Similar presentations:
Биология оқыту әдістемесінің негізгі дидактикалық принциптері. Биология оқыту формаларының жүйелері
1. № 5 дәріс Тақырып: Биология оқыту әдістемесінің негізгі дидактикалық принциптері. Биология оқыту формаларының жүйелері
2. Жоспар:
Оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптерініңбіртұтастығы.
Ғылымилылық және жүйелік принциптері.
Теориямен практиканың бірлігі принципі.
Түсініктілік және көрнекілік принциптері.
Саналылық және белсенділік принциптері.
3.
Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары менміндеттерін жүзеге асыру – білім берудің
мазмұнын құру мен таңдап алу, оқытудың әдістәсілдерін жасау және пайдалану, оқу-тәрбие
үрдісінің ұйымдастырушылық формаларын
қолдану. Сонымен дидактикалық принциптер
мақсат-міндеттерге сәйкес барлық оқыту
үрдісінде реттеуші қызмет атқарады.
4.
Оқыту принциптері мектеп тәжірибесініңтарихи дамуының теориялық негіздерін
талдау арқылы анықталған. А. Я. Коменский
кезеңінен бастап классикалық педагогикада
оқыту теориясының негізгі ережелері ретінде
дидактикалық принциптерді негізделуге және
айқындауға әртүрлі әдіснамалық тәсілдер
айтылды. Алғашқыларының бірі болып
түсініктілік, көрнекілік, табиғатқа сәйкестік
т.б. алынады.
5.
Ерекше әдістемелік-биологиялықпринциптер: себептілік, тарихилық,
тірілердің бірлігі принципі, табиғатқа кіру,
өзара байланыс және өзара сәйкестік, нақты
әлемнің материалдығы және танымдылығы,
табиғат заңдылықтарының қоғамның даму
заңдылықтарына қарағанда алғашқы
екендігін т.б. Осы принциптер биология
әдістемесінде дидактикалық принциптердің
негіздемесі болады.
6.
Себептілік принципі тіршілік әлеміндегі бейімделгіштіктің жәнетабиғатқа сәйкестіліктің материалдық сипатта екендігін көрсетеді.
Тарихилық принципі эволюциялық үрдістің үздіксіздігі мен ұзақтығын
түсіндіреді, биологиялық білім берудің гуманитарлық құрам бөлігін
айқындайды, ғылымның дамуының әр сатысындағы бір-бірімен
сабақтастығы көрсетеді, жекелеген ғалымдардың ғылымның
қалыптасуымен дамуындағы рөлін көрсетеді.
Тірілердің бірлігі принципі тірі дүниенің көптүрлілігін, олардың
филогенетикалық байланыстарын, ағзалар жүйесіндегі жекелеген
топтардың, тұтас патшалықтардың ілгері дамып келетіндігін
түсіндіргенде бағыт-бағдар ретінде болады.
Табиғатқа кіру принципі тірі табиғи нысандармен танысуды міндетті
түрде олардың тікелей табиғи ортасында жүргізу қажеттігін көрсетеді,
бұл танымжорықтар, бақылаулар, тәжірибелер мен сарамандық
жұмыстарды «ашық аспан астында», тірі табиғат мүйісінде, мектеп
жанындағы оқу-тәжірибе алаңында өткізу қажеттігін дәлелдейді.
7.
Оқыту, тәрбиелеу және дамытупринциптерінің біртұтастығы.
Биологияны оқуға қатысы тұрғысынан осы
принцип білім мазмұнын кешенді түрде ашу үшін
және оқушылардың білімділігі, тәрбиелілігі және
дамуының жоғары деңгейдегі үйлесімдікте болуын
қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді қолдану.
Оқу-тәрбие үрдісінің барлық кезеңдерінде
оқушының рухани күші мен ой-санасының
дамуына ұстаздың қаморлығы байқалуы керек.
8. Ғылымилылық және жүйелік принциптері.
Осы принциптер оқушыларда биологиялық ғылымнегіздерінен білім жүйесін қалыптастыру үрдісімен
қамтамасыз етеді.
Ғылымилық принципі білім көлемін, теориялардың,
заңдылықтар мен заңдардың қолдану аясын
анықтайды.
Ғылымилық принципі биологиялық білімнің ішкі
жүйесін және оның басқа оқу пәндерімен байланысын
анықтайды.
Ғылымилық принципін басшылыққа ала отырып,
биология мұғалімдері, әдіскерлер мектеп
биологиясының жалпы білім беру және тәрбиелік
деңгейін қамтамасыз етеді.
9.
Теориямен практиканыңбірлігі принципі.
Бұл принцип мектептің дамуының алғашқы күнінен
басталады. Осы принцип қазіргі өндірістің ғылыми
негзін ашудың заңды қажеттілігін анықтайды
(политехнизм).
Бұл принцип мамандықты меңгеру үрдісі
барысында оқушылардың ғылыми білімдерін еңбекке
пайдалануға қатысы жөнінен белсенділік көрсетуді
ұйғарады.
Осы принцип негізінде оқушыны ғылыми білімді
күнделікті өмірде, оқуда және еңбекте саналы түрде
үнемі пайдалануға үйретеді.
10.
Түсініктілік және көрнекілікпринциптері.
Түсініктілік принципі оқушының ақыл-ойының,
рухының және денесінің толыққанды дамуының нақты
мүмкіндіктерін қамдайды.
Түсініктіліктің шегі тек оқу материалы көлеміне
ғана емес, оның қиындығы, оқулықтағы және
сабақтағы материалды берудің әдістемелік тәсілдеріне
де байланысты.
Биология әдістемесі үшін Л. В. Занковтың
көрнекілік принципін негізді қолдануға мүмкіндік
берген сөз бен бейненің үйлесімділігі жөніндегі
дидактикалық зерттеулері құнды болып есептеледі.
11.
Саналылық және белсенділікпринциптері.
Бұл принциптер әсіресе оқыту нәтижесімен
тығыз байланысты және негіінен соған талап
қояды, білімнің, біліктіліктің, дағдының оларға
тән сапасын сипаттайды.
Оқытудағы саналықтың қажетті шарты, әрі
көрсеткіші болып саналатын оқушылардың
оқудағы белсенділігі.
Белсенділік принципі дербестік пен жекелеген
қатынастың дамуына сүйеніп жүзеге асырылады.
Белсенділік принципін оқу әрекетінің шеңберімен
ғана шектеуге болмайды.
12. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.М.Верзилин «Общая методика преподаваниябиологии» М,1972ж.
2. В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»
М,1970г
3. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. «Общая методика
преподования биологии»
13.
Назарларыңызғарахмет!!!