Similar presentations:
Описторхоз кезіндегі шаралар стандарттары мен алгоритмдері
1.
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІС.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Описторхоз кезіндегі шаралар стандарттары
мен алгоритмдері.
Орындаған:Диханбаев А.С.
Факультет: ҚДС
Мамандық: ҚДС
Топ:11-001-01
Тексерген: Максутова Г.С.
2. ЖОСПАР
КіріспеНегізгі бөлім
1.
Описторхоз оқиғасының стандартты анықтамасы
2.
Описторхоз ошағында
эпидемияға қарсы шаралар алгоритмдері
3.
Описторхоздың алдын алу шараларының алгоритмі
4.
Описторхозбен ауырып тұрғандарға диспансерлік бақылау жүргізу алгоритмі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
3. Кіріспе
Описторхоз – қоздырғышы трематоздар класына жататын, нәжіс-ауыз механизмі
арқылы таралатын, зооантропонозды табиғи-ошақтық ішектен тыс биогельминтоз. Оған көбінесе гепатобилиарлық жүйенің және ұйқы безінің
зақымдалуы тән. Ауру біріншілік-латентті, жедел не созылмалы өтеді, кей
жағдайда іріңді холангит, өт өзектерінің жарылуы, өт перито-ниті, жіті
панкреатит, кейде бауырдың, өт өзектерінің қатерлі ісігі сияқты асқынулармен
сипатталады. Бұл инвазияның тағы бір ерекшелігі – созылмалы іш сү-зегі
бактерия тасымалдаушылықтың қалыптасуына себепші болуы.
4.
Мысықсорғыш құрты
(Opisthorchis
felineus)
Opisthorchis
viverrini жұмыртқасы
Мысық сорғыш құрты
жұмыртқасы
5. Описторхоз оқиғасының стандартты анықтамасы
БОЛЖАМАЛЫ ОҚИҒА.
Латентті, жіті және созылмалы ағымда өте-тін, төмендегі аталған клиникалық
симптомдар мен белгілердің кем дегенде 5-імен сипатталатын ауру:
әртүрлі сипаттағы қызбалар – қысқа мерзімділік субфебрилитеттен өте жоғары
цифрға дейін (39-40ºС) көтерілуі;
улану симптомдар кешені - әлсіреуден, демқостықтан, шаршағыштықтан, миалгияға,
артралгияға дейін;
тағам қабылдаумен еш байланысы жоқ болса да эпигастрий маңайындағы ауыру
және ауырлық сезім;
өт қабының жарақаттанғанын көрсететін оң жақ қабырға астының ауыруы;
ұйқы безінің жарақаттанғанын еске түсіретін кеуденің сол жағына, арқаға, сол жақ
иыққа тара-лып, белді орап білінетін ауыру сезімі;
қышитын полиморфты бөртпемен қоса аллергоз белгілері;
30-40 дан 60-80% дейінгі эозинофилия;
бауыр түйілуге дейінгі қабырға астында білінетін аурушаңдық синдромының үдеуі;
бауырды пальпациялағанда аурушаң, қатайыңқы, ұлғайыңқы белгілер, қысқа
мерзімді сарғаю.
6.
ЫҚТИМАЛ ОҚИҒА.
Описторхоз оқиғасына болжамалы белгілері бар ауру
ЖӘНЕ
келесі эпидемиологиялық алғышарт-тардың болуы:
описторхоз бойынша эндемиялық аумақта тұруы;
термиялық өңдеуден жеткілікті өтпеген карп тұқымдастығына жататын балықты тамақ
ретінде пайдалану;
эндемиялық аумақтарда балық өнімдерін дайындау, тасымалдау-мен кәсіби шұғылдану
немесе осы инвазия бойынша эндемиялық өңірге уақытша (вахталық) жұмыс істеуге
келу
ЖӘНЕ
серологиялық зерттеулермен (ИФТ, ТГАР) опиторхис антигеніне антиде-нелердің
анықталуы.
7.
• Дәлелденген оқиға.Болжамалы және/немесе ықтимал оқиғада келтірілген деректерге сай ауру
ЖӘНЕ
аурудың жіті фазасына сай келесі клиникалық белгілердің болуы:
жіті аллергоз;
эозинофилия (60-80%);
ИФТ-реакциясының оң нәтижесі
ЖӘНЕ
созылмалы фазасында:
нәжістен немесе ұлтабар ішіндегі сұйықтықтан описторхистің жұмыртқасын* табу.
8. Описторхоз ошағында эпидемияға қарсы шаралар алгоритмдері
Ошақтың (микроошақтың) орналасқан жерін анықтау.
Инвазия көзін, берілу жолдарын, жұғу факторларын, ошақтың пайда болуының тікелей
себептерін және жұқтыру жағдайын анықтау.
