68.31K
Category: medicinemedicine

Шистосомоздар. Этиологиясы. Эпидемиологиясы

1.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті
Факультет: Жалпы медицина
Дисциплина: Жұқпалы аурулар
Тақырыбы: Шистосомоздар. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
Патогенезі. Клиникалық классификациясы. Клиникасы.
Диагностикасы. Екшеу диагностикасы. Емі. Алдын алуы.
Орындаған: Бекмұхамбетова Ж.Ғ.
Тобы: 402 «А»
Тексерген: Айбусинова К.Н.
Ақтөбе, 2018 жыл

2.

Жоспар:
•Шистомоздар, түрлері
•Несеп
шистосомозы (Schistosomosis
urogenitalis)
•Ішек шистомозы (Schistosomosis
intestinalis)
•Жапон шистосомозы (Schistosoma
japonicum)

3.

Шистомоздар – тропикалық гельминттер
тобына жатады, созылмалы ағымды, ұсақ қан
тамырларын зақымдаумен, несеп-жыныс
жүйесін, асқорыту жүйесі мен бауыр, кейде
өкпені зақымдаумен жүреді. Ең жиі таралған
шистосомалардың 4 түрі бар:
Schistosoma hemotobium
Schistosoma mansoni
Schistosoma intercolotum
Schistosoma japonicum

4.

Несеп шистосомозы (Schistosomosis urogenitalis)
Этиологиясы. Қоздырғыш Schistosoma hemotobium,
қансорғыш, аналығының көлемі – 10-18×25 мм, аталығының
көлемі – 4-15×10 мм. Іш жағында дене бойымен кутикулярлы
желоб өтеді, онда аналығы орналасқан. Аталығы ішкі жағындағы
сорғышы арқылы қан ағымында тұрақталып тұрады.
Жұмыртқасының терминальді қорғаны бар, құрамында личинка –
мироцидий. Шистосоманың жыныстық дамыған особь кіші
жамбас қан тамырларында, әсіресе қуықта, жұмыртқа салып, қан
тамырының қабырғасына еніп, несеп арқылы қоршаған ортаға
бөлінеді. Аналығы сыртқы ортаға 300 жұмыртқаға дейін бөледі.

5.

Эпидемиологиясы.
Зоонозды инфекция тобына жатады,
омыртқасыз тасымалдаушылар арқылы
беріледі. Ауру көзі – адам.
Церкарий өзінің аралық иесі моллюск
денесінде 4-5 апта өмір сүріп, суға шығады да,
адамға церкариймен тікелей жанасқанда
жұғады.
Жиі 10-16 жас, яғни жас балалар арасында жиі
кездеседі. Ауырғаннан кейін жартылай
иммунитет қалыптасады. Инвазия Африка,
Мадагаскар, Иран, Кипр, Ливан, Сауд Аравиясы,
Сирия, Судан, Турция, Ирак, т.б. елдерде
кездеседі.

6.

Патогенезі
Алғашқы кезеңіндегі негізгі патогенетикалық механизм –
шистосома антигендерінің метаболиттік әсері, яғни
сенсибилизация.
Созылмалы кезеңінде – механикалық фактор бауыр
тамырларының фиброзын, кіші жамбастың иммунды
нефропатиялар туғызады. Көп жағдайда зәр шығару жйесінде
екіншілік инфекциясы пиелонефрит дамиды. Созылмалы түрінде
жартылай иммунитеттің қалыптасуы, көп реттік суперинвазияға
әкеледі.
Қуықта, несепағарда шистосомоздық гранулема түзіледі, ол
перифокальді плазмаклеткалық, лимфоидтық, эозинофильді
жұмыртқа инфильтраттан тұрады. Біртіндеп қуықта фиброз,
деформация дамиды, жұмыртқаның барлығы қуысқа
бөлінбегендіктен, қабырғада қаны кальцификацияланады, несеп
жолдарын зақымдағанда оның стриктурасына, гидронефроз
дамуына әкеліп соқтырады, қуықта жаралар, несеп шығару
жолдарының өзегінде полиптер пайда болады.

7.

Клиникасы
Негізгі патогномды симптомы – терминальді
гематурия, яғни зәр шыққаннан кейін, қан
тамшылайды. Гематурия дизуриямен жүрмейді. Кейбір
ауруларда кіші дәретке отырғанда қуықта, шапта, шат
үстінде ауырсыну, бел аймағында ауырсыну болады.
Созылмалы кезінде жара тыртыққа айналады, полип
тәрізді түзілістер пайда болады, дизурия мен
гематурияның азаюына алып келеді. Несеп шығару
жолының пиелоэктазиясы, стеноз, үдемелі
гидронефроз жедел бүйрек жетіспеушілігіне әкеліп
соқтырады.

8.

Диагностика
Эпидемиологиясы,
клиникалық көрінісі
Созылмалы кезінде несептен Schistosoma
hemotobium жұмыртқасын табу
Цистоскопия – шырышты қабаттағы тән
көрініс
Толық урологиялық тексеру – цистоскопия,
биопсия, қуық рентгенографиясы,
экскреторлық урография

9.

