Similar presentations:
Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде қазақтың балалар ойындарын пайдалану ерекшеліктері
1. Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде қазақтың балалар ойындарын пайдалану ерекшеліктері
*Қазіргі мектептің оқыту
үрдісінде қазақтың балалар
ойындарын пайдалану
ерекшеліктері
2.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің дүниежүзілік білім кеңістігіне енуібілім беру саласына жаңа талаптар қойылып отыр. Бұл талаптарды
жүзеге асыруда нарықтық экономика талаптарына өз мүмкіндіктерін
үйлесімді ете алатын, мәдени-әлеуметтік жағдайларға бейімделу қабілеті
бар болашақ ұрпақтың қажеттігі белгілі. Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған
Ойынның негізгі ерекшелігі балалардың қоршаған өмірде адамдардың
өмірін, қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылдарынан туған
жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында
бөлме теңіз де, метро станциясы да, темір жол вагоны да болуы мүмкін.
Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына
лайықты маңыз береді.
3.
Зерттеу мақсаты: Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде қазақтың балаларойындарын қолдану жағдайын анықтау.
Зерттеу объектісі: Қазіргі мектептегі оқыту үрдісіндегі балалардың ойындары.
Зерттеу пәні: Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде балалардың ойын әрекетін
ұйымдастыру процесі.
Зерттеу міндеті: Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде балалар ойындарын
қолданудың жағдайын және ол ойындарды қолданып балалардың ой-өрісін
дамытудың теориялық негіздерін анықтау.
Зерттеудің әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық,
эмпирикалық, әлеуметтану, білім беру жүйесі субьектілерінің тәжірибелерін
талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды
жүргізу, математикалық-статистикалық өңдеу.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: білім беру жүйесінің философиялық,
психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері,қазіргі мектепте
білім берудің мәселелері, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін
оқу барысында қолданудың ғылыми-әдістемелік териясы, ойындар туралы
отандық және шетелдік ғалымдардың әдістемелік еңбектері.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
4.
Алғаш рет Ф.Фребель ойынды тәрбие құралдарын көрсетежіктей білген. Оның пікірінше, ойынды саралау принципін
негізін ақыл-ойынның ықпал етуі (ақыл-ой ойыны)
1. Ішкі сезім ойындардың сыртқы орган (сенсорлық
ойындар);
2. Қимыл-қозғалыс ойындары (моторлық ойын).
К.Грос неміс психологы ойынның педагогикалық мәніне
байланысты былайша жіктеледі:
1. қимыл-қозағлыс ойыны
2. ақыл-ой
3. сенсорлық
4. еркін дамытушылық
5.
Т.Ж.Бекботчаеваның ұлттық ойынды жіктеуі№
Қозғалыс мақсаты және сипаты
Жасына қарай
Мақсатына
қарай
қолдануына қарай
1
Ойыншықпен ойын
1.Балаларға
арналған ойын
1.Жеке
ойын
2
Лақтыру, жүгіру, секіруге ойындар
2.Ересектерге
арналған ойын
2.Ұжымдық
сипаттағы ойын
3
Көзін байлап қою арқылы ойын
4
Судағы ойын
5
Әскери қоданбалы ойындар
6
Үстел үсті ойын
7
Күрес элементері бар ойындар
8
Ат-спорттық ойын
9
Аттракцион ойыны
сипаттағы
6.
Е.Сағындықовтың ұлттық ойынды жіктеуіОйын топтары
Шағын топқа
1. Ойын сауық ойындар
Көп
адамдардың Ермек ойындары
қатысуымен, әнмен және
музыкалық
шығармалармен
сүйемелденіп
орындалады
2.Дене шынықтыру ойындары
1. Тез қимылды талап Атпен ойындар
ететін ойындар
Ақсүйек,
2.
Жәй
қимылдарды ойындары
талап ететін ойындар
3.Оймен ойналатын ойындар
Атаулары
Орда
Математикалық
Тоғыз
құмалақ,
сызбалармен логикалық шатыраш,
жұмбақ,
санауға
арналған жаңылтпаш, афоризм
ойындар
7.
М.Тұрыскелдинаның қозғалыс ойындарын жіктеуі№
Тән
сапаларын Ой
сергітер Әлем
дамытушы ойындар. Бой ойындар
халықтарының
ширатар ойындар
ойындары
1
Доппен ойындар
2
Эстафета
3
Спорттық ойындар
4
Судағы,
ойындар
28
ойынды 13
көрсетті
тізді
мұздағы
ойынды
8.
ҚорытындыҚазақ халқы мәдени мұраларға бай халық екендігінде сөз жоқ. Сондай бір қомақты
дүниелер қатарына ұлттық ойындарды жатқызамыз. Қазір бізге жеткен
ұлттық ойынымыз: тоғызқұмалақ, асық т.б. Қазақтың көне жыр-дастарында ұлттық
ойындар балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеуде ерекше орын алады деп айтуға
болады.
Халық ойының көп ойнаған, халық фольклорынан, рухани қазынамызбен
сусындаған бала сол халықтың тынысымен дем алатыны және сол ойындар арқылы өз
халқының салт-дәстүріне, туған жерінің жағдайына, табиғат ерекшеліктеріне мән беріп
өсері сөзсіз.
Ұлттық ойындардың мазмұнына қарай математика, дүниетану, ана
тілі, қазақ тілі пәндерінде қолданудың және білім берудің маңызы зор.
Қазақ халқының толып жатқан әдет-ғұрыпқа, еңбек процесіне байланысты өткізілетін
ойын-сауықтары мен мереке-тойларының ешбірі ұлт ойындарынсыз өтпеген. Әрбір
қоғамның балаларға жасап отырған қамқорлығына, жеткіншек ұрпаққа деген
көзқарасына қарап, сол қоғамның болмыс-бітімінің гуманистік бағыт-бағдарын байқауға
болады. Түптеп келгенде, ұлттық қасиет пен дәстүрдің қалайша жалғастық табуы да сол
қоғамның ұрпаққа деген мәмілесіне байланысты. Демек, көшпелі өмір кешіп, мал баққан
ата-бабаларымыздың көзін ашқаннан көрген театры да өнері де, көңіл көтерер қызығы да
осы ұлт ойындары болғандығын есімізден шығармай келер ұрпаққа жарату біздің, яғни
тәрбиеші педагогтардың міндеті, қоғам алдындағы борышы.