Сыртқы ортадан сынамалар алу (балық және оның өнімдерін, мүмкін болса инвазия көзінің
бөлінділерін)
Жұқтыру қаупінде болған адамдарды анықтау (сырттан келгендер, вахталық тәртіппен
жұмыс істейтіндер, балалар, кәсіби топтар – кеме жүргізушілер, балықшылар, балық
өнімдерін өңдеушілер және т.б.).
Қауіп-қатер тобындағыларды сұрастыру және зертханалық тексеру.
Кемелердің, балық өңдейтін кәсіпорындар цехтарының әжетханалары, қоқыс тастайтын,
жинайтын жерлеріне гигиеналық тексерулер жүргізу.
Эпидемиологиялық тексерудің қорытындысы (эпиддиагноз) және індетке қарсы, алдын алу
шараларын тағай-ындау.
Описторхозбен ауырғандарды емдеу (дегельминтизация жасау) - індетке қарсы шаралардың
қатарына жатады. Осы мақсатта қолдануға таңдалған препарат ретінде празиквантел
(бильтрицид) немесе оның анологы азинокс (Ресейде өндірілетін гельминттерге қарсы
препарат - тиімділігі 96-98%). Емдеу схемасы (дегельминтизациясын) «Емдеу қағидалары»
бөлімінде көрсетілген.
Тағам рационынан шикі (строганина, хе) немесе толық термиялық өңдеуден өтпеген,
немесе тұздалмаған карп тұқымдастығына жататын балықтарды алып тастау.
9. Описторхозға эпидемиологиялық қадағалау жүргізу алгоритмі
Халықтың осы инвазиямен жарақаттануын қадағалау, әсіресе описторхисті жұқтыру
қауіп-қатер тобына жататындар арасындағылар (балықшылар және олардың отбасы
мүшелері, балық өнеркәсіптерінде және су көлігі жұмыскерлері, описторхозбен
эндемиялық аудандардағы өзен жағалауларында тұратын адамдардың өт шығу жолдары
мен ұлтабары зақымданғандар, аллергиямен азаптанатындар).
Декреттелген контингенттердің және описторхозға тексерілуге тиіс халық
топтарының уақытылы жоспарлы тексерілуін қадағалау, егер науқастанғандар
анықталса - жедел хабар беру, оларды емдеу (дегельминтизация) және диспансерлік
бақылау жүргізу.
Сыртқы орта объектілеріне санитарлық-паразитологиялық мониторинг жүргізу.
Өндірісте және сауда орындарында балыққа және оның өнімдеріне паразитологиялық
тексеру жүргізу.
Балық және балық өнімдерін зарарсыздандыру технологиясына (мұздату, тұздау және
ыстықпен өңдеу) санитарлық-ветеринарлық қадағалау жүргізу.
Описторхоздың алдын алу үшін санитарлық-ветеринарлық және санитарлықкоммунальдық шаралардың орындалуын тексеру.
Халық арасында ағарту жұмысын атқару.
10. Описторхоздың алдын алу шараларының алгоритмі
Медициналық шаралар:
Атқарылуы тиіс халық топтары арасында бекітілген тәртіп бойынша описторхозға жоспарлы тексеру.
Эндемиялық жерлер тұрғындарының 10% зертханалық тексеру 2 жыл бойы атқарылуы тиіс. Бұл шара
ошақты сауықтыру мақсатында атқарылады.
Инвазияланғандарды есепке алу және емдеу (дегельминтизациялау).
Санитарлық-гигиеналық іс шаралар:
Зарарсыздандырылмаған балықты тағамға қолдануға тиым салу:
қолданыстағы стандарттар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сай балық және балық өнімдеріне
санитарлық-гигиеналық, санитарлық-ветеринарлық сараптама жүргізу;
балықтың зарарланғандығын описторхис метацеркарийлерін табу арқылы атқарылады. Сол үшін арқа
жүзбеқанатының терісін скальпелмен кеседі, теріден тазартылғаннан кейін бұлшықеттен жұқа қабат алып,
микроскоптың 10-20 есе үлкейтуімен қарайды. Тірі балықта дернәсілдер жақсы сақталады. Олар
қозғалғыштығын сақтағандықтан тез табылады (бұл маңызды дифференциальдық ерекше белгісі).
Инвазияның жұқтыру факторы болып саналған балық өнімдерін сатуға тиым салынады. Егер осы тағамдық
өнімдерге описторхистің тірі дернәсілдері анықталса, олар зарарсыздандыруға жіберіледі;
Описторхистің тірі дернәсілдерін зарарсыздандырылғандық кепіліне сай қамтамасыз ететін балық өңдеу
ережелерін қамтамасыз ету:
өндірістік жағдайда (балық комбинаттарында, балық цехтарында) – балықты мұздату (-28°С 32 сағ немесе
балық денесінің температурасы - 40°С 7 сағ бойы).
