Similar presentations:
Кенелік энцефалит
1. КЕНЕЛІК ЭНЦЕФАЛИТ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
КЕНЕЛІК ЭНЦЕФАЛИТ
Орындаған:
2. Жоспары:
1.2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
Кіріспе бөлімі
Таксономиясы
Резистенттілігі
Эпидемиологиясы
Патогенез
Түрлері
Клиникалық көріністері
Емдеуі
Алдын алу
3. Кенелік энцефалит – флавивирустармен қоздырылатын, трансмисссивті механизммен берілетін, клиникасы қызбамен, орталық жүйке
жүйесінің зақымдануымен сипатталатын табиғиошақтық ауру. Бұл инфекцияға көктемгі-жазғымаусымдылық тән. Вирус 1937 жылы (Л.А.Зильбер,
М.П.Чумаков ж.б.) кенелік энцефалитпен ауырған
адамдардан бөлініп алынған.
Таксономиясы.Тұқымдастығы˸ Flaviviridae
Туыстастығы˸ Flavivirus
4. Кенелік энцефалит бойынша Қазақстандағы эндемиялық аймақтар
Алматы облысы (Талғар, Еңбекші-қазақ,Каскелен, Райымбек, Алакөл, Ақсу, Кербұлақ,
Сарканд аймақтары, Алматы,Талдықорған,
Текели)
Ақмола облысы
Шығыс-Қазақстан облысы
Қостанай облысы
Қарағанда облысы
Солтүстік-Қазақстан облысы
5. Вирус адамдарға инфицирленген кенелер шаққанда трансмиссивті жолмен (80%) немесе ешкі және қойдың қайнатылмаған сүтін ішкенде
Вирус адамдарға инфицирленген кенелер шаққанда
трансмиссивті жолмен (80%) немесе ешкі және
қойдың қайнатылмаған сүтін ішкенде
алиментарлық жолмен жұғады. Сүт ішкенде асқазан
сөлі сілтіленеді, нәтижесінде вирус белсенділігіне
кедергі жасай алмайды. Сиыр сүтін ішкенде вирус
жұқпайды, себебі – сиырлардың лактациялық
кезеңінде сүттің құрамында вирус бейтараптаушы
антиденел
ер (иммундыглобулиндер) пайда болады.
Патогенезі.Жасырын кезеңінің ұзақтығы – 5-тен 30
күнге дейін. Вирус алғашқыда енген жерінде (ену
қақпасында) көбейеді де, қанға түседі – вирусемия
дамиды.
6.
7. Вирус қан тамырларының, ішкі ағзалардың (бауыр, көкбауыр) және фагоциттеуші жасушалардың эндотелиясына еніп, белсенді түрде
көбейе бастайды. Алиментарлық жолмен жұққанда жұтқыншақтыңжәне жіңішке ішектің шырышты қабаты ену қақпасы болып
табылады. Жасырын кезеңінің соңында қан тамырларының
эндотелиясында вирустың белсенді көбеюі нәтижесінде 5 күнге
созылатын екіншілік вирусемия пайда болады. Вирус гематогенді
және мүмкіндігінше перин
евральды жолмен бас миына және
жұлынға енеді, мотонейрондарды зақымдайды. Әсіресе жұлынның
сұр затындағы қозғауыш функциясын атқаратын ірі жасушалар және
бас миының бағанасындағы қаңқа-милық қозғалтқыш нервтердің
ядросындағы жасушалар күрт зардаптанады.
8.
Эпидемиология кестесіЧеловек
Заражение
клещами
Яйца
Ларвы
Инфицированные
молочные
продукты
Домашние
животные
(козы)
Мелкие
млекопитающие
Жизненный
цикл клещей
Взрослый
клещ
Нимфа
Заражение
9. КЭ жіктелуі:
қызбалықменингеальды
менингоэнцефалиттік
менингоэнцефалополиомиелитттік
(полиомиелиттік)
полирадикулоневриттік
10.
Түрлері: Кенелі энцефалиттің қызбалық түрі науқастарда шамамен 1/3кездесіп, жүйке жүйесі зақымдалмайды. Әдетте продромсыз басталып, дене қызуы
тез 38-39◦C жетеді. Қызудың көтерілуі бірнеше сағаттан, бірнеше тәулікке дейін
түспейтіні айқын (кейде менингизмнің білінуі байқалады). Айқын бастың ауруы,
миалгиялар, бет, мойын терісің гиперемиясы анықталады. Аурудың ұзақтығы 37күн, ағымы қатерсіз, болжамы қолайлы болады.
