1.25M
Category: medicinemedicine

Нерв жүйесінің ауруларын диагностикалайтын нейровизуализациялық зерттеу әдістері

1.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
СӨЖ
Нерв жүйесінің ауруларын
диагностикалайтын
нейровизуализациялық
зерттеу әдістері.
Алсеитова Айдана

2.

Жоспары
➢ Кіріспе
➢ Нейровизуализация әдісі жайлы түсінік
➢ Классификациясы
➢ Негізгі бөлім.. Неврологияда қолданылатын
нейровизуализациялық зерттеу әдістері
➢ Қорытынды
➢ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3.

Кіріспе
Адам миы осы күнге дейін толық зерттелмаген. Неврологиялық
науқастарды дұрыс диагностикалау, дұрыс емдеу уақыт пен
шыдамдылықты сонымен қатер медициналық құралдарды қажет
етеді. Дәл осы себептерге байланысты қазіргі таңда, көптеген
заманауи зерттеу әдістері ойлап табылуда. Бұл әдістерді ойлап
табудағы ең негізгі мақсат – нерв жүйесінің ауруларын ерте
кезеңдерінде анықтап, дер кезінде асқынудан алдын алу мен емдеу
болып табылады.
Нейровизуализация — мидың құрылымын, қызметін және биохимиялық
сипаттамаларын визуализациялауға мүмкіндік беретін бірнеше
әдістердің жалпы атауы.

4.

Нейровизуализация әдісі – жұлын мен бас
миын зерттеуге, ОЖЖ баға беруге
мүмкіндік беретін зерттеулер жиынтығы.
Нейровизуализация
Функционалдық
Структуралық

5.

Нейровизуализациялық әдістер
Церебральдық Ангиография
МРТ
Веноспондилография
Спинальды рентгенография
КТ, УДЗГ
ЭЭГ
Краниография
ЭНМГ
Позитронды-эмиссионды
томография
Миелография
Эхоэнцефалография
Реоэнцефалография

6.

Церебральдық ангиография
Церебральді ангиография бас сүйек және ми қан
тамырларын рентгенологиялық аспаптық
зерттеу әдісі болып табылады.
Контрастты
затты еңгізу түріне
байланысты
Тікелей
(контрастты зат
зерттелетін
қан тамырға енгізіледі)
Жанама
(контрастты зат
жалпы артерия
жүйесіне еңгізіледі )

7.

ЦА көрсеткіші:
➢ Аневризмаларда
➢ Ми артерияларының тарылуы;
➢ Васкулиттер.
➢ Ми ісігінің болуын және орналасуын растау;
➢ Операция алдында бас және мойын артериясын бағалау;
➢ Инсульттің себебі болуы мүмкін ми тамырларында тромбтың болуын
анықтау.
➢ Мальформация
➢ Қан тамырлардың өткізгіштігінің бұзылуы
➢ Кейбір жағдайларда МРТ немесе КТ да патологиялық ошақ
анықталғаннан кейін диагнозды нақтылау үшін қолданылады.
Ангиография артерий головного
мозга (норма)
(артерио-венозная
мальформация)

8.

Ангиографияға қарсы көрсеткіштер
Жедел
қабыну
аурулары
мен инфекциялық
аурулар
Психикалық
аурулар
Айқын
жүрек,
бүйрек
жеткіліксіз
дігі
Жүктілік,
емізулі әйел,
2 жасқа
дейінгі
балалар
Конторастты затқа
аллергияның
болуы

9.

Ангиография жасар алдында ескерілетін жағдайлар
2 апта бойы құрамында спирті бар заттарды шектеу
Бүйректі йодтың жоғарғы мөлшерінен сақтау мақсатында ағзаны
гидратациялау
Аллергияның алдын алу үшін антигистаминдік препаратты
тағайындау
Металлдан жасалған бұйымдар мен әшекей заттарды қолданбауды
ескерту.
Науқастан жазбаша түрде Ангиографияжасауға келісімін алу.

10.

Рентгенографиялық әдістер
Краниография-бас сүйек құрылымдарына шолу жасайтын рентгенография.
Бас сүйек рентген суретіне маңдай мұрын және самай тұстары түсіріледі.
Рентгенограммаға қарағанда: бас
сүйегінің күмбезіне, бас сүйегінің
астыңғы жағындағы түйісетін
жіктеріне, сүйектің қалыңдығына,
бүтіндігіне, жіктерінің қосылуына,
саусақ батуының ізі тәрізді
өзгерістердің ерекшеліктеріне,
түрік ершігінің формаларына, самай
сүйектерінің фомасы мен
пирамидаларының ұштарына
ерекше назар аудару керек.

11.

