Similar presentations:
Тұрмыс-салт жырлары
1. Тұрмыс-салт жырлары
2.
Үйленусалтына
байланыст
ы
Төрт-түлік
мал
өлеңдері
Тұрмыс-салт
жырлары
Көңіл-күйді
білдіретін
шығармала
р
Діни ұғымға
арналған
өлеңдер
3.
Түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауызәдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне
сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Халық төрт түліктің әрқайсысының
сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі
баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те
атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де,
азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел
осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын
да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән
ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.
4. «Малдың баласын сүюі»
Қой сүйеді баласын қоңырым деп,Ештеңені білмейтін момыным деп.
Сиыр сүйеді баласын торпағым деп
Қараңғыға баспаған қорқағым деп.
Ешкі сүйеді баласын лағым деп
Тастан-тасқа секірген шұнағым деп.
Түйе сүйеді баласын боташым деп
Жәудіреген көзіңнен тоташым деп.
Жылқы сүйеді баласын құлыным деп
Тұлпар болып жүгірер жұрыным деп.
5. Үйлену салтына байланысты өлеңдер
6.
Тойбастар - қыз ұзату, үйлену, т.б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйленутойының ең соңғы күнінде жігіттер мен қызкеліншектер жиналып, қоштасу кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі
ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Той аяқталғанда тойбастар
әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы
құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының
қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла
береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді.
Тойбастар шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында, үй-ішінің, ауылдың,
қаланың басқа қуаныш-қызықтарында айтылады. Тойбастар жиын-тойдың
аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді.
7.
Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі.Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбықұрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды
ұзатылатын кыздың сіңлілерімен не жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі
әуенмен айтатын болған. Сыңсудың өлеңін ақындар немесе қыздардың өздері
шығарған. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа өзінің мұңын, қайғықасіретін жеткізген. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік
мәселелерімен ұштасып, ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық
ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. Сыңсудың өлеңі
құрылысына қарай 7, 8, 11 буынды болып келген.
8.
Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі.Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде
өткізілген. Шымылдық ішінде отырған келіннің
басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі
келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың
тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын
әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі.
Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не
таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды.
Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін
таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін,
беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына
жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге
беретін сый-сыяпатын атайды.
9. Діни ұғымға арналған өлеңдер
10. Жарапазан
Қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайдаболған тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол ел арасында ораза
ұсталатын рамазанайында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде
ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына
келіп Жарапазан айтады. Оны ешкім ерсі санамайтын болған, қайта
үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып,
Жарапазаншыларды риза етіп жіберетін болған. Жарапазан мәтіні
айтыла-айтыла әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады.
Жарапазан айта келдім, сіз байларға,
Кім кетіп, кім жетпеген бұл айларға?!
Кірерсіз сегіз бейіш сарайларға
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бір келген он екі айда шақыр рамазан,
Қылыңыз рамазанда жанды құрбан!
Үш айда енді бізге қалам, Құран,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бес парыз мұсылманға минат болған,
Ораза, намаз, зекет, қажы, - ол- нұр
иман!
11. Арбау өлең
— ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт өлеңдерінің бір түрі. Адамдынемесе малды жылан, қарақұрт, бүйі, шаян шаққанда, уытын “қайтару” үшін
айтылады. Халық әр түрлі ырым жасап айтылған Арбау өлеңдері арқылы
жыланның немесе қарақұрттың т.б. уытын қайтаруға, өздерін арбап әлсіретуге
болады деп түсінген. Әрбір жәндіктің жаратушысы, “тәңірісі” болады деп
ұғынған адамдар оларға сөз арқылы әсер етуге боады деп сенген. Арбау өлең
— әлем халықтары фольклорының бәрінде бар, түркі халықтарының ауыз
әдебиетінде кең тараған. Көбінесе 7-8 буынды шұбыртпалы ұйқасқа құрылады.
“Кер, кер, кер жылан,
Кереге басты мер жылан,
Бір жылан бар — сұр жылан,
Бір жылан бар — сұм жылан,
Бір жылан бар — жеті жылғы
ту жылан.
Құралай таудың басынан
Қуып келген қу жылан,
Дегелек келді, шық жылдам!”.
12. Бақсы сарыны
— әдет-ғұрыптық әндердің бір түрі.Көне заманнан келе жатқан бақсылыққа байланысты туып, атабаба аруағын қастерлеу, Көк тәңірге табыну, болашақты болжау,
ауруды жын-перілердің жәрдемімен айықтыру, т.б. байланысты
қалыптасқан.
Оның негізгі сипаты — синкреттілігі. Бақсы сарынын орындаушы
әрі ақын, әрі биші, әрі сазгер. Ол аруақтарменөлең-жыр арқылы
тілдесіп, іс-әрекетін би қимылдары арқылы жүзеге
асырған. Бақсы сарыны халық поэзиясына тән 7 — 8 буындық жыр
немесе 11 буындық қара өлең өлшемінде құрылып, арнайы
музыкалық сарынмен орындалған. Ерте кездерде бақсылар
асатаяқ, кепшік секілді ұрмалы аспаптарды пайдаланса да,
негізгі құралы — құлағына қоңырау, шанағына айна орнатқан
қасиетті қобыз.
