Партияда қарастырылғандар:
205.53K
Category: culturologyculturology

ХХ ғасырдың ІІжартысындағы. Қазақ мәдениеті

1.

ХХ ғасырдың ІІжартысындағы
Қазақ мәдениеті.

2.

ХХ ғасыр қазақ мәдениетінің дамуы:
Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды.
Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия
орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты
толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлтазаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық
және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді.
Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің
ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым
мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға
азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың
өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм
айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің
халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс
христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес
өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне
туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан
жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды

3.

XX ғасырдың басында қазақтан шыққан
алғашқы саяси қайраткерлердің бірі
Міржақып Дулатов қазақ халқының
манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін
жариялады. Ол түңғыш рет халықты
ашық күреске шақырған ұран тастады:
«Қазақстаннан болған социалдемократтарға бір ауыз сөз айтамын:
Еуропаның пролетариясы үшін қанды
жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз
қазаққа артық назар салыңыз, орыстың
қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да
алды ашық. Қазақ халқы алты
миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып,
басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азыптозып кетер». Міржақып саяси
мәселелермен қоса өз шығармасында
қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын
жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени
тоқыраудың себебін М. Дулатов
бодандықтан

4.

Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық
санасының оянуына үлкен әсер еткен
тұлғаның бірі — Әлихан Бөкейханов. Ол
қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлтазаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың
алғашқы саяси партиясының басшысы,
қазақтың бірінші ұлттық үкіметі —
Алашорданың көсемі еді. Әлихан
Бөкейханов сан қырлы қоғамдық
қызметтерімен бірге қазақтың рухани
мәдениетін алғашқы зерттеушілердің
қатарында танымал. Ол Абайдың
шығармашылығы туралы түңғыш
мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен
фольклоры жөнінде әлі күнге дейін
ғалымдарды өзінің ой тереңдігімен таң
қалдыратын еңбектер жазды. Солардың
ішіндегі құндысы — 1899 жылы «Түркістан
ведомое тыларында» жарияланған
«Қырғыздың «Қобыланды» аңызындағы
әйел» атты еңбегі еді.

5.

Қазақтың рухани мәдениеті мен
менталитетінде өшпес із қалдырған алып
тұлғаның бірі — Шәкәрім
Құдайбердіұлы. Оның
шығармашылығының негізгі тақырыбы
мораль философиясы мен мәдениет ілімін
қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі
және ұлы ақынның мұрасына сүйенген.
Ол арнайы оқу орнында оқымаса да,
араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз
бетімен үйреніп, сол тілдердегі
шығармалардан дала ойшылы
тұрғысынан ой қорытқан. Абай сияқты
Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті,
мәдениетті елдер қатарына қосамын деп
талпынады.

6.

Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін XX ғасыр талаптарына сәйкес
қайта құруда «Алаш» партиясының рөлі ерекше болды. Революцияның
бастапқы кезіндегі маңызды мәселенің бірі ұлттық-мәдени автономияға
қатысты еді. Ресей революциялық қозғалысының кадеттік, социалистік және
коммунистік бағыттарының көсемдері бұл идеяға қарсы шықты.
көсемдері
В.И. Ленин болсын, Ф. Керенский болсын
территориялық федерацияны желеу етіп,
бірорталыққа бағынған Ресейдің
империялық мәнін сақтап қалуға
тырысты. Большевиктер оған қоса
өздерінің атышулы «Барлық елдердің
пролетарлары, бірігіңдер!» ұранын
басшылыққа алып, ұлттық мүддені
шетке шығарып тастады

7.

ұ жылғы маусым айындағы басылымында «Қазақ» газеті осы мәселені
1917
тікелей қойды. Автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның
үш негізі бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет
және ұлттық ерекшеліктер). 1917 жылдың 21—26
шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкіл-қазақтық құрылтай өтті. Оның
шешімдері бойынша «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды.
1. Ресей демократиялық Федеративтік Республика болуы керек, оның
құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз әрекет етеді.
2. Қазақтар тұратын аймақтардан құралған автономия Ресей Федеративтік
Республикасының құрамды бөлігі болып табылады...
3. Ресей Республикасында тең праволылық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар еріктілігі
болады.
4. Дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең праволы... қазақтардың өзіндік
муфтийлігі болуы керек...
5. Билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті, би мен
сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті...
6. Білім алу — барлығының ортақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім алу —
тегін. Қазақтардың өз тіліндегі орта және жоғары оқу орындары,
университеттері де болуы керек.