Менингеальді түрі кенелік энцефалиттің типті түрі. Менингитке тән жоғары
қызба, бастың ауруы, құсу, менигеальді синдром дамиды. Ликвор мөлдір, кейде
азғана опалесцирленген сипатта, қысымы көтеріліп, орташа лимфоцитарлық
плеоцитоз (100-600 клетка 1 мкл) анықталады. Белок жиі қалыпты көлемде болып
немесе 1-2 г/л-ден асып кетпейді. Ликворда өзгерістер 2-3 аптадан бірнеше айға
дейін сақталуы мүмкін.
Кейбір науқастарда өткінші энцефалиттік нышандар бақылануы мүмкін. Болжамы
қолайлы.
11.
Менингоэнцефалиттік түрі 15% (Қиыршығыстық түрінде 40% дейін) кездесіп, ауырағымымен сипатталады. Антипиретиктерге резистентті жоғары қызба, менигеальды
синдром, энцефалит көріністері дамиды. Науқас жиі қозып, немесе тежеліп, есінен
тануы мүмкін. Мидың зақымдану диффузды немесе ошақтық сипатқа ие. Диффузды
менингоэнцефалит кезінде естің бұзылуы, тремор, фибриллярлы бет
бұлшықеттерінің жыбырлауы және аяқ-қолдың, қолдың қалтырауы, рефлекстердің
терең жабыңқылығы, бұлшықет тонусының төмендеуі. Менингоэнцефалит ошақтары
арқылы клиникалық көріністерінде ми заттарының зақымдану аумағы анықталады.
Ми жарым шарының біреуіндегі заттың зақымдалу оқиғасында, оң немесе сол аяққолдың спастикалық парезы дамып, беттегі және тіл асты жүйкелерінің осы жақтағы
парездері дамиды. Сол жақ жарым шарында процесстер арқылы сөйлеудің бұзылуы
пайда болмақ. Егер мидың қантамырындағы бөлімде, ақ заттарға зақым келсе, онда
альтернириялық синдром артып-ошақтың қабынуы жағында бас сүйек жүйкесінің
парезі және қарама-қарсы дене жақтағы аяқ-қолдың парезі дамиды. Бас сүйек
жүйкесінің арасында III, IY, Y, YI, YII, IX, X, XI, XII жұптар зақымданады. Әсіресе
кенелік энцефалит үшін, бас сүйек жүйкесінің IX, X, XII жұп ядросының
патологиялық процеске қатысу сипаты, жұмсақ таңдайдың парезіне әкеліп,
мыңқылдақ дауыс, сөйлеудің көмескіленуі, афония, жұтқыншақтың бұзылуы, тыныс
жолдарына шырыштың толуымен сипатталады. Сілекейдің шұбыруы жоғарылауы,
тахикардия, диспноэ тәрізді парездер білінеді. Бульбарлы бұзылу науқастардың 1\4де кездеседі. Науқастарда эпилепсия, джексон тәрізді ұстамалары болуы ықтимал.
12.
Менингоэнцефалополиомиелиттік (полиомиелитік) түрі, науқастарда шамамен 1/3де білінеді. Оған жалпы улану және менингеальды синдромдар тән, ошақтықнемесе диффузды энцефалит, мойын бұлшықетінің парезімен, көкірек, аяқ-қол
аумағында білініп, мойын бұлшықетінің, иық, жоғарғы қолдардың симметриялы
зақымдануы, кейде қабырға арасының бұлшықеттерінің зақымдануы кездеседі. Бұл
науқастарға аса тән нышан “кеудеге бастың салбырауы” (бас тік көтерілмей, енжар
салбырайды), бұл нышанды А.Г.Панов сипаттап жазған. Науқастарда
қозғалтқыштың бұзылуы 7-12 күн үдей түсіп, 2-3 аптаның соңында ауруда
бұлшықеттің семуі дамитыны айқын. Кенелік энцефалиттің полирадикулоневриттік
түрі сирек (2-4% оқиға) кездеседі.
Екітолқынды кенелік энцефалит алиментарлы жұғумен сипатталады (екітолқынды
сүтті безгек). Бұл клиникалық түрі кезінде қызба 3-5 күнге созылып, апирексия
кезеңі басталады, 3-8 күннен кейін энцефаломиелит дамиды.
Менингеальды және қызбалық түрлерінің болжамы қауіпсіз, менингоэнцефалиттік,
полиомиелиттік, полирадикулоневриттік түрлерінде өлім қаупі 25-30% жетеді.
Жазылғандарда 1-2 жылға дейін, ал кейде орталық жүйке жүйесінің органикалық
өзгерісі өмір бойы сақталады, ол кепкен сал ауруы, бұлшықеттің семуі, дискинезия,
ақыл-ойдың төмендеуі, кейде эпилепсия ауруы түрінде болмақ.
Аурудан кейін тұрақты иммунитет дамиды. Табиғи ошақтағы жергілікті тұрғындарда
табиғи иммунизация процесі қалыптасқан.