13. Көңіл-күйді білдіретін шығармалар
Қоштасу, қоштасу өлеңі– қазақтың дәстүрлі салт жыры. Ел-жұртымен,туған туысымен, сүйген жарымен, ата-анасымен, жүйрік
атымен, қыран құсымен, т.б. Қоштасу бар. Қоштасу өлеңі эпос,
дастандарда көп кездеседі. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырындағы
Таңсық қыздың “Балталы, Бағаналы ел аман бол” деп басталатын
Қоштасуы ел арасында кең тараған. “Елім-ай” өлеңі кіндік қаны тамған
жерінен айрылған халықтың ауыр күйзелісін, қайғылы көңіл-күйін білдіретін
шығарма. М.Әуезовтыңжіктемесі бойынша Қоштасу жырлары:
а) жермен, елмен Қоштасу (Ай, Таңсық өлеңдері);
ә) Сарыарқамен Қоштасу (Күдері Қожаның Қарқаралыдан кетерде
айтқаны);
б) өмірдің өткен шағымен Қоштасу (Сабырбай ақынның қызы Қуандыққа
айтқан сөздері, Кемпірбайдың Әсетпен қоштасуы);
в) Өтіп бара жатқан заманмен Қоштасу (Қаратоқа Есет бидің еңкейген
шағындағы өлеңі, Тезек төренің “Сексен” деген әні) сияқты түрлерге
бөлінеді.
Қоштасу өлеңдерін түрлерге жіктеу әдебиеттану ғылымында қазіргі күнге
дейін өзекті мәселелердің бірінен саналады. Қазақ халқының “Қыз Жібек”,
“Ер Тарғын”, “Қобыланды батыр”, т.б. лироэпостық және батырлық жырларында Қоштасудың көркем үлгілері
кездеседі.
14. Көңіл айту
– азалы адамды жұбатуға арналған дәстүрлі ғұрыптықсалт. Бұл ізгі дәстүр көп халықтарда ертеден бар. К. а. жаны
ашығандықты, қайғыға ортақтықты, жақындықты, сыйластықты
білдіреді. Қазақ халқында кісі, отбасы, ауыл, ру басына түскен қайғықасірет, өлім-жетімге байланысты К. а. қара сөзбен де, өлеңмен де
айтылады. Қаза алдымен естіртіледі де (қ. Естірту)`, содан кейін К. а.
басталады. К. а-ға жұбату жалғасады. Бұл ғұрыптық салттардың бәрі
өзара сабақтасып, адам ойын тереңнен тербеп, қайғысын сейілтетін
филос. ойлы, ұтқыр сөздермен көркем жеткізіледі. Негізгі ой мақалмәтелмен алыстан орағытыла келе, қайғылы адамның жігерін
қайрап, үмітін жебейді. Мыс., Байдалы би Уәлидің кіші әйелі
Айғанымға “Үміт, сенім, тілек бар, қуантып, қуат алдырар. Жылау
деген азап бар, қуартып отқа жандырар. Мен қайғыңды қозғағалы
келгем жоқ, қайратыңды қолдағалы келдім” деген екен. Бөлтірік
шешен қырғыз билеушісінің баласы қайтыс болғанда “Аққу құсқа оқ
тисе, қанатын суға тигізбес, Ақсүйекке оқ тисе, көршісіне
сездірмес... Әлімдердің ақ сөзі, өлгеніңді тірілтіп, өшкеніңді жандырар,
Дос көтерер өлімді, бекем бу, төрем, беліңді!” деп көңіл айтыпты.
Адамның қайғысын бөлісу қазақ қоғамында ертеден тамырын үзбей
келе жатқан рәсім.
15. Естірту
Естірту– қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оныңжақын туыстарына хабарлау рәсімі. Ауыр қаза, қайғылы
оқиғаны жанашырларына, ел-жұртына өлеңмен Естірту
дәстүрі қазақ халқында ертеден бар. Ардақты азаматы не
батыр-бағланы өлген үйдің жанкүйер жақын, туыстарын азалы
хабарға дайындап, әзірлеп алу үшін естірту, көбінесе, “Аққу
ұшып көлге кетті, сұңқар ұшып шөлге кетті, ол адасып кеткен
жоқ, әркім барар жерге кетті” деген сияқты салыстырулар
түрінде болған. Ауыз әдебиетінде естіртудің мол ұшырасуы
қазақ халқының жан дүниесінің тазалығын, қайғы көріп, қаралы
болғанға қабырғасы қайысып, ауыртпалықты бірге
көтерісетінін танытады. Жалғаншы дүниеде баянды ештеңе
жоқ, бәрі де өтеді деген ишарадан кейін барып қана өлең
қайғылы халді естіртеді. Яғни естіртудің образдық
құрылысында пернелеу, тұспалдау басым. Мұнда поэтикалық
образ үшін табиғат құбылыстары, жануарлар, тарихи
тұспалар алынады, Қайғылы хабар содан кейін барып
естіртіледі. Ал өлеңнің соңғы бөлімі көңіл айтуға - жұбату
жырына ауысады
16. Қорытынды
Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқантүрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері
тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт
өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет
Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт
өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты
туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты
өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық
өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне
түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы
жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге
жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу,
жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске
ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде
тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана
бастады