Ми ісіктері кезінде қолданылатын технологиялар :нейрохирургия
1.84M
Category: medicinemedicine

Бас миды зерттеу әдістері сергектік деңгейлері

1.

Тақырыбы:
Топ:
ББ-13-01
Қабылдаған:Маутенбаев А
Орындаған:Тоқтыбай А

2.

Бас сүйегін және миды рентген тәсілімен зерттеу Нерв
жүйесі ауруларын анықтауда рентген тәсілдері көптеген
құнды деректер береді. Ол үшін әуелі бас сүйек
рентгенограммасы
(краниография)
арқылы
шолу
жүргізіледі. Краниограммалар қажетті деректерді көрсете
алмаған
жағдайда
контрастық
тәсілдер
(пневмоэнцефалография, пневмовентрикулография, ангиография), компьютерлік және магнитті-резонанстық
томографиялар қолданылады.

3.

Краниография — бас сүйек құрылымдарына шолу жасайтын рентгенография.
Әдетте бас сүйек рентген суретіне маңдай-мұрын (қырынан қарағандағы
көрініс) және самай (тігінен қарағандағы көрініс) тұстарынан түсіріледі.
Рентгенограммаларды қарағанда бас сүйегінің күмбезі ми астыңғы
жағындағы түйісетін жіктеріне, сүйектің қалыңдығына, бүтіндігіне,
жіктерінің жымдасуына, саусақ батуының ізі тәрізді өзгерістердің
ерекшеліктеріне, түрік ершігінің формаларына, самай сүйектерінің тұрқы мен
пирамида-ларының ұштарына ерекше назар аудару.

4.

Мидың ісік немесе оған ұқсас ауруларында кездесетін кранио-графиялық
өзгерістер жалпы және орталықтық (локальдық) боп екіге бөлінеді.
Жалпы өзгерістер бас сүйек іші қуысының қысымы көтерілуі әсерінен
пайда болады. Мұндай жағдайда бас сүйек асты сүйектері нығызданып
қатаяды, түрік ершігі боркемік (остеопорозданады) болады және оның
кескіні өзгереді, саусақ батырылғандай іздер (батыңқы ойықтар)
тереңдейді және олардың саны көбейеді. Диплоидтық веналар және қан
тамырлары мен синустар айғыздарының кеңуіне байланысты олардың
сүйектегі көріністері айқындала түседі, балаларда бас сүйек жіктері
ажырайды және сүйектері жұқарады.

5. Ми ісіктері кезінде қолданылатын технологиялар :нейрохирургия

Нейронавигация ми ісік
ауруларын қарау кезінде
қолданылады.Бұл құрал арқылы
хирург науқастың ми бөлігінің
әр бөлігіне сенсорлы аппарат
арқылы түрту кезінде,алынған
ақпаратты компьютерге жібереді.
Ультрасаунд ультра толқындар
арқылы ми бөлігінің ісінген
бөлігін дәл табу.Бұл құрылғы тек
операция кезінде ми
қыртысының сүйекті бөлігін
ашқанда қолданылады.Себебі
мидың бұл бөлігі ультра
толқындардың таралуын
өткізеді.

6.


Локальдық өзгерістер. Гипофиз (ми астындағы без) ісіктері кезін-де
түрік ершігі көлемі едәуір ұлғаяды, оның кескіні шар тәрізденеді, арқасы,
түбі және сына тәрізді өскіндері жұқарып боркеміктенеді. Есту нерві
невриномасы ісік болған жағындағы құлақтың ішкі тесігін бірталай
кеңітеді. Бұл көрініс самай сүйектері пирамидаларын Стенверс әдісімен
рентгенге түсіргенде анық байқалады. Краниограммада ісіктің әктенуін
байқауға болады. Ми сыртындағы сүйекке жанасқан не байланысты бас
сүйектің кейбір тұстары үлкеюі (ұлғаюы) мүмкін. Бас сүйегі
жарақаттанғанда краниограммада-сызық және жарыкшақ сынықтар
көрінеді.

7.

Бас сүйек пен миды контрастық
тәсілдерімен тексеру. Бас сүйек
куысындағы көлемді процестердің
баржоғын, ал егер бар болса оның
орналасқан жерін анықтау
мақсатында контрастық әдістер
көмегімен тексерудің маңызы өте
зор. Контрастық әдістер сырқаттың
ми-жұлын сұйығы орналасқан
кеңістіктерін немесе қан
тамырларын рентгенконтрасты
заттарды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Мұндай
краниограммаларда ми
қарыншаларының, тор қабығы асты
саңылауларының, цистерналардың
және ми қан тамырларыньщ
кескіндері айқындала түседі.