Ішек шистомозы (Schistosomosis intestinalis)
Ішек
шистосомозы – созылмалы түрде өтетін
гельминтоз, ішек, бауыр, өкпені зақымдаумен
өтеді. Өмірлік циклі Schistosoma intestinаtis
аналығы – 6 -10×1,2 мм, аталығы – 7-15×0,17
мм. Соңғы иесі кейбір кемірушілер, ірі қара мал,
ит, маймылдар, аралық иесі – моллюск. Ересек
гельминттің адам организмінде 8-30 жыл өмір
сүруі мүмкін.

10.

Эпидемиологиясы. Несеп жыныс шистосомоздардан
айырмашылығы адамға жұқтыру жолында (ірі қара мал, ит,
жабайы сүтқоректілер, т.б.).
Патогенез: 1) аллергиялық реакция, 2) ауыр мүшелік
зақымдалулар.
Созылмалы кезеңінде паразиттің орналасуына байланысты
теріге, тері асты қабаттан лимфа арқылы гематогенді жолмен
өкпеге, кейін бауырға өтіп, некроз, васкулит тудырады. Гельминт
жетілгеннен кейін тоқ ішек венасына, ішек шажырқайына
тұрақтанып, 26-42 күн жұмыртқа салады шипа мен механикалық
заттар арқасында ішек кеңістігіне өтеді. 50% ішек қабырғасында,
25% бауырға, 20-30% басқа мүшелерге өкпеге өтеді.

11.

Клиникасы.
Кейде инвазия симптомсыз, көмескі, субклиникалық формада
өтеді. Жедел және созылмалы кезеңнен тұрады.
Алғашқы симптом – дерматит, теріге енгеннен кейін болады,
қышиды, 2-3 күннен кейін басылады.
Жедел кезеңінде миграцияға байланысты қысқа уақытқа
қалтырау, қызба, буын ауыруы, уртикарлы бөртпе, өкпелік
синдром пайда болуы мүмкін (бронхпневмония).
Абдоминальді синдром, гепатоспленомегалия, лимфаденит,
менингоэнцефалит дамиды. Қанда лейкоцитоз, эозинофилия, ЭТЖ
жоғарылауы. Бұл өзгеріс 2-3 аптаға созылады, біртіндеп
төмендейді. Ішектегі өзгерістер: бірінші жұмыртқа салғаннан
инвазияның 6-8 аптасына созылады. Аллергиялық реакциямен
бірге іш өтуі, нәжісте, қан, шырыш, ірің араласады. Аймақтық
гиперемия, ісіну, эрозия, аздаған жара, кейде полиптер пайда
болуы мүмкін.
Созылмалы кезеңінде бауыр зақымдалуы, портальді гипертензия,
созылмалы ішек зақымдалуы мен оның көріністері болады.

12.

Диагностика
Клиникасы
Эпидемиялық анамнез
RRS
Нәжісте, ішек биоптатынан шистосома
жұмыртқасын табу
Иммунологиялық тәсіл ҚБР, РИФ, т.б.

13.

Жапон
шистосомозы (Schistosoma japonicum)
Созылмалы
гельминтоз, ауыр ағымды, бауыр,
ішек зақымдалуымен сипатталады, кейде
ОЖЖ.
Этиологиясы. Қоздырғыш Schistosoma
japonicum. Жыңыстық жетілген формасы адам
организмінде үй жануарлары арасында,
аралық иесі – моллюск, Oncomelania тұқымына
жатады.
Эпидемиологиясы. Зооноз, адам
моллюскамен қатынаста болғанда
зақымдалады.

14.

Патогенезі
Шистосомоздың ішіндегі ең аз кездесетін түрі. Ішек
шистосомозынан айырмашылығы:
Созылмалы кезеңі ерте дамиды, бұл Schistosoma
japonicum тез жетілуіне және ерте жұмыртқа салуына
байланысты.
Барлық кезеңінде клиникалық симптомдары айқын.
Schistosoma japonicum жұмыртқасының қарқынды
және массивті бауыр, өкпе, бүйрек, тамыр және
паренхиманың ауыр зақымдалуына байланысты ауыр
өтеді және шистосома бас миына өтіп, парез, салдану,
эпилепсиялық ұстама, соқырлыққа әкеліп соқтырады.

15.

Диагностикасы
Ластанған суда шомылғаннан кейін, церкарий
дерматиті
Несепті центрифугадан өткізгеннен кейін зерттейді,
максимальді жұмыртқа болу уақыты 10-12 сағ күндіз
Цистоскопияда қуықтың шырышты қабатындағы
гранулема, «құмдық дақ», қара микрогранулема,
инфильтрат көруге болады
Жалпы рентгенографияда қуық қабырғасына тұздар
шөгуі
Контрастілі урографияда несепағар стриктурасы
Копроовоскопия: Като бойынша жұғынды тексеру
Иммунологиялық тест (ҚБР, флюоресцирлеуші
антиденелердің тікелей емес реакциясы)

16.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
•Вирусология, иммунология, генетика,
молекулалық биология. Орысша-қазақша
сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл.
ISBN 5-630-0283-X
• Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық
жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ
тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов
А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994—
506 бет.
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков,
Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова
Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша
орысша-қазақша терминологиялық сөздік.
Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
English     Русский Rules