ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ 
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ СӨЖ Тақырыбы: Салт–дәстүрім -
Ит көйлек
Көрісу
Көңіл шай
Сый табақ түрлері
Табақты жіліктеу
12.84M
Category: culturologyculturology

Салт–дәстүрім - таусылмайтын байлығым”

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ 
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ СӨЖ Тақырыбы: Салт–дәстүрім -

таусылмайтын байлығым”
Дайындаған: Аманғалиева Ақтоты
Тексерген: Нұрғали Сауле

2. Ит көйлек

Иткөйлек – сәбидің қырқынан шығарылғанша киген
көйлегі. Сәбидің денесіне батпауы үшін тігісі сыртына
қаратылып, жөрмелеп, іліп қана тігіледі. Кейде
иткөйлекті көп жасаған адамның киімінің қалдығынана
да тіккен. Етегін, шеттерін бүкпей, кең - мол, үлкен етіп
тігуі нәрестенің жақсы өсіп, жасының ұзақ болуын
тілеуден туған. Бала қырқынан шығарылар күні осы
уақытқа дейін киген иткөйлегіне түрлі тәтті-дәмділер
түйеді де, бір иттің мойнына байлап жібереді. Оны ауыл
балалары қуып жетіп, иткөйлекке түйілген тәттілерді
бөліп алады да, иткөйлекті иесіне қайта тапсырады.

3. Көрісу

Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады) — Қазақстанның
батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы
қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр. Жаңа жылды
Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ
тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те
атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан
жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне
«Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың
ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпереніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін
шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайынтуыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

4. Көңіл шай

Көңіл шай - үйінен өлік
шыққан отбасы мүшелерінің,
қиыншылыққа тап болған
жандардың көңілін аулау
мақсатында жайылатын
дастархан жаю, қонақ күту
дәстүрі.

5. Сый табақ түрлері

Сый табақ түрлері[1] - сойылған
малдың тиесілі мүшелерін әркімнің
дәрежесіне лайықтап тартатын
табақтар. Табақтың дұрыс тартылмауы
кейде қонақтар арасында түсінбестік
туғызады. Сондықтан сойылған
малдың мүшелерін әркімнің
дәрежесіне, жасына, туыстық
қатынасына, т.б. сәйкес тарту дәстүрі
қазақ халқында осы күнге дейін бар.

6. Табақты жіліктеу

Сый табақ - бас, жамбас, қазы, қарта, жал-жая, құйрық, сүбе (жылқы, қой,
сиыр еті).Құда табақ - бас, жамбас, қазы, қарта, жал-жая, құйрық-бауыр
(жылқы, сиыр, қой еті).Құдағи табақ - жақ, қазы, қарта, қарын, тоқ ішек,
асық жілік (жылқы, сиыр, қой еті).Жеңге табақ - асық жілік, сүбе, қабырға,
мойын омыртқа, қазы, қарта, құйрық, өкпе, ұлтабар.Беташар табақ - сүбе,
төс еті, қарын, ащы ішек, құйымшақ, мойын омыртқа.Күйеу табақ - төс,
тоқпан жілік, қабырға, омыртқа еті, қазы, қарта, жауырын, қой еті.Қыз
табақ - құйымшақ, тоқпан жілік, бел омыртқа, құйрық, қабырға (жылқы,
сиыр, қой еті).Құрдас табақ - тоқпан жілік, омыртқа, сүбе қабырға, қазы,
құйрық.Бала табақ - бел омыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асық жілік
(жылқы, сиыр, қой еті).

7.

Назарларыңызға раxмет!
English     Русский Rules