1.01M
Category: biographybiography

Жамбыл дөген жәй атым, халық менің шын атым!

1.

Сыныбы: 5 «Ә»
Сынып жетекшісі: Мұраталиева Ж.М
Орындаған: Райхан Ұ.С

2.

Бұл ақынның өмірінің соңғы жылдарында тұрған үйі (1938-1945).
Қазір мұнда Жамбылдың әдеби-мемориалдық мұражайы орналасқан.
Бұл үйді Жамбылға 1938 жылы 92 жасында ақындық өмірінің
75 жылдығы тойланған уақытында Қазақстан өкіметі салып
берілген екен. 12 бөлмеден тұратын.

3.

Жамбыл атаның демалған, ұйықтаған жеке жатын бөлмесі. Бұл
бөлмеде оның күнделікті киген киімдері, қолданған заттары.

4.

Суретте атаның 1936 жылғы
домбырасы.
Жамбыл Жабаевтың
3 домбырасы сақталған.
2 домбырасы осы
мұражайда, ал бір
домбырасы
Алматыдағы Республикалық
аспаптар мұражайында
сақталған.
Бұл Жамбыл атаның
13 жасында ұстаған
домбырасы.
Жетісу айтыс өнерінің
алтын діңгегі атанған
Сүйінбай Аронұлы
Жамбыл атаға 13 жасында
бата берген.
Қырғыздың атақты ақыны
Тоқтағұл Сатылғановпен
атамыз үлкен дос болған
екен. 1938 жылы осы
үй салынып болғанда атамызға
қонаққа келген қырғыз
ақындары оған күміс ертоқым,
домбыра сыйлаған

5.

Қонақ бөлме. Көптеген сыйлы қонақтарды осы бөлмеде
күтетін болған.
Үстелдің үстіндегі кеседен басқа ыдыстардың барлығын ата
көзі тірісінде өзі қолданған. Үйдегі дүние-жиһаз, кресло, дивандардың
барлығы 1938 жылы өкімет тарапынан сыйланған. Бүгінгі күні үйде
перделер

6.

Жамбыл ата үш рет кезекпен
үйленген. Бірінші бәйбішесі
Момын апа қайтыс болғаннан
кейін, Талқайрат апаға үйленіп,
ол дүниеден озғаннан соң
Қанымжан апаны алған. Осы
үш ападан 10 баласы болған.
2 қыз, 8 ұл. 2 ұлы майданда қаза
болған. Қазіргі таңда осы
балаларынан 100-ден астам
ұрпақтары бар

7.

Соғыс жылдарында ақынның «Ленинградтық өренім» атты өлені жарық көрген.
Сөйтіп ол үйлердің қабырғаларымен бірдей үлкен афишаларда Ленинградтың әрбір
бұрышында ілулі тұрған. Сол мезетте бұл өлең орыс тіліне аударылып, радиодан беріліп,
Ленинградтық блокада батырларына рух, дем берді. Ленинградтықтар бір үзім нан емес,
атамыздың шығарған өленің қойнына салып сақтаған екен. Риза болғандары соншалық, соғыс
аяқталғаннан кейін қалталарындағы барлық тиындарын жинап, ауылға кіреберістегі бірінші
көшедегі зәулім үйлерді осы ленинградтықтар Жамбылдың аруағына бағыштап салып берген
екен. Бұл өлеңнің өте кішірейтілген түрі.

8.

Жамбыл ұлдарымен. Солдан оңға қарай Алғадай, Тезекбай, Ізтілеу.

9.

Ақынның келіні мен немерлерімен түскен суреттері.

10.

11.

Жамбыл Жабаев шәкірттерінің суреттері.

12.

Жамбыл Жабаевтың қазіргі уақытта да жүріп тұрған Н-1 маркалы
машинасы. 1936 жылы Мәскеудің «Молотов» зауытынан шыққан
ең алғашқы москвичті 1938 жылы Жамбылға үймен бірге өкімет
сыйлаған. Ол уақытта ақын қарт адам болғандықтан өзінің
Нағашыбек деген жеке жүргізушісі болған.

13.

Бұл ақынның әр жылдары киген шапандары. Оңнан солға қарай 1-ші көзі
тірісінде киген сырма шапаны, ортадағы шапанды 2011 жылы 165 жылдық
мерейтойы қарсаңында Жамбыл атамыздың ұстазы Сүйінбай Аронұлының
шөбересі ҚазҰУ-дың қазақ филологиясы факультетінің профессоры Сұлтанғали
Садырбаевтың берген сыйы, 3-ші шапанды көзі тірісінде өзбек ақынжазушылары сыйлаған

14.

Жамбыл ата 1945 жылы 22 маусымда сағат 7:55-те қайтыс болған
екен. Өзінің өтініші бойынша үйінің артындағы алма бағында
жерленген.
English     Русский Rules