Әлемдегі үздік 10 әуежай
Жапонияның халықаралық орталық әуежайы
Хитроу әуежайы
Ванкувер әуежайы
Канада әуежайы
Схипхол Амстердам әуежайы
Инчхон әуежайы
Сингапурдағы Чанги әуежайы.
Халықаралық Гонконг әуежайы.
Адейра аралындағы әуежай
Халықаралық Алматы әуежайы
4.31M
Category: historyhistory

Әлемдегі үздік 10 әуежай

1. Әлемдегі үздік 10 әуежай

Орындаған: Орынбасар О.
Тобы :
Спис 15-1 тобы.

2.

Әр адам шетелге
шығып, мәдениетін
танып, саяхаттағанды
ұнатады. Саяхатшы
қыдырып қай қалаға
бармаса да ең бірінші
көретін жері сол
қаланың әуежайы. Сол
себепті әуежайдың
әдемі, қолайлы,
қауіпсіз болуы шарт.
Әрбір жолаушы өз
ұшағын күтіп, көп
уақытын әуежайда
өткізетіндіктен,
әуежайдың
маңыздылығы өте зор.

3. Жапонияның халықаралық орталық әуежайы

Жылдық жолаушылар саны – 9.8 млн.Күншығыс
елінің тағы бір жасанды аралы Айс Бэй аралындағы
бұл әуежай әлемдегі өңірлік әуежайлардың ішіндегі
ең үздігі деп танылған. Мұнда жолаушылар әуежай
жанындағы Нагойа қаласының түнгі сұлулығын
тамашалап, ғимарат ішінде жапон халқының
дәстүрлі моншасына да түсе алады.

4. Хитроу әуежайы

Хитроу әуежайы — Лондон қаласында орналасқан ең үлкен
халықаралық әуежай. Әлемдегі жолаушылары ең көп әуежай болып
есептеледі (2011 жыл). Лондон әуежайының басымдылығы:
әуежейдың өте қарапайым болуы, әуерейстер жайлы
ақпараттардың қол жетімді болуы, қызметкерлердің жақсы
қызмет көрсетуі. Бұл әуежай жылдың "ең үздік дүкендері", "ең
үздік терминалдар" деген атаққа қол жеткізді.

5. Ванкувер әуежайы

Халықаралық Ванкувер әуежайы - Ричмонд
қаласындағы Си аралында орналасқан әлемдегі ең үлкен
әуежайлардың бірі. Жылына 18 млн жолаушы
қабылдайды. Бұл әуежай өзінің атақты өнер
мұражайымен әлемге танымал. Төрт жыл қатарынан
Солтүстік Американың үздік әуежайы атағына ие болып
келе жатқан бұл орын, аумағын үлкейту үшін жұмсалған
1,4 миллиард доллар ақшаны жұмсаған. Сапалы қызмет
көрсету жағынанан жоғары бағаланған. Ерекшелігі сол,
әуежайда жасыл түсті киім киген ерікті адамдар келген
жолаушыларға көмек көрсету арқылы қызмет сапасын
арттырады.

6. Канада әуежайы

Air Canada — Канаданың ең үлкен әуе компаниясы. Ол 1936
жылы құрылып, 96 бағытта рейстік және чартерлік қызмет
көрсетеді. Оның ең үлкен тобы Торонто Халықаралық
Әуежайы. Оның басты базасы Квебектегі Трюдо Монреаль
Халықаралық Әуежайы. Эйр Канада әлемдегі көлемі бойынша
8-ші жолаушы тасымалдаушы әуе компания. Ол Star Alliance
бірлестігінің мүшесі.

7. Схипхол Амстердам әуежайы

Схипхол Амстердам әуежайы —
Нидерланд астанасы Амстердамда
орналасқан еӊ басты әуежай.
Жылына 49,8 млн. жолаушы
қабылдайды. Схипхол әуежайы
1916 жылы ашылған. Алғашында
әскери әуежай болған. Кейіннен
халықаралық әуежайға айналып,
әлемде жолаушылар көп
қабылдайтын әуежайлардың бірі
атанды. Схипхол әуежайының
ерекшелігі әрбір жолаушыға өзінің
ұшағын күту барысында әуежай
ішінде покер ойнауына, массаж
қабылдауына не болмаса әуежай
кітапханасында кітап оқуына
жағдай жасалған. Схипхол өзінің
атақты мейрамханаларымен
әлемге танымал.

8. Инчхон әуежайы

Корея республикасыныӊ астанасы Сеулден 70
шақырым қашықтықта орналасқан әлемдегі ең ірі
әуежайлардың бірі.

9. Сингапурдағы Чанги әуежайы.

Сингапурдегі Чанги әуежайы
жыл сайын әлемдегі ең үздік
әуежай премиясының жеңімпазы
атанады.
2015 жылы да «The World’s»
көрсеткіші бойынша «SkyTrax»
компаниясының ең үздік 100 әуежайы
қатарына және Tech Insider нұсқасы
бойынша 10 үздік инновациялық
әуежай қатарына енді.

10. Халықаралық Гонконг әуежайы.

Жылына 53,3 млн
жолаушы қабылдайды.
Әлемнің "ең жанды
әуежайы" деген атаққа
ие.
Гонконг әуежайы
жүкті тез жеткізу
жағынан, өзінің
тазалығымен, дүкендер
және мейрамхана
тұрғысынан үздік
көрсеткішке жеткен.
Жолаушыларға уақыт
өткізу үшін гольф
ойнау мүмкіндігі
жасалған.

11. Адейра аралындағы әуежай

Адам қиялының ұшқырлығында шек жоқ-ау сірә. Мадейра атты
шағын арал әуежайға аса қатты зәру болатын. Бірақ, жер көлемі
өтте шағын болғандықтан, ұшу-қону жолын орналастыру мүмкін
еместей көрінетін. Құрылысшылар аталмыш мәселенің оңтайлы
шешімін таба білген екен. Таулардың қоршауында жатқан аралдың
шеткері бөлігіндегі шағын ғана жолақшаны тегістеп, жасанды
жолмен жабдықтап, толық қанды ұшу-қону жолағын жасап
шығарған екен. Сырт көзге сұлу көрінгенімен, жолаушылар
ұшақтың жартастарға қарай қатты жылдамдықпен бағыт алып
келіп, кенеттен оңға қарай жалт бұрылғанын кезінде қорқыныштан
көздерін жұмады екен. Адреналин іздеп жүрген жандар үшін
таптырмайтын әуежай деуге болады.

12. Халықаралық Алматы әуежайы

Қазақстандағы ең-үлкен әуежай. Ол Алматы
Орталығынан 18 километр қашықтықта орналасқан.
Әуежай арқылы Қазақстан бойынша жолаушылардың
жартысы және жүктердің 68% өтеді.2011 жылы әуежай
3,665,538 жолаушыға қызмет көрсеткен (2010 жылмен
салыстырғанда 19%-тік өсім).Бір қызығы Алматы
халықаралық әуежайының иесі кім екендігі тіпті Алматы
әділет басқармасының өзіне ресми түрде беймәлім.
English     Русский Rules