МРТ- ішкі ағзалар мен тіндерді зерттеуге арналған
томографиялық әдіс. ОНЖ МРТ-сы туа біткен
ауытқулар; ісіктер, қан кету, субдуральды гематома,
абсцесс, қан тамырларының аневризмалары, веноздық
ақаулар, гидроцефалия, мигрень, грыжа, омыртқа
дискілерінің зақымдануы, нерв компрессиясы кезінде
қолданылады. Сондай-ақ нейродегенеративті аурулар,
шашыраңқы склероз, Паркинсон, Альцгеймер, аксонопатиялар, гипоксиялық энцефалопатия, мидың немесе
жұлынның қабынуы немесе инфекциясы энцефаломиелит,
қатерлі, қатерсіз ісік кезінде де құнды мәлімет береді.
ОНЖ МРТ көрсеткіші : бас ауруы, бас айналу, мигрень, көру, есту ,иіс сезу,
сөйлеу бұзылыстары, дене қозғалысының аномалиялары, жүрістің тербелісі,
тремор, сана бұзылыстары, ұйқысыздық, түнде жиі ояну; ұстамалар; БЕ
гипер - және гипотонусы, БЕ күшінің төмендеуі, сезімталдықтың бұзылуы,
парестезия; мазасыздық, агрессия, көңілшеңдік, тез шаршау, интеллекттің
төмендеуі; неврологиялық сипаттағы ауырсыну; жамбас мүшелерінің
жұмысын бақылаудың бұзылуы зәр ұстамау, іш қату, эректильді дисфункция,
бедеулік, эндокриндік жүйенің патологиясы және т. б.

12.

КТ шеи с контрастом
КТ – ішкі органдар мен құрылымдардың
толық бейнесін алу үшін рентген сәулелері
қолданылатын зерттеу әдісі. Бұл туа біткен
ақауларды, травма, қабыну, тамыр аурулары,
бастапқы ісік, метастаздарды анықтауға,
бас сүйек құрылымының компьютерлік 3D
модельін құруға мүмкіндік береді. КТ
көрсеткіші Скрининг ретінде: бас ауруы, бас
жарақаты, сана бұзылысы, Шұғыл
көрсеткіштер бойынша КТ: Ауыр бас ми
жарақаттары, миға қан кетуіне, тамырдың
зақымдалуына күдік (мысалы, аорта
аневризмасы. Органдардың
жарақаттарында. Емдеу барасындағы
асқынулар болған жағдайда түсіріледі.
Қарсы көрсеткіш жүкті әйелдерге,
Құрамында йод бар препараттарға
аллергиясы бар пациентке , бүйрек
жеткіліксіздігі, қант диабетінің ауыр түрі,
қалқанша безінің аурулары және миелома
ауруы бар науқастарға КТ-да контраст
жасау ұсынылмайды.

13.

Спинальды рентгенография - бұл
омыртқалардың құрылымы мен
арақатынасын бағалайтын
медициналық диагностикалық
процедура. Көрсеткіштер :
омыртқалардың дамуындағы
ауытқулар, травматикалық
зақымданулар-компрессиялық
сынықтар, жарықтар, сколиоз,
остеохондроз, деформацияланатын
спондилоз, спондилитроз,
омыртқааралық грыжа, ерекше
аурулар - туберкулез немесе жұлын
мерезі, омыртқалардың сүйек
ісіктері, омыртқадағы басқа
органдардың ісіктерінің
метастаздары.

14.

Пневмомиелография –сырқатты отырғызып қойып
бел омыртқалар аралығын теседі де тор қабық асты
кеңістікке 25-30 мл газ жіберіледі. Газ жоғары
көтеріледі. Жұлын сырты ісігі әсерінен тор қабық
асты кеңістігі бітеліп қалған жағдайда газ ісіктің
төменгі жиегін де тоқтап қалады. Ол спондилограммада көрініс береді.
Веноспондилография-контрастық затпен
омыртқаның веноздық жолдарын рентгенологиялық
тексеру әдісі. Бұл әдіс веноздық плексустың күйін,
орны ауысқанын, қысылғанын бағалауға және
эпидуральды кеңістіктегі көлемді түзілімдерді ерте
диагностикалау үшін қолданылады.

15.