13. Клиникалық көріністері.Клиникалық ағымы бойынша аурудың негізгі екі вариантын ажыратады˸ шығыстық – өте ауыр түрде, батыстық –
жеңілдеу түрде өтеді.Инкубациялық кезең 7-14 күн. Ауру жедел басталады˸
қалтырау, басының қатты ауруы, 39°С-қа дейін
температураның көтерілуі, лоқсу, құсу, бұлшықеттерінің
ауыруы және әлсін-әлсін тартылуы байқалады.
Клиникалық көрінісі бойынша,және нерв жүйесін
зақымдануы бойынша кенелік энцефалитті 2 түрге
бөледі˸салдандырмайтын және салданатын
14.
Клиникалық кестеЖұқтыру
Инкубациялық
кезең
Кене шаққанда
7-14 күн
Сүт қабылдағанда
3-4 күн
Арнайый емес
қызбалық ауру
Әлсіздік,
анорексия,
миалгиялар,
бастың ауруы,
Жүректің айнуы
Құсу
Неврологиялық
синдром
Қызбалық түрі
Асептическалық менингит
Менингоэнцефалит
Менингомиелоэнцефалит
Субклиникалық
инфекция
70-98%
15. Салдандырмайтын түрлер: қызбалық, менингиальдық және көмескі. Қызбалық түрі 30-50% құрайды, менингит белгілері жоқ, аяқталуы
Салдандырмайтын түрлер: қызбалық,менингиальдық және көмескі. Қызбалық түрі 3050% құрайды, менингит белгілері жоқ, аяқталуы
қолайлы, астения сирек байқалады. Менингиальды
түрі науқастанушылықтың 40-60%-ын құрайды,
менингиальды синдромдармен, ликвордағы
өзгерістермен сипатталады,ликвор қысымы
жоғары.сұйық түссіз,мөлдір. қызба екітолқынды
түрге өтеді, инфекциядан кейінгі астениялық
синдром ауырып тұрғандардың 40% -да кездеседі.
Көмескі түрінде бас ауырмайды,ликвор құрамы
өзгермейді,жеңіл қызбамен өтеді.
16. Салданатын түрлері: энцефалиттік түрінде менингеалдық симптомдар,гемипарез бен гемиплегияларболады.Аяқ ұшында патологиялық
рефлекстербілінеді.
Полиомиелиттік түрінде қолда болатын солғын салдар немесе
парездер арқылы білінеді.Науқастың қолы мен иық,мойын
бұлшықеттері семіп қалады,мойыны салбырап кетеді,жауырыны
құс қанаты тәрізді болады.сіңір рефлекстері төмендеген.
Бульбарлық түрінде тілдің семуі,жұтудың бұзылуы,жұтыну
рефлексінің бұзылуы пайда болады.
полирадикулоневриттік түрлерге бөлінеді. Шеткі нервтер мен
нерв түбіршектерінің зақымдалады.
17. Иммунитеті.Ауырып тұрғаннан кейін кернеулі гуморальды иммунитет қалыптасады. Емдеуі үшін және жеделалдын алу мақсатында
қолданылады˸● донорлардан алынған кенелік энцефалитке қарсы
спецификалық гомологиялық гамма-глобулин 3 күн
қатарынан6,0мл немесе 2 күн қатарынан қызылшаға қарсы
гамма- глобулин,рибонуклеаза 4 күн бойы 30 мг
бұлшықетткежіберіледі.емдеуді ауру басталғаннан кейін 3-4
күннен кешіктірмей тағайындау керек;
● иммундыгемадсорбция;
● виферон, йодантипирин, ридостин,
18. Алдын алуы.Жалпы медициналық сақтану шараларымен қатар спецификалық профилактика қолданылады˸ ● балалар және ересектер үшін
энцефалитке қарсытазартылған инактивацияланған құрғақ дақылдық вакцина
(Ресей - Мәскеу).
●Энцевир – кенелік энцефалитке қарсы бұлшықетке
енгізілетін тазартылған, концентрацияланған,
инактивацияланған дақылдық тірі вакцина (Ресей–Томск).
● ФСМЕ – Иммун Инжект – инактивацияланған вакцина
(Австрия).
●Энцепур – ересектерге және балаларға арналған,
инактивацияланған вакцина (Германия).
19. Дерек көздері:
Л. Б. Борисов Медицинскаямикробиология, вирусология, иммунология
3 изд., М., 2002.
Н. Д. Ящук, Ю. Я. Венгеров Инфекционные
болезни - М.: Медицина, 2003.
http://medkarta.com
http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_medicine/3
1846
http://vse-zabolevaniya.ru/bolezniinfekcionnye