы ең үлкен өнер
шаңырағы. Бұл – бүкіл еуразиялық
кеңістіктегі соңғы бірнеше онжылдықта
салынған кең ауқымды бірден-бір
классикалық театр.
Бұл – әлемдегі техникалық жағынан ең жетілдірілген театрлардың бірі.
Осы тарихи сәт әлемдік опера өнерінің жылнамасына енеді. Ғаламат
«Астана Опера» ғимараты қазірдің өзінде еліміздің тарихына жазылды.
Оның күмбезі астында мен «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жария
еткенімді білесіздер. Онда мәдениет біздің ұлтымыздың генетикалық
кодының ажырамас бөлігі болып белгіленді, – деді Мемлекет басшысы.

12.

«Еуразия» халықаралық кинофестивалі
Мәдениет туралы сөз еткенде кино өнеріне
тоқталмай өтуге болмайды. Алматы қаласында
дәстүрлі түрде өтетін «Еуразия» халықаралық
кинофестивалі – ТМД мен Балтық елдері
аумағындағы ең маңызды, Халықаралық
продюсерлер қауымдастықтарының федерациясы
(ФИАПФ) аккредиттеген Орталық Азиядағы
жалғыз кинофорум.
Film Guide» - «Халықаралық Киногид» жыл сайынғы басылымы «Еуразия» ХКФ әлемнің 35
көшбасшы кинофестивальдерінің қатарына қосты. Фестивальдің концепциясы Батыс пен
Шығыс мәдениеті түйіскен елдің геосаяси орналасуына саяды. Сондықтан байқау
бағдарламасы Еуропа, Азия, ТМД және Орталық Азия елдерінің фильмдерін қамтиды.

13.

Тарихи фильмдер
Отандық фильмдер дүркін-дүркін жарық көре
бастады. Оның ішінде авторлық және имидждік
фильмдер де бар. Қазақстанның тарихы негізінде
түсірілген, мәдениетімізді әлемге әйгілейтін
фильмдер жарық көрді. 2003-2005 жылдарда қазақамерикан кинематографистері (Голливуд,
Қазақфильм) «Көшпенділер» кинофильмін түсірді.
Бұл алғашқы маңызды халықаралық жоба еді.
ҚР Ұлттық музейі
2014 жылы Астана күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ресми түрде ашылды.

14.

Музей
халықаралық
стандарттарға
сай
жабдықтармен жарақтандырылған. Экспозициялар
үшін заманауи көрме технологиялары: бірегей иілгіш
экран, медиа-еден, қазіргі Астананың орталық
бөлігінің серпінді макеті, көптеген медиаэкрандар,
голограммалар, диодты жарығы бар LED-техника,
сенсорлы дүңгіршектер, мультимедиялық жолсерік
қолданылады.
«Музей біздің ұлттық рухымызды көтеру жағынан
ғана емес, елімізді әлемге таныту тұрғысынан да
белгілі болады. Біздің тарихымыз мақтан етуге
лайықты. Ерлік пен елдіктің тарихы.
Мыңжылдықтар қойнауынан бастау алатын қазақ
шежіресі - адамзат тарихының ажырамас бөлігі», –
деді Мемлекет басшысы.

15.

74 мың шаршы метрден асатын
Ұлттық музейге Қазақстанның ерте ғасырдан
бүгінгі күнге дейінгі археологиялық,
этнографиялық жәдігерлері мен мәдени
ескерткіштері жинақталған. Атап айтқанда,
14 мың шаршы метр аумақта экспозициялар
алаңы орналасқан.
Ұлттық
музейдің
құрамында
Астана,
Тәуелсіз Қазақстан, Алтын, Ежелгі және
ортағасыр тарихы, Этнография, Тарих,
Заманауи өнер залдары бар.
«Қазақстан
Республикасының
Ұлттық
музейі»
республикалық
мемлекеттік
мекемесі Президенттің Жарлығымен 2013
жылғы 30 мамырда құрылған.

16. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!

English     Русский Rules