8.


Пневмоэнцефалография және пневмовентрикулография — ми-жұлын сұйығы
орналасқан кеңістіктерге бел омыртқааралықтарын немесе ми қарыншаларын тесу
арқылы ауа жіберу. Бұл әдісті 1918— 1919 жылдары американдық хирург Денди
ұсынған. Күнделікті тәжірибеде ауаны беломыртқалар аралығын тесу арқылы ми-жұлын
сұйығы орналасқан кеңістіктерге жіберу әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс техникалық
жағынан жеңіл болуымен қоса ми-жұлын сұйығы кеңістіктеріндегі өзгерістер туралы
толық мағлұмат алуға көмектеседі
Пневмоэнцефалография — сырқатты отырғызып(бел омыртқалар аралығын тесу)
пункция жасалады да омыртқа өзегінен 40-60 мл ми-жұлын сұйығы алынып, оның
орнына 60—80 мл ауа жіберіледі. Ауа жоғары көтеріледі де тор қабығы асты кеңістіктер
мен ми қарыншаларын толтырады. Содан кейін төрт рентген сурет түсіріледі: сырқатты
арқасынан жатқызып (ауа бүйір-қарыншаларының алдыңғы мүйіздеріне барады), мұрынмандай тұсынан әуелі оң жақ бүйірі жағынан (контраст сол жақ бүйір қарыншаға
барады), содан кейін сол жақ бүйір жағынан (контраст оң жақ бүйірі қарыншаға барады
Ересек адамдарға мұндай пункция жасау үшін әуелі бас сүйектің мандай немесе желке
тұсы тесіледі, ал емшектегі балаларда ауаны үлкен бас сүйектер еңбегі арқылы да
кіргізуге болады. Бас сүйегі іші бітелуіне (тығыздалуына) байланысты гидроцефалияның клиникалық сипаты жағдайында пневмоэнцефалогра-фия жасауға болмайды.

9.

• Бас сүйегі іші бітелуі кезінде кездесетін гидро-цефалия бас ауруы аса
қатты және талмалы түрінің құсумен қосарлана болуымен және көру
нерві үрпігінің иірілуімен сипатталады. Бел омыртқалар аралығын тесу
арқылы ми-жұлын сұйығын алғанда мишықтың бадамшасы үлкен желке
тесігіне қыстырылып, ми бағаны қысылады да сырқат демі тоқтап өліп
қалуы мүмкін. Демек бас сүйегі қуысы бітелгенде болатын
гидроцефалияның клиникалық белгілері пайда болған жағдайда
вентрикулография жасау керек. Ми қарыншаларын тесіп, одан 20-40 мл
сұйық шығарылса бас сүйек іші қысымы азаяды да мидың үлкен желке
тесігіне қыстырылуынан сақтандырады. Ми қарыншалары жүйесіне ауа
жіберу арқылы оның бітеліп қалған тұстары анықталады. Соңғы кезде
пневмоэнцефалографияның баяу, бір бағытты тәсілі кең қолданылуда.
Бұл тәсіл бойынша ми-жұлын сұйығын алудын қажеттігі жоқ, алған
күннің өзінде 5—10 мл-ден артық алуға болмайды. Енгізілетін ауа
мөлшері — 40 мл шамасында. Осы тәсіл арқылы зерттеу сырқаттың
жанын онша қинамайтындықтан оны бас сүйегі қуысы артқы
шұңқырыңдағы ісіктерді анықтау үшін пайда-лануға болады. Алайда
ішкі. ағзалар ауруларының (жүрек кемістігі күшеюі, өкпе
туберкулезінің, бүйрек ауруларының, сырқаттың қатты қиналуы т.б.)
кезінде пневмовентрикулография жасауға болмайды.

10.