үй жағдайында – 20 мин бойы қайнату немесе қуыру; 10 тәуліктен 40 тәулікке дейінгі уақыт мерзімде тұздау
(балықтың мөлшеріне байланысты) 270-290 г тұз 1 кг балыққа; ыссы сүрлеу; әуелі тұздалған балықты
кептіру.
11.
• Санитарлық-ветеринарлық шаралар:• Қоршаған ортаны нәжіспен ластанудан қорғау*:
• елді-мекендерді жоспарлы уақытылы тазалануын
ұйымдастыру;
• тасыған жаңбыр суларды жинаушы-тоғанға ағуына
бағыттау мен реттеу;
• үй иттері мен мысықтарға дегельминтизация
жасау, қаңғыбас ит, мысықтарды құрту;
• абаттандырылған әжетханалар салу;
• зарарсыздандырылмаған балықпен үй
жануарларын (ит, мысық, шошқаны)
тамақтандармау.
• Су қоймаларына моллюскаға қарсы әртүрлі
жәндіктерді жіберу (биологиялық күресі әдісі).
12.
• Санитарлық ағарту жұмысы:• Халық арасында, әсіресе балалар, жаңадан көшіп келгендер,
уақытша жұмыс істейтіндер арасында санитарлық тәрбие
жұмысын жүргізу. Бұл әрекет осы инвазия бойынша эндемиялық
аудандарда барлық күресу элементтері кешенінің алдында
атқарылуы тиіс:
• жаңа мұздатылған, аз тұздалған, аз ысталған, аз кептірілген және
жеткіліксіз термиялық өңдеуден өткен балық тағамдарын
қолданудың қауіптілігін түсіндіру;
• аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда медициналық
мекемелерге барып тексерілу қажеттілігін ескерту;
• инвазияланғандарды ерте және белсенді анықтау, оларды есепке
алу, дегельминтизация жүргізу және диспансерлік бақылау жасау;
• халықты диагностикалық, емдеу, сауықтыру шараларын өткізуге
дайындау;
• жалпы халықты, басқа мекемлер мамандарын қоғамдық алдын
алу шараларын күшейтуге жұмылдыру (жеке адамдармен сөйлесу,
плакаттар, буклеттер тарату, арнаулы фильмдер көрсету және т.б.).
13. Описторхозбен ауырып тұрғандарға диспансерлік бақылау жүргізу алгоритмі
• Дәрігер-инфекционистің ауырып тұрғандарды бақылауы –емделгеннен кейін 3-4 ай өткен соң 3 рет (аралығы 2 апта)
нәжісті және ұлтабар өт сұйықтығын тексеру.
• Терапевт-гастроэнтерологтың қарауы – реабилитациялық
шаралар көлемі әр адамның ерекшеліктеріне қарай
атқарылады.
• Ауырып тұрған адамға 6 ай бойы (реконвалесцентке)
қорғаулық диета тағайындау (№ 5 стол).
• Описторхозбен созылмалы түрде ауырғандарда асқыну
белгілері туындаса – арнаулы мамандарды шақырып, клиникалық-диагностикалық шараларды ұйымдастыру.
14. Қорытынды
• Описторхистің өмір сүру циклі: үш иені ауыстыру арқылы өтеді.Ақырғы ие ішегінен (адам, мысық, ит, шошқа, карп тәрізді
балықтарды жейтін жабайы етқоректілер) гельминт жұмыртқалары
сы-ртқы ортаға шығып, су қоймаларын ластайды жұмыртқа
ішінде қалыптасқан дернәсілдер – мира-цидийлер бар олар
аралық ие (моллюска) денесіне енеді, мироцидий спороцистаға
айналады, осы жерде редии дамиды, олар церкарийлерді туады
церкарийлер моллюск денесінен шығып, суда еркін малтып жүреді
(моллюск организміндегі даму уақы-ты су температурасына тәуелді
болады, шамамен 2 айдан 10-12 айға дейін созылады)
церкарийлер – карп тәрізді балықтар (қосымша аралық ие) денесіне белсенді енеді де, бір тәулік ішінде метацеркарийлерге
айналады, олар 6 аптадан кейін инвазиялық түрге айналады
ақырғы иеге (адам, жануарлар) жұғады жыныстық жетілуге дейін
дамуы 3-4 апта аралығында іске асады, шағы-лысқаннан кейін
жұмыртқа салады, нәжіспен сырт-қы ортаға шығады. Цикл
қайтадан басталады.
15. Пайдаланған әдебиеттер
1.2.
"Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялықэпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12
қаңтардағы № 33 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754
қаулысы
«Жұқпалы аурулардың стандартты анықтамалары және ісшаралар алгоритмдері» С. Әміреев, Т.Ә. Момынов, Б.Л.
Черкасский, К.С. Оспанов6 Алматы 2009