Similar presentations:
Дебат технологиясы
1. Дебат технологиясы
2.
Қазіргі таңда қоғамдадемократиялық құбылыстар
айшықталып, еліміз экономикалық,
әлеуметтік және саяси даму
жолына қадам басқаны белгілі.
Өскелең заман талабына сай білім
беруді демократияландыруға,
ізгілендіруге мән беріліп, алғашқы
нық қадамдар жасалынуда. Бұрын
мектептің негізгі міндеті жалпыға
бірдей міндетті білім беру
стандартына сәйкес білім мен
дағдыларын қалыптастыру болды.
Ал қазіргі міндет өзгеше, себебі
оқушыларға білім мен білік
дағдыларын меңгертумен қатар оны
ұшқыр ойлы, шығармашылық
қабілеті жоғары, өзгермелі өмірге
икемді, жан-жақты дамыған жеке
тұлға ретінде қалыптастыру,
дамыту біздерге, ХХІ ғасыр
3.
Баланы жеке тұлғаретінде қалыптастыру
әлеуметтік жағдайда, оның
табиғи қабілеттеріне қоршаған
ортаның игі әсер еткенінде
жүзеге асатынын ескерсе, сапалы
білім мен саналы тәрбие беруде
оқытудың инновациялық
технологияларын игеру мен істәжірибеге енгізудің маңызы да
арта түседі. Баланың
әлеуметтік және
шығармашылық қабілеттерін
ашуға, дамытуға елеулі ықпал
ететін инновациялық оқыту
технологиясының бірі – дебат
бағдарламасы.
4.
Карл Поппердің дебатформаты - парламенттік
дебаттардың бір түрі. Жаңадан
ойнап бастаған ойыншыларға
ыңғайлы болып саналады. Формат
Карл Поппердің есімімен аталған.
Ойында екі, ақтаушы және
жақтаушы, команда ойнайды.
Форматтың басқа форматтардан
негізгі айырмашылығы - бастапқы екі
спикерге сөздерінен соң қарама қарсы
командадан сұрақ қойылады.
Аналитиктер сұрақтардан бос. Әр
командада қарсыластың сөздерінен соң
дайындалуға 8 минут уақыт болады.
Олар сол 8 минутты раундтардын
арасына рационалды бөлуі тиіс. Осы
артықшылығы үшін бұл формат жаңа
дебатерларға өте ыңғайлы болып
саналады.
5.
Дебат технологиясының білім сапасына әсерін айтсақ:•Дебат сайысына даярлық үлкен көлемді ақпаратты игеруді талап
етеді, әрі ол оқу бағдарламасынан әлдеқайда көлемді.
•Дебатқа қатысушының білімі көлемді ақпарат арқылы ұлғаяды,
зерделейтін материалдың күрделілігі мен тереңдігін түсінеді.
•Дебатқа дайындық кезеңінде оқушылар өз бетінше ізденіп қана
қоймай, табылған қосымша ақпаратпен топта бөлісіп, өзара оқыту
әдісі жүзеге асырылады.
•Оқытудың дамытушылық мақсаты оқушылардың танымдық
белсенділігінің артуында, қызығушылықтың дамуында, ойлаудың
зерттеулік әдістерін игеруінде көрініс табады.
6.
Дебат ойындарында кейсті дұрыс құру өзіндік роль атқарады. Керектікейсті құрарда нақты кезеңдерді есте ұстауы шарт. Бұл жерде топтың
ұстанатын көзқарасы басты назарда болады. Топ көзқарасы – қарарды
зерттеу кезінде пайда болған білімнің, дәлелдердің, ақпараттардың
жиынтығы. Сонымен жақтау кейсін құрудың бес кезеңі:
Ой жүгірту
арқылы алғашқы
дәйектерді
анықтау
Негізгі
пікірлерді
қолдайтын дәлел
іздеу
Кейс жазу
Дұрыс түсіну
үшін алғашқы
дәйектерді
жетілдіру
Кейсті әсірелеу
7.
Дебат технологиясының тәрбие ісіне әсері:Өзінің және жолдастарының өызметін жүйелі түрде
талдауға қатысқан оқушының бойында турашылдық,
батылдық, сын тұрғысында және логикалық ойлау,
адамгершілік қасиеттер қалыптасады.
Талдау жұмыстарына оқушыларды
да қатыстырып, олардың сыниталдау ойларын қалыптастыру
арқылы дебаттың дамытушылық
мақсатына қол жеткізу.
Дебат ұрыс-керіске, ерегіске,
түсінбеушілікке ұласпауы қажет.