O
Церебральдық ангиография. Бұл әдісті алғаш рет
адамға 1927 жылы Мониц қолданды. Бұл әдіс қан
тамырлары аурулары мен мидағы ісікті анықтау
кезінде белгілі дәрежеде қауіпсіз әрі көптеген деректер
алуға мүмкіндік береді. Контрастық заттар ретінде
йодтендірілген препараттардың (гипак, урографин,
верографин, уротраст, пантопак т.б.) судағы 35-45%
ерітіндісі
пайдаланылады.
Сырқаттың
йодқа
сезімділігі жоғары болып, ол контрастық заттарға төзе
алмайтын болса, ангиография тәсілін мүлде қолдануға
болмайды. Сол себепті сырқатқа бұл әдісті қолданбас
бұрын оның, тиісті контрасты затқа қаншалықты төзе
алатындығын (төзімділігін) тексеретін сынақ жасалуы
керек. . Бас сүйегі қуысындағы патологиялық
өзгерістердің орналасқан жерін жобалап анықтап
алғаннан кейін контрастық зат пункция арқылы жалпы
ұйқы артериясына (каротидтік ангаография) неме-се
омыртқа артериясына (вертебральдық ангиография)
жіберіледі. Ангиограммадағы қан тамырларының
көрінісі айқын болуы көбіне контрастық затты жіберу
жылдамдығына байланысты. Контрастық затты 10-15
мл мөлшерінде 1-1,5 секундта енгізген қолайлы.
Контрастық зат жіберілісімен алғашқы 5-7 секунд
аралығында бас сүйек алдынан және қырынан 4-6 рет
рентген
суретіне
түсіріледі-Ангиограммаларда
контрастық заттар өтуінің артериялық, веналық және
капиллярлық кезеңдері (фазалар) бірінен соң бірі
көрініс береді.

11.

Церебральдық ангаиограммаларда анықталатын негізгі симптомдар:
Ми-қан тамырларының калталанып кеңеюі (аневризмалар):
1) артерия веналық аневризм
2) Мойын күре тамырларының тарылуы (стеноз) патологиялық тығындалуы
(тромбоз)
3) мидың алдыңғы арте-риясы қарама-қарсы жағына қарай ауытқиды, ал
ортаңғы ми артериясы төмен немесе ішке қарай қисаяды
Глиобластома және менингиома сияқты ісіктер ангиограмманың
капиллярлық фазасында жаңадан пайда болған ұсақ тамырлар торы көрініс
береді Ұсақ қан тамырлы ісіктер мен іріңдіктер бас сүйек іші қан
тамырларының ерекше майысып ауысуымен сипатталады.
менингиома

12.

Магнитті-резонансті томография, немесе МРТ,
аппаратпен жасалатын қысқа магнитті
импульстің ықпалымен өзінің бағдарын қалай
өзгертетіндігі шамасы бойынша атомдар
энергиясын шегендеуге негізделген. Әдіс
рентгендік немесе қандайда бір басқа сәуле
шығарумен ортақтығы жоқ, зиянсыз, бірақ
компьютерлік томограффияғақарағанда көп
уақыталады – мүмкін 30-40 минутты алуы
мүмкін, сондай ақ «шулы» болып келеді. МРТ
бас миының қабық затының сипаты туралы
көбірек ақпарат береді және неврологиялық
тапшылықтың дамуына және талманың дамуына
себепші болатын зақымданған өте шағын
жерлерді анықтауға мүмкіндік береді.

13.

Адам организмінің әрекеттік қалпының бірі – сергектік, ол
ұйқымен қосылып, ұйқы-сергектік циклын құрайды.
Сергектік кезінде адам өзінің тіршілік бағдарламасын іске
қосады. Мұқтаждық мотивациялық жағдайға сәйкес мінезін
ұйымдастырып, қоршаған ортамен белсенді түрде өзара
әрекеттеседі. Сергектік біртекті жағдай емес. А.М. Вейн
сергектікті мінез белсенділігінің деңгейіне, ықыластың
шоғырланысына, вегетативтік белсенділікке қарай үш әрекеттік
қалыпқа бөледі –
-ынталы сергектік,
-әлсіреген сергектік,
-шын сергектік.

14.

