Similar presentations:
Тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуының жалпы тетіктері, диагностика, алдын алу және емдеудің ұстанымдары
1.
ҚазақстанРеспубликасының
Денсаулық Сақтау
Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан
Медицина академиясы
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Такырыбы: Тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуының жалпы тетіктері,
диагностика, алдын алу және емдеудің ұстанымдары.
Орындаған: Усенов Б
Тобы: В-ФҚА-03-17
Қабылдаған: Жакыпбекова Ғ.С.
2. Жоспар
КіріспеТұқым қуалаушылықтың дерттанудағы маңызы
Негізгі бөлім
Тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептері
Тұқым қуатын аурулардың жіктелуі
Гендік аурулар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
3. Тұқым қуалаушылықтың дерттанудағы маңызы
Тектік ақпараттардың өзгерістерінен дамитын ауруларды тұқым қуатынаурулар деп атайды. Оларды туа біткен аурулардан ажырата білу қажет.
Туа біткен аурулардың ішінде тұқым қуатын және тұқым қумайтын
(ұрық дамуы кезіндегі ақаулар мен туылу кезіндегі жарақаттар және
кесапаттардың нәтижесінде дамитын) аурулар болуылары мүмкін.
Сонымен бірге кейбір тұқым қуатын аурулар (Гентингтон хореясы,
бұлшықеттердің дистрофиясы) тек адам кемелденген шақ кездерінде
ғана дамиды. Сондықтан оларды туа біткен ауруларға жатқызуға
болмайды.
4.
Тұқым қуалайтын ауруларға организмнің тектік түрінің (генотипінің)өзгерістерін туындататын мутациялар әкеледі.
Мутация (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен
болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі.
Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын
өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд
ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне
байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік
деген түрлері бар.
Кейбір мутациялар айтарлықтай салдар туғызады; мысалы, ата-анасының
екеуінен де тұқым қуалақшылықпен берілген белгілі бір мутация Орақжасушалы анемияныңпайда болуына әкеп соғады. Ұрпаққа жыныстық
жасушаларда (аналық жасушасы немесе аталық ұрық) пайда болған
мутациялар ғана беріледі. Әдетте, бұндай мутациялар ағзаға қауіпті.
5.
Мутация бөлінеді:Гендік
Хромосомалық
Геномдық
6. Геномдық мутация
Геномдық мутация – клеткадағы хромосомалар санының өзгеруі.7.
Бірнеше түрі бар:полиплоидия
• хромосома жиынтығының
бірнеше еселеніп өсуі;
анеуплоидия
• хромосома жиынтығының
еселенбей өсуі;
гаплоидия
• диплоидты (екі еселенген)
хромосома жиынтығының кемуі.
8. Хромосомалық мутация
Хромосомалық мутация –микроскоп арқылы көрінетін
хромосома құрылымындағы
өзгеріс. Хромосомалық мутация
түрлері: делеция, дупликация,
транслокация. Бұл өзгеріс
хромосоманың кей бөлімінің
үзіліп қалуына (делеция),
қосарланып кетуіне
(дупликация) немесе оның
басқа бір бөліміне ауысуына
(транслокация) байланысты.
9. Гендік мутация
Гендік мутация - ДНҚ молекуласының ултрафиолет сәуленің әсерінен өзгеріскеұшырауы
10. Тұқым қуатын аурулардың жіктелуі
Пайда болуындағы тектік ерекшеліктері мен қоршаған орта ықпалдарыныңарақатынастарына байланысты тұқым қуатын ауруларды үш үлкен топқа
бөледі.
Нағыз тұқым қуатын аурулар. Олардың пайда болуында тұқым
қуалаушылықтың маңызы өте зор, былайша айтқанда бұл аурулардың негізгі
себепкер ықпалы болып өзгерген тектік ақпарат есептеледі. Ал, сыртқы орта
ықпалдары бұл аурулардың пайда болуына әсер етпейді. Бұндай ауруларға
бір геннің ауытқуларынан дамитын аурулар (фенилкетонурия, гемофилия,
ахондроплазия т.б.) және хромосомалық аурулар жатады.
11.
Екінші топқа гендік ақпараттың өзгеруінен дамитын тұқым қуатынаурулар жатады. Бірақ олардың клиникалық көріністері байқалуы үшін
арнайы ортаның әсер етуі керек. Мәселен, гетерозиготтық организмдерде
орақ тәріздес жасушалы анемия көрінуі үшін дем алатын ауада оттегінің
азаюы, тұқым қуатын гемолиздік анемия көрінуі үшін дәрі-дәрмектердің
немесе басқа химиялық заттардың әсерлері болуы қажет.
