ОРЫНДАғАН: Байдалы Раушан инф-21
170.61K
Category: philosophyphilosophy

Ақиқат

1. ОРЫНДАғАН: Байдалы Раушан инф-21

ОРЫНДАҒАН: БАЙДАЛЫ РАУШАН
ИНФ-21

2.

Ақиқат– таным теориясының негізгі
категориясы, адам ойының өмір шындығымен
сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл
бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде,
өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы
білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық
қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат —
білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны.
Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта
үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп
отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық
сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы
мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен
абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста.
Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны
бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың
жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат)
негізінде құралады.[1]

3.

Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс.
Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді”
деген еді. Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру
қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне
көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы
мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика — ақиқаттың өлшеуіші,
яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын
дәлелдейді. Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі
ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен,
мысалы, Аристотельден басталады да, Жаңа
дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде
одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат — идеялардың
өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады.
English     Русский Rules