Ұйқыдан сергектікке көшу организмдегі биохимиялық өзгерістер арқылы
болады. Әрі қоршаған ортаның тітіркендіргіштер ықпалынан немесе ми
қыртысы, гипоталамус пен торлы құрылым арасындағы әрекеттік қатынастың
өзгеруінен туады.
Сергектік қалпын талдағыштар мен қимыл-әрекеттер белсенділігінің
артуымен сипатталады. Ол организмнің сыртқы және ішкі ортасының
көптеген түрткілерінің салдарынан белгілі бір уақытқа созылады.
Адамда сергектік кезінде әртүрлі психикалық іс-әрекет – байсалды сергектік,
зейін, белсенді қимыл, мақсатты іс-әрекетті қамтамасыз ететін эмоциялық
қозу немесе әлсіреу байқалады. Осы құбылыстың әрқайсысы орталық жүйке
жүйсінің нақтылы әрекеттік қалпымен байланысты болады.
Эволюцияның барысында жануарларда тәулік бойы туындап отыратын мінезқылықтық ырғақтылық пайда болған. Қозғалыс және қоректену активтілігінің уақыт
бойынша пайда болуына байланысты жануарларды үш типке бөледі: күндізгі, түнгі
және тәуліктік. Күндізгі түрлерінде – крабтар, кесірткі, шошқа, түлкі, суыр – тәуліктік
активтіліктің 74-98 % бір күннің үлесіне тиеді. Мысалы, түлкі 8-18 сағат аралығында
активті болса, суырларда ол 11-19 сағатта байқалады, ал тышқан, хорек сияқты түнде
тіршілік ететін жануарлар түнгі сағат 23-тен таңғы сағат 4-ке дейін активті қозғалыс
жағдайында болады, түнгі приматтар болса, өздерінің активті қозғалыстарын күн
батқаннан кейін 13-33 минуттан соң бастап, күн шыққанға 12-43 минут қалғанда
аяқтайды.

15.

Ұйқы мен сергектік режимі қалыпты адамдардың қанындағы кортикостероидтардың –
кортизон, 11-оксикортикостероидтар және 17-кетостероидтар ең жоғарғы деңгейі
таңертеңгілік байқалып, одан әрі оның концентрациясы прогрессивті түрде төмендейді.
Кортикостероидтар деңгейінің айтарлықтай төмендеуі түн ортасы мен таңғы сағат 4-те
байқалып, сағат 6-дан 8-г дейінгі аралықта оның концентрациясы күрт көтеріледі де, бұл
деңгей сағат 11-ге дейін тұрақты болады. Осы мезгілде гидрокортизонның 70%-ы сағат 0ден 10-ға дейін, ал 30%-ы сағат 10-нан 24-ке дейін қанға түседі. Осы тәріздес қандағы 11оксикортикостероидтар мөлшерінің де таңғы және кешкі мезгіл арасындағы
ауытқушылығы 40% болды. Кортикостероидтардың қандағы тәуліктік мөлшері барынша
тұрақты: таңғы сағатқа сәйкес келетін оның акрофазасы түрлі климаттық аймақтарда
тұрақтылықты көрсетеді (Новосібірде – 8 сағ. 50 мин., Заполярьеде – 8 сағ. 00 мин), бұл
ырғақтылық жыл мезгілдері ауысқанда да сақталған (жазда – 8 сағ. 31 мин., қыста – 9 сағ.
35 мин).
Ересектерде де ОНЖ жоғарғы бөлімінің қозғыштығы таңертеңгілік сағаттарда көбейіп,
түнде төмендейді. Тәулік бойындағы еңбек қабілеттілігінің екі толқынды тербелісі
шаршағандықтың белгісі ғана емес, адамның физиологиялық функциялар мен
психиканың “ішкі ырғақтылығымен” де байланысты.

16.

Тәулік бойына оптимальды жұмыс қабілетінің уақыт бойынша пайда болуы негізінде
адамдарды үш типке бөлуге болады. Бірінші типке жататын адамдар үшін таңертеңгілік
ерте, жеңіл ояну құбылыстары тән, мұндай адамдар таңертеңгі жұмысқа тез кірісіп
кетеді, олардың ең жоғарғы жұмыс қабілеті тәуліктің бірінші жартысында байқалады, ал
түстен кейін еңбекке активтілігі төмендей келе, кешкі-түнгі мезгілдерде минимумға
жетеді. Бұлар – таңертеңгілік уақыттық типті адамдар немесе хронотиптілер
(“қараторғай”). Екіншісі, кешкі “хронотипті” адамдар, керісінше, ерте оянғанымен, әзер
тұрады, бірақ атқарар жұмысын кейінге қалдыра береді; олардың пайдалы жұмыс
қабілеті күннің екінші жартысында барып қалыптасады. Мұндай екі биоырғақтылық
типтегі адамдар эволюцияның туындысы және универсалдық бейімдеушілік маңызы зор.
Адам хронотипі барынша тұрақты, адамның жекелеген функцияларын – дене
температурасын, жүрек жиырылуының динамикасын, табиғи иммунитет көрсеткіштерін
– зерттеудің өзі таңертеңгілік және кешкілік типтердің болатындығын анықтады. Үшінші
типті адамдарда жұмыс қабілеті тәулік бойы өзгеріссіз қалады, бұл –
дифференцияланбаған хронотип (“көгершін”).
English     Русский Rules