Үшінші топқа көпфакторлық аурулар жатады. Оларға мысал ретінде,
әсіресе ересек және ұлғайған адамдардың арасында кең тараған
гипертензиялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, асқазан мен
ұлтабардың ойық жарасы, қатерлі өспелер, туберкулез, пиелонефрит,
қантты диабет т.с.с. ауруларды келтіруге болады.
12. Тұқым қуатын аурулардың даму жолдары.
Мына жағдайда даму мүмкін:Қалыпты тұқым қуатын ақпараттың дерттік өзгерістерге ұшырауынан;
Тұқым қуатын ақпараттық дерттік өзгерістерге ұшырауынан;
Тектік құралдардың реттелулерінің бұзылыстарынан;
Бүлінген геномның дұрыс қалпына келмеуінен.
13. Гендік аурулар.
Гендердің мутациясы, хромосомаларғақарағанда, біршама аз мөлшерлерде
болады және жиі әлсіздеу
бұзылыстармен сипатталады. Аналық
жасушалардың өсіп-өнуі қасиеті
сақталады және сол себептен мұндай
дерттер ұрпақтан ұрпаққа ауысады.
Былайша айтқанда бұлар нағыз тұқым
қуатын аурулар болып есептеледі, ал
олардың тұқым қуалауы Менделдің
заңына сәйкес келеді.
14. Альцгеймер ауруы
Альцгеймер ауруы - деменцияның ең кең таралған түрі, 1906 жылы неміс психиатры АлоисАльцгеймер тарапынан сипатталған нейрогенеративті сырқат. Әдетте 65 жастан асқан адамдарда
кездеседі.
Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ бола бастайды. Қартая келе тіпті бала сияқты болып
кететіндер де кездеседі. Қариялардағы бұл құбылысты біз «алжыды» деп жатамыз. Ал
медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады.
Адамдардың неге алжитыны туралы ең алғашқы анықтаманы 1906 жылы дәрігер Альцгеймер
жариялаған екен. Дәрігердің құрметіне оның ғылыми жаңалығы өз атымен аталыпты. Ал
алжудың басты себебі деп мидың шаршауы мен есте сақтау қабілетінің төмендеуі көрсетіледі.
Туылғаннан бастап әр күн, сағат, тіпті секунд сайын адам миына түрлі ақпарат жинала бастайды.
15.
Осы кезде адамда ұмытшақтық пайда боладыекен. Өйткені «сандықшаға» сыймай қалған
ақпараттар адам жадынан өше бастайды.
Шаршаған ми да бұрынғыдай жұмыс
істемейтіндіктен қариялар ұмытып қалған
ақпаратын қайта есіне түсіре алмай әлек болып
жатады. (Ағза да бұл кезде қартая бастайды).
Алжудың қартаюмен тығыз байланысты
болатыны сондықтан.
Альцгеймер ауруының тағы бір қызық жағы білімге, көп білуге құштар адамдардың тез
алжып, ал ештеңеге қызықпайтын, жалқау
жандардың 80-90 жасқа дейін алжымауында.
Өйткені «сандықшасы» толмағандардың
милары онша шаршай бермейді. Көп
жағдайда адамдар Альгеймер ауруы мен
ұмытшақтықты шатастырып алады. Егер осы
екеуінің аражігін дұрыс ажырата алса және
уақтылы емделсе, алжудың да,
ұмытшақтықтың да алдын-алуға болады екен.
16. Гентингтон хореясы
Хорея (грек. choreіa — би, билеу) — жүйке жүйесінің ауруы. Көбінесеревматизммен ауыратын балалар мен жасөспірімдерде болады (мұны кіші
хорея деп те атайды). Алғашқы кезде ауру балада қатты шаршағандық
байқалып, бір нәрсеге назар аударуы төмендейді. Бірте-бірте науқастың
қимылында әлсіз, өз еркінен тыс белгісіз өзгерістер пайда бола бастайды.
Соның салдарынан баланың жазуында ұқыпсыздық байқалады, қолындағы
затын ұстай алмай, түсіріп алады, тамағын төгіп-шашып, дұрыс іше алмайды.
Еріксіз қимылдар бірте-бірте үдеп, науқастың қол-аяғы тартылатындығы анық
байқалады. Кіші хореямен ауыратын балалар диспансерлік бақылауға
алынады. Хорея ревматизм, баспамен ауыратын әйелдерде, жүктілік кезінде
(әсіресе алғашқы жартысында) байқалуы мүмкін.
17.
