Similar presentations:
Жоламан Тіленшіұлы бастаган ұлт-азаттық көтеріліс
1. Жоламан Тіленшіұлы бастаган ұлт-азаттық көтеріліс
ЖОЛАМАН ТІЛЕНШІҰЛЫ БАСТАГАН ҰЛТАЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС1822-1824
2.
Отан тарихында Ресей еліне қарсы бағытталғанкөтерілістердің көпболғаны белгілі. Солардың бірі 1822-1824 жылдары БатысҚазақстанда
орын алған ұлт-азаттық күрестің Отан тарихында алатын орны
ерекшеекендігін айта кеткен жөн. Бұл қозғалыс патша үкіметіне қарсы
бағытталғаналғашқы және ірі көтерілістердің бірі болып саналады. Ол
бастауын БатысҚазақстаннан алып кейін тамырын республика
бойынша кең жайып үлгерді. «Шағынкөтеріліс ауқымынан шығып,
жақсы ұйымдастырылған қозғалыс деңгейінде болды. Олүлкен
аумақты қамтыды, негізінен бір ру өкілдері қатысқанына қарамастан
өтеауқымды болып табылды. 1822-1825 жж. қозғалыс солтүстікте
Батыс ҚазақстандағыЕлек, Қобда, Шыңғырлау т.б. өңірлерден бастап
оңтүстікте – Жем, Сағыз, Ойыл,Темір бойлары және ішінара Солтүстік
Үстіртке дейінгі аралықты қамтыса,1837-1840 жж. Ырғыз, Торғай,
Қарақұм өңірлеріне де тарады. Осы соңғы кезеңдекөтеріліске алдыңғы
Табын, Тама, Ақкете руларынан басқа Шөмекей, Төртқара,Шекті және
Қыпшақ руларының бөлімдері де қосылды» деп аталмыш көтеріліс
туралызерттеп жүрген Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология
институтының ғылымиқызметкері Нұржан Жетпісбай өз
баяндамасында атап өтеді. Сондықтан да БатысҚазақстанда орын
алған бұл көтерілістің қазақ тарихында алатын орны зор
болыпсаналады.
3.
1822-1824 жылдары Ресейдің бекіністеріне жүзден асашабуыл жасалыпқазақтар өз тәуелсіздіктерін сақтап қалуға тырысты. Осындайқарқынмен
ұлтымыз елімізді отарлау саясатын біраз уақытқа тежеу мүмкіндігіналды. Сол
кезде Ресей үкіметі ежелден қазақ даласында қалыптасып қалған
хандықбиліктің көзін жоймақ болған еді. Сонымен қатар, өз әкімшілік
реформаларыненгізіп толықтай билікті қолдарына алмақ болды. Ал,
Жоламан батыр бастағанкөтерілістің арқасында орыс халқының ойға алған
мақсаттарының орындалуларыбіраз қиындыққа ұшырап. біршама уақыт
кейінге қалдырылған болатын. СондықтанБатыс Қазақстанда орын алған
көтеріліс ұлтымыздың тәуелсіз ел болу жолында өзсептігі мен әсерін
молынан тигізді. Қазіргі таңда азат ұрпақ ата-бабаларымыздыңсол заманда
жасаған ерліктерін еш уақытта ұмытпақ емес. Бұл көтеріліс кейінқазақ
тарихында үлкен қозғалыстардың бірі болып саналатын Кенесары
Қасымұлыбастаған топқа қосылуымен де ерекше. Осы арқылы Ресей
үкіметінің толығымен Азияелдерін басып алуға жол бермеуімен ел
тарихында жоғары бағаға ие болды. Жалпы,Жоламан Тіленшіұлы
қолбасшылық еткен көтеріліс еліміздің біртұтас ел болыпқалыптасуы мен
азат ел атануда үлкен роль атқарғаны анық.