Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптасуы.
Каменскийдің көзқарасындағы қарама-қайшылық және екі жақтылығы.
Коменскийдің көзқарасының ерекшелігі
Коменский педагогикасының басты негіздері:
Коменскийдің адамға сенімі
Коменский: «Мектеп - адамгершіліктің шеберханасы!»
Каменскийдің айтуынша, барлық балалар жынысына және тегіне қарамастан білім алуға құқылы. Балалар өздерінің қабілеттілігіне,
Я.А.Коменскийдің педагогикалық теорияның маңызы.
Белгілі дидакт ретінде Коменский оқытудың өміршеңдігі, реализмі қағидасын ұсынды, гуманизм және табиғатқа сәйкестік
Ян Амос Коменский атындағы Университет
Коменскийдің педагогикалық мұрасын орыс педагогикасының ұлы классигі К.Д.Ушинский, қазақтың ұлы ағартушы, педагогі Ы.Алтынсарин
3.27M
Categories: historyhistory pedagogypedagogy

Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптасуы

1. Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптасуы.

Оның көзқарасының қалыптасуына кей жағдайда қарама-қарсы
факторлардың әсері болды:
1. Феодалдық қоғамның дәстүрлері;
2. Феодалдық қоғамның өз ішінде қалыптасқан капитализмнің өзімен
бірге алып келген жаңалығы;
3. “Чех ағайындардың” демократиялық даму бағыттары және
ғылымдағы материалистік лептің әсері

2. Каменскийдің көзқарасындағы қарама-қайшылық және екі жақтылығы.

Каменскийдің көзқарасындағы қарамақайшылық және екі жақтылығы.
• Коменский көзқарасында материализм
элементтерін аңғаруға болады
• сонымен қатар діни шектеушілікті, терең
гуманизмді және діни талаптарды
орындамағаны үшін қатаң жазалау шараларын
қолдауын жатқызуға болады.

3. Коменскийдің көзқарасының ерекшелігі

Педагогикалық еңбектерінде өзіндік ізін қалдырды. Еңбектерінде өте
прогрессивті идеялармен, ережелерімен қатар жекеленген артта қалған
діни көзқарастар мен ойлар кездеседі.
Мәселен, ол дүниеге даярлықты - тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі
ретінде қарастырды. Бірақ артта қалған көзқарасы емес, алдыңғы
қатарлы, прогрессивті озық көзқарасы Коменскийдің педагогикалық
теориясының сипатын айқындайды. Ол өзінің мәні жағынан жалпыға
бірдей және өте алдыңғы қатарлы озық идея ретінде көптеген елдерде
педагогикалық теория мен педагогикалық тәжірибені одан әрі дамытуда
ықпалы ерекше болды.

4. Коменский педагогикасының басты негіздері:

Гуманизм
Демократизм

5. Коменскийдің адамға сенімі

Коменскийдің барлық өмірі
мен еңбектері адамға деген
ерекше сеніммен,
сүйіспеншілікпен қарауға
негізделді. Адам, оның
көзқарасы бойынша, бұл
“жетілдірілген, керемет
құрылым”, ол табиғаттан
қабілеттіктермен
сыйланған, білім берудің ең
жоғары сатысына
көтерілген.

6. Коменский: «Мектеп - адамгершіліктің шеберханасы!»

7. Каменскийдің айтуынша, барлық балалар жынысына және тегіне қарамастан білім алуға құқылы. Балалар өздерінің қабілеттілігіне,

дарындылығына қарай әртүрлі
болады. Бірақ,
қабілеттілігіндегі өзгешелік
Коменскийдің түсіндіруінше,
балалардың біреулеріне білім
беру үшін айналысуға және
басқаларымен сабақтан
бұлтаруға негіз бола
алмайды. Бұл тек ғана
тәрбиешілерді бір сарынды
емес, белгілі бір үлгі бойынша
емес, балалардың жас
ерекшеліктеріне қарай, оқыту
мен тәрбиенің нақтылы
әдістерін анықтай білуге
міндеттейді.

8. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теорияның маңызы.

Педагогика тарихында Коменский – ең белгілі, аты
әлемге танымал ірі тұлғалардың бірі. Өз дәуірінің
алдыңғы қатарлы іліміне сүйене отырып,
демократиялық сипаттағы және бұқара халықтың
ағарту ісіне ұмтылысын бейнелейтін
педагогикалық жүйені жасады. Коменский
жалпыға бірдей оқыту, бірыңғай мектеп жүйесі,
ана тіліндегі мектеп, жеңіл де және түсінікті оқыту
үшін күресті. Балаларды ерте жас кезінен бастап,
мүмкіншілігі келетін еңбекке баулу қажеттігін атап
көрсетті. Коменский - өте күрделі, қарамақайшылықты тұлға. Ол тәрбиенің мақсаттары
туралы, оқытудың мазмұны туралы мәселелерде
ортағасырлық діни көзқарасқа бой ұрды. Бірақ
оның жүйесі тұтас алғанда прогрессивтік сипатқа
ие болып табылады. Негізгі педагогикалық
мәселелерді алдыңғы қатарлы, ал кейде тіпті өз
дәуірінің материалистік теориясының және
мектебінің озық тәжірибесі рухында шеше білді.

9. Белгілі дидакт ретінде Коменский оқытудың өміршеңдігі, реализмі қағидасын ұсынды, гуманизм және табиғатқа сәйкестік

талаптарынан туындай отырып, балалардың
психологиялық және жас ерекшеліктерін
ескертуді, көрнекілікті қолданудың негізінде
таным қабілеттіктерін дамытуды талап етті,
оқытудағы қызығу, зейін, есте сақтау
мәселелерін талдады және оқытудың негізгі
қағидаларын және ерекшелерін айқындап
берді.
Ол алғаш рет сабақ теориясны терең талдап
берді.
Я.А.Коменский бүкіл дүние жүзінде
педагогикалық ой-пікір мен мектептің
дамуына орасан зор әсер етті. Оны жаңашыл
педагог, дидактиканың ғылыми негізін салушы
ретінде көптеген батыс елдері өздерінің
мектеп ісін ұйымдастыруға және жаңартуға
шақырып, тәжірибе алмасты (Англия, Швеция,
Венгрия және т.б.).

10. Ян Амос Коменский атындағы Университет

11. Коменскийдің педагогикалық мұрасын орыс педагогикасының ұлы классигі К.Д.Ушинский, қазақтың ұлы ағартушы, педагогі Ы.Алтынсарин

және басқа да ХІХ ғ.ІІ жартысында Ресейді
мекендеген орыс емес ұлттардың педагогикасының өкілдері
Я.С.Гогебашвили, Уавчавадзе, М.Ф.Ахундов, Г.Агаян, Карм Насыри,
И.Я.Яковлев және т.б. ағартушы-педагогтары өз шығармаларында
Я.А.Коменскийдің педагогикалық мұрасын насихаттауда біршама
еңбек сіңірді.
English     Русский Rules