Дайындық кезінде оқушыларға
адамгершілік, этика нормалары
түсіндіріліп, өзге пікірді сыйлау, сабыр
сақтап сөйлеу, қарсыласын сыйлау
сияқты қасиеттер бойларына сіңірілу
қажет.
Дебат қарама-қайшы
көзқарастардың қақтығысын
қамтамасыз ететін қатаң
ережелерге бағынып өткізіледі.
8.
Көркем шығарманы екі жаққа(бірінші – жақтаушы, екінші даттаушы) бөлініп талдау арқылы
мұғалім төмендегідей нәтижелерге
қол жеткізеді:
•Мәтінді оқушының толық оқып
шығуы және өз пікіріне нақты
мысалдармен дәлел іздеуі;
• Сол дәлел мен дәйектемелерге
сүйене отырып өз көзқарасын жақтап
шығуы;
•Жүйелі сөйлеуі, сайып келгенде
мәдениетті сөйлеуі;
•Айтылған нәрселерден өз қажетін
ала білуі;
•Шығармаға сын айта білуі;
•Оқушыны ой еркіндігіне жетелеу.
9.
Мектеп оқушыларына арналған саяси элементтері бар Карл Попперойынының ережесіне келсек, оның ерекшелігі – кейстің құрылымында. Жақтау тобы
жоспарын таныстыруы және қорғауы керек, сол жобадан шыққан пайдалы нәтижені
анықтауы керек. Даттау тобы жақтау тобы ұсынған жобаға даттау жасайды, яғни
жоспарынан келетін шығын мен зиянның салдарын көрсету керек.
Ал пікірсайыстағы даттау тобының өте жақсы терістеуі жақтау тобының логикасы мен
құрылымына сәйкес құрылады.
Жақтаушы
Даттаушы
1-спикер (6-минут). Тобын таныстыру. Өз кейсін ұсыну. Д-2 сұрақ қою.
2-спикер (5-минут). Д-1 ойынына қарсы пікір білдіру. Ж-1 ойын өрбіту. Өзінің
позициясын жақтап шығу.
1-спикер (6-минут). Тобын таныстыру. Қарсы пікір білдіру. Өз жобасын ұсыну. Ж-2
сұрақ қою
2-спикер (5-минут). Ж-2 тойтарыс беру. Ж-2 ойын жоққа шығару. Даттау жасау
3-спикер (5-минут). Өз тобының жетістігіне, даттау тобының қателігіне сараптамаанализ жасау. 4 спикерге өзіндік баға беру. Ойынның негізгі сәтін атап өту. Д-1 сұрақ
қою.
3-спикер (5-минут). Барлық ойыншыларды салыстыра отырып талдау. Ойынның
қызықты сәтттерін атап өту. Сараптама-анализ. Ж-1 сұрақ қою.
10.
Дебат ойындарында оқушылардың ой ұшқырлылығы қарамақарсы сұрақ сәтінде анық байқалады. Білімді, көп ізденетіноқушылардың өзіндік ой-өрісі ойын барысында көрінеді. Қыннан
қылыш қылыш суырғандай сұрақтары қарсы топты ойландырып, өз
кейстеріне күмән тудыратындай етулері керек.
Жалпы, оқушылардың бойына ұлттық үрдісті сіңдіруде, баланы
озық қоғамға сай етіп тәрбиелеуде дебат технологиясының берер
пайдасы мол. Оқушыларға сапалы білім мен саналы білім беру – бүгінгі
күннің басты өлшемі. Өз позициясын жақтап шығуға тырысқан
оқушылар бос уақытта сенделмей, кітапханаға барып түрлі материалдар
іздестіреді. Қазіргі таңда ғаламтордың шеңберінен шырматылып шыға
алмай қалған балалардың көркем әдебиет оқуға құлшынысы арта түседі.
Ойын барысында өз ойларын келелі сөз, шынайы шеберлікпен, шешен
тілмен жеткізуге тырысады. Кез келген тыңдаушыға жүйелі сөз әсер
етері хақ. Шешендік салтанат құрған жерде оқушылар ұлттық-рухани
құндылықтарды бойына сіңіріп, алдағы күнде ел жүгін мойнымен
арқалауға дайын тұрады. Жаһандану заманында білім берудің озық
үлгілерін пайдалана отыра нақты нәтижелерге қол жеткізу – бүгінгі
заманның басты талабы.
11.
Пайдаланылған әдебиеттер:•К.Қалелхан. «Дебат» әдісін пайдаланудың тиімділігі.
//»Ертіс дидары» газеті. 18.04.2009
•З.Н.Қасымқанова Қазақ тілі сабағында оқушылардың
оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып,
танымдық белсенділігін арттыру. // Конференция
материалдары.