Оқиға болған жерді карау тактикасы
286.99K
Category: lawlaw

Оқиға болған жерді карау тактикасы

1. Оқиға болған жерді карау тактикасы

2.

Оқиға болған жер дегеніміз – қылмыстың іздері
танылған жер. Оқиға болған жермен қылмыс болған
жер бір жерде болуы мүмкін.
Оқиға болған жерді қарау дегеніміз тергеушінің окиға болған жерде іздерді , айғақты
заттарды іздеп табуға, оларды бекітуге алып ,
зерттеуге бағытталған , осымен қатар жасалған
қылмыстыңмән жайын,оның жасалу механизмін
анықтау мақсатында өткізілетін ,зағда көрсетілген
тергеу әрекеті.

3.

Оқиға болған жерді
қараудың өткізілу мерзіміне
қарай үш түрге бөлінеді
Қайталап
қарау
Алғашқы
қарау
Қосымша
қарау

4.

Оқиға болған жерді қарау үш кезеңнен
құралады
Дайындық
кезеңі
Жұмыс кезеңі
Қорытынды
кезеңі

5.

Дайындық кезінде жүргізілетін шараларды екіге бөлуге
болады. Біріншісі оқиға болған жерге бармай тұрып
жүргізілетін шаралар ,ал екіншісі оқиға болған жерде жұмыс
кезеңіне дейін өткізілетін шаралар.
Дайындық кезеңінің бірінші сатысында келесі шаралар
жургізіледі:
Оқиға болған жерді күзетудің мәселесін шешу;
Оқиға туралы хабар берген адамның аты – жөнін,тұратын
жерін анықтау;
Жедел – іздестіру тобын құрастыру;
Тергеу әрекетін өткізу үшін керекті техникалық құралдарды
реттеу.

6.

Дайындық кезеңінің екінші сатысында келесі шаралар
жүргізіледі:
Жәбірленушіге көмек көрсету;
Оқиға болған жерден бөтен адамдарды шығарып
салу:
Куәлерді (қалыс,понятой) шақыру;
Жәбірленушіден не болмаса куәгерлерден оқиға
болған жердегі өзгерістерді анықтау;
Қарауға қатысушыларға олардың міндеттері
түсіндіру;
Кейбір кідіртпей өткізілетін шаралар
(қылмыскерді ұстау,оқиға өткен жерді қарауды
өткізу үшін т.б. шаралар)

7.

Жұмыс кезеңін де екіге бөледі,біріншісі жалпы қарау кезеңі,
екіншісі деталды қарау.
Бірінші – жалпы қарау кезінде тергеуші келесі мәселелерді
шешеді:
Оқиға болған жердің жалпы жағдайымен танысу;
Қараудың шекарасы анықталады;
Қараудың реттілігі;
Қарауды өткізу тәсілі;
Оқиға болған жерді қарауды бірнеше тәсілдермен өткізуге
болады,ол қылмыстың болған жеріне де байланыстыболуы
мүмкін.
1.
Концентірлік тәсіл- шеттен ортаға қарай карау. Бұл
тәсіл,қылмыс болған жер бөолме болса,немесе
ғимараттаболса қолданылады.
2. Эксцентрлік тәсіл- ортадан шетке қарай қолдану. Бұл тәсіл
қылмыс ашық далада болса қолданылады.
3. Фронталдық тәсіл- оқиға болған жерді секторларға не
болмаса квадраттарға бөліп қарау.
Екінші – деталды қарау кезінде масштабты суретке түсіру,
оқиға болған жердегі бөлек объектілерді
ұстауға,қозғауға,айғақ заттарды анықтап оларды алуға
бағытталған шаралар.

8.

Қорытынды кезеңінде - оқиға болған жерді
қараудың барысы және оның нәтижесі
бекітіледі. Хаттама толтырылады, керекті
схемалар , сызбалар , жосарлар жасалынады.
Оқиға болған жерден алынған айғақты
заттар және іздер оралып алынады. Оқиға
болған жерді қарау барысында түсірілген
фотосуреттер, фототаблица ретінде
хаттамаға тіркеледі.
English     Русский Rules