Ақуыз биосинтезі
Ақуыз синтезінің кезеңдері
Ақуыз биосинтезі
849.99K
Category: biologybiology

Ақуыз биосинтезі

1. Ақуыз биосинтезі

Орындаған:Ешбаева Балжан БТ-31
Тексерген:Шайбек А.Ж

2.

Нәруыз биосинтезі. Бұл - өте маңызды үдеріс.
Мұнда ДНҚ, РНҚ, АТФ және нәруыздардың
қызметі бірігеді.
ДНҚ-да жазылған тұқым қуалау акпараты РНҚның ақпараттык (аРНҚ)
молекулаларымен цитоплазмаға беріліп,
арнайы органоидтар — рибосомалардың
жәрдемімен нәруыз синтезделеді.

3.

Бұған тРНҚ қажетті аминқышқылдарды
жеткізіп, аРНҚ-да жазылған тапсырыс
жүйесінде сапқа тұрғызады. рРНҚ-дан тұратын
рибосома пептидтік байланыс түзе отырып, осы
аминқышқылдарды жалғастырып қосады.
Қажетті тәртіпте және мөлшерде қосылған
осы аминқышқылдар |нәруыз деп есептеледі.
Осы үдерістердің барлығына АТФ энергиясы
жұмсалады. Реакциялардың барлығына қажетті
нәруыз - ферменттер қатысады, онсыз
биосинтездің жүруі мүмкін емес.
Нәруыз биосинтезінің үдерісі тұқым қуалау
ақпаратын жүзеге асыру үдерісі деп те
аталады. Оны мына сызбанұскамен белгілеуге
болады: ДНҚ РНҚ нәруыз. Көбінесе былай деп
те айтады: «РНҚ ДНҚ-ға жазылған ақпаратты
нәруызда нақтылы көрсетіп, іске асырады».

4.

Ақуыз биосинтезі тіршіліктің ең маңызды
қасиеттерінің бірі, себебі тіршілік процесіңде
ақуыз молекулалары әр түрлі биохимиялық
реакцияларға түсіп ыдырап жойылып отырады,
ал олардың орнын толтыру тек жаңа ақуыз
молекулаларының синтезделуі нәтижесінде
жүзеге асады.

5.

А-РНҚ молекуласының нуклеотидтер тізбегінде
жазылған ақпараттың колинеарлы полипептид
молекуласының аминқьшь қылдары ретіне берілуін,
яғни ақуыз синтезін, трансляция деп атаймыз.
Трансляция процесі полипептидтің N ұшынан
басталып С ұшына қарай жүреді және ол метионин
амин қышқылынан басталады. Яғни, кез келген аРНҚ молекуласының бас жағында метионин амин
қышқылына сәйкес келетін (колинеарлы) кодинициаторлық код болады (АУГ). Полипептид
синтезінің инициялануы ерекше т-РНҚинициаторлық т-РНҚ-ның қатынасуымен жүзеге
асады. Бұл процеске 3 инициациялаушы факторлар
— ІҒр ІҒ2, ІҒ3 қатынасады. Ақуыз биосинтезінің
жалғасуы, немесе элонгация сатысы, 2 фактордың
қатысуымен жүреді — ЕҒ-1, ЕҒ-2, ал белок
синтезінің терминациялануы кодонтерминаторларға және терминациялық
факторларға — КҒ-1, КҒ-2-ге байланысты. Кодон
терминаторлардың 3 түрі белгілі УАА, УАГ, УГА.

6.

7.

Трансляция процесіне 3 РНҚ — үшеуі де
қатынасады. А-РНҚ-ақуыз синтезі үшін
матрица (қалып) қызметін атқарса,
рибосомалық РНҚ рибосомалардың құрамына
кіреді. Рибосомалар цитоплазманың ең ұсақ
субмикроскопиялық органелла-лары болып
табылады. Ақуыз синтезі жүруі үшін
рибосомалар а-РНҚ-мен байланысады.
Рибосома 2 бөлшектен тұрады: рибосоманың
кіші бөлшегі — 308, рибосоманың үлкен
бөлшегі — 508. Әдетте, ақуыз синтезі жүрмеген
кезде, рибосоманың екі бөлшегі бір-бірінен
бөлек кездеседі, олардың бір-бірімен қосылып
біртүтас органоид — рибосома түзілуі ақуыз
биосинтезі басталған кезде жүзеге асады. АРНҚ алғаш рибосоманың кіші бөлшегімен
қосылады, содан кейін оларға иницияция
факторлары ІҒ1, ІҒ2, ІҒ3 және т-РНҚ —
аминоацилметионин қосылып инициа-торлық
кешен түзіледі.

8. Ақуыз синтезінің кезеңдері

9.

Инициаторлық кешен түзілгеннен кейін
оған рибосоманың үлкен бөлшегі келіп
қосылады. Рибосоманың үлкен белшегінде
2 учаске болады: пептидиддік бөлік — П
бөлік, аминоацилдік болік — А бөлік.
Рибосоманың үлкен бөлшегінің П бөлігіне
формилденген метионинмен инициаторлық
т-РНҚ орналасады, ал А учаскеге а-РНҚның екінші кодонына сәйкес келетін
антикодоны бар т-РНҚ өзінің амин
қышқылымен орналасады.
English     Русский Rules