Хорея тұқым қуалайды,сондықтан онымен орта
жастағы және егде адамдар да
(Гентингтон хореясы) ауырады;
кейде ми қантамырларының
атеросклерозы кезінде де
дамуы мүмкін. Мұндай
жағдайда, қол-аяқ, кеуденің
ғана бұлшықеттері тартылып
қоймай, науқастың еркінен тыс
қимылдары бет, тілде де
байқалады. Бұл кезде
науқастың сөйлеуі, тамақ ішуі,
жүруі қиындайды, ақыл-ойы
төмендейді. Осы белгілердің
бәрі науқасты мүгедектікке
алып келуі мүмкін.
18. Ахондроплазия
Ахондроплазия аутосомдық-үстем жолменберілетін ауру. Олаяқ-қолдың ұзындығына дамуы бұзылуымен, сүйектердің
сынғыштығымен көрінеді.Дене ұзындығы және ақыл-есі дамуы
әдеттегідей болады.
Егер аурудың пайда болуына аллель жұбында екі өзгерген ген
керек болса, ондай ауруларды бәсеңкі түрде берілетін аурулар
дейді.
19.
Аутосомдық-бәсеңкіжолмен аурудың тарауы дерттік өзгеріске ұшырағанген гомозиготтық организмдерде ғана көрінеді. Шежіре таратып
талдағанда ұрпақтың барлық үрім-бұтақтарында дерт байқалмайды.
Аутосомды-бәсеңкі берілетін аурулардың мынадай ерекшеліктері бар:
● еркектер мен әйелдердің арасында дерт бірдей жиілікпен кездеседі;
● еркектердің басқа әйелдерден туған немесе әйелдердің басқа еркектерден
тапқан балаларында дерт кездеспейді;
● науқас адамның ата-анасының дені сау болады, ал оның басқа
туыстарында дерт кездесуі мүмкін.
20.
Митохондриялық ұрпақтан ұрпаққа тарау митохондрийлардыңДНК молекуласында өзгерістердің болуымен байланысты
болады. Содан олардың атқаратын қызметтері бұзылудан
әртүрлі дерттер байқалады. Осы жолмен көру жүйкесінің
атрофиясы, бұлшықеттердің тырысып селкілдеуімен көрінетін
қояншық ауруы, митохондриялық миоэнцефалопатия,
отбасылық дилятациялық кардиомиопатия дамиды. Бұл кезде
дерт балаларына тек шешесінен ауысады. Сондықтан науқас
әйелден туған балалардың барлығында дерт болады, ал науқас
еркектен сау балалар туады.
21.
Х-хромосомасымен тіркесіп бәсеңкі түрде ұрпаққа тарауы түрлі-түстердіажыратпаушылық (дальтонизм), сидеробластық анемия, гипогаммаглобулинемия,
бүйректік глюкозурия, гемофилия А т.б. дерттер кездерінде байқалады.
Бұл жағдайда:
● дені сау ата-анадан ауру бала туады;
● ер адамдар ауырады, олардың шешелері дерттік геннің тасымалдаушысы болады;
● дерттік ген әкесінен ұлға ешқашан берілмейді. Өйткені X хромосомы әкеден тек қыздарына
ғана беріледі;
● дерттік гені бар әйелдерден туған ер балалардың 50%-нда дерт болуы мүмкін.
22.
Y-хромосомасымен тіркесіп ұрпаққа тарау азоспермия, саусақтардың ортаңғыбуындарының сыртында және құлақ ішінде артық жүн өсу сияқты ауытқулар
кездерінде байқалады. Бұл кезде олар әкесінен барлық ұлдарына ауысады.
Гендердің қадағалауымен организмде әртүрлі қызметтер атқаратын нәруыздар
түзіледі. Оларды: тіндердің, ферменттердің, гормондардың құрамына енетін
нәруыздар - деп үш топқа бөлуге болады. Осыған байланысты гендік ауруларды
үш түрге жіктейді:
● тіндердің құрылымына енетін нәруыздардың түзілуі бұзылуына әкелетін
гендердің мутациясы жасушалар мен тіндердің құрылымын бұзады. Бұндай
аурулар ұрпаққа әрқашан доминантты түрде беріледі. Оларға даму ақаулары:
ахондроплазия, гемоглобинопатиялар (45-ке жуық түрі бар), эритроциттердің
сфероцитозы, агаммаглобулинемия т. б. жатады;
23.
● ферменттердің құрамына енетін нәруыздардың түзілуі бұзылуынаәкелетін гендердің мутациясы. 1000-ға жуық ферментопатиялар белгілі.
Осының нәтижесінде барлық зат алмасуларының бұзылыстары болады.