8. Партияда қарастырылғандар:

1. Ресей демократиялық Федеративтік Республика болуы керек, оның
құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз әрекет етеді.
2. Қазақтар тұратын аймақтардан құралған автономия Ресей Федеративтік
Республикасының құрамды бөлігі болып табылады...
3. Ресей Республикасында тең праволылық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар еріктілігі
болады.
4. Дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең праволы... қазақтардың өзіндік
муфтийлігі болуы керек...
5. Билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті, би мен
сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті...
6. Білім алу — барлығының ортақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім алу —
тегін. Қазақтардың өз тіліндегі орта және жоғары оқу орындары,
университеттері де болуы керек.

9.

Бұл бағдарлама 5—12 желтоқсанда өткен Бүкілқазақтық
екінші съезде құпталынып, осы құрылтайда
ұйымдастырылған Алашорда үкіметінің негізгі заңына
айналды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман
Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті
және ұлттық төл мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды.
Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде
«Алаш» қайраткерлері алдыңғы қатарда тұрды. Кейін
тоталитарлық жүйе оларға әдейі «контрреволюцияшылұлтшылдар» деп жала жапқан

10.

Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи
ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер
бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда
тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып жіберуге бағытталған
болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа
қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі —
кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық
социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар
мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте
заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін
дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды
бекерге шығарды. Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының
мазмұны ұлттық болып табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз
шығармашылығында нақтылы ұлттық көкейкесті мәселелерді
көтереді; қаңдай абстрактылы шығарма болғанымен, оның тамыры
этностық фольклордан, халықтық педагогика, этика, дүниетанымнан
нәр алады

11.

Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес
Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде
нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы
Орталық мұсылман халықтарының «Деде
Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын»,
«Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын
діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға
тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың
сорақы бір көрінісі — домбыраны феодализмге
апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің мәдениет
саласында жүргізген саясаты тек кеңестік
ұлттарды «тазалаумен» шектелген жоқ. «Жаңа
коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді
басшылыққа алған партократия дүниежүзілік
озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады.

12.

Әрине, ширек ғасырға созылған бүкіл осы кезеңді тек қара
бояумен суреттеуден аулақпыз. Қазақстанда кеңес өкіметі
жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды.
Партия саясатын түсіну үшін елге «көзі ашық», сауатты
азаматтар керек еді. Ресей сияқты бұрын негізінен сауатсыз
империяда халыққа білім беру жүйесі бірталай табыстарға
жетті. Әрбір одақтық республика өз Ғылым
Академияларына, мемлекеттік университеттеріне,
институттарына ие болды. Жоғары басқару жүйелері
негізінен орыстарға сүйенгенімен «жергілікті ұлт
өкілдеріне» мұқтаж еді. Оларды даярлау Ресейдің орталық
аудандарында жүргізілді. Мұның нәтижесінде көптеген ұлт
өкілдерінің еуропалық мәдениет және білімге қолдары
жетті

13.

Баспасөз, газет-журналдар
шығару, радио
хабарларын тарату,
теледидар, кезінде
«отарба», «сиқырлы
машина» деп жүретін ауыл
тұрғындарына жете
бастады. Қазақстанның
мәдени өмірінде ұлттық
опера, балет, драма,
симфониялар пайда
болып, ауқымы кеңи түсті.

14.

Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна
жүлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов
т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра
білді. XIX ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті
де кеңес Өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті.
Серке Қожамқұлов
Күләш Байсейітова
Қалибек Қуанышпаев
Шәкен Айманов

15.

Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов,
Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген
ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі
идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында
халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін
шебер суреттей білді. Осы жылдары қазақ халқының
мәдени тарихын зерттеп-білуге бағытталған біршама
әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ эпосының негізінде
көрермендерге ұсынылған «Қыз Жібек», «Айман —
Шолпан», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ер Тарғын»,
«Қалқаман — Мамыр» сияқты опера, көркем фильм,
балеттерді атап өтуге болады. Тарихи ескерткіштерді
қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету мақсаттарында
республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80жылдарда республикада 47 мұражай, оның ішінде 29
өлкетану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4
өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс істеді.
English     Русский Rules