Эпидурография- рентгендік зерттеу әдісі, пункция
көмегімен контрастты затты эпидуральды кеңістікке
енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Эпидурография тағайындалады:
➢ Жұлын каналына терең бағытталған омыртқааралық дискілердің
протрузиясы мен грыжалары;
➢ Адгезиялар, тыртықтар, перидуральды талшық фиброздары;
➢ Эпидурит; жұлынның созылмалы қабыну процестері;
➢ Жұлын нерв тамырларының нейромасы немесе менингиомасы;
➢ Жұлын стенозы; әр түрлі этиологиядағы ісік түзілімдері және т. б.
Кері әсерлері : бас айналу, бас ауруы, жүрек айну, кейде құсу; омыртқадағы
ыңғайсыздық, ауырсыну сезімі; дене температурасының жоғарылауы;
пункция орнынан ликвер сұйықтығының ағуы; аяқтың бұлшық еттерінің
әлсіреуі, парездің жоғарылауы, аяқтың сезімталдығының төмендеуі, зәр
шығарудың қиындауы немесе белге зат енгізген кезде жамбас мүшелерінің
басқа да дисфункциясы.

16.

Миелография – жұлынның субарахноидальды
кеңістігін рентгенологиялық немесе радионуклидтік зерттеу әдісі. Субарахноидальды
кеңістіктің бітелуіне күдік туындаған жағдайда
қолданылады ( жұлынның немесе оның
мембраналарының ісіктері, омыртқааралық
дискілердің артқы грыжалары, спондилоартроздағы
остеофиттерден туындаған жұлын каналының
стенозы, жұлын мембраналарының қабыну
адгезиялары). Миелография патологиялық процестің
сипатын, оның деңгейі мен ұзақтығын анықтауға
мүмкіндік береді.
Контрастты зат Амипак,
Димерикс, Омнипак люмбальды
пункциямен L3 L4 немесе L4 L5
субдуральды кеңістік арқылы
енгізіледі.

17.

Эхоэнцефалография (ЭхоЭг)-миды УДЗ көмегімен
зерттеу нәтижесінде бас сүйек құрлымдардың
патологиялық процесс әсерінен қалыпты орындарынан
ауытқуы мөлшерін анықтайтын диагностикалық
тәсіл. Эхоэнцефалография тәсілі тексеру барысында
мидың ортаңғы құрлымдары(мөлдір қалқа, 3-қарынша,
эпифиз) жағдайын олардан шағыласатын
ультрадыбыс сигналы(М-эхо)көмегімен бас сүйек
қуысындағы патологиялық процестерді анықтауға
негізделген
ЭхоЭг келесі жағдайларда тағайындалады:
бас ауруы, бас айналу, құлақтың шуылы. бас жарақаттары, интракраниальды гематомаларға күдік.
ұйқының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы. гидроцефалия, мидың абсцессі. кисталар, ісіктер, менингоэнцефалит, тромбоз, эмболдар, инфаркт,
инсульт. Сонымен бірге операция жасалғаннан кейін
емдеу нәтижесін бақылау үшін де жасалады.

18.

Реоэнцефолография(РЭГ)- ми
қан айналымына баға беретін
қосалқы тәсіл. РЭГ маңдайемізіктік тәрізді өсінді және
қарақұс-емізік өсіндісі
аралықтарына электродтарды орналастырып түсіріледі.
Бұл әдіспен мидың қан
тамырларының тонустық
жағдайы, қан ағу жылдамдығы, қанның тұтқырлығы,
қан тамырлардың қанға
толуын байқау үшін, операциядан кейінгі қантамырдың
жағдайын бақылау үшін
түсіріледі.

19.

Позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ)
- бұл дене тіндерінің жасушаларының
метаболикалық белсенділігін өлшейтін
ядролық тексеру әдісі. ПЭТ көрсеткіштері:
белгісіз бастапқы қатерлі ісік, жалғыз
метастатикалық өкпе түйіндері (қатерлі
ісік ықтималдығының клиникалық және
рентгендік бағалауы сәйкес келмеген
жағдайда); Онкологиялық аурудың сатысы
(процестің таралуын бағалау). Жүргізілген
ем нәтижесін бағалау, тоқ ішек, қалқанша
без, аналық без, жатыр мойны, меланома,
сүт безі қатерлі ісігі және ісіктің ұрық
жасушалары; жоғары асқыну деңгейі бар,
қайталанатын бауыр / өкпе метастаздары
кезінде түсіріледі. ПЭТ зерттеуі ағзадағы
өзгерістерді жасушалық деңгейде тануға,
орган құрылымдарын бағалауға,
патологиялық процесс туралы толық
ақпарат алуға, 5-6 мм-ден ісіктерді және
басқа да бұзылуларды барынша мұқият
тануға мүмкіндік береді. .

20.