Бұл аурулар әрқашан аутосомдық-бәсеңкі түрде беріледі және ауыр
түрде өтеді;
● гормондардың құрамына енетін нәруыздардың түзілуі бұзылуына
әкелетін гендердің мутациясынан гормон түзілуінің бұзылыстары
болады. Бұл аурулар аутосомдық-үстем және бәсеңкі түрлерде беріледі.
Мәселен, гипофиздік ергежейлілік аутосомдық-бәсеңкі, ал қантсыз
диабет аутосомдық-үстем түрде беріледі.
24. ХРОМОСОМАЛЫҚ АУРУЛАР.
Хромосомалық аурулар деп хромосомалардың құрамының немесе олардың саныныңөзгеруінен болатын ауруларды айгады. Олардың құрылымының өзгерістерін
абберациялар (ауытқулар) дейді. Бұл өзгерістер жоғарыда көрсетілгендей ауру дамуына 4
жолмен әкеледі:
● қалыпты тұқым қуатын ақпараттың болмауынан;
● тұқым қуатын ақпараттың дерттік өзгеріске ұшырауынан;
● геномның реттелуінің бұзылыстарынан;
● бүлінген геномның дұрыс қалпына келмеуінен.
25.
Хромосомалардың абберациясының мәні хромосоманың кейбір бөлшектерінің солхромосоманың ішінде немесе басқа хромосомалармен орын ауыстыруы болып
есептеледі.
Хромосомалардың мутациясының негізгі түрлері:
● делециялар — хромосоманың бір бөлшегінің жоғалуы;
● транслокациялар — әртүрлі хромосомалардың арасында үзінділермен (бөлшектермен)
алмасуы;
● дупликация — хромосомалардағы кейбір гендердің екі еселенуі;
● инверсиялар — хромосома бөлшектерінің теріс (180°-қа) айналуы. Хромосомалардың
құрылымдық өзгерістері негізінен көптеген ұрық даму ақауларына немесе ұрықтың
өлуіне әкеледі.
26.
Аутосомдық трисомияның мысалына Даун ауруын (21-жұптың трисомиясын)келтіруге болады. Бұл ауру кезінде жүйкенің бұзылыстары, адамның ақыл-есі
дамуының кемістігі, иммундық жүйенің ауытқулары байқалады. Науқас адамның
хромосомасында өспе туындататын ген (онкоген) болуынан оларда жиі лейкоздардың
дамуына қауіп-қатер болады. Бета-амилоид түзілуін қадағалайтын 21- жұп
хромосоманың генімен жарыместік дамуын байланыстырады.
13-жұп хромосоманың трисомиясын Паттау синдромы деп атайды. Бұл кезде
микроцефалия, қоянжырық, тесік таңдай, полидактилия, жақ сүйектерінің жетілмеуі,
жүрек қақпақшаларының ақаулары байқалады.
18-жұп хромосоманың трисомиясын Эдвардс синдромы дейді. Бұл ауру құлақ
қалқандарының пішіні өзгеруімен, көз саңылауының тарылуымен, астыңғы жақ
сүйектің аз дамуымен, жүректің, бүйректің және ішек-қарын жолдарының
ақауларымен көрінеді.
27. ТҮҚЫМ ҚУАТЫН АУРУЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Бұл әдістердің ішінде ең кең тарағаны — шежіре тарату (генеалогиялық) әдісі. Осыәдіс бойынша науқас адамның ата-бабаларының және жақын туысқандарының
арасында аурудың тарауы бірнеше буындарда қаралады.
Егіздерді зерттеу өдісі де маңызды орын алады. Бұл әдіс аурудың пайда болуындағы
тұқым қуалау мен сыртқы орта ықпалдарының маңызын салыстырып анықтауда
үлкен үлес қосады. Егіздер әртүрлі болады. Бір ұрықтан таралған немесе
монозиготты егіздер бір ғана ұрықтанған аналық жасушадан (бір зиготадан), екі
эмбрион бөлініп дамиды. Олардың генотипі толық бірдей болады. Егер әйелдерде
екі аналық жасуша бірден жетіліп екі аталық жасушалармен ұрықтанса, ондағы
туған егіздер әртүрлі аналық жасушалардан дамиды. Оларды дизиготты егіздер
дейді. Бұл егіздердің генотипі бөлек туған балалардағы сияқты әртүрлі болады.
28.
