Құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің мағыналық жағынан өзгешеліктерінің кестесі
Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер үш топқа бөлінеді:
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:
Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:
Аралас құрмалас сөйлем деп кемінде үш сөйлемнен тұрып, құрамындағы жай сөйлемдер салаласып та, сабақтасып та келетін сөйлемді
Күшік бауырын көтеріп, өздігінен тырбанып жүруге айналған соң, ас ішетін арнайы асқұйғыш дайындалды, жетектеп жүру үшін мойнына
456.37K
Category: lingvisticslingvistics

Құрмалас сөйлем

1. Құрмалас сөйлем

2.

Екі немесе одан да көп
жай сөйлемдерден
құралып, күрделі ойды
білдіретін сөйлемдер
құрмалас сөйлем деп
аталады.

3. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің мағыналық жағынан өзгешеліктерінің кестесі

Жай сөйлем
Құрмалас сөйлем
1. Жай сөйлем жеке бір ойды білдіреді.
Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді.
2. Жай сөйлем бір-бірінен айырым
интонациямен айтылады.
Құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары
екіншісімен ұласпалы интонациямен
айтылады.
3. Жай сөйлем интонациялық жағынан
тиянақты болады.
Құрмалас сөйлемнің сыңарлары интонациялық
жағынан тиянақсыз болады.
4. Жай сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір
бүтін болып саналады.
.
Құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңары
аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір
бөлшегі болып табылады

4.

Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы
қардан шығармай жығып алды.
• Бұл – салаласа байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлем
мен екінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып, екеуі тең
дәрежеде байланысып тұр.
Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті.
•Бұл – сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы
сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына
байланысып тұр. Бірінші жай сөйлемді екіншісінен бөліп, өз
алдына жеке айтуға келмейді.

5. Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер үш топқа бөлінеді:

салалас құрмалас;
сабақтас құрмалас;
аралас құрмалас.

6. Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас

7. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

8. Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:

ыңғайлас
салалас
талғаулы
салалас
себеп-салдар
салалас
түсіндірмелі
салалас
қарсылықты
салалас
кезектес
салалас

9.

Сабақтас құрмалас сөйлем
— құрамындағы жай
сөйлемдері бір-бірімен
сабақтаса байланысқан
құрмаластың түрі.
Сабақтас құрмалас сөйлем
құрамындағы алғашқы
жай сөйлемнің
баяндауышы тиянақсыз
тұлғада келіп, екіншісіне
бағына байланысады.

10.

Мысалы: Тапсырманы тиянақтап алғысы
келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады.
Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін
өз алдына бөлек айтуға келмейді, себебі ой
тиянақты емес, ойды тиянақтап, аяқтап тұрған
екінші жай сөйлем. Құрмаластың құрамындағы
бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге
бағына байланысып тұр. Құрмалас сөйлемнің
құрамындағы тиянақсыз жай сөйлем
бағыныңқы сөйлем, ал өз алдына дербес
айтыла беретін, ойды тиянақтап тұратын
екінші жай сөйлем басыңқы сөйлем деп
аталады.

11.

1) шартты
бағыныңқы;
2) қарсылықты
бағыныңқы;
3) себеп
бағыныңқы;
4) мезгіл
бағыныңқы;
5) қимыл-сын
бағыныңқы;
6) мақсат
бағыныңқы.

12. Аралас құрмалас сөйлем деп кемінде үш сөйлемнен тұрып, құрамындағы жай сөйлемдер салаласып та, сабақтасып та келетін сөйлемді

айтады.
English     Русский Rules