ЭЭГ бас миының қызметі барасында пайда болатын мидың
биоэлектрлік белсенділігін зерттеу әдісі. Науқастың
басындағы датчиктер мидың барлық бөліктерінің
белсенділігін түсіру үшін орналастырылған. Нәтижесінде,
ЭЭГ бойынша жалпы мидың жұмысын талдауға,
патологиялық ошақтарды анықтауға, зақымданудың
сипаты мен дәрежесін бағалауға, дәл диагноз қоюға, емдеу
тактикасын анықтауға немесе жүргізілген терапияның
тиімділігін бақылауға болады.
ЭЭГ көрсеткіші: эпилепсия; анамнезінде құрысулар;
вегетативті дистония; сөйлеу дамуының кешігуі,
кекештену; мидың қабыну, ятрогенді және дегенеративті
зақымдануы; бас ми травмасы; қан тамырларының
патологиясы және қан айналымының бұзылуы; мидағы ісік
процестері, балалардағы Тик, церебральды паралич,
нейрохирургиялық отадан кейінгі кезенде тағайындалады.
Сондай-ақ, ЭЭГ –ні шағымдарда тағайындай алады:
созылмалы бас аурулары, соның ішінде мигрень тәрізді; бас
айналу және жиі естен тану; ұйқының бұзылуы,
ұйқысыздық немесе түнде себепсіз ояну.

21.

Электронейромиография ЭНМГ – ЖЖ күйін БЕ жиырылу қабілетін анықтауға
бағытталған зерттеу әдісі. ЭНМГ көрсеткіші Тіндердің зақымдануы және
созылмалы аурулары; ОЖЖ туа бітті патологиясы; ЖЖ миелинопатиясы;
полиневропатия, экстрапирамидалық патология, онкологиялық аурулар; БЕ
дистрофиясы,миопатиялар, радикулопатия, қант диабеті; жұлын амиотрофиялары, церебральды және микроинсульттер, салданулар, нервтердің
компрессиясы кезінде түсіріледі. ЭНМГ диагноз қою үшін ғана емес, емдеу кезінде
де паталогиялық жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.

22.

Ультрадыбыстық доплерографиясы
(УДЗГ ) – бұл ультрадыбыстық
сәулеленудің көмегімен қан ағымын
зерттеу. УДЗГ тамыр жүйесінің
жағдайын визуалды бағалау үшін
қолданылады – қан ағымының
бағыты мен жылдамдығы,
аномалиялық белгілері көрінеді.
УДЗГ көрсеткіштер: үдемелі себепсіз шаршау; зейіннің, есте сақтаудың бұзылуы;
себепсіз бас ауруы; мерзімді бас айналу, құлақтың шуылы; қайталамалы сана
бұзылысы ; көру өткірлігінің күрт төмендеуі; құрысуы;варикозды аурулар, қол
аяқтың сезімталдығының бұзылысы, құрысуы, АҚҚ әртүрлілігі; ишемиялық
шабуылдар; отадан кейінгі стендті бағалау үшін, қозғалыстарды бұзылуы;
жоғарғы, омыртқа, қантамыр патологиялары: сколиоз, остеохондроз,
жарақаттар; эндокриндік, метаболикалық аурулар; гипертонияға, инсультке,
инфарктқа күдік; жүктіліктің асқынуының қауіп факторлары; балада туа біткен
тамыр патологиясының белгілері.

23.

Қорытынды
Нейровизуализациялық тексеру әдістері- ОЖЖ мен барлық
мүшелердің замануи диагностикалық зерттеу тәсілдерінің
комплексі. Әр мүшенің жұмысын, патологиялық ошақтарын,
графиалық сурет түрде көрсетіп беретін маңызды әдіс. Әсіресе
нейрохирургия, неврология патологияларына сонымен қатар
барлық мүше патологияларына нақты диагноз қоюға қолайлы әдіс
болып табылады.

24.

Кері байланыс
➢ ЦА көрсеткіші
➢ ЭНМГ зерттеу әдісі анықтайды
➢ КТ контрастты қарсы көрсеткіштер
➢ ЭЭГ тағайындалады

25.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
С.Қайшыбаев-Неврология І кітап.Алматы-1999ж;
Е.И.Гусев,А.Н.Коновалов-Неврология.Национальное руководство.
https://psyjournals.ru/journals/chp/archive/2022_n3/chp_2022_n3_Panikratova_et_al.pdf
https://krascpk.ru/images/files/%D0%9B%D0%B5%D0%BA%D1%86%D0%B8%D1%8F%203_
%20%D0%A0%D0%B0%D0%B7%D0%BB%D0%B8%D1%87%D0%BD%D1%8B%D0%B5%20
%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%B4%D1%8B%20%D0%B8%D1%81%D1%81%D0
%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F%20%D0%B
2%20%D0%BD%D0%B5%D0%B2%D1%80%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%
D0%B8.pdf
You Tube
Google
English     Русский Rules