Егіздерді зерттеу әдісі бойынша бір және екі ұрықтан дамығанегіздердің өзара ұқсастығын салыстыру арқылы әрбір белгілердің
дамуында тұқым қуалау мен қоршаған ортаның маңызын анықтауға
болады. Бір белгімен біріне-бірі ұқсас егіздер жұбын конкордантты
егіздер деп атайды. Егер егіздердің біреуінде бір белгі болып,
екіншісінде болмаса, ондай жұпты дискордантты деп атайды. Бір
ұрықтан дамыған егіздерде, екі үрықтан дамыған егіздермен
салыстырғанда, ауру бірдей жиілікпен кездессе, ол аурудың пайда
болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы үлкен екендігін
көрсетеді. Ал, олардың біреуі сырқаттанып, екіншісі сау болса, онда
аурудың пайда болуы қоршаған ортаның ықпалдарынан дамуын
дәлелдейді.
29.
Популяциялық әдіспен халықтардың кейбір топтарының арасында тұқым қуатынаурулардың тарауын, олардың зандылықгарын анықтауға болады.
Цитологиялық әдіс арқылы бөліну сатыларындағы жасушалардың ядроларында
кариотипті және жыныстық хроматинді микроскоппен тексереді.
Биохимиялық әдіс бойынша гендік аурулардың биохимиялық ақауларын анықтауға
болады. Бұл соңғы екі әдіс жатыр ішінде даму кезіндегі ауруларды анықтауда ерекше
бағалы. Қағанақ сұйығын (амниоцентез) зерттегенде зат алмасуының әртүрлі өнімдерінің
мөлшерін, ферменттердің қабілетін және жасушаның бөлшектерінде жыныстық хроматин
мен кариотипті анықтайды. Осы жолмен 70-ке жуық тұқым қуатын ауруларды анықтауға
және керекті жағдайларда нәрестені дер кезінде алып тастауға болады.
Эксперименттік әдіс арқылы кейбір тұқым қуатын ауруларды зертханалық жануарларда
алуға болады. Тұқым қуалау кемістігі бар жануарлардың таза буындары өсіріліп
шығарылған.
30. ТҰҚЫМ ҚУАТЫН АУРУЛАРДАН АЛДЫН-АЛА САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ.
ТҰҚЫМ ҚУАТЫН АУРУЛАРДАН АЛДЫНАЛА САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЕМДЕУЖОЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ.
Қазіргі жағдайда тұқым қуатын аурулардан сақтандырудың негізгі жолы
болып ондай дерттері бар отбасыларын медициналық тектану
емханаларда зерттеулерден өткізу есептеледі. Тек медициналық
генетикалық білімі бар маман дәрігерлер ғана осы жолмен сапалы баға
бере алады. Генетикалық емхананың негізгі мақсаты — ауру баланы
тудырмау. Ол үшін гендік ауруы бар отбасында шежіре тарату, гендік
жорамалдау тәсілі және керекті биохимиялық, цитогенетикалық
ажыратулар арқылы ауру баланың туу мүмкіншілігін дәл есептеу керек.
Тұқым қуатын ауруларды емдеу мүмкіншіліктері қазіргі уақытта берік
орын алып келеді. Патогенездік емдеу әдістерінің ұстанымдары
төмендегідей:
31.
Орын толтыратын терапия –организмге өзінде жоқ немесежетіспейтін биохимиялық заттарды енгізу.
Витаминотерапия –витаминдерді қалыпты мөлшерден 10 тіпті 100 есе
көп мөлшерлерде енгізу.
Метабализмді арттыру немесе кеміту.
Хирургиялық әдіс тұқым қуатын даму ақауларын емдеуге
қолдаынлады.
Емдәммен емдеу (диетотерапия) –көпшілік тұқым қуатын ауруларды
емдеу мен профилактиканың жалғыз патогенездік және өте нәтижелі
әдісі болады.
32. Қорытынды
Қорыта келсем, мутация (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғижағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын
генетикалық материалдың өзгеруі. Хромосомалық аурулар
хромосомалардың сандық және сапалық өзгерістерінен дамиды.
Гендердің өзгерістері ұрпақтан ұрпаққа ауысатын болса,
хромосомалардың өзгерістері ауыспайды. Өйткені соңғылары бар
адамдар ұрпақ өрбіте алмайды.
33. Пайдаланған әдебиеттер
1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: өңделіп, толықтырылған 3-ші басылым.Алматы, 2007, 648 бет.
2. Ахметов Ж.В. Патологиялық анатомия. – Алматы.- 2003.
3. Ахметкалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кіріспе: Оқу
құралы. – Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы. С.5-34.
4. Хасенова К. Патологиялы қ физиологиядан дәрістер жина ғ ы. – Т